Шоқпар - Украина Президентінің ресми символы

АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Сонау тас дәуірінде тас гүрзі, қола дәуірінде ме­талл шоқпар болған қару түрі XIII-XVII ға­сыр­лардан кейін әскери маңызын жоғал­тып, қолбасшы билігінің символына айнал­ды,

деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

Гүрзі XIX-ХХ ғасырларда түрік пашала­ры, украин гетмандары мен атамандары үшін билік пен артықшылық символы са­нал­ды. Бұл қару Польша маршалдарының ай­рықша белгісі болды. Қазіргі уақытта қысқа шоқпар Украин президенттік билігі­нің рес­ми сим­во­лына айналды. Украина Президен­ті­нің 1999 жылғы 29 қарашадағы жарлығы бойынша Украина мемлекет бас­шы­сының ресми символдары болып - Ук­раина Прези­ден­тінің штандарты, Украи­на Президентінің белгісі, Украина Президен­тінің гербтік мөрі және Украина Президен­ті­нің шоқпары (бу­ла­ва) танылды. 2010 жы­лы 25 ақпанда ұлық­тау рәсімінде Кон­сти­ту­циялық сот төра­ғасы Андрей Стиржак Украина басшы­сы Виктор Януковичке бас­қа ресми сим­вол­дармен бірге алтынмен ап­талған, күміспен күптел­ген, қымбат тас­тармен безендірілген қысқа шоқпарды табыс етті.