ШОЛУ: Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқарады. Әлемдік жаһандану процесінің даму үдерістері қарқынды жүрген шақта әлемде түрлі геосаяси ойындар белең алып, жер шарының түкпір-түкпірінде соғыс өрттері тұтанып адамзатбаласын алаңдататын жағдайға жетті. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарының өзінде-ақ Мемлекет басшысы болашақ жоба жоспарының жай-жапсарының кей тұстарына тоқталған болатын.

Сондай-ақ, Елбасы бұл құрылымның басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылатынын нақтылап өтті.

Тыңнан түрен салған, бұл идеяны Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 1992 жылғы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. Арада үш жыл өткенде, яғни1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құру туралы Президенттің Жарлығы шықты.

Өз тарихында Ассамблея ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.

2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.

2008 жылғы 20 қаңтарда еліміздің Президенті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.

Ассамблея мемлекеттік ұлттық саясаты әзірлеуге және жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал жасайды.

Ассамблеяның мақсаты - қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті  және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету.

Ассамблеяның негізгі міндеті - этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне - Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi.

Ассамблея құрылымдық жағынан Ассамблея сессияларынан, Ассамблея кеңесі мен Хатшылығынан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларынан тұрады.

Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) - оның жоғары басшылық органы. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады.

Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері енеді.

Ассамблея Төрағасының этномәдени бiрлестiктерден тағайындалатын орынбасарлары алмастыру тәртiбiмен Кеңестiң ұсынымының негiзiнде ҚР Президентiнiң өкiмiмен тағайындалады.

Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылады. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осы тетіктер Ассамблеяның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардағы нақты әрекет етуі мен тиімділігінің негізі.

Ассамблеяның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарын - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғаларды қамтиды.

Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.

Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.

Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутат еліміздің барлық этностары атынан өкілдік етеді. Бұдан басқа қазақстандық этностық қоғамдастық өкілдері Парламенттегі өкілдігі өкілді органдарға саяси партиялар арқылы сайлауға тікелей қатысу негізінде жүзеге асырылады.

 «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігіМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы шолуды оқырмандар назарына ұсынады.

*** 

Біздің жолымыз - ол бірлік жолы және азаматтық біртектілік негізінде ұлтты дәйектілікпен қалыптастыру жолы. Бұл жайында Ақорда жария еткен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында айтылған.«Біздің жолымыз - ол бірлік жолы және азаматтық біртектілік негізінде ұлтты дәйектілікпен қалыптастыру жолы. Қазақстандықтардың азаматтық біртектілігі мен біртұтастығын нығайтуға бағытталған төртінші реформаның мәні де дәл осында»,-  деп жазады Елбасы. Мемлекет басшысы бізде қазірдің өзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Мәңгілік Ел  жалпыұлттық идеясы сынды екі негіз бар екендігін, оларды дамыта отырып, біз өзіміздің Болашағы Біртұтас Ұлтты дәйекті түрде нығайта беретіндігімізді атап өткен. Елбасының атап өтуінше, Қазақстан халқы Ассамблеясының миссиясы - бізді этносаралық бейбітшілік пен келісімнің мызғымастығына бастайтын жол. «Ғылым жердегі әрбір этнос кем дегенде бір айрықша сапаға ие дегенді айтады. Біздің өміріміз қазақстандық 100 этностың 100-ден кем емес, айрықша және қайталанбас ерекшеліктері бар екенін көрсетіп отыр. Олардың бәрі жиналып келгенде біздің Біртұтас Ұлтымызға тамаша артықшылықтар береді. Көпэтностық - біздің ортақ ұлы қазынамыз! Міне, 20 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы осы байлықтың басты сақтаушысы миссиясын табысты атқарып келеді. Ассамблея - біздің қазақстандық біртектіліктің негізі де осы», -  дейді ҚР Президенті. «Екіншіден, біз Мәңгілік Ел  жалпыұлттық идеясына ие болдық. «ЕЛ» сөзінде үлкен біріктіруші күш бар, өйткені, барлық уақыттарда да туған жер қазақстандықтар үшін ең жақын және өзіне тартушы құндылық болған және болып қала береді. Мәңгілік Ел идеясында болашаққа деген жалпыхалықтық сенім айнадағыдай көрініс тапқан. Жасампаз қазақстандық патриотизмнің осынау негізін біз өзіміздің ұлы істерімізбен қалыптастырдық. Оны нығайтып және көбейтіп қана қоймай, сонымен бірге, ұрпақтан ұрпаққа, дәуірден дәуірге ұластырып отыру керек. Мәңгілік Ел  Патриоттық актісінің тарихи және рухани күші де осыдан танылуы тиіс. Біз біртұтас азаматтық, Мәңгілік Ел жалпыұлттық құндылықтары қағидатында, Тәуелсіздік жылдары ішіндегі біздің жетістіктерімізді жұмылдыру, сондай-ақ, үш тұғырлы тіл мәдениетін енгізу негізінде Қазақстан қоғамын дамыту арқылы ортақ біртектілік пен ел бірлігін нығайтуды мақсат етудеміз.Біздің күретамырлық басымдықтарымыз да осы.  Осы бағыттар бойынша жұмысты жалғастыру үшін, сөз жоқ, ЭЫДҰ елдерінің тетіктер жүйесі пайдаланылады. Олар қазақстандық ерекшелікті ескере отырып, ең алдымен, мәдениет пен білім беру саласын жаңғырту үшін, жастарды әлеуметтендіру және патриоттық тәрбие беру үшін бейімделген», - дейді Елбасы.

«Мемлекет құрудың жаңа белесінде ұлт біртектілігі мен біртұтастығын нығайтудағы біздің стратегиямызда қағидатты маңызды сәт бар. Біртектілік пен біртұтастық бойынша бүкіл жұмысты біз Қазақстан халқы Ассамблеясы айналасында түзетін боламыз. Ол шешуші қағидат. ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі біртектілік пен біртұтастықтың тек нақты факторларға - меритократияға, кәсіби мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысына, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, экономикалық өсімге, есеп беретін мемлекеттің транспарентті жұмысына ғана арқа сүйей алатынын көрсетіп отыр. Басқаша айтқанда, Ұлт жоспарының барлық 100 қадамының табысты нәтижелеріне арқа сүйейтін болады», - дейді ҚР Президенті. Елбасының атап өтуінше, біртектілік пен халықтың бірлігі негізінде біртектілікті нығайту үшін институттық негіз құру мақсатында заңдар, Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары, Мемлекеттік хатшы өкімдері пішімінде бірқатар құжаттар әзірленді. Ұлт жоспарының төртінші бағытын жүзеге асыруды заңнамалық қамтамасыз ету үшін Парламент Қазақстан халқы Ассамблеясы, мемлекеттік рәміздер, мәдениет және тарихи-мәдени мұралар, туризм, үкіметтік емес ұйымдар қызметі мәселелері туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Сондай-ақ, Қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызмет туралы жаңа Заң қабылданды. «3 жаңа Тұжырымдама әзірленді - біртектілік пен біртұтастықты нығайту және дамыту, Қазақстан халқы Ассамблеясын 2025 жылға дейін дамыту, дене тәрбиесі мен спортты 2025 жылға дейін дамыту. Мәдени саясат тұжырымдамасына, мемлекеттік даму және тілдердің жұмыс істеуі, білім беру бағдарламасына маңызды өзгертулер енгізілді. Оның сыртында Туристік саланы дамыту тұжырымдамасы, 2020 жылға дейін үш тілді білім беруді дамытудың жол картасы әзірленді», - деп жазады Мемлекет басшысы.

Алматыдағы Достық үйінде де «Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институттық реформасы» форумы өтіп, мұнда Елбасы еңбегі жайлы сөз қозғалды. Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылдық жұмысы қорытындыланып, ҚХА төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов айтқандай, өзінің мақаласында Мемлекет басшысы Ассамблея жұмысының жаңа форматының басты бағыттарын айқындап берді. «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы 5 институттық реформаны жүзеге асырудың тәжірибелік жол картасы іспеттес. Бұл мақала арқылы Ұлт жоспарының практикалық жүзеге асырылуы басталып кетті деуге болады. Бүгінгі іс-шарамыз жалпы біртұтас ұлттың болашағы туралы бес институттық реформаның бағытында жүргізілетін төртінші реформа. Бұның негізінде, сөз жоқ, «Үлкен ел - үлкен отбасы» атты үлкен жобаның жүзеге асырылуы жатыр. Неге десеңіздер, жоба бүгін ғана жүзеге асып жатқан жоқ. Өткен жылдың өзінде бастап кеткенбіз», - деді ол.Ералы Тоғжанов былтыр Ассамблея жылында атқарылған жұмыс жайлы айтып өтті.  Оның ішінде 2002 жылы қабылданған ҚХА туралы заңға бірнеше өзгеріс енгізілді. «Үлкен ел  - үлкен отбасы» жобасы аясында 20 нақты шара жүзеге асырылды. «20 игі іс» жобасы аясында еліміздің мұқтаж отбасыларына 2 млрд.теңге жиналды. Бұл бағыттағы жұмыс биыл да жалғасатын болады. «Мемлекет басшысы айтқандай, біз басты 5 қағидатты ұстануымыз керек: негізділік, сабақтастық, транспаренттік, қадағалау мен бақылау. Оның ішінде 25 қағидат қазір жүзеге асырылу үстінде», - деді Е.Тоғжанов. Шара соңында ҚХА жалауы салтанатты түрде Республикалық Достық үйіне тапсырылды.    
Әйгілі ағылшын премьер-министрі Уинстон Черчиль бір сөзінде: «Қоғам қысымға ұшырағанда қарапайым халық біріксе жаңа жетістіктерге қол жеткізудің мүмкіндігі мол» деген екен. Шындығында, қазір қоғамды біріктіретін жағдай туып келеді. Ал ондай бірігудің басты бағытын жақында ғана «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласында Елбасы жариялаған болатын.Ұлт жоспарының өзегі негізінен былтырғы кезектен тыс президенттік сайлауда тұғыр ретінде қаланғаны белгілі. Одан кейінгі кезеңде Президент Үкімет пен Парламент алдына тапсырмалар жүктеп, «100 нақты қадам» бойынша заңнамалық тетіктер қамтылды. 59 заң қабылданып, оның барлығы жаңа жылдан күшіне еніп отыр. Ал Елбасының бағдарламалық мақаласында ғасыр ортасына қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу арманының нақты тетіктері қамтылды. Бұдан бөлек, бас мақалада  елді жаңа жетістікке, жаңа биіктерге жетелейтін жүйелі шараларға жол сілтенеді. Мақала жарық көрісімен қазақстандық қоғам арасында қызу талқылау да басталды. Сөз ұстаған шешендерден бастап, сарапшылар, саясаткерлер, зиялылар үн қатысуда, ұлтты ұйыстыратын жоспарға қатысты Елбасы мақаласының ерекшеліктеріне мән беріп, талқылап, пікірлерін білдіруде. Мәселен, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этносаралық қарым-қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі төрағасының орынбасары Айгүл Сәдуақасова бес институттық реформаның бірі - ұлттық бірегейлікті қалыптастыру бағытындағы жоспардың маңызын атап өтеді. «Биыл еліміз тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына аяқ басты. Өткен жылдар ішінде жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекендеген кең-байтақ Қазақстан өзінің ғасырлар бойы жинақтап келе жатқан құндылықтарын басымдық деңгейге шығарды. Өтпелі кезеңді бастан кеше отырып, экономикасы нығайған мемлекетті нық аяқтан тұрғыздық. Қазіргі таңда әлемде көптеген қауіп-қатер, соның ішінде экономикалық дағдарыстар мен әскери қақтығыстар орын алып отыр. Осы тұрғыдан алғанда Елбасы ең басты құндылық ретінде елдің бірлігін биікке көтеру шын мәнінде өзекті екеніне баса көңіл бөліп отыр. Ұлттың татулығы, бірегейлік пен бірлік реформалардың сәттілігіне кепіл бола алады», - дейді Айгүл Сәдуақасова. Оның айтуынша, ұлттық бірлікті бекемдеу үшін екі негізгі тетік қалыптасқан. Бұлар - біріншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясы институты болса, екіншісі - Мәңгілік Ел идеясы. «Елбасы «Мәңгілік Ел» идеясын алғаш рет 2012 жылы көтерген болатын. Ал кешегі мақалада «Мәңгілік Ел» ұрпағын қазірден бастап тәрбиелеу үшін қандай жоспарларды жүзеге асыру керектігі нақты көрсетілді. Әсіресе, үштілдік білім жүйесіне ауысу жайы да назардан тыс қалмаған. Жалпы, елдегі тұтастықты және бірлікті нығайту - басты мақсат. Елбасының тапсырмасына сәйкес, бірегейлік азаматтық негізінде қалыптасуы және нығаюы тиіс», - деді Айгүл Садуақасова. Ал «Қазақстан азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов бас мақала өзін қатты ойға қалдырғанын, Елбасы мақаласы әрбір адамды өз тағдырына жауапкершілікпен қарау керектігіне үндейтінін алға тартады. «Маған Президенттің ел бірлігіне қатысты айтқан тұшымды ойлары, ұсыныстары ұнады. Елбасының, әсіресе, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы рөліне қатысты айтқандарының жөні бөлек. Шындығында, этносаралық қарым-қатынас - аса маңызды әрі өте нәзік дүние. Қазіргі таңда көптеген елдер этносаралық жанжалдардан зардап шегуде. Қазақстанда бұл мәселе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында оңтайлы шешімін тауып, нәтижесінде ынтымағы жарасқан ел болып отырмыз», - деді Нұрлан Ерімбетов. Ал Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Алуа Жолдыбалина Ұлт Жоспары -нәтижесі жағынан еліміздің дамуына ұзақ мерзімді, кешенді, жүйелі, кең көлемде ықпал ететін стратегиялық құжат екенін алға тартады. «Тарихтан белгілі, өткен ғасырдың әйгілі лидерлері өз елінің дамуы үшін белгілі бір стратегиялық міндеттерді шешуге ұмтылды. Шындығында, әлемдік лидерлер өз мемлекетінің күрделі кезеңінде халық мүддесі үшін стратегиялық дамудың жаңғырту жобаларын дүниеге келтірген болатын. Елбасының «Ұлт жоспары - бес институттық реформасы» да тура сол тәрізді. Мәселен, Сунь Ятсен «азаматтық ұлтшылдық, халық билігі, халықтың әл-ауқаты» атты бағытта 3 қағидатты қалыптастырса, Дэн Сяопин «Дамудың 3 қадамдық стратегиясын» ұсынды. Мұстафа Ататүріктің «Республикашылдық, ұлтшылдық, халықтық, секуляризм, этатизм, реформизм» секілді «6 жебесі» жүзеге асты, Сингапур лидері Ли Куан Юдің мынадай 7 қағидаты айқындалды: «Адал және тиімді үкімет», «Заң үстемдігі», «Бизнестің дамуына жағдай», «Макроэкономикалық саясат», «Тәуелсіз білікті сот», «Төмен деңгейдегі сыбайлас-жемқорлық», «Мемлекеттік институттар мен жергілікті билік реформасы». Осындай жобалардың барлығы да белгілі бір елдердің дамуына даңғыл жол салды», - дейді Алуа Жолдыбалина. Оның сөзіне қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаев айқындаған «Ұлт жоспары» шетелдік БАҚ-та да кеңінен талқыға ие болып, халықаралық сарапшылар қауымдастығы да зор қызығушылық таныта бастаған. Мәселен, ресейлік баспасөз беттеріндегі мақалаларда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына қатысты «Экономикалық ғажайыпқа әкелетін 100 қадам», «Сәттілікке әкелетін 100 қадам», «Еуразияны өзгертетін 100 қадам», «Жаңартудың 100 қадамы», «Жаңартудың кең көлемді жобасы» деген атаулар көбірек айтыла бастаған. Ендеше сондай пікірлердің бірқатарына тоқтала кетсек. Ресейдің стратегиялық зерттеулер институтының Орталық Азия бойынша жетекшісі Дмитрий Александров «100 нақты қадам» бағдарламасы Қазақстанды гүлденген мемлекеттер қатарына қосуға бағытталған, ертеректе қабылданған әрі жүзеге асып жатқан құжаттардың үйлесімді жалғасы екенін алға тартады. Ал Орталық Азия жөніндегі неміс сарапшысы Беате Эшмент құжатта көрсетілген транспорттық жобаларға жоғары баға беріп, ұзақ мерзімді кезеңде Қазақстан үшін бұл өте маңызды қадам екенін айтады. Сингапур ұлттық университетінің бұқаралық саясат мектебінің деканы Кишора Махбубани Қазақстан осы бағдарламаны жүзеге асыру арқылы Орталық Азиядағы жаңа логистикалық хабқа айналатынын айтады. Оның айтуынша,  елдегі саяси тұрақтылық - мемлекеттің ең үлкен артықшылығы. Ал Израильдің Шығыс Еуропа және ТМД елдері институтының директоры Александр Цинкер де Ұлт жоспарының ең негізгі өзегі ретінде  «Біртектілік пен бірлік» бөлімін айтады. «Құжаттың ең маңызды әрі негізгі бөлімі - «Біртектілік пен бірлік». Осы бөлімде көрсетілген қадамдарды жүзеге асыру арқылы Ұлт жоспарындағы қалған 4 реформаға арналған қадамдардың талаптарын орындауға болады. Сондықтан да, осы бөлім бірінші кезекте маңызды. Бұл бағдарлама Қазақстанға тың серпін беріп, дамыған мемлекеттердің қатарына енуге мүмкіндік жасайды», - дейді Цинкер. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді орындауға әр қазақстандық атсалысуы тиіс. Бұл пікірді ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай білдірді.«Президент атап көрсеткендей, біз 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруды бастайтын ең күрделі кезеңге келдік. Бүгінге дейін ауқымды дайындық жұмыстары атқарылып, тиісті құжаттар қабылданды. Енді, нақты әрекетке көшіп, реформаларды дер кезінде және тиімді атқару қажет», - дейді ол. Ұлттық музей директорының атап өтуінше, Мемлекет басшысы ерекше екпін түсірген ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қазақстандықтар үшін тарихи жыл болмақ. Себебі біз биылдан бастап жаңа қазақстандық арманымыз - ХХІ ғасырдағы көшбасшы 30 ұлттың бірі болу жолындағы жасампаз жобаларымызды кезең-кезеңімен жүзеге асыра бастаймыз. Біз үшін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мемлекетті, экономиканы және қоғамды жаңа сапаға көтерудің құтты қадамы болмақ. «Тәуелсіздігіміздің мүшелін жүз жылдан қайыруды жаратқаннан тілеу аз, еңбек ету арқылы қамтамасыз ету әрбір жаранның абыройлы міндеті», - дейді Д.Мыңбай. Оның айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бағдарламалық мақаласында Ұлт жоспарын орындау бағытындағы практикалық жұмыстар жаңа мүмкіндіктер мен әлемдік дамудағы ықтимал тәуекелдерді есепке ала отырып, өзгермелі жаһандық жағдайларға сәйкес түзіліп жатқанын атап көрсетті және аталған құжат қазақстандықтардың экономикалық және азаматтық белсенділігін арттырудың қозғаушы күші болатынын баяндады. Президенттің: «Біздің Қазақстанымыз серпіндірек, лайықтырақ, сенімдірек және дәулеттірек болады», - деген сөзі қазақстандықтарға келер күнге сенім  сыйлаумен қатар, жауапкершілік жүктеді. Қазір ел азаматтарының барлығы «100 нақты қадам» ұлт жоспары жалпыұлттық сипатқа ие болғанда ғана болашақтың баянды болатынын біліп отыр. «Елбасы өзінің мақаласында ұлт бірлігі табысты реформаның кепілі екенін нақтылап, топтасқан халық қана дамудың таңғажайып шыңдарына жете алатынын айтты. «Қазіргі заманғы әлемде барлық дамыған мемлекеттер - біртұтас ұлттар. Олар бірыңғай экономикалық, саяси және мәдени рет-тәртіппен өмір сүреді, оларды дамудың ортақ мақсаттары, жеке адамның табысы мемлекеттің қуатымен және табыстылығымен ажырағысыз байланысты екендігіне деген бірегей түсінік біріктіреді. Бүгінде әлемнің барлық дамыған елдері өздерінің жаңғыртушы жобаларын бұрыннан қалыптасқан біртектілік негізінде жүзеге асырады. Қазақстанға келер болсақ, біз де осы жолға түстік. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, біртектілік пен біртұтастық саласында әмбебап стандарттар мен ұсынымдамалар жоқ. Әлемде бірде-бір ел осы саладағы сын-қатерлерге дайын рецепттерге, модельдер мен жауаптарға ие емес», - деді Президент. Бұл - біртектілік пен біртұтастық береке мен бірлікке бастайды деген сөз», - деді Ұлттық музей басшысы. Ол өз сөзінде Президент атап көрсеткендей, бізде қазақстандықтардың азаматтық біртектілігі мен біртұтастығына қазірдің өзінде екі негіз бар екендігін, оның бірі -  Қазақстан халқы Ассамблеясы, екіншісі - «Мәңгілік Ел»  жалпыұлттық идеясы екендігін баса айтты. Бұларды дамыту арқылы біз Болашағы Біртұтас Ұлттың іргесін нығайтатындығымызды атап өтті. «Осы орайда алдағы уақытта қабылданатын «Мәңгілік  Ел» патриоттық актісін атап өткім келеді. Себебі бұл құжат халық бірлігін, толеранттылық пен сенімді одан әрі нығайту жөніндегі қызметтің негізгі бағыттарын бекітеді. Яғни, елдің берекесі мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы бұрынғысынша қадірленіп, бұрынғысынша қастерлене береді. Ұлт жоспарында елдік мақсат пен елдік мұрат барлығынан биік қойылған. Мұнда жалқының емес, жалпының арманына қол жеткізудің жолдары нақты көрсетілген. Бұл да - қазақстандық жол. Жол мұраты - белестерден өту, бақуатты өмірге жету», - деп түйіндеді сөзін Д.Мыңбай. 

