Шолпан Өтелбаева «Қаржы орталығын» басқарады

Фото: talap.edu.kz

АСТАНА. KAZINFORM – «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы болып Өтелбаева Шолпан Ануарбекқызы сайланды.

Шолпан Өтелбаева Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің түлегі. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында және Пенсильвания университетінде (АҚШ) оқыды.

Шолпан Ануарбекқызы еңбек жолын Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде бөлім бастығы болып бастады (2004-2009 жылдар). 

2009 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Инвестициялық жобалар басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

2010-2017 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасының орынбасары.

2017-2019 жылдары – «Қаржы орталығы» АҚ вице-президенті.

2021 жылы – «Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығы» РМК вице-президенті.

2022 жылдың тамызынан 2024 жылдың тамызына дейін – «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті. 

Айта кетейік, саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты мәліметтерді мына жерден оқи аласыз.