«Еуразияның жүрегі іспетті Астана шығыс ертегілеріндегідей ғажайыптан пайда болған бір керемет сияқты. Оның болашағын елестетер болсам - санама сан ойлар келіп, жүрегім алабұртып соғып ала жөнеледі. Шөл даланың ортасындағы оазистей Астанамыз болашақта Қазақстанның орталығына қарай жайыла түсетіндей», - дейді Б. Ханділдаева. Ғалымның сөзіне қарағанда, айналасы жасыл желекке оранып, күн сайын бой көтеріп жатқан көкпен таласқан әсем ғимараттардың арқасында Астана жылдан-жылға жасара беретіндей көрінеді. Қазақстанның саяси, білім, ғылым, мәдениет және дамыған заманауи технологиялар орталығына айналып келе жатқан елордасы осы бағытта, осы қарқынмен тоқтамай жылжитын болса, көп ұзамай-ақ жер бетіндегі ең әдемі, ең сәулетті, дамыған қалалар санатына енетініне еш күмән жоқ.
17:55, 11 Шілде 2013
Шөл даланың ортасындағы оазистей Астанамыз болашақта Қазақстанның орталығына қарай жайыла түсетіндей - университет оқытушысы
АЛМАТЫ. 11 шілде. ҚазАқпарат - Астана - мүмкіндіктері шексіз, болашағы орасан зор қала. Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оқытушысы Бану Ханділдаеваның айтуынша, бұл ҚР Президентінің «Астана - Қазақстанның ұлы дәуірі және стратегиялық векторы» атты мақаласында айқын аңғарылады.