Осындай келелі ой-пікірін «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Наталья Калашникова да Мемлекет басшысының мақаласына қатысты білдірді.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласы - бұл елді жаңғыртудың «жол картасы». «Мақаланың өзі ауқымды жаңғырту мен 5 институттық реформаның «жол картасы» іспеттес екендігін атап өткен орынды. Бүгінгі күнге дейін шетелдік және отандық сарапшылар атап өткендей, мақала әдістемелік тұрғыда мығым құрылымдалған. Онда Президент қазақстандық арманға басым бағыттарды ғана айқындап қоймай 5 институттық реформа нәтижелерінен қазақстандықтар күтетін нақты тетіктерді де көрсетіп берді», - деді Н.Калашникова. Осы ретте ол Жаңа жыл қарсаңында Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудан туындайтын өте маңызды екі Жарлыққа қол қойғанын еске салып өтті. Оның бірі - қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту тұжырымдамасы. Онда жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудың заманауи тетіктері айқындалған. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясын 2025 жылға дейін дамытудың жаңа тұжырымдамасында ұйым қызметінің жаңа институттық бағыттары белгіленген. «Біздің көзқарасымызша, қазірдің өзінде осындай қоғамдық саясиүстілік институт дамуының негізгі магистралі қалыптастырылып үлгерген. «Реформалар табысы - ұлт бірлігіне бастар жол». Бұл бүкіл бағдарламалық мақаланың басты буыны және онда Елбасы болашағы біртұтас ұлт - қоғамның маңызды өзегі екендігін көрсеткен. Әрине, бұған қоса бұл - барлық бес институттық реформаның басты мақсаты және мәні», - деді мекеме директоры. 

Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы қазақ халқына дәуірлер көші жылжыса да қызмет ететін еңбек болып қала береді. Бұл-ұлтты ұйыстыратын, бірегейлікті қалыптастыратын жоспар.

Алматыда Достық үйінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының елдің шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде де ұлттық бірлікті нығайтудың бүгінгі таңдағы қоғамдағы өзекті мәселелері мен елдамуының келешегі талқыланды.  Өз сөзінде министр Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай елімізде арнайы жоспар қабылданғанын атап өтті. «Еліміз биыл өз тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлап жатыр. Осыған орай, Мәдениет және спорт министрлігі Президент Әкімшілігімен бірге  арнайы ұлттық жоспарды әзірлеп шықты. Біздің басты мақсатымыз - Тәуелсіздігімізді жыл бойына лайықты деңгейде атап өту. Қазір осы орайда түрлі шаралар жүзеге асырыла бастады», - деді А. Мұхамедиұлы. «Күні кеше Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заң қабылданды. Осы заң аясында 1- наурызды тұңғыш рет Алғыс күні ретінде кең көлемде атап өтеміз. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық татулықтың символы ретінде бүкіл әлемге танымал болуда. Бұл - біз үшін үлкен мақтаныш. Көптеген елдер осы бағытта Қазақстанның тәжірибесін зерттеп жатыр», - деді А. Мұхамедиұлы. Сонымен қатар, Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» күн тәртібінде басты тақырыптардың біріне айналды. Кездесуге қатысушылардың  Ұлт жоспарының негізгі бағыттарын сапалы және дер кезінде орындау - Қазақстан қоғамының жан-жақты өркендеудің жаңа кезеңіне өтуге жол ашатындығын бір ауыздан атап өтті. Айта кетелік, Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған болатын.   Кездесуге КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік республикалық кәріс музыкалық комедия театрының директоры Любовь Ни, танымал жазушы, журналист Смағұл Елубай,  КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, кинорежиссер және актер Досхан Жолжақсынов, ҚР Ұлттық  кітапханасының директоры Әлібек Асқар, театр және кино актері Азамат Сатыбалды және басқа да музыка, әдебиет, театр, кинематография, бейнелеу өнері және қолөнер салаларының 40-қа жуық көрнекті өкілдері қатысты.            

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына өзгерістер мен толықтырулардың енгізіліп, 1 наурыз Алғыс айту күні болып бекітілуі ел өміріндегі айтулы оқиғалардың бірііне айналды.  Биыл ол алғаш рет тойланып, еліміздің әр өңірінде жүздеген шара өтті.

Сәл шегініс жасасақ, өткен жылдың сәуірінде «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның құрылған күні 1- наурызды алғыс айту күні ретінде атап өтуді ұсынған болатын. «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн - 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», - деген еді Мемлекет басшысы.Ұлт көшбасшысының бұл бастамасы жұртшылық тарапынан кеңінен қолдау тауып, осы жылдың қаңтарында Президенттің арнайы Жарлығы да жарық көрген еді. Осылайша, биыл Қазақстан халқы жаңа мейрамды - Алғыс айту күнін кеңінен атап өтті. Елорда төрінде өткен шараға Елбасы Н.Назарбаев қатысып, барша Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады. «Былтыр Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында айтылған менің ұсынысым жұртшылықтан кеңінен қолдау тапты. Сол іс-шарада елдегі түрлі этнос өкілдері бір-біріне және қазақ халқына алғыс тақырыбын қозғады. Биылғы қаңтарда мен тиісті Жарлыққа қол қойдым. Алғыс айту күні - енді ұлттық күнтізбедегі Еңбек күні, Отбасы күні сияқты өзге де мерекелердің қатарындағы жаңа дата. Мен бұл мереке қазіргі уақытта аса қажет біздің қоғамдағы сенімді, келісім мен достықты бұрынғыдан да нығайта түсетініне сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық қорын құрған жөн. ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында Алғыс айту күніне арналған іс-шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.Мемлекет басшысы өз сөзінде бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық тәжірибесі негізінде болашағы біртұтас ұлт қалыптасатындығын атап өте келе, Алғыс айту күні 1 наурызға белгіленуі әділетті шешім болғанын баса айтты. Өйткені, дәл осы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы  құрылғанын еске салды. «Бұл күнді қайырымшылықтың айрықша шараларымен және мұқтаж жандар мен жақындарға қолдау көрсетумен атап өткен маңызды. Осыған байланысты  Ассамблеяның  арнайы қорын құру жақсы болар еді. Сол арқылы олар қолдау көрсете алады. Әрбір ауылдағы,  қала мен аудандағы әлеуметтік маңызы бар мәселерді шешу акцияларының айрықша құндылығы бар», - деді Мемлекет басшысы.      Қазақстан Президенті тарихымыздың көптеген беттері биік моральдық құндылықтардың бірі ретінде алғыспен байланысты екенін атап өтті. «Біздің бабаларымыз халықтың басына түскен ауыр сынақтарға төтеп беретін күш-қуат дарытқан туған жерге және тағдырына риза сезімде болған. Олар әскери шапқыншылық жылдарында, қуаңшылық немесе жұт кезінде көмекке келген жақындарына, туыстары мен көршілеріне әрдайым алғыс айтқан. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және жер аудару сияқты қайғы-қасірет жылдары миллиондаған адам бір-біріне көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін ризашылық танытты. Бұл барынан айрылған адамдарға тіршілік жасауға, үмітін қайта жалғауға, өмірді қайта бастауға күш берді», - деді Н.Назарбаев. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанның әл-ауқаты, қоғамдық келісім, тұрақтылық пен бірлік - Отанымыздың бақытты болашағының кепілі екенін айтты. «Ұлы Дала елінің перзенттері мәдениеттер алуандылығын, түрлі этностар мен конфессиялар өкілдерінің құндылықтарын ана сүтімен бірге бойға сіңірген. Тарих және бабалар бізді осыған үйретті. Этникалық алуандылық біздің елдің әлсіз тұсы емес, оның байлығы», - деді Елбасы.

Тұңғыш мәрте тойланған мереке қарсаңында Қазақстанның «Өркендеу» неміс қоғамының төрағасы Игорь Берг ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген 1 наурызда атап өтілетін Алғыс күні көпұлтты Қазақстан үшін маңызды қадам болып табылатынына тоқталды.

-Алғыс күні - бізбен көрші тұратын халық жайында ойланып, оларға «рахмет» айтуға мүмкіндік.  Қазақ халқына қиын кезеңдерде басқа ұлыстарды қабылдап, оларға көмек, жәрдем көрсеткені үшін рахмет. Қазақстанның дамуына орасан үлес қосқан елдің басқа халықтарына «рахмет».  «Алғыс күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы тұрғысында, жалпы тарих пен естелік негізінде қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамытуда қазақстандық құндылықтарды көрсетуі тиіс. Алғыс күні - бұл  президенттік бейбітшілік пен келісім салтанатының күні, соның арқасында Қазақстан тыныштық пен үйлесімде тіршілік етіп, елде барлық қазақстандықтарға деген өзара сенім мен сыйластық қалыптасқан.
Айтулы күнде ОҚО-да этно-мәдени орталықтары да ашық есік күнін өткізді. Еліміздегі тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған 1 наурыз - Алғыс айту күні мерекесіне орай облыстық неміс этномәдени бірлестігі ашық есік күнін өткізді, деп хабарлады «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметінен.Шымкент қаласындағы Бекет батыр көшесі, 51 үйде орналасқан қоғамдық бірлестік мүшелері қонақтарды мерекелік көңіл-күймен қарсы алып, онда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Бірлестіктің жексенбілік мектебінде балалар мемлекеттік тіл мен неміс тілін үйреніп жатса, Маргарита Кин вокалдық шеберліктен дәріс беруде. «Қазақ халқы, қазақ елі қиын-қыстау заманда, біздің ата-бабамызға ас-суын, киім-кешегін бөліп беріп, баспанамен қамтамасыз етті. Тіл білмесе де бауырмалдық танытып, қолдарынан келгенше бар жақсылықтарын аямады. Міне, бүгін осы елдің қонақжайлығы мен кеңпейілділігінің арқасында өз салт-дәстүрімізді, тілімізді жоғалтпай өсіп-өніп, өркендеп келеміз», - деді неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы И.Бахман. Бірлестік төрағасы өңірде тұратын 2500-ге жуық неміс этносы атынан бүкіл қазақстандықтарды биыл алғаш рет аталып өтетін «1 наурыз - Алғыс айту күні» мерекесімен құттықтап, қазақ еліне деген алғысын жеткізді. Дәл осындай ашық есік күні облыстық иран этномәдени бірлестігінде де болып өтті. Келушілерді бірлестік төрағасы Н.Капар-Пур қарсы алып, бірлестіктің тыныс-тіршілігімен таныстырып шықты.1997 жылы құрылған орталықтың кең ауласында стол теннисі, шахмат үйірмелерінің қатысушылары өзара сайысқа түсіп жатса, бірлестіктің футбол командасы да жиналып, өз жетістіктерімен бөлісуде. Этномәдени бірлестік тарапынан толық қамтамасыз етіліп отырған «Шамсинур» би ансамблінің көздің жауын алатын ұлттық киімдері және мың бұралған биі мерекелік іс-шараны әрлендіре түсті.Арнайы жабдықталған жексенбілік мектеп сыныбында балалар парсы тілін үйреніп жатыр. Алдағы уақытта мемлекеттік тілде дәріс беретін арнайы маман алуды жоспарлап отырғандықтары айтылды. Сонымен қатар, шара барысында арнайы көрме ұйымдастырылып, ондағы Ираннан әкелінген ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарымен, жеті ыдысқа салынған жеті түрлі тағамның өзіндік мәнімен бірлестік мүшесі таныстырып өтті. 
 Қазақстан халқы Ассамблеясы да ел болып қуанған мейрам күні еліміздің барша азаматтарын биыл тұңғыш рет мерекеленіп отырған 1 наурыз - Алғыс айту күнімен құттықтады. Онда былай делінген: «Құрметті отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барша азаматтарын 1 наурыз - Алғыс айту күнімен құттықтайды! Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойлық жылында Ұлттық күнтізбемізде осы мерекенің пайда болуының мағынасы  терең. Бейбітшілік, достық пен келісім құндылықтары Қазақстанның көпұлтты халқының тарихи тағдырымен ұштасқан. Бұл күні біз Қазақстанның көпэтносты жасампаз халқының ортақ тарихына құрмет білдіреміз. Алғыс айту күні - Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты. Елбасының дана, сарабдал саясатының нәтижесінде Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей үлгісі қалыптасты, оның арқауы - Қазақстан халқы Ассамблеясы. Бірлік, тұрақтылық және келісім еліміздің экономикалық қуатының берік іргетасы, саяси, әлеуметтік және мәдени міндеттерді шешу жолындағы сенімді кепілі болды. Бұл қағидаттар жаңа заманның сын-қатерлеріне біздің жауабымыз болады. Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін бұл күн ерекше қуанышты мереке, себебі дәл осы 1 наурыз - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні Алғыс айту күні болып жарияланды. Даталардың түйісуі біздің жаңа мерекемізге ерекше мағына және айрықша маңыз береді, ол адамдар арасындағы, Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын барлық этностар арасындағы өзара сенім мен сыйластық деңгейінің жоғарылығын,  өзара түсіністік пен терең құрметті білдіреді. Даталардың бұл түйісуі кездейсоқтық емес. Мемлекет басшысының өзі Ассамблеяның құрылған күнін жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және оларды өз туғанындай қабылдап, мейірбандық танытқан қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту туралы ұсыныс айтқан болатын. Алғыс айту күні - қуғын-сүргінге ұшырап, аласапыран заманның тауқыметін тартқан халықтың рухани игілігі - кеңпейілділігі мен қайырымдылық дәстүрлеріне терең тағзым белгісі. Біз Тәуелсіздіктің мерейтойы қарсаңында ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем, тең құқықтар иеленген және нұрлы болашақ жолында зор жауапкершілікпен топтасқан  Болашағы Біртұтас Ұлт қалыптастыру туралы мәлімдедік. Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекетіміз бен қоғамымызды жаңартуға, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізінде Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған барлық реформалардың жүзеге асырылуына атсалысады. Біз қазақтың қасиетті жеріндегі ең басты құндылығымыз - бірлік пен татулық үшін ортақ жауапкершілігімізді сезінеміз және жарқын болашағымызға нық сенеміз. Мереке құтты болсын, қымбатты қазақстандықтар!», - делінген  Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесінің құттықтауында.

Алғыс айту күні - аласапыран заманның тауқыметін тартқан халықтың кеңпейілділігіне терең тағзым белгісі. Кең байтақ елімізде тату-тәтті ғұмыр кешкен әрбір азамат мұны терең түсінеді.

Елдікке бастаған мереке күнгі тағы бір жаңалық  ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында Алғыс айту күніне арналған іс-шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы үйретуді ұсынды.«Біз үштілді боламыз деп айттық, бұл біреудің орынсыз тілегі емес. Өмір мәжбүрлеуде. Мемлекеттік тіл біздің барлығымыз тұрып жатқан халықтың тілі, біздерге оны білу қажет. Сондықтан да бұл тілді балаларымызға мектептен бастап үйретеміз. Олардан сол тілді білуін талап ететін боламыз. Біз ағылшын тілін білуіміз қажет. Өйткені ол ғылым мен инновация тілі.  Сіздер мен біздер сөйлеп үйренген, бір бірімізді түсінетін орыс тілін де білу қажет», - деді Елбасы. Сонымен қатар Мемлекет басшысы елімізде қазақ тілін үйрену үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Арнайы қор құрылып, одан тіл үйренуге қаржы бөлініп жатқанын еске салды. «Оны (қаржыны) жалпы Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы көбірек бөліп, қазақ тілін білмейтіндерді үйрету керек. Біздерде қазақ тілінде қарапайым әңгімелесу үшін барлық мүмкіншілік бар», - деді Мемлекет басшысы.   
Осы күні барлық аймақтарда  Алғыс айту күніне орай  800-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, көпшілікті қуанышқа бөледі. Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Нәзипа Шанаидың айтуынша, «бүгін - керемет күн. Себебі, алғыс айту тарихының өзі керемет. 1- наурызда алғаш аталып өтіп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, бүгін Астанада Елбасының қатысуымен Алғыс айту күніне арналған іс-шара өтті. Бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталсақ, жалпы мейрімділік пен қайырымдылыққа арналған бұл мерекенің тәрбиелік мәні өте зор», - деп тоқталды Н. Шанаи. Осы орайда ол өткен ғасырдың нәубетті жылдарында Қазақстан жеріне келген ұлттар мен ұлыстарға көмек қолын созған қазақ халқына шексіз алғысын айтып жатқандығын атап өтті. «Бүгінде сол ұлт пен ұлыстар Қазақстанда өз орнын тауып, ортақ Отаны үшін еңбегін аямай қызмет етуде. Еліміздің дамуына, болашағына баршамыз бірлесе жұмылып қызмет атқарудамыз», - деді Н. Шанаи.

1995 жылдың 1 наурызында елімізде  Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды және 2015 жылы Ассамблеяның жиырма жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы бұл күнді халықтардың бір-біріне және қазақтарға көптеген халықтар елге күштеп қоныстандырылған кезде  төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс білдіре алатын күн деп жариялауды ұсынды. Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай ғұмыр кешуде.     
 Жалпы «Алғыс» ұғымының өзі көп нәрсені аңғартады. Мәселен, қазақта «Алғыс арқалаған ер азбас», «Алғыспенен ел көгерер» деген секілді бабалардан қалған ұлағатты сөздер бар. Сондықтан да, атқарған ісіне, адалдық амалына қарай Алғыс айтудың орны ерекше. Алғыс айту ғана емес, оны естудің өзі де рухани туыстыққа үндеуді білдіреді. Тоқ етері тату болуға деген тілек те, ынтымақты болуға ниет те алғыс айтудан басталады. Ендеше, биыл алғаш рет тұтас республика аумағында тойлана бастаған бұл күн - елдігіміздің мерейлі мерекесінің біріне айналары әбден хақ. Сондықтан да, осынау Алғыс айту күнін - қазақстандық патриотизм мен ынтымақтың, бірлік пен достықтың жарасқан күні деуге негіз бар. Өйткені, Елбасы 100-ден аса этностың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салуының нәтижесінде біртұтас Қазақстан ұлты бірегей артықшылықтар иесіне айналғанын атап өткен болатын.  Шындығында, өткен тарихта тағдыр тауқыметінен ұлы даланың кең байтағына ауа көшіп, қазақтың кең қолтығына сауғаланып, жан сақтаған өзге ұлттың ең бірінші кезекте қазаққа құрмет көрсетіп, Алғыс айтуы заңды да. Өйткені, зұлмат заманда сұрқия саясаттың құрбанына айналғандарды ажал аузынан арашалаған да, өзі құрып бара жатса да өзгені демеген де қазақтың мейірімге толы мінезі болатын. Сол мейірімге толы дархан мінез талай ұлттың өкілдерін мәпелеп өсірді. Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы атанып отырған алып институттың іргесін де сол жылдары қазақ халқы өз қолымен қалаған болатын. Сол институт бүгінгі күні Қазақстандағы достықтың да, бірліктің де, тұтастықтың да ұйтқысына айналды. Дәл осы жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Сталиндік режім кезіндегі әр жылдарда бүтіндей бір халықтар - 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасылары қоныс аударды. Оларды вагондардан ашық далаға әкеліп түсірді. Ол кезде мұнда тек қазақтар ғана тұратын. Сондықтан қабылдаған да солар болды. Сөйтіп, өздері мұқтаждықта өмір сүріп жатқан қазақ отбасылары оларды өздерінің саман үйлерінде қабылдады. Біздің отбасымыз да үш баласы бар ерлі-зайыптыларды қабылдады», - деген болатын. Ендеше, Алғыс айту күні - сонау қасаң замандарда Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударылып, бүгінгі күні татулықтың түтінін түтетіп отырған түрлі этностардың байтақ қазақ жері мен дархан қазақ халқына терең тағзымының белгісі. Бұл күн - тағдырлары тоғысқан көпэтносты халықтың ортақ тарихын құрметтеу күні. Осылайша, Қазақстандағы халықтар бір-біріне өзара ықыласын білдіру арқылы ізеттілік жасап, береке мен бірлікті, ынтымақты қолдап, бір-біріне өзара көмек көрсетуді игі дәстүр ретінде бекіте түспек. Айтулы күнді мерекелеудегі басты мақсат та белгілі. Оның өзегі - қоғам бірігуінің, азаматтық татулықтың, қоғамдық келісімнің, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту. Бұнымен қоса, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының және халықтың жалпыұлттық игілігі ретінде Елбасы айқындаған жаңа қазақстандық патриотизмнің қағидаттарын бекіту. Айта кетерлігі, биыл алғаш рет мерекеленіп жатқан айтулы күнге орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та барша қазақстандықтарға өз құттықтауын жолдады. «Бұл мейрамның терең мағынасы мен мәні бар. 1 наурыз - жалпы көктемнің бірінші күні, бәрімізге де көңілді күн, қыстан шыққан күн. 1 наурыз - сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан ізгіліктің мерекесі, Наурыз мейрамы аталып өтілетін шуақты айдың басы. 1 наурыз - бірлігіміздің бастауы болған Қазақстан халқы Ассамблеясы, отанымызды көркейту жолында барлық қазақстандықтарды ұйымдастырып келе жатқан саяси күш - «Нұр Отан» партиясының құрылған күні», - деді Н. Назарбаев Тұңғыш Президент кітапханасында Алғыс айту күніне арналған іс-шара барысында. Бұл ретте Елбасы осынау күннің аясында Қазақ халқына алғысын білдіріп жатқан әрбір ұлт өкілдеріне де, осындай ұланғайыр жерді, осындай елді мирас қылып тапсырған ата-бабаға да алғысын жеткізді. «Мен Алғыс айту күні игі дәстүрге айналып, халқымыздың ең сүйікті мерекелерінің бірі боларына сенемін. Қазіргі уақытта жер бетінде діни және ұлттық сипаттағы шиеленістер өршіп, соғыс болмаса да түрлі деңгейдегі қақтығыстардан қан төгіліп жатыр, миллиондаған адам туған жерінен бас сауғалап босқынға айналуда. Мұндай кезде адамдардың бір-біріне алғысын білдіріп, өздеріне жасаған жақсылықтарды еске алуы аса маңызды. Бұл жақсылықты бағалай білуге, оған жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Құндылықтардың қадіріне жете алған елдің келешегі кемел. Мен Алғыс айту күнін осындай мақсатпен белгіледім. Адамдар бүгінгі күні кемшіліктер болса, қатты сөздер айтылса, өкпесі болса кешіруі қажет», - деді Н.Назарбаев. Сондай-ақ, Елбасы көптеген ұлтты құшағына алған қазақ даласының дархандығына тоқталып, мұндай мейірімді сол ұлт өкілдерінің келешек ұрпақтары да ұмытпауы керектігін еске салды. «Сол этностың басым көпшілігі біздің елімізге зорлықпен қоныс аударылды. Кейінірек, заман түзелгеннен кейін олардың біразы өздерінің тарихи отандарына оралды. Олардың барлығының да Қазақстанға алғысы шексіз. Олар бұл жер өздерін құтқарғанын айтады. Тель-Авивке барғанымда адамдар мені қонақ үй алдынан шеруге шыққандай қарсы алды. «Бұл не?» деп түсінбей қалған едік. Сөйтсек, өз отандарына оралған біздің еврейлер екен, алғыстарын білдірді. Германияға барсаң ол жақта да біздің немістер осылай істейді. Поляктар да, кавказдықтар да. Яғни, бұл алғыс, бұл қайырымды ниеттестік біздің көпэтносты Қазақстанымыздың мәртебесін биіктетеді және бізде тұрақтылық орнаған әрі гүлдену үстіндеміз», - деді Н.Назарбаев. Сөз орайы келгенде Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының достық пен татулықтың ұйытқысы болатын рөліне де ерекше назар аударды. Соған орай, Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясына елдегі барлық қайырымдылық акцияларын үйлестіруші рөлін жүктеді. «Менің тапсырмам бойынша Ұлт жоспары аясында Қазақстан халқы Ассамблеясына елдегі барлық қайырымдылық акцияларын үйлестіруші рөлі заңмен бекітілген. Үкімет мұны ұйымдастыруы қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы - бұл біздің достығымыз бен тұрақтылығымыздың тарихы. Бейбітшілік пен келісімде өмір сүру бұл біздің құнды тәжірибеміз әрі оны әр уақытта қорғауға тиіспіз», - деді Н. Назарбаев. Түйіндей айтсақ, Алғыс айту күні - өткен бабаларға, терең тарихымызға құрмет көрсетіп, келешек ұрпақты достық пен бейбітшілік аясындағы дәстүрді жалғастыруға үндейтін күн. Өйткені, біздің бүгінгі жеткен жетістіктеріміздің бәрі бірлік пен ынтымақ нәтижесінде ғана болды. Бұл дәстүр сақталса  Қазақстан әлемдегі ең бейбітшіл, ең досшыл, ең ізгілікті елге айнала беретіні сөзсіз. Біздің ұстанған ұлттық бағытымыз да осы.    
Толассыз ұйымдастырылған іс-шараның бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Нұр Отан» партиясының, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, ғылыми және шығармашылық зиялық қауым өкілдері, жастар қатысумен жалғасын тапты. Шараға арнайы келген Мемлекет басшысы Алғыс айту күніне арналған «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» экспозициясын көрді. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ барша Қазақстан халқын мерекемен құттықтады. «Былтыр Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында айтылған менің ұсынысым жұртшылықтан кеңінен қолдау тапты. Сол іс-шарада елдегі түрлі этнос өкілдері бір-біріне және қазақ халқына алғыс тақырыбын қозғады. Биылғы қаңтарда мен тиісті жарлыққа қол қойдым. Алғыс айту күні - енді ұлттық күнтізбедегі Еңбек күні, Отбасы күні сияқты өзге де мерекелердің қатарындағы жаңа дата. Мен бұл мереке қазіргі уақытта аса қажет біздің қоғамдағы сенімді, келісім мен достықты бұрынғыдан да нығайта түсетініне сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан халқы Ассамблеясына елдегі барлық қайырымдылық акцияларын үйлестіруші рөлі жүктеледі. Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында Алғыс айту күніне арналған іс-шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.Мұнан әрі: «Менің тапсырмаммен Ұлт жоспары аясында Қазақстан халқы Ассамблеясына елдегі барлық қайырымдылық акцияларын үйлестіруші рөлі заңмен бекітілген. Үкімет және барлық қатысы барлар мұны ұйымдастыруы қажет. ҚХА тарихы - бұл біздің достығымыз бен тұрақтылығымыздың тарихы», - деді Елбасы. Осы ретте Мемлекет басшысы бейбітшілік пен келісімде өмір сүру бұл біздің құнды тәжірибеміз екендігін әрі оны әр уақытта қорғауға тиіс екендігімізді баса айтты. «Біреу өзінің ұлты өзгеден жақсы екендігін немесе ұстанатын діні өзгеден артық екендігін айтқан кезде ең қорқынышты жайттар орын алады. Біз оны әлемнің түпкір-түпкірінен көріп отырмыз. Қоғамда оңбағандар кездеседі, түрлі жайттар болады. Бірақ, біз тұрмыстық жайттарға назар аудармауымыз қажет», - деді Н.Назарбаев.     
Қазақстан Президенті тарихымыздың көптеген беттері биік моральдық құндылықтардың бірі ретінде алғыспен байланысты екенін атап өтті. «Біздің бабаларымыз халықтың басына түскен ауыр сынақтарға төтеп беретін күш-қуат дарытқан туған жерге және тағдырына риза сезімде болған.  Олар әскери шапқыншылық жылдарында, қуаңшылық немесе жұт кезінде көмекке келген жақындарына, туыстары мен көршілеріне әрдайым алғыс айтқан. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және жер аудару сияқты қайғы-қасірет жылдары миллиондаған адам бір-біріне көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін ризашылық танытты. Бұл барынан айрылған адамдарға тіршілік жасауға, үмітін қайта жалғауға, өмірді қайта бастауға күш берді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы сол қуғын-сүргін жылдарының куәгерлері мен олардың ұрпақтары Қазақстанның қасиетті жерінде көрген қамқорлық пен қонақжайлықты қазір айрықша жылылықпен еске алатынын айтты. «Олар кезінде өздеріне де оңай болмағанына қарамастан қазақтардың қайырымдылығы үшін, сол кездегі тыйымдарға қарамастан батыл әрі риясыз көмегі үшін алғыс айтады. Қазақтар да бауырластарға туған өлкеге деген сүйіспеншілігі үшін, жеріміздің түрленуіне қосқан үлесі үшін, ұлттық мәдениетке, тілге және дәстүрге деген құрметтері үшін алғыс білдіреді», - деді Қазақстан  Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде еліміздің көпэтностылық тарихынан сабақ алу қажеттігіне назар аударды. «ХХ ғасырда Қазақстанда көпэтносты халық қалыптасты. Столыпин реформасы кезіндегі шаруаларды қоныстандыру барысында Қазақстанға Ресейден, Украина мен Беларусьтен 1 миллион 150 мың адам келді. 30-жылдары ұжымдастыру кезінде бұрынғы КСРО-ның орталық өңірлерінен тәркілеуге түскен 250 мың шаруа жер аударылды. Осы уақыттары өнеркәсіп нысандарының құрылысына 1,2 миллион адам келді», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сталиндік қуғын-сүргін кезінде елімізде 11 арнаулы лагерь - АЛЖИР, Қарлаг, Степлаг, Дальлаг, Песчанлаг, Камышлаг, Жезқазғанлаг, Актөбе, Петропавл, Кегір және Өскемен лагерлері құрылғанын, оларда мыңдаған тұтқын отырғанын айтты. «Солардың көпшілігі тұтқыннан босағаннан соң кеткен жоқ, осы жерде тұрақтап қалды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы елімізге түрлі кезеңдерде көп адам келгенін атап өтті. «Соғыс кезінде Қазақстан эвакуацияланған 350 мың адамды қабылдады. 50-жылдары тың игеруге 1,5 миллион адам келді, жабық әскери нысандарда 150 мың маман және олардың отбасы мүшелері жұмыс істеді. ХХ ғасырдың басынан бастап Қазақстанға барлығы 5,6 миллион адам қоныстанды. Жергілікті халықтың саны ол кездері 6 миллионның шамасында болатын. Қылмыстық сипаттағы Сталиндік ұжымдастыру салдарынан 1,5 миллион адам аштан қырылды. Тағы миллионнан аса адам өзін және балаларын аман сақтау үшін бұрынғы КСРО аумағынан кетуге мәжбүр болды. Қазақтарға жойылып кету қаупі туды. Біздің көпэтностылығымыз осылайша қолдан жасалды. Бірақ мұнда біздің жерімізге еркінен тыс келген адамдардың еш кінәсі жоқ. Біз Тәуелсіздіктің жаңа дәуірінде барлық этностарды біртұтас, ұйысқан халыққа айналдыра білдік. Бүгінде бұл - біздің ең басты артықшылығымыз. Біздің күшіміз де осында. Менің тапсырмам бойынша, тарихымыздың осы парақтары Астанадағы жаңа Ұлттық тарих музейінің экспозицияларында көрініс табатын болады», - деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев сол кезеңнің тоталитарлық машинасынан барлығы жапа шеккенін атап өтті. «Біз жыл сайын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтеміз. Бүгінде біз - 100-ден аса этнос және 17 конфессия өкілдері татулық пен келісімде өмір сүріп жатқан бірегей елміз. Біз бірге қалалар мен кенттер салып, егін егіп, индустрияны дамытып, жол салып жатырмыз, отбасын құрып, бала тәрбиелеудеміз. Табыстарымызға бірге қуанып, ең қиын сәттерде бір-бірімізге қолдау көрсетіп келеміз. Менің тапсырмаммен Ассамблеяның бүкіл елдегі барлық қайырымдылық шаралардың үйлестірушісі ретіндегі рөлі Ұлт жоспары аясында заңнамалық тұрғыдан бекітілді. Ассамблея тарихы - біздің достығымыз бен тұрақтылығымыздың тарихы. Алғыс айту күні бізді бұрынғыдан да жақындастыра түсетініне сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті татулық пен келісімде бірлесіп өмір сүру салты әсіресе жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында көші-қон хаосы басталған, этносаралық және әлеуметтік қақтығыстар ушыққан бүгінгі таңда еліміздің ең қымбат тәжірибесі екеніне назар аударды. «Біздің бірегей этносаралық келісім тәжірибемізді неғұрлым көп ел пайдаланатын болса, соғұрлым әлем де қауіпсіз бола түсетініне сенімдімін. Біз - ынтымағы жарасқан керемет халық мекендейтін ғажайып елміз. Татулық пен келісімнің қазақстандық тәжірибесі негізінде біздің болашағы біртұтас ұлт қалыптасуда. Сондықтан, біз Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурызды Алғыс айту күні ретінде әділ таңдадық. Бұл күнді айрықша қайырымдылық акцияларымен, мұқтаж жандар мен жақындарға қолдау көрсету арқылы атап өту маңызды. Осыған байланысты Ассамблеяның арнаулы қорын құрып, сол арқылы қолдау көрсеткен жөн болар еді. Әрбір ауылда, ауданда, қала мен облыста әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған қоғамдық шаралар айрықша мәнге ие», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы бүгінде Қазақстаның алдында зор міндеттер тұрғанын атап өтті. «Менің халыққа Жолдауымды, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жүріп жатыр. Біз «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын іске асырудамыз. Сондықтан мен бүгін бірлік пен келісімге, достық пен өзара түсіністікке деген құлшынысы үшін бүкіл Қазақстан халқына зор ризашылығымды білдіргім келеді. Әр үйде татулық, жақсылық және береке болсын. Алғыс айту күні еліміздің ең айшықты, әркімнің де жүрегіне жақын мейрам болатынына сенімдімін», - деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев 1 наурыз тағы бір тарихи сәт - «Нұр Отан» партиясының құрылған күні екенін атап өтті.. «Мен баршаңызды осы айшықты күнмен құттықтаймын. «Нұр Отан» 17 жылда үлкен жолды жүріп өтті. Біздің партиямыздың саяси көшбасшылығы барлық қазақстандықтар мақтан тұтатын нақты жетістіктерге айналды. Қазір партия алдында айрықша маңызды міндеттер тұр. Таяуда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мен қолжетімді баспана, жол, электр стансаларының құрылыстарына, әрбір кенттегі нысандарды жөндеу жұмыстарына елеулі қаражат бөлу туралы мәлімдедім. Осының бәрі адамдар үшін жасалуда, олар жұмысқа тартылады. Осы қызметтің бәрін «Нұр Отан» жүргізетін болады. Әрбір қазақстандықтың игілігіне бағытталған, жүргізіліп жатқан реформалар мен бағдарламалардың мәнін әрбір адамға түсіндіре аламыз деп үміттенемін», - деді Мемлекет басшысы. «Партияның өзі жаңарып, жаңа жақтастармен толығуда. Біздің қатарымызға Қазақстанның жаңа азаматтары қосылып отырғанының мәні зор», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті рәсім барысында «Нұр Отанның» жаңа мүшелеріне партия билеттерін тапсырды. Мемлекет басшысы олардың бәрін өмір жолындағы жаңа кезеңдерімен құттықтап, мықты денсаулық пен игілік тіледі. «Бұл - Сіздер үшін саяси саладағы жаңа жолдың басы. Сіздер халықтың игілігіне бағытталған партияның идеялары мен ой-тұжырымдарын жеткізушілер боласыздар. Сіздер өз энтузиазмдарыңызбен және өз халқыңызға пайдасын тигізуге деген ниеттеріңізбен адамдардың жүрегіне жігер беруге тиіссіздер. Бүгін партияға түрлі этностардың өкілдері кіріп отырғанының да терең символдық мәні бар», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Конституция мен ел заңнамасында ұлттық және діни ерекшелігіне қарамастан барлық азаматтардың теңдігі көрініс тапқанына назар аударды. Заңның осы ережелерін мүлтіксіз орындау керек, оларды қалауынша әлдекімдерге түсіндіруге жол беруге болмайды. Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше рөл жүктеледі. Мен орын алған кейбір құқық бұзушылықтарға байланысты бұл туралы айттым да. Біз үштілділік бағытын ұстанып отырмыз және бұл әлдебіреудің қалауы емес, уақыттың талабы. Мемлекеттік тілді, титулды этностың тілін білуге біз міндеттіміз. Сондықтан да біз қазақшаға балаларды мектептен бастап үйретіп жатырмыз. Біз ағылшын тілін де білуге тиіспіз, өйткені ол ғылымның, инновация мен ақпараттық технологияның тілі. Ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде орыс тілін де білу маңызды. Балаларымызға бұл қажет», - деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отанның» барлық белсенділерін еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығын тың табыстармен және жасампаз өзгерістермен қарсы алуға шақырды. «Ең алдымен «шағын істер» - әрбір қала мен ауылды, жолдарды, мәдениет нысандарын абаттандыру жайын есте ұстау керек. Әрбір елді мекен жұмыс пен демалыс үшін таза, жайлы бола түсуі тиіс. 25 жылдық мереке дегеніміз осы. Барлық қала мен елді мекендерде аумақты тазарту мен көгалдандыру, балалар үйлеріне, егде адамдарға, мұқтаж жандарға көмектесу  жұмыстары жүргізілуі керек», - деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы бұдан бес жыл бұрын, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы белесінде «Ауылды көркейту - Қазақстанды көркейту» жобасы іске асырылғанын еске салды және биыл да бүкіл елде дәл сондай патриоттық акция өткізуге шақырды. «Еліміздің халқының жартысына жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Бүгінде біздің бүкіл табысымыздың қозғаушы күшіне айналатын елдің  аграрлық секторын дамытуға барлық мүмкіндік бар. Мұны «Нұр Отанға» және партияның әрбір мүшесіне менің тікелей тапсырмам деп санаңыздар», -  деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әл-ауқаты, қоғамдық келісім, тұрақтылық пен бірлік - Отанымыздың бақытты болашағының кепілі екенін айтты. «Ұлы Дала елінің перзенттері мәдениеттер алуандылығын, түрлі этностар мен конфессиялар өкілдерінің құндылықтарын ана сүтімен бірге бойға сіңірген. Тарих және бабалар бізді осыған үйретті. Этникалық алуандылық біздің елдің әлсіз тұсы емес, оның байлығы», - деді Қазақстан Президенті.             

Осы күні Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының 1 мамыр елді мекенінде орналасқан №2 балалар үйінде 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен бірқатар облыстық этномәдени бірлестіктері «Мың алғыс!» қайырымдылық акциясын өткізілді.  Азаматтық татулықтың, қоғамдық келісімнің, қазақстандық бірегейлік пен бірліктің нығаюының, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының және халықтың жалпыұлттық игілігі ретінде жаңақазақстандық патриотизмнің принциптерін бекіту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында балалар үйіне теледидар мен 81 тәрбиеленушіге спорттық киімдер тапсырылды. «Республикамыз тәуелсіздігінің 25 жылдығында тұңғыш аталып өтетін қайырымдылықты, ынтымақтастықты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні мерекесі қарсаңында қайырымдылық жасап, осында тәрбиеленуші балаларға мейірімділік пен шаттық сыйлауды жөн көрдік», - деді облыстық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Л.Асанов. Қайырымдылық іс-шарасы концерттік бағдарламаға ұласып, соңынан дастархан жайылып, ас берілді.       
Алғыс айту күнінАқтөбеде аймақтағы барлық этнос өкілдері өз деңгейінде тойлады. Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті.Оған алыс және жақын шетелдік қонақтар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, студенттер қатысты.

- Елбасы әрдайым еліміздің басты байлығы және жетістігі Қазақстанда тұратын халық пен этностардың достығы мен бірлігі екенін айтып келеді. Бүгінде ұлтаралық келісім құрылымындағы біздің тәжірибемізді өзге елдер зерттеп, үлгі алып жатыр. Президенттің бастамасымен бекітілген Алғыс айту күні Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына септеседі. Бұл мереке қазақстандықтардың жас ұрпағы өз халқының тарихын білуі үшін, оған деген сыйластық танытып, тәрбиеленуі үшін керек, - деп атап өтті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. Қазір Ақтөбе облысының аумағында 90-ға жуық ұлттың өкілдері тұрады.   Қазақстанның корейлер қауымдастығының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Константин Цхай  қазақ халқына алғысын айтты. Оның сөзіне қарағанда, 2012 жылдың мамырында Қазақстанның корейлер қауымдастығы Алматы облысы Үштөбе қаласының маңындағы Бастөбе тауының  бөктерінде «Қазақстан корейлерінен қазақ халқына алғыс» сөздерімен монумент тұрғызды. Кейін осындай ескерткіш Оралда орнатылды.  Константин Цхай хабарлағандай, барлық халықтың ризашылық монументі жақын арада Шымкентте пайда болады.        
Ал, батысқазақстандық сақшылар Алғыс айту күніне орай Достық үйінде болды.  БҚО ішкі істер департаменті қызметкерлері Алғыс айту күніне орай Оралда жуырда ашылған, іші-сырты бірдей келіскен Достық үйіне мерекелік саяхат жасады.Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сақшылар Ақ Жайық өңірінде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі мен мәдениетін паш ететін кабинеттерді аралап көрді. Этномәдени орталықтар өкілдерімен емен-жарқын пікірлесті. «Қазақ елінің байлығы - халқының бірлігі мен татулығы. Тарих қойнауында қалған талай қиын сәттерді бірге бастан кешіп, небір ауыртпалыққа төтеп бере білдік. Алдағы уақытта да Елбасының салиқалы саясатын қолдай отырып, Қазақстан болашағының баянды да жарқын болуы үшін бәріміз аянбай еңбек етуіміз қажет», деді өз сөзінде БҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Александр Әжіғалиев. Шара соңында тәртіп сақшыларына Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Ассамблея - тұрақтылық пен бірлік негізі» атты деректі фильм көрсетілді.    

Салтанатты шара Қызылордадағы М. Мәметова атындағы колледжінде ерекше жағдайда өтті. Іргелі оқу орнында 1- наурыз Алғыс айту күні мен 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай  10-нан аса ұлт өкілдерінің басын тоғыстырған М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен Елбасы Жарлығын жүзеге асыру мақсатында А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде  «Алғыс айту - парызым» атты шара болып өтті.Салтанатты шараны колледж директоры Әлима Әбдіхалықова  Мәскеу қалалық білім басқармасы  №5 Педагогикалық колледж ұжымынан  М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж ұжымы атына келіп жеткен құттықтау хатпен бастады. «Бұл мереке барша ұлттар мен ұлыстардың бірлігінің бастауы болары сөзсіз. Сіздердің бәсекеге қабілетті заманауи жаңа формация мұғалімін даярлаудағы еңбектеріңізге табыс тілейміз. Колледж оқытушыларының жаңа технологияларды тиімді қолдана алуы, тәжірибе мен ғылымдағы жетістіктері, жастар тәрбиесіндегі жоғары адамгершілік идеялары мен белсенді өмір дағдылары жолындағы ұстанымдары - болашақ мамандардың сапалы білім алып шығуының кепілі.Сіздердің ұжымдарыңыз жоғары біліктілігімен, қызметкерлер мен оқытушылардың құзыреттілігімен, кәсіби өсуге, өзіндік білім көтеруге деген талпынысымен  ерекшеленеді» делінген құттықтау хатта. Білім ордасының басшысы киелі шаңырақта қаншама ұлттың өкілдерінен болған ұстаздардың жеткіншектерді білім нәрімен сусындатқанына тоқталды. Сол үрдістің бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқанын айтты. Мереке қарсаңында жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін берді.Татулық пен бірлікті ту еткен ұлағат ұясында білім алып жатқан оннан  аса ұлт өкілдері «Тағдырлы тарихқа тағзым»  жобасы аясында тарих шырғалаңымен әр кезеңдері қазақ топырағына келген өз әулеттерінің тарихын зерттеп, халық  алдында паш етті. Солардың бірі -  чуваш ұлтының қызы Ефимова Дарья. «Мен өз отбасымды зерттеу барысында әр жанұяның өмірі үлкен тарих екендігіне көзім жетті. Бірақ, біз оған онша көңіл бөлмейді екенбіз.Жоба барысында әкемнің Қызылордадағы целлюлоза-картон комбинатының жұмысына жолдамамен келгенін білдім.Содан осы қалада түбегейлі қалып  қойған.Сол кезде өзі ғана келген болса, қазір біздің әулеттегілердің саны отыздан асады. Біздің ешқайда кеткіміз келмейді. Біздің Отанымыз - Сыр елі. Алаштың анасы болған Сыр еліне рахмет, Сіздерге рахмет!» - деп өз ризашылығын білдірді. Бұл ризашылық сөздері колледж ұстаздары Сергей Денисов пен Елена Лидің халық алдына шығып өлең оқып, ән айтуымен жалғасты. Бұл  ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттар достығының айқын дәлеліндей болды. Алғыс күні - бейбітшілік пен келісім салтанатының күні. Ал бейбітшілік пен тыныштық кілті - аналар. Анаға бас имейтін ұлт пен ұлыс жоқ. Бұл мереке  -  барша  ұлт пен ұлыстың ана құдіретінің алдында бас иіп, ризашылығын білдіретін аналар мерекесімен тұспа-тұс келген ұлық мереке.  Себебі, киелі Сыр топырағында тағдыр талайымен келген сан ұлтқа кең құшағын ашып, бауырына басқан да Сыр Ана! Алғыс мерекесі «Дарын» шығармашылық клубының мүшелері шығып, түрлі ұлт ақындарының Ана тақырыбындағы шығармаларынан үзінділер оқыды. Осылайша, бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен, тіршілік пен тыныштықты сақтап келе жатқан аналарға алғыстарын білдірді. Сыр елі - мейірім алаңы, достық мекені! Елбасымыз «Сыр - Алаштың анасы» деп бекер айтпаған. Тек қазақ емес, түрлі ұлтқа баспана да, астана да болған өлке. Қасиетті туған жердің бірлік пен татулық жайлы толғауларын колледж студенттері эссе түрінде де айшықтады. Бірі: «Қазақстан, оның ішінде Сыр елі - тыныштығы мен бірлігі жарасқан мекен. Қай жерде береке, тыныштық болса, сол жерде біз алаңсыз оқимыз, қызмет жасаймыз.Ал біз білім алып жатқан М.Мәметова атындағы колледж - қаншама ғұламалар ұшып шыққан киелі шаңырақ. Мен өз ұлағат ұямды ерекше мақтан тұтамын, себебі мұнда біз үшін барлық жағдай жасалған. Тағы бір ерекшелік, мұнда бірнеше ұлттың өкілдері тату-тәтті дос.Олар - біздің жақын достарымыз! Достық пен бейбітшілік жасасын!» - деді. Ал тағы бірі: «Менің шығармашылығымның негізгі идеясы - еліміздегі татулық пен достық.Себебі, бірлігі мен ынтымағы жарасқан қазақ жерінде түрі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір көптеген өзге ұлт өкілдері жарасымды өмір сүруде. Еліміз үшін ең қымбатты қазына - ұлтаралық татулық, жарастық пен келісім. Достығымыз мәңгілік болып, ұлт пен ұлысымыз татулығын ұзағынан сақтап, еліміз дамып, өркендей берсін!»  - деп ой толғады. Колледждегі 2016 жылғы жаңалықтың бірі - «Студенттердің өзін-өзі басқару» кеңесінің құрылуы. Сенім арқалаған жалынды жастардың алғашқы шараларын да «Болашағы біртұтас ел» деген тақырыппен  Алғыс айту күні қарсаңында бірлік пен ынтымаққа арнады.   Кеңес төрағасы И.Әділбек сөз сөйлеп, өз ұстанымдарын айтты, шара қорытындысымен дайындаған құралдарын ұсынды. Мереке соңы «Ұлттар достығы» биімен өрнектеліп, естелік суретке  түсуге жалғасты.        

Айтулы күннің тағы бір игілікті ісін БҚО ассамблеясы ұйымдастырды. Алғыс айту күніне орай этномәдени бірлестіктер, облыстық мекеме-ұйымдар, қала мен аудандар әкімдіктерімен бірлесе отырып, жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерге, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, барлық әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға арналған қайырымдылық шаралары өткізіледі. Мәдени орындарда «Елбасына алғысымыз шексіз» атты дөңгелек үстелдер мен тақырыптық кештер, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ортақ тарих, ортақ тағдыр - біртұтас ұлт» деген тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция, Орал қаласындағы «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткіші жанында түрлі ұлт өкілдері жастарының театрландырылған көрінісі, барлық ауруханалар мен емханаларда «Ақ халатты абзал жандар» атты ашық есік күндері өткізілді. Бұл күндері жасы кішілер ақсақалдарға құрмет көрсетіп, бата алса, оқу орындарында «Алғыс айту - парызым» атты сабақтар, «Ата-анам - алтын тұғырым» атты суреттер көрмесі, сондай-ақ ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшылармен кездесулер ұйымдастырылды. Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Медхат Қамбетовтің сөзіне қарағанда, негізгі шара 1 наурыз күні Оралдағы Сырым Датұлы атындағы алаңда өткен. Онда тәуелсіз Қазақ елінің ұлттық құндылықтарын, түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті тірлігін паш ететін алты бөлімнен тұратын көрініс қойылып, ол «Сүйінші», «Көрімдік» сынды салт-дәстүрге ұласып, ақ батамен тәмамдалды. 

Жалпы осы мерекеге орай БҚО-да  100-ден астам шаралар өткізілген. Елбасы Жарлығымен 1 наурыз күні тұңғыш рет тойланған Алғыс айту күніне орай Батыс Қазақстан облысында Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер білім беру, мәдени, медицина мекемелерімен бірлесе отырып, 100-ден астам негізгі шараларды ұйымдастырылды.  БҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нұрлыбек Даумовтың айтуынша, мұндағы мақсат - ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту, «Мәңгілік ел» құру жолындағы жалпыұлттық отаншылдықты бекіте түсу. Алғыс айту күні - Елбасы басшылығымен тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Сондай-ақ бұл - тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі ұлт өкілдері ұрпақтарының бауырмал қазақ халқына тағзым ету күні. Бұл күннің алғаш рет ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы тойланатын жылы аталып өтілуі де ерекше мән үстейді. Облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Александр Әжіғалиевтің атап өткеніндей, өңір басшысы бекіткен жоспарға сәйкес шаралар негізінен қайырымдылық сипат алды. Әр мекеме-ұйымдар бойынша нақты шаралар бекітілген. Бұған, әсіресе, этномәдени бірлестіктер белсене қатысуда. Олардың барлығы 1 наурыз күні әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен басқа да мұқтаж жандарға азық-түлік мен жылы киім салынған қоржындарды тарту етті. Медицина мекемелерінің қолдауымен дәл сол күні дүниеге келген нәрестелер мен олардың аналарына сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар бұл күні тек дәрігерлер ғана емес, техникалық қызмет атқаратын адамдар да ұмыт қалмады. Демеушілердің көмегімен қайырымдылық керуені арқылы ауру балаларға көмек көрсетілді. Бұлардың бәріне бюджеттен қаржы шыққан жоқ, кәсіпкерлер мен этномәдени бірлестіктердің ерікті түрде қолдауымен жүзеге асырылды. Мұндай шаралар барлық аудан, ауылдарда жалғасып, 1 наурыз күні Орал қаласындағы «Қазақ халқына мың алғыс!» монументі жанында митингі және Сырым Датұлы алаңында театрландырылған көріністермен қорытындыланды. Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Қауланованың сөзіне қарағанда, Алғыс айту күніне орай мәдени-көпшілік шаралар да аз емес. Айталық, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Бір шаңырақ астында» атты кең көлемді кітап көрмесі жасақталып, этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан - баршамыздың ортақ Отанымыз» атты тарихи-танымдық кеш өтті. Сол секілді Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ризашылық пен мейірімділік марафоны түрлі мәдени шараларға жалғасып, оқырмандарға алғыс айтылды. Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында студенттер мен этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Мың алғыс» атты әдеби-музыкалық кеш болды. Басқа мәдени мекемелер де мерекеден тыс қалмады. 1 наурыз күні Сырым Датұлы атындағы алаңда тәуелсіз қазақ елінің ұлттық құндылықтары мен береке-бірлігін, ырыс-ынтымағын паш ететін театрландырылған көрініске 600-ге жуық адам қатысты. Айта кетейік, Алғыс айту күніне арналған шаралар өңірде 22 ақпаннан басталып кеткен болатын. Мысалы, облыс мектептері мен оқу орындарында «Жаныңда жүр жақсы адам» атты тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, елге белгілі адамдарға, түрлі мамандық иелеріне алғыс айтылып, құрмет көрсетілуде.

Қызылордалық көрермен бұл күні «Әйгерімді» тамашалады.  Қызылорда қаласындағы «Жібек жолы» кинотеатрында Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Әйгерім» көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Шараны Қызылорда облысы әкімі аппараттының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уәлихан Ибраев пен режиссер Еркін Рақышев ашты. Көркем фильм Қазақстан халқы Ассамблеясының тапсырысы бойынша 1 наурыз - «Елімізде тұратын басқа этнос өкілдерінің қазақ халқына алғыс айту күні» қарсаңында түсірілген. Фильм жастай көзі көрмей зағип болып қалған Әйгерім деген қыздың ауыр тағдырына құрылған. Әйгерім есейген шағында тігінші болып, жұмысқа орналасады. Бірде қоларбаға таңылған жарымжан Ерлан есімді жігітпен танысады. Екі жастың сырласуының арты сүйіспеншілікке ұласады. Ерланның есіне кішкентай кезінде байқамай бір қыздың көзіне химиялық қышқыл затты төгіп алғаны түседі. Ол қыз Әйгерім болатын. Бірде Қытайдан Лу деген дәрігер жаңа препарат ойлап тапқанын, оның Әйгерімге көмегі тиіп қалуы мүмкін екенін айтады. Лу интернеттен ашаршылық пен қуғын-сүргіннен босып қашқан жүз мыңдаған қазақтарға қытайлықтар қамқор болып, бір үзім нанды бөліп жегенін біледі. Операцияға дайындық кезінде Лу Ерланның жарымжан болғанына қарамай, ақшасын Әйгерімге бергеніне толқып, операцияны тегін жасайтынын айтады. Операция сәтті өтіп, Әйгерімнің көзі көре бастайды. Фильмнің негізгі мақсаты - Қытай халқының қазақ ұлтына жасаған жақсылығына рахмет айту, сонымен қатар, мейірімділік пен қайрылымдылықты насихаттай отырып, жас ұрпақты жарымжан-мүгедек жандарға, мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге баулу. Фильмде зағип жандардың қоғамның тең мүшесі ретінде еңбек етуі, өмірден түңілмеуі және қайырымды жандардың қол ұшын беруге дайын болуы жақсы ашылған. Қоғамда жастар арасында кездесетін әлсіздерге, кемтар жандарға күш көрсету, зорлық жасау, үлкенді сыйламау сияқты келеңсіз құбылыстар және олармен күрес бүркеусіз ашық көрсетілген. Суицид мәселесі де қозғалған, қандай қиын жағдайға тап болсаң да ең бастысы жақсылықтың болатынына сену, орны толмас қайғыға жеткізетін қайғыға бармау қажет екендігі сәтті бейнеленген. Ашаршылық жылдарында туған жерінен Қытайға ауған қазақтардың ауыр халін бейнелейтін «Ашаршылық» фильмінен үзінді көрсету, Қытай дәрігерінің қазақ қызына тегін ота жасауды орынды ойластырылған. Фильмде ұлттық мәдениетті насихаттауға лайықты көңіл бөлінген, қазақ халқының аспапты музыкасы, дәстүрлі әндері мен айтыс өнері қазіргі жастар ұнататын эстрадалық әуенмен астасып жатыр. Жалпы «Әйгерім» фильмінің тәрбиелік мазмұнын қызылордалықтар жылы қабылдап, жоғары бағалады.       
Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақстандықтарды біріктіру мақсатында сан алуан шараларды ұйымдастырып тұрады. Өңірлерде, Астана мен Алматы қалаларында қыруар шаруа атқарылды. Солардың біразына тоқталып, көз жүгірттік.

«Үлкен Ел - Үлкен Отбасы» республикалық акциясы «Бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісі»

Биылғы жылдың басында М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің мәжіліс залында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен Ел - Үлкен Отбасы» республикалық акциясы «Бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбында өткен лекториймен бастау алды. Тәуелсіздік жылдары ішіндегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салалардағы жетістіктерін көрсету, идеологиялық және медиялық сүйемелдеу; Қазақстан халқының бірлігін нығайту және қоғамды демократиялық құндылықтардың төңірегінде біріктіру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шараға облыстық мәслихаттың «Ел бірлігі» депутаттық тобы, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, облыстық Ассамблея жанындағы Аналар кеңесі мен ғылыми - сарапшылық тобының өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыстық ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, қала және аудан әкімдіктеріндегі ассамблея хатшылығымен өзара әрекет ету жөніндегі қызметкерлер, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері, т.б. қатысты. Іс-шара барысында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-інің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Ғ.Маймақов, облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы А.Мұхамедова, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің доценті, ф.ғ.к. С.Қорғанова лекция оқыды. Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары-облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов өз сөзінде: «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын жалпыхалықтық деңгейде атап өту біздің әрбіріміздің азаматтық борышымыз және мақсатты міндетіміз деп білеміз. Осы орайда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тарапынан ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге арналған арнайы желілік кесте бекітіліп, соның нәтижесінде ағымдағы жыл ішінде қоғамдық-саяси, мәдени тағы басқа бағыттағы түрлі іс-шараларды атап өту көзделіп отыр. Бүгінгі іс-шарамыз осы бағытта өткізілетін ірілі-ұсақты шаралардың алғашқы бастауы десек қателеспейміз», - дегенді айтты.       

Осы тақырыптағы акция Жамбыл облысында жалғасты. «Тараз қаласында өткен іс-шараға Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының қызметкерлері және аймақтық ассамблеяның ғылыми-сараптамалық тобы, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты», делінген хабарламада. Жалпыреспубликалық жобаны Мемлекет басшысы, ҚХА төрағасы Н.Назарбаев ұсынды, ол ұлт жоспарының төртінші «Біртектілік пен Бірлік» бөлімінде көрсетілген. Кең көлемді акцияға еліміздің әрбір азаматының қатысуға мүмкіндігі бар, ол Қазақстан халқының ынтымағын арттырады. Акция барысында 35 ірі іс-шара өткізу жоспарланған, оның ішінде ҚХА халықаралық медиа форумы, көп сериалды деректі фильмдер шығару. Сонымен қатар, отбасылық құндылықтарды сақтау мақсатында әр түрлі байқаулар өткізіледі.   

Көкше жерінде де республикалық жалпыұлттық «Үлкен ел - үлкен отбасы» акциясы басталып кетті. Облыс орталығындағы Достық үйінде өткен шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, облыстық департаменттер,  басқармалар басшылары,  этномәдени орталықтар өкілдері және депутаттар қатысты. Құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында ҚХА Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған шараның маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, шара барысында биылғы жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы бүкіл ел болып атап өтілетіні де айтылды. Осы орайда, Ақмола облысында 30-дан астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Бұл күні сондай-ақ, бірқатар этно-мәдени бірлестік жетекшілеріне марапат  көрсетілді. «Өзбек мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тожибуви Медетова Мемлекет басшысының Алғыс хатымен марапатталып, оған «Қазақстан халқы Ассамблеясына - 20 жыл» мерекелік медалі табыс етілсе, «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Артеменко Елбасының Алғыс хатына, ал, мәдениет және қоғам қайраткері Ғосман Төлеғұл Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасына ие болды. Шара барысында «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов, «Видергебурт» Ақмола облысының неміс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Людмила Ленева құттықтау сөз сөйлеп, еліміздегі бейбітшілік пен ауызбіршілік, татулық пен түсіністіктің туын биік ұстайтындарын жеткізді.                

Ал Өскеменде «Бір ел - Бір тағдыр!» акциясы басталды. Оған 3500 астам адам қатысты. Ауқымды шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылды. Акция Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен өтіп жатыр. Шара «Бір ел - Бір тағдыр!» театрландырылған-хореографиялық композициясымен ашылды.  Кейін облыс орталығының тұрғындары мен спортшылар арасында 25 шақырым қашықтыққа шаңғы жарысы өтті. Келушілерге жастар флеш-мобы мен спорттық эстафета көрсетіліп, мұз айдынында «Торпедо» хоккейшілері, мәнерлеп сырғанаушылар мен оқушылар өнерін көрсетті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар және Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова қатысты.   

Оңтүстік астанадағы игі істі Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы мен Алматы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі «Жарасым» Республикалық Жастар Ұйымымен бірлесе отырып, «Қазақстан - Бірлік мекені» атты жобаны қолға алды. Шара аясында ұйымдастырылған флешмоб барысында жастар «Қазақ елі осындай», «Алға, Қазақстан», «Туған жер» әндерін шырқады және мың бұралып, заманауи билерді биледі. Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қазбек Мамсұров өзінің алғы сөзінде мұндай мәдени шаралардың жастарды біріктіре түсетіндігін және олардың қоғамда белсенді рөл атқаруларына мүмкіндік беретіндігін айтты. «Осылайша, жастардың бойында отансүйгіштік сезім оянады. Олар ұлтжанды болады. Бұл өз кезегінде жастар саясатының, жастар қозғалысының дамуына септігін тигізеді. Ал жастарымыз жақын болашақта ел дамуының негізгі қозғаушы күшіне айналады», - деді Қ. Мамсұров.     

Шырайлы Шымкентте «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғимаратында «Оңтүстік Қазақстан облыстық ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен өңірдегі 20 этномәдени бірлестік төрағаларының қатысуымен жиын өтті.Жиын барысында хатшылық меңгерушісі М.Қалмұратов Ассамблея жылындағы атқарылған іс-шараларды қорытындылай келе, 2016 жылға бекітілген жұмыс жоспарларымен таныстырды. Сонымен қатар, осы жылы атқарылатын іс-шаралардың барлығын «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» аясында, бекітілген желілік кестеге сәйкес өткізу жоспарланғандығы айтылды. Жиынға қатысушыларды желілік кестедегі Ассамблеяға қатысты іс-шаралармен кеңінен таныстыра отырып, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуге белсене атсалысуға шақырды. Жиын барысында этномәдени бірлестіктер төрағаларының атынан сөз алған түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Л.Асанов Елбасы Жарлығымен бекітілген 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, Оңтүстік өңірін мекендеген 100-ден аса этнос өкілдері атынан «Қазақстан халқына мың алғыс!» монументін орнату жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты. Аталған монумент «Қоғамдық келісім» мекемесіне берілген бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры маңына орнатылмақ.       
Биыл Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы ұйымдастыратын шаралардың бәрі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің «Жайық Пресс» ЖШС ғимаратында жаңадан ашылған өңірлік филиалының алғашқы баспасөз мәслихатында Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов мәлім етті. Оның айтуынша, тәуелсіздік сынды қастерлі ұғымды барлық ұлт өкілдерінің санасына мықтап сіңдіру үшін осынау жиырма бес жыл ішінде еліміз қол жеткізген табыс-жетістіктер мен жарқын істерді барынша ашып көрсете білуіміз керек. Бұл үшін өңірде барлық мүмкіндік жасалған. Өткен жылғы шаралар ассамблеяның 20 жылдығы аясында ұйымдастырылса, биыл Тәуелсіздік ортақ тінге айналатын болады. Бұған облыстағы 90-нан астам ұлт пен ұлыс өкілдері, өңірлік ассамблеяның 125 мүшесі белсене атсалысары сөзсіз. Сонымен қатар аудан-ауылдарда, мекеме-кәсіпорындарда 200-ден астам қоғамдық келісім кеңестері құрылып, жұмыс жасауда. Жоспарланған істердің бәрі ел бірлігін нығайтып, Елбасымыздың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруға септесері анық. Өңірде 49 этномәдени бірлестік болса, оның бір бөлігі Орал қаласында, қалғандары облыс аудандарында өз қызметтерін атқаруда. Мемлекет басшысы алға қойған бес институттық реформа аясындағы міндеттерді орындау үшін ҚХА-ның 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы бекітілді. Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру және этномәдени, қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіру бағытында облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-ы құрылғаны белгілі. Бұл мекеме мен барлық этномәдени бірлестіктер Достық үйінде орналасады. Мұнда әр бірлестіктің өз орындары бар, сонымен қатар мемлекеттік және басқа тілдерді үйренетін үш бөлме, би залы, 150 орындық концерт залы, медиация және басқа кабинеттер жеткілікті. «Ассамблея - қазақстандық біртектіліктің негізі» деп аталған баспасөз жиынында сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптау бөлімінің басшысы Әсия Жумина осы мекеменің құрылымы мен жұмыстарының бағыттары жөнінде тарқатып айтса, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті стратегиялық даму және сапа департаментінің директоры Олег Юров Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және басқа бағдарламалық құжаттардан туындайтын мақсат-міндеттерге тоқталды. Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалы түрлі тақырыптарда баспасөз мәслихаттарын тұрақты өткізіп тұратын болады.       
Ал бас қала Астана қаласының Білім басқармасы ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжінің базасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы: тарихи даму тәжірибесі және тағылымы» атты форум ұйымдастырды. Шара елорданың кәсіптік техникалық білім беру мекемелерінің тарих, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық және құқықтық пәндер оқытушылары арасында өткізілді, деп хабарлады қалалық білім басқармасынан. Форумның мақсаты - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасу, даму кезеңдерін жоғарғы оқу орындарының, колледж бен мектеп оқытушылары арасында ғылыми-зерттеу әлеуетін тереңдете отырып тарату, білім беру ұйымдарының тарих, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық және құқықтық пәндер оқытушыларының білім беру тәсілі саласындағы тәжірибе алмасу. Алқалы жиынға ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлері, ҚР Тұңғыш Президенті және Ұлттық мұражайларының қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Ұлттық кітапхананың, «Қазақстан картасы «Атамекен» этномемориалдық кешенінің қызметкерлері қатысты. Форумда қазіргі қазақстандық қоғамның жетістіктері мен болашақтағы даму жолы, Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негіздері, Ұлт көшбасшысының Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюы жолындағы тарихи рөлі, Қазақстан халқы Ассамблеясы және қазақстандық бірлік, толеранттылық моделін қалыптастыру үлгісі, қазіргі қоғамдағы білім беру ұйымдарында тарих, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық және құқықтық пәндерді оқыту ерекшеліктері мен инновациялық тәсілдері және т.б. мәселелер талқыланды. Форум жұмысының қорытындысы ретінде: ұсыныс дайындау және «Қазақстан Республикасы: тарихи даму тәжірибесі және тағылымы» атты Астана қаласы кәсіптік техникалық білім беру мекемелерінің тарих, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық және құқықтық пәндер оқытушыларының ғылыми-тәжірибелікмақалалар жинағын жариялау, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шығармашылық жұмыстарды марапаттау көзделген. 
Тараздықтар шығыс жаңа жылын кәріс театрының қойылымымен қарсы алды. Таразда Мемлекеттік республикалық кәріс театрының әртістері өнер көрсетті. Театр труппасы көрермендерге Жаңа жылды Ай күнтізбесі бойынша мерекелеуге арналған «Үлкен отбасындағы Жаңа жыл» атты сахналық қойылымды ұсынды.«Үлкен еліміз бар, барлығымыз үлкен отбасының мүшесіміз, Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды да бір отбасының баласындай бірге қарсы аламыз», - деп атап өтті Музыкалық комедия мемлекеттік республикалық кәріс театрының шығармашылық басшысы Елена Ким. Сахналық көрініске драма және балет труппасы, «Самульнори» фильклорлық-этнографиялық тобының (кәріс барабандары) әртістері және солист вокалшылар қатысты. Мемлекеттік республикалық кәріс театрының труппасы Таразда Жамбыл облысындағы «Коре» кәрістер қауымдастығының шақыртуымен өнер көрсетті. Мемлекеттік республикалық кәріс театры 1932 жылы құрылған. Корея жарты аралынан басқа әлемдегі жалғыз кәріс театры және әлемдегі ең көне ұлттық кәріс театры болып табылады.      

«Мәңгілік ел» үгіт-насихат пойызы елдің түкпір-түкпірін аралағаны белгілі. Қашанда белсенділігімен танылатын ҚХА мүшелері бұл оқиғадан да қалыс қалмады. Қарағандыда «Мәңгілік ел» үгіт-насихат пойызын қарсы алды. Қарағандыға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық шара аясында ел аралап шыққан «Мәңгілік ел» пойызы келді.«Сіздерді Қарағандыда күтіп алғанымыз үшін қуаныштымыз. «Мәңгілік ел» заманауи жалпыұлттық идеясын Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қалыптастырды. Қазақстандықтардың жалпыұлттық идеясының құндылығы «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттарына үндес. Онда білім беру, азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқаты басты басымдық ретінде айқындалған», - деді пойызды қарсы алу митингісінде Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров. Ол ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қазақстандықтардың ұлы мерекесі екенін атап өтті. «Мерейтойлық жыл жаңа тыныспен басталды, алға табыс пен жеңіске бастаған ауқымды жоспарлар, істер, шаралар қойды», - деп қосты қала басшысы.   «Мәңгілік ел» пойызының басшысы, ҚХА Кеңесінің мүшесі Әміржан Әлпейісов: «Қарағанды - өнеркәсіптік қала ғана емес, бұл - Қазақстанның орталық бөлігі, ұлан-ғайыр Сарыарқа. Қарағанды торапты станса ғана емес, ол өмір, даму торабы. Нақ осы жерде Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев өзінің еңбек жолын, саяси мансабын бастады», - деп атап өтті ол. Қарағандыда пойыз қатысушылары халықпен кездесті. Достық үйінде этномәдени бірлестіктер басшыларымен дөңгелек үстел өтті. Кешке С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының сахнасында мерекелік концерт  болды.  Қарағандыдан бір уақытта «Мәңгілік ел» пойызымен «Саламатты Қазақстан» консультативтік-диагностикалық медициналық пойыз жолға шыққан болатын. Медқызметкерлер облыстың 19 шағын стансаларын  аралады. Бұдан бұрын хабарланғандай, 15 ақпанда Астанадан «Мәңгілік ел» пойызы   ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жалпыреспубликалық акция аясында шықты. Құрам ішінде түрлі ведомство мамандары бар, олар қазақстандықтарға бес институционалдық реформаларды іске асыру барысын түсіндіруде. Пойыз Қазақстанның 33 елді мекенінде болды.    

 «Мәңгілік ел» пойызы Аягөз ауданының Ақтоғай стансасында аялдады, мұнан кейін  Жарма ауданының Шар қаласына барды. Пойыздың құрамында тұрғындарға әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестік көмек беріп, «Мәңгілік Ел» идеясын, бес институционалдық реформаны іске асыру мәселелерін  түсіндіретін, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, сарапшылар бар.  «Мәңгілік ел» пойызы шығысқазақстандықтарға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған мерейтойлық шаралар аясында келіп жетті. Ақтоғайлықтар қонақтарды мерекелік концертпен қарсы алды. Тұрғындармен кездесулер, азаматтарды қабылдау, Әділет, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының кеңестері өткізілді. Пойыздың құрамында невролог, нефролог, уролог, гематолог, ортопед-травматолог, ревматолог, пульмонолог, педиатр, гастроэнтеролог, ангиохирург, кардиолог, эндокринолог, офтальмолог, онколог және хирург дәрігерлері келді. Дәрігерлер қабылдау жүргізіп, кеңес берді. ШҚО бойынша 5 аялдама жоспарланған болатын. Пойыздың қатысушыларымен шаралар сондай-ақ Зырян, Өскемен, Семей қалаларында өтті.         
Келесі кезекте «Мәңгілік Ел» пойызы Өскеменге келді. «Защита» стансасында өскемендіктер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар ауқымында қалыптастырылған «Мәңгілік Ел» пойызын қонақжайлықпен қарсы алды.Өскеменге пойыз елдің шығыс аймақтарының бірнеше елді мекендері - Ақтоғай кентінде, Шар және Зайсан қалаларында және басқа да ауылдарда аялдағаннан кейін келді.  «Мәңгілік ел» пойызының жетекшісі Әміржан Әлпейісовтің айтуынша, пойыз қатысушылары үшін ұлы Абай, Шәкәрім және Мұхтар дүниеге келген жерге аяқ басу үлкен қуаныш. «Біз мұнда өз отанын сүйетін жандармен кездесіп жатырмыз. Олардың көздерінен ертеңгі күнге сенімдерін, елдің гүлдене түсуі үшін жұмыс істеуге құлшыныс барын көріп отырмыз. 2016 жыл - айрықша жыл, біз оны әлеуметтік проблемаларды шешумен бастап отырмыз», - деп атап өтті Әміржан Әлпейісов. «Мәңгілік Ел» республикалық экипажы қатысушылары тобының бірі қалаға келген бойда ШҚМУ-ға барып, дөңгелек үстел жанында жастар қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшыларымен кездесті, жастардың әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс жобаларын жүзеге асыруымен танысты, «Зияткер» ғылыми-зерттеу орталығында болды. ҚР білім және ғылым министрлігінің өкілдері білім беру мәселелері бойынша кеңес беруде. ҚХА мүшелері ұлысаралық келісім жөнінде консультациялар өткізуде. Олардың қатысуымен Д.Серікбаев атындағы техникалық университет базасында «Тәуелсіздік тарихы - Ұлт рухының индикаторы» дәріс тақырыбында басталды, одан кейінірек «Сыйластық» іскерлік ойыны өтті. Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Бәйтерек» холдингі және Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінен құрылған топ бизнес және ауыл шаруашылығы, мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстелге қатысуда. Ол аяқталғаннан кейін консультативтік дөңгелек үстел қатысушылары «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша субсидия алған «Tiffani» салонында, «KazITCom», Монтесори «Айналайын» кәсіпорындарында болды. Денсаулық сақтау өкілдерінен құралған тағы бір топ консультациялық қабылдау өткізуде, олардың ішінде 33 тар шеңбердегі мамандық иелері бар. Республикалық деңгейдегі дәрігерлерден Зырян ауданында ғана 334 адам, Шар ауданында - 490 адам кеңес алды. «Мәңгілік ел» пойызы мүшелерінің Өскемендегі жұмыс бағдарламасы өте қарбалас, кешке қарай олар қаланың көрнекті орындарына экскурсия жасады. Ертеңіне, «Мәңгілік Ел» пойызы Семей қаласына тоқтады.   

Сапар барысында «Мәңгілік ел» пойызы Маңғыстауға жетті. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жолға шыққан пойыз 6 наурыз күні Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғышлақ станциясында болды. Мұнайлы өңір тұрғындары пойыз жолаушыларыа шұбат ұсынып, сән-салтанатымен күтіп алды. Маңғышлақ станциясында жиналған тұрғындарға пойыз мүшелері шараның маңызын түсіндірді. Маңғыстау облысы әкімі орынбасары Б.Нұрғазиева митинг барысында пойыз мүшелерінің игі ісіне сәттілік тіледі.«Халық арасында болып, әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысып жатқандарыңыз үшін сіздерге рахмет. Елдің өткенін зерделеп, бүгінін бекемдеуде сіздерге табыс тілеймін. Маңғыстау облысында болған екі күн ішінде сіздер киелі мекеннің тек адамдарымен ғана таныспай, сонымен қатар, тарихи жерлерін де көресіздер. Қарт Каспийдің жағасына ұмсынған ару қала Ақтауды көресіздер. Берекелі Маңғыстау жерінде бүгінде 50-ден аса этнос тұрады. 21 этномәдени бірлестігіміз бар. Олардың барлығы Қазақстанның тұрақтылығы жолында аянбай еңбек етуде», - деді Б.Нұрғазиева. «Мәңгілік ел» пойызының құрамында министрліктер мен ведомстволардың, барлығы 100-ден астам түрлі саланың мамандары бар. Олар Мұнайлы ауданы мен Ақтау қаласында құқық, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік, әлеуметтік және басқа салалар бойынша ақыл-кеңестерін берді. Медицина саласының білікті мамандары емханаларда бір күн ішінде 300-ден астам адамды қабылдап, қажетті ем-домын жасады.  Сонымен қатар, пойыз мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратын аралап, түрлі ұлттың құнды жәдігерлері қойылған мұражаймен танысып, этномәдени бірлестік төрағаларымен, ҚХА Маңғыстау облыстық хатшылығы басшылығымен, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылығымен және Ақтау қалалық мәслихатының хатшылығы басшылығымен кездесті. Жиын барысында «Мәңгілік ел» пойызы штабының басшысы, ҚХА мүшесі Әміржан Әлпейісов сөз алып, шараның маңызын түсіндірді. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Елбасы тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған пойыздың мақсаты - шалғайда жатқан елді-мекендерде болып, халықпен араласып, Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын тұрғындарға жеткізу. Біз ұлы мемлекеттердің қатарына тұруымыз керек. Ол үшін бүгін сіз бен біз тынбай еңбек етуіміз керек. Елбасының саясаты бірлікке негізделген. Қазіргі таңда жаһанда түрлі қиындықтар болып жатса да, біздің еліміз аман. Биыл ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл. Біз осы 25 жыл ішінде биік белестерді бағындырдық. Ендігі мақсатымыз әлемнің дамыған 30 мемлекетіне кіру. Сол үшін біз әрдайым ауызбіршілікте, татулықта болуымыз керек», - деді ол. Жиын барысында «Халықтар келісімі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юсуп Шахшаев ең алғаш Маңғыстау жерінде пайда болған «Халықтар келісімі» бірлестігінің шығуына тоқталды. «ҚХА құрылуы жайлы әркім түрлі пікір айтады. Ассамблея үлгісі ең алғаш Маңғыстауда пайда болды десем артық айтқаным емес. Мемлекет басшысы 1994 жылы біздің облысқа келіп, жиын өткізіп, «Халықтар келісімі» ұйымы жайлы мол ақпарат алып, бізді қолдайтындығын жеткізген болатын. Сол кезде Елбасы Қазақстан бойынша осындай үлгінің керек екендігін айтты. Содан соң, 1995 жылы 1 наурызда ҚХА құрылды. Қазір Мемлекет басшысының алдымызға қойған мақсаты-барлығымызға жақсы таныс. Жанымызға жақын десек болады. Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері Қазақстанның татулығы мен бірлігі жолында жұмыстанады. Бізде осы жолда аянбай еңбек етеміз», - деді Ю.Шахшаев. Дөңгелек үстел барысында әрбір қатысушы өз ойын ортаға салып, пікір алмасты. Жиын соңында пойыз мүшелері этносаралық қарым-қатынасқа арналған «Теңдессіз сыйлық» кітаптар жинаған Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапхасына сыйға берді. Кітаптардың ішінде Елбасы еңбектері мен Жеңістің 70 жылдығына арналған кітаптарда бар. «Мұнайлы ауданының тұрғындары мен ақтаулықтар білікті дәрігерлер, заңгерлер, кәсіпкерлер, әлеуметтік сала мамандарынан өздеріне қажетті ақпаратпен қанықты. Біздің мақсат - елді-мекендерді аралап, тұрғындардың сұрағына жауап беру», - дейді ҚР Әділет министрлігінің сарапшысы Ләйла Ермаханова. «Маңғыстау облысының тұрғындары көбінесе жылжымайтын мүлікті рәсімдеу тәртібі туралы көп сұрады. Жалпы, біз әр аймақтарда болғанымызда біздің қабылдауымызға 500-ге тарта адам келеді. Олардың ішінде 450-дей нақты әділет саласындағы сұрақтар. Біз тұрғындардың қойған сұрақтарына жауап беріп, шешімін тауып, түсініктеме береміз», - деді ол. Бағдарламаның екінші жартысында пойыз белсенділері Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы - тұрақты дамудың негізі» тақырыбында мемлекеттік қызметкерлерге, мұғалімдерге, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен БАҚ өкілдеріне лекция-презентациясын өткізді. Лекция аясында қатысушылар өздеріне қажетті ақпаратпен қанықты. Сондай-ақ, жастармен кездесулер, «Үкіметтік емес ұйым-дамудың жаңа деңгейі» тақырыбында семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Пойыз қонақтарына арнайы ұйымдастырылған кешкі ас барысында дәрігерлер мен әлеуметтік сала мамандарын Ақтау қаласының әкімі С.Трұмов алғыс хатпен марапаттады. Маңғыстау облысының Маңғышлақ станциясына жасаған пойыз сапары Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік концертпен қорытындыланды. Әлеуметтік маңызы бар пойыз наурыз айының 7-сі күні Маңғыстау ауданындағы Шетпе станциясында болды. Сапар барысында пойыз мүшелері жастармен кездесулер, митингтер, семинар-тренингтер мен лекциялар өткізді. Ал, дәрігерлер, кәсіпкерлер, заңгерлер мен ауыл шаруашылығының мамандары болса тұрғындарды қабылдады. Маңғыстау ауданының басшылығы пойыз мүшелерін ауданның тарихи жерлеріне апарып, аудан жайлы мол мағлұмат берді.Пойыз сапары Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік концертпен қорытындыланды. 

«Мәңгілік Ел» пойызы -Сыр елінде. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жолға шыққан «Мәңгілік Ел» пойызы Қызылорда қаласында болды. Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әміреев пен қала әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев бастаған Сыр өңірінің тұрғындары пойыз жолаушыларын сән-салтанатпен күтіп алды. Теміржол вокзалына жиналған тұрғындарға пойыз мүшелері шараның маңызын түсіндірді. Содан кейін делегация мүшелері Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметкерлердің, түрлі сала басшылары мен қала тұрғындарының қатысуымен өткен жиында болды. Жиын барысында «Мәңгілік ел» пойызы штабының жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Әміржан Әлпейісов,   Астана қаласының «Қоғамдық келісім орталығы» директоры Талғат Жақиянов сөз алып, «Мәңгілік Ел» идеясын, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаhандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы Елбасының алға қойған басты міндеттер мен мақсаттарына тоқталды. Одан кейін қонақтар жоспарға сәйкес жұмыстарын жалғастырды. Облыстық диагностикалық орталықта медицина мамандары тұрғындарды қабылдап, тегін кеңес беруде. Ал Халыққа қызмет көрсету орталығында сала мамандары мемлекеттік қызмет түрлерін тиімді пайдалану жолдарымен бөлісті. Сонымен қатар қала тұрғындары орта және кіші кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары бойынша сұрақтарына жауап алды.Қонақтар №278 орта мектептің түлектерімен кездесу өткізіп, «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» бағдарламасын түсіндірді. Ары қарай «Қыз Жібек» мейрамханасында өткен мүгедек балаларға арналған қайырымдылық акциясына қатысты.       

Мұнан әрі ҚХА Қызылорда облыстық хатшылығы басшылығымен, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшылығымен кездесті. Одан әрі Достық үйінің мәжіліс залында «Бейбітшілік және келісім үлгісі - Қазақстан бренді» тақырыбында дөңгелек үстел, семинар-тренинг және фокус топпен жұмыс жасалды. Мұнда әрбір қатысушы өз ойын ортаға салып, пікір алмасты.Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Корей тілін оқыту кабинетінің жұмысымен танысып, «Теңдессіз сыйлық» акциясы өтті. Пойыз мүшелері этносаралық қарым-қатынасқа арналған «Теңдессіз сыйлық» кітаптар жинағын Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасына сыйға берді. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың ҚХА кафедрасының ұжымымен кездесу өтті.«Мәңгілік Ел» пойызы акциясына қатысушы өкілдермен Орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен брифинг өткізілді.    Достық үйінің концерт залында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» акциясының гала-концертімен сапар қорытындыланды.     
Сапар кезінде Жамбыл облысында 5 мыңнан астам тұрғынға көмек көрсетілді. Бұдан әрі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Мәңгілік Ел" арнайы пойызы Тараз қаласына келді. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында "Мәңгілік Ел" пойызы жалпыреспубликалық акциясының  мүшелерінің қатысуымен брифинг өтті. Брифингке  пойыз штабының басшысы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Әміржан Әлпейісов, пойыз басшысы Руслан Барбасов,  ҚХА кеңесінің мүшесі Людмила Ходчиева, үйлестіруші-дәрігер Нұрлан Қыдырбаев, "Қазақстанның азаматтық альянсы"  ЗТБ  директоры Эльдар Катенов қатысты.Спикерлер Елбасы алға қойған мақсат- міндеттердің маңыздылығын түсіндірді. - Пойыз құрамында 100-ге жуық Қазақстан халқы  Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері, әлеуметтік сала мамандары, дәрігерлер, заңгерлер, әртістер мен спортшылар бар. Акцияның мақсаты - "Мәңгілік Ел" идеясын насихаттау, сондай-ақ, тұрғындарға медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсетіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім және т.б. салалар бойынша кеңес беру. Бұл біз жеткен  13-ші өңір, пойызымыз есеп бойынша 31  стансаға келіп тоқтады. Біздің тұрақты ұжымымыз 30%-ды құрайды. Белсенділер мен дәрігерлер кесте бойынша апта немесе он күн сайын ауысып отырады,- деді пойыз штабының басшысы Әміржан Қайырұлы.

-Осы уақыт аралығында акцияға қатысушылар 48 мыңнан астам адамды қамтыды. Республика аймағында бұқаралық семинарлар, тренингтер мен митингтер, мәдени шаралар мен концерттер, қайырымдылық акциялар мен министрлік, ведомство өкілдерімен өткен жеке консультациялар өткізілді. Оған қоса, 13 мыңнан астам азаматқа тегін медициналық көмек көрсетілді. - Бүгінгі таңда республика бойынша жалпы 48 мыңнан астам, оның ішінде Жамбыл облысында  5 мыңнан астам тұрғын қамтылды,- деп хабарлады Әміржан Әлпейісов. Жамбыл облысында 30-ға жуық адамнан құралған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері, әр саланың білікті дәрігерлері емханаларда ауруға шалдыққан азаматтарға консультациялар беріп, қабылдау жүргізді. Қабылдауға барлығы 400-ге жуық науқас келді.     
Биыл Қазақстанның аймақтарында этно ауылдар мен достық үйлер ашылды. Соларға шолу жасалық.
Таразда этно-ауыл пайда болады. Жамбыл облысындағы ««Этнографиялық ауыл» еліміз бойынша  Шығыс Қазақстан  облысынан кейінгі екіншісі болады. Бұл туралы ОКҚ-тегі  «Үлкен ел-үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифингте  Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассаблеясы хатшылығының меңгерушісі Лариса Лысова мәлім етті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Үлкен ел-үлкен отбасы» жобасында  ел аймақтарында этно-ауыл құруға» айрықша  мән берілген»,-деді Л. Лысова. «Барша әлемде қазір бұл туризмді дамытудағы ең танымал бағыт. Өкінішке орай, бүгінгі таңда Қазақстанда тек Өскеменде ғана барша қазақстандық мәдениетті ілгері жылжыту және туристерді тарту үшін этно-ауыл құрылған. Ал Жамбыл облысында осыдан екі жыл бұрын облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың тікелей қатысуымен этно- ауылды құру мәселесі шешіле бастады», деді ол. «Жоба бойынша «Көне Тараз» тарихи-архелогиялық кешені аумағында  өңірлік этномәдени бірлестіктердің қатысуымен энто-ауыл құру қарастырылып отыр. Бүгінгі күні 16 бірлестік аталған жобаны жүзеге асыруға келісті. Біздің ойымызша, бұл қаламызға туристер тартуға мүмкіндік туғызады»,- деп атап өтті  Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі.    
ШҚО-да Достық үйінде медиация орталығы ашылды. Шығыс Қазақстан облысында республикада тұңғыш рет, облыстық сот пен облыс әкімдігінің бастамасымен Судьялар Одағы ШҚО филиалы, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, құқық қорғау органдары, әділет органы, білім және денсаулық сақтау басқармалары, сондай-ақ «Шаңырақ» медиация орталығы арасында мәмілелік рәсімдер саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатта тараптар медиация институтын одан әрі дамытудың пәрменді шараларын қолға алу қажеттігін атап көрсетті. Облыстық Достық үйінде қол қойылған құжатты орындау ауқымында республикадағы алғашқы «Медиация жөніндегі оқу орталығы» және «Медиация кабинеті» ашылды.  «Медиация - татуласу үдерісі және дауларды реттеу тәсілдерінің бірі. Бұл орайда шешімді медиатор емес, тараптардың өздері қабылдайды. Медиатор тараптармен қалай дұрыс сөйлесуді және қалайша татуласуға қолжеткізуді ғана біледі. Сондықтан да медиатор - әрі психолог және заңгер деп те айтуға болады. «Медиация жөніндегі оқу орталығының ашылуы - бұл бүкіл қазақстандық қоғам үшін өте үлкен және маңызды оқиға», деп атап өтті Судьялар одағы ШҚО филилалының төрағасы Е.Жұмасқанов, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Асқар Нұрғазиев салтанатта бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы негізгі татуластыру функциясын нақты атқаратын орган ретінде Қазақстандағы қоғамдық және ұлысаралық қатынастар саласында басты модератор болып отырғанын атап көрсетті және жасалған меморандум негізінде ағымдағы жылғы сәуірдің соңына дейін тағы 14 облыстық Достық үйлерінде осындай орталықтар ашылатынына сендірді.      

Бұл күндері Таразда бірегей Достық Үйі салынуда. Таразда «Ежелгі Тараз»  тарихи-мәдени кешені аумағында  Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық Үйі ғимаратының құрылысы қызу жүргізілді. Тапсырыс беруші Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолы басқармасының  ақпаратына қарағанда,  нысан құны 1,27 млрд. теңгені құрайды. Бас мердігер  - «Астана-Авто-Құрылыс»  ЖШС. Құрылыс учаскесінің бастығы Самат Ақашевтің «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне айтуынша, Достық үйінің құрылысы Жамбыл облысы әкімінің жеке бақылауында. «Құрылыс қызу жүріп жатыр. Шамамен 150 адамдай жұмыс істеуде. Құрылыс 2015 жылдың сәуірінде басталғанболатын.  Ағымдағы жылдың мамырында  нысан толық салынып бітті»,-дейді ол.        

Қызылорда да медиация саласы бойынша меморандум жасалды.   Достық үйінде медиация кабинеті ашылды. Оның жұмысына заңгер мен медиаторлар тартылған. Оған аймағымыздағы кәсіби және әуесқой медиаторлары, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағалары, өңіріміздегі ҮЕҰ өкілдері қатысты. Медиация қызметі саласындағы өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық филиалының хатшылығы, облыстық прокуратура, әділет, ішкі істер департаменттері, білім басқармасы, судьялар одағы, адвокаттар алқасы, нотариаттық палата, «Медиаторлар одағы» қоғамдық бірлестігі, «Келісу» кәсіби медиаторлар одағы», «Tura Bi» медиация және сот әділдігін қалпына  келтіру» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалдарының басшылары «Үлкен ел - Үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы аясында медиация арқылы даулы жағдайларды төмендетуде нақты істерге бірігу мақсатында өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойды.         
Қарағанды әкімі бейбітшілік және келісім саябағы ашу туралы ұсынысты қолдады. Қарағандыда 2015 жылы ашылған Достық үйі маңындағы аумақты дамыту қолға алынбақ. Бұл туралы мәселе облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде көтерілді.  Облыстық Еврей мәдениеті орталығының басшысы Вилен Молотов-Лучанский Достық үйінің маңында бейбітшілік және келісім саябағын немесе алаңын жасау туралы ұсыныс жасады. «Бұл - дұрыс. Достық үйін салғанда аумақты абаттандырмақ болдық. Достық үйі пайда болғаннан кейін Оңтүстік-шығыс шағын ауданы үшін бұл орын жаңа қоғамдық орталық болады деп ойлаймын», - деген Н.Әбдібеков бастамаға қолдау танытты. Әкім ауданды алдағы уақытта да дамыту қарастырылғанын айта кетті. Нақтырақ айтқанда, онда жасөспірімдер үйін салу жоспарланған. 

Өзінің құрылған күнінен бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы халықты жұдырықтай жұмылдырып қана қоймай, сонымен қатар көмекке зәру жандарға қол ұшын созуміндеті жүктелді. Ассамблея бұл тапсырманы мүлтіксіз орындап келеді.

Мәселен, Көкшетауда «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы барысында 3 айлық науқас сәбиге қаржылай көмек көрсетілді.

Көкшетауда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде республикалық «Қайырымдылық керуені» аясында  «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.Облыс әкімінің қолдауымен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар Кеңесінің ұйымдастыруымен Достық үйінде өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, облыстық департаменттер, басқармалар және жергілікті кәсіпорындардың басшылары мен кәсіпкерлер және өзге де қайырымды азаматтардан құралған барлығы 300-ге жуық адам қатысты. Шара барысында «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы және облыстық оқу-әдістемелік орталығындағы балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықованың айтуынша, одан түскен қаржы асқазан ішек жолдары дамуының туа біткен кемістігі бар 3 айлық сәби Үміт Азаматқызына ота жасату үшін ата-анасына тапсырылмақ.       

Көкшетауда өткен қайырымдылық акциясы барысында 3 миллионнан астам қаржы жиналды.  Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен жалпыұлттық «Қайырымдылық керуені» акциясы шеңберінде қайырымдылық аукционы өтті. Акция ауыр дертке шалдыққан қос бүлдіршіннің емделуі үшін қаржылай көмектесу мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы». Шараның негізгі ұйымдастырушысы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Киікова  бұл игілікті іс шаралардың жыл бойы мұқтаж жандарға көмектесу үшін жалғаса беретіндігін  атап өтті. Қайырымдылық аукционынан жиналған қаражат Айдарбек Қапарбеков пен Мансұр Құсайыновтың емделуіне жұмсалатын болады. Кішкентай Айдарбек небәрі бір жарым жаста  диагнозы- лейкоз. Ол бүгінгі таңда Мәскеу қаласында онкология орталығында ем қабылдауда. Ал Мансұрдың жасы сегізде, диагнозы - целебралды сал ауруы. Ол ата-анасымен бірге Қытай елінде емделуде. Жиналғандарға көрсетілген қос бүлдіршін туралы видеороликтен кейін қайырымдылық аукционына келген азаматтар қаржылай көмектерін жәшікке салып, өз қамқорлықтарын аямады. Қайырымдылық аукционына қатысқан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов: «Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы, Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің тапсырмасына сәйкес біз бүгін ауыр дертке шалдыққан қос бүлдіршіннің емделуіне қаражат жинау мақсатында осы қайырымдылық аукционын ұйымдастырып отырмыз. Мұқтаж жандарға мемлекет тарапынан беріліп отырған көмек те аз емес. Алайда жастарға үлгі көрсету мақсатында, қоғамда қайырымды азаматтар тәрбиелеу мақсатында осындай іс шараларды ұйымдастырып тұрғанды дұрыс деп есептейміз. Бұл бүлдіршіндер күнделікті емді қажет етеді, қымбат препараттарды қабылдайды. Оларды бірнеше операция, реабилитация курстары күтіп тұр. Бүгінгі біздің көмегіміз, олардың ертеңгі жарқын болашағы деп сенемін. Сондықтан барлығымыз бір кісідей жұмыла көмек қолын созайық. Сіздерге  бүгінгі іс шараға бей-жай қарамай ат салысқандарыңыз үшін зор алғысымызды білдіреміз», деді ол. Акция барысында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолданбалы өнер шеберлері қауымдастығы, Көкшетау қалалық  «Әулет» мектептен тыс балалармен жұмыс орталығы және дарынды балалармен жұмыс істеу орталығының тәрбиеленушілері өз жұмыстарын аукционға қойып, сатылымнан түскен қаражат науқас баланың ата-анасына табысталды. Қолөнер бұйымдарын облыстың түкпір- түкпірінен жиналған орта және шағын бизнес өкілдері, еңбек ұжымдары, мемлекеттік қызметшілер сатып алды. Үш миллионға жуық қаражат жиналды. Осылайша ақмолалықтар бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, біреудің қайғысына бей-жай қарамайтындықтарын тағы бір дәлелдеді.         

Елордадағы «Аналар кеңесі» бала тәрбиелеу тәжірибесімен алмасу үшін «Даналық маржаны» клубын құрмақ. Елордада «Көмек-Help» әлеуметтік көмек орталығында Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесінің мүшелері меценаттармен және халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.Кездесу барысында «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында қайырымдылық жасаушылар алғыс хаттармен марапатталды. Былтырдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық қызметпен айналысып келеді. Осындай жобалардың бірі «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы болып табылады, оның басты мақсаты - қоғамда қайырымдылықты, гуманизмді және риясыз көмекті қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің басты факторы ретінде бекіту. - Аналар кеңесі ем қабылдап жатқандарға және материалдық көмекке мұқтаж жандарға көмектеседі. Елордалық аналар кеңесінің арқасында Астананың үш ауданында да осы сияқты кеңестер құрылды. Олар жер-жерлерде материалдық және басқа да көмек көрсетуді қажет ететін отбасыларды өз бақылауына алады, - деді Астана қаласының ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова. Аналар кеңесіне жеті адам кіреді. Аудандық деңгейде де тиісті ұйымдар құрылды. Кеңес өкілдері балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен алмасу үшін аналарға - түрлі этнос өкілдері үшін «Даналық маржаны» клубын құрмақ. Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесі консультативтік-кеңесші ұйымы болып табылады. Кеңестің басты міндеті Қазақстан халқы Ассамблеясына отбасы институтын нығайту арқылы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, отбасылық құндылықтарды тарату бойынша шараларды жүзеге асыру болып табылады.     

10 жамбылдық «ҚХА жылының үздік қайырымды жандары» деп танылды. Жамбыл облысында «ҚХА - 20 ізгі іс» республикалық эстафетасы барысында рекордтық сомаға қайырымдылық көмегі көрсетілді, деп атап өтті ҚХА Жамбыл облыстық хатшылығының меңгерушісі Лариса Лысова, «Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру қорытындылары туралы айта келіп.«Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасы ҚХА қызметін қайырымдылық орталығы, барлық қайырымдылық акцияларының үйлестірушісі ретінде жаңартуды да көздейді. - деп түсіндірді Л.Лысова. - Ассамблеядағы бұл жұмыс 2015 жылы басталды. «ҚХА-20 ізгі іс» эстафетасы барысында біздің облысымыздың өзінде 2 859 адамға 1,34 млрд. теңгеге тарта сомаға қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл республикадағы үздік көрсеткіштердің бірі». Қайырымды жандардың І съезінде Жамбыл облысында 10 қайырымды адам лайықты марапаттарға ие болды. Жамбыл өңірінде олар «ҚХА жылының үздік қайырымды жандары» болып танылды.  «Бүгінде қайырымдылық қызметі «Мейірімділік керуені» және мұқтаж адамдарға қаржы жинау жөніндегі «Қоржын» акциясы ауқымында жалғасуда, - деп әңгімесін сабақтады Л.Лысова. - Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан жүрек әмірімен біздің акцияларымызға үн қосқандардың барлығына алғыс айтқым келеді және біреулер біздің көмегімізге мұқтаж екенін ұмытпауға шақырпамын. «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады».      

Қазақстан халықаралық қоғамдастықта көп ұлтты халықтың бір шаңырақ астында айрандай ұйыған ынтымақтастықта өмір сүріп жатқанымен де танылды. Өзгелерден осымен ерекшеленеді де.

Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бұл туралы ҚР Президенті, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін БҚО-ға жұмыс сапары барысында теннис орталығында өткен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біздің күшіміз бірлікте!» республикалық форумында мәлім етті.  Елбасының жиында атап өткеніндей, 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында барлық өңірлерде ел бірлігін танытып, тату-тәтті тірлігін көрсететін шаралар ұйымдастырылды. Таяуда алғаш рет атап өтілген Алғыс айту күнінде де осындай шаралар жалғасын тапты. Өзге ұлт өкілдері кезінде құшақ жайып, қарсы алғаны үшін қазақ халқына ризашылығын білдірсе, қазақ халқы да қазіргі тыныштық салтанат құрып отырған өміріміз үшін алғысын айтты. Біз бәріміз - бір елдің перзентіміз. Ортақ Отанымыз бар, тамырымыз бір, болашаққа да сеніммен қадам басып келеміз. Бұған Батыс Қазақстан облысының тұрғындары да  өз үлестерін қосуда. Өңірде тоқсаннан астам ұлт өкілдері жарасымды өмір кешсе, 50 ұлттық-мәдени орталық жұмыс жасауда. Қазіргі кезде дағдарыс мәселесін де бірліктің күшімен жеңуге болады. Президент өзінің тапсырмаларына сәйкес Батыс Қазақстан облысында жаңа өндіріс орындары құрылып, шағын және орта бизнес нысандарының тынысы ашылып отырғанын, алыс ауылдарға дейін жол салынып жатқанын, сонымен қатар ел алдында көп міндеттер тұрғандығын атап көрсетті. «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіз ел атанып, бұрын-соңды болмаған, өзгелермен терезесі тең мемлекет құрдық. Дүние жүзі сыйлайтын ел атандық. Соның бәрі - біздің бірлігіміздің арқасы. Қазіргі кезде жастарымыз елдің ішінде де, сыртында да көптеп білім алуда. Біздің буынның тік тұрып атқарған қызметін келешекте солар жалғастыратын болады. Еліміз дамып, халқымыздың береке-бірлігі арта берсін!» - деді сөзінің соңында Мемлекет басшысы. Бұдан кейін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің факультет деканы Мейрам Исатаев, Алматы қаласынан келген Наринэ Микаэлян, ақтөбелік Ирина Дольцева, қызылордалық Наталья Жұмаділдаева, БҚО орыс мәдениеті орталығының төрағасы Сергей Погодин Қазақ елінде ұлтаралық келісім салтанат құрып отырғаны үшін  Елбасына шынайы ризашылықтарын білдірді. «Мәңгілік ел» идеясы жолында бәріміз бірге алға баса беретін боламыз» деді олар. Айта кетейік, бұл шараға құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясы, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер мүшелері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, жастар өкілдері бар үш мыңдай адам жиналды. Форум барысында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мерекелік концерт қойды.              

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстан халқы Ассамблеясының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Біздің күшіміз - бірлікте» атты республикалық форумына қатысты.  Іс-шараға 3000-ға жуық адам қатысты, олардың қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің мүшелері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, жастар бар. Елбасы форумға қатысушыларға арнаған сөзінде бүгінде еліміз бойынша 962 этномәдени бірлестік жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті. «Осының бәрі барлық азаматтар үшін Қазақстанның туған үйіндей болып саналатынын айғақтайды. ХХ ғасыр баршаға, соның ішінде Қазақстан жерінде пана тапқан қоныс аударушылар мен күштеп жер аударылғандарға қиын тиді. Былтыр жыл бойы аталып өткен Ассамблеяның 20 жылдығы біртұтас Отанымыздың және балаларымыздың болашағын Қазақстан халқы бірге қалыптастырып жатқанын көрсетті. Бірге өмір сүре отырып, біз бір-бірімізді рухани тұрғыдан байыта түсеміз. Біздің халқымыз татулық пен келісімнің бірегей саясатымен, достық негіздегі көршілестікке бейімдігімен, тұрақтылық пен тыныштыққа ұмтылысымен мақтана алады», - деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев елімізде барлық мәдениеттер мен тілдердің тең құқылы дамуы, тарихи дәстүрлер мен ғұрыптардың өркендеуі қамтамасыз етілгенін айтты. «Бұл орайда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі зор. Осы жылдар ішінде ол елдегі этностарды жақындастырды, әрбір мәдениеттің озық үрдістерін паш етті. Бір қарағанда әр этностың дәстүрі бір-біріне ұқсамағанымен, олардың түпкі мәні бір. Әртүрлі атап жүрсек те, этникалық мерекелердің уақыты мен себептері үйлесіп тұрады. Біз барлық этностардың мерекелеріне ықыласпен қатысамыз, өйткені қазақстандықтар бірліктің, бейбітшіліктің, тыныштықтың, бақыт пен мейірімнің айрықша рухын қалыптастыра білді», - деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті еліміз 100-ден аса этнос пен 17 конфессия өкілдерінің жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған заманауи әрі қауіпсіз ортақ шаңырақ болып отырғанына назар аударды. «Олар ана тілі мен тарихын оқиды, өз діндерін ұстанады, ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтайды. Біздің газет-журналдарымыз 15 тілде шығады, ал театрларымыз 7 тілде сөйлейді. Барлық облыста кіші Ассамблеялар тиімді жұмыс істейді. Қазақстандықтардың татулығы мен келісімі - қоғамды ұйыстырушы күш. Көпұлттылық елдің стратегиялық артықшылығы екенін біз іс жүзінде дәлелдедік.  Ассамблеяның жастармен жұмысқа көбірек көңіл бөле бастағаны өте маңызды. Нақ осы жастарға өмірлік айқын бағдар беру керек, оларды күмәнді идеялардың ықпалынан қорғау қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы бүгінде көптеген елдердегі жағдайдың зорлық, этникалық алалау, түрлі соғыстар мен қақтығыстар сияқты ең қайғылы сценарийлер бойынша өрбіп жатқанын айтты.  «Осындай жағдайда әрбір қазақстандық татулық пен қоғамдық келісімнің шынайы бағасы қандай екенін, диалог, бір-біріне деген құрмет, төзімділік пен толеранттылық жолын таңдау арқылы қандай қайғы-қасіреттерден аман қалғанымызды жете сезіне бастады. Біздің тәжірибемізді енді өзге мемлекеттер зерттеп, пайдалануда. Қазақстанның болашағы зор. Біз сіздермен бірге барлық қиындықтарды еңсереміз, алға жылжу үшін мемлекет барлық шараны іске асырады», - деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Орал қаласы еліміздің жарқыраған жақұты екенін атап өтті. «Батыс Қазақстан облысы Еуропа мен Азия арасын байланыстырушы өңір ретінде біздің  экономикамызда  әрдайым маңызды рөл атқарып келеді. Өңір орасан зор транзиттік әлеуетке ие, біз оны дамыта түсетін боламыз. Бүкіл Қазақстандағы сияқты мұнда дағдарысқа қарсы жұмыс жақсы жүріп жатқанын көріп отырмын. Әлемдік нарықтағы тұрақсыздық жағдайында облыс әлеуметтік маңызы бар 33 тауардың 24 түрін  өндіріп отыр. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы аясында 32 жоба жүзеге асырылып, 2 мың жұмыс орны ашылды. Сіздердің өңірлеріңізде Орал трансформатор зауыты, «Квант» жиһаз фабрикасы, «Батыс Марка Ламб» ет өңдеу кәсіпорны сияқты ірі кәсіпорындар бар. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тағы 40 жоба жүзеге асырылып, 2 мыңнан астам жұмыс орнымен қамтамасыз ететін болады», - деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі  өңірде 98 пайызға жеткеніне, тұрғын үйлер салынып жатқанына назар аударды. Бүгінде үш ауданда жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуық автомобиль жолы салынып, облыстағы барлық дерлік елді мекендер газдандырылды.   Нұрсұлтан Назарбаев елде жүргізіліп жатқан шаралар қарапайым адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын айтты.  Соңында Мемлекет басшысы өңір тұрғындарына игілік пен бақ-береке тіледі. Форум барысында  Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары сөз сөйледі. Сондай-ақ форум аясында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.     

Жамбыл облыстық ҚХА жанындағы  «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы З.Махусеев Қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты қоғамымыздың табысының негізі деп санайды. Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері аймақтық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Жамбыл облысындағы жұмысы мен міндеттері туралы айтып берді.«ҚР Парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау уақыт пен қаржыны үнемдеу мүмкіндігін беріп отыр. «Қазақстандық патриотизм - көпұлтты және көпконфессиялы қоғам табысының негізі. Себебі қазақстандық патриотизмнің іргетасы - бұл барлық азаматтардың тең құқықтығы мен Отанның болашағы үшін жалпы жауапкершілігі. Мұнда мен Жамбыл облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының бірі - «Ақ желкен» жастар лигасы нағыз патриоттарды біріктіретінін мақтанышпен айта аламын. Жастар лигасының кеңесіне облыстағы он мыңнан астам этнобірлестіктің жас қанаттарының төрағалары кіріп отыр. Жастар лигасы көшбасшыларының әрқайсысы елде бейбітшілік пен келісімді орнатуға елеулі үлесін қосып отыр», - деді Жамбыл облыстық ҚХА жанындағы  «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнутдин Махусеев. 

Сан ұлттың басын қосып, ортақ мүддеге ұйыстыру жағынан Қазақстан алда тұр, дейді  Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов.   Орал қаласында Достық үйі салтанатты түрде ашылып, оған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов пен облыс әкімі қатысты. Ералы Лұқпанұлының атап өткеніндей, биыл еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын кеңінен атап өтеді. Тәуелсіздік туының желбіреуі ең алдымен елдігімізге байланысты. Оралдың төрінде сән-салтанаты келіскен Достық үйінің ашылуы да - Елбасымыздың қажырлы еңбегі мен көреген саясаты, егемендіктің, халқымыздың бірлігі мен ынтымағының жемісі. Қазіргі таңда елімізді мекендейтін сан ұлттың басын қосып, ортақ мүддеге ұйыстыру жағынан Қазақстан алда тұр. Мұның бір дәлелі, 24 елдің өкілдері Қазақстанға келіп, ұлттар арасында татулық пен келісімді қалыптастыру тәжірибесімен танысып, зерттеп кетті. Мемлекет басшысы бұдан бұрын барлық облыс орталықтарында Достық үйін ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгін, міне, соның соңғы нүктесі қойылып отыр. Өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы бұл оқиғаның Орал ғана емес, бүкіл облыс үшін орны ерекше екендігіне тоқталды. Бүгінде әр ұлттың өкілдерін біріктіріп, ел бірлігін нығайтудағы Елбасы саясаты әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланып отыр. Елімізде 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде. Дінаралық, ұлтаралық татулық баянды бола түсуде, біреуді ұлты мен дініне қарай кемсітушілік жоқ. Мұның бәрі Ұлт жоспарына сәйкес Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің қатарына қосуға, халқының бәсекеге қабілетті болуына  игі септігін тигізіп келеді. Осының жарқын көрінісін Батыс Қазақстан облысынан да көруге болады. Рәсім соңы этномәдени бірлестіктер ұйымдастырған Достық үйіндегі түрлі шараларға ұласты. Айта кетейік, құрылысы өткен жылғы ақпанда басталған Достық үйін өңірге танымал «Отделстрой» құрылыс-коммерциялық фирмасы» ЖШС (басшысы Валентина Михно) бір жылға жуық мерзім ішінде салып бітірді. 900 млн. теңгедей жұмсалған, барлығы 3200 шаршы метр аумақты алып жатқан Достық үйінде барлық этномәдени бірлестіктер орналасқан. Мұнда олардың өз мәдениеттері мен салт-дәстүрлерін, тілін дамытуына толық жағдай жасалған.              
Қазақта «Бірлігі күшті ел озар, бірлігі жоқ ел тозар» деген даналы сөз бар. Бұл сөздің даналылығына дәлел - Тәуелсіздіктен бергі даңғылымыз десек артық емес. Өйткені, Қазақстанның бүгінгі жетістігінің баршасы - бірлік, теңдік, тұрақтылықтың арқасында ғана келді.Әсіресе, бүгінгідей алмағайып заманда ел бірлігін бекем ету - маңызды міндет. Сондықтан да, билік бейбітшілік пен келісім саясатын басты ұстаным ретінде жариялап, осы бағыттағы жұмысты дамытып келеді. Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бірқатар өңірлеріне сапарын бастаған болатын. Президент сапары алдымен Батыс Қазақстан облысында ұйымдастырылып, Елбасы өңірдегі маңызды нысандарды аралады, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен бейресми кездесулер өткізді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Орал қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Біздің күшіміз - бірлікте» атты республикалық форумына қатысты. «ХХ ғасыр баршаға, соның ішінде Қазақстан жерінде пана тапқан қоныс аударушылар мен күштеп жер аударылғандарға қиын тиді. Былтыр жыл бойы аталып өткен Ассамблеяның 20 жылдығы біртұтас Отанымыздың және балаларымыздың болашағын Қазақстан халқы бірге қалыптастырып жатқанын көрсетті. Бірге өмір сүре отырып, біз бір-бірімізді рухани тұрғыдан байыта түсеміз. Біздің халқымыз татулық пен келісімнің бірегей саясатымен, достық негіздегі көршілестікке бейімдігімен, тұрақтылық пен тыныштыққа ұмтылысымен мақтана алады», - деді Президент. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде барлық мәдениеттер мен тілдердің тең құқылы дамуы, тарихи дәстүрлер мен ғұрыптардың өркендеуі қамтамасыз етілгенін айтты. «Біз барлық этностардың мерекелеріне ықыласпен қатысамыз, өйткені қазақстандықтар бірліктің, бейбітшіліктің, тыныштықтың, бақыт пен мейірімнің айрықша рухын қалыптастыра білді. Елімізде 100-ден аса этнос пен 17 конфессия өкілдерінің жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған заманауи әрі қауіпсіз ортақ шаңырақ болып отыр. Олар ана тілі мен тарихын оқиды, өз діндерін ұстанады, ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтайды. Біздің газет-журналдарымыз 15 тілде шығады, ал театрларымыз 7 тілде сөйлейді. Барлық облыста кіші Ассамблеялар тиімді жұмыс істейді. Қазақстандықтардың татулығы мен келісімі - қоғамды ұйыстырушы күш. Көпұлттылық елдің стратегиялық артықшылығы екенін біз іс жүзінде дәлелдедік. Ассамблеяның жастармен жұмысқа көбірек көңіл бөле бастағаны өте маңызды. Нақ осы жастарға өмірлік айқын бағдар беру керек, оларды күмәнді идеялардың ықпалынан қорғау қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы бүгінде көптеген елдердегі жағдайдың зорлық, этникалық алалау, түрлі соғыстар мен қақтығыстар сияқты ең қайғылы сценарийлер бойынша өрбіп жатқанын айтты. Ал мұндай жағдайда әрбір қазақстандық татулық пен қоғамдық келісімнің шынайы бағасы қандай екенін, төзімділік пен толеранттылық жолын таңдау арқылы қандай қайғы-қасіреттерден аман қалғанын жете сезіне бастады. Сөз арасында Елбасы Батыс Қазақстан облысы Еуропа мен Азия арасын байланыстырушы өңір ретінде ел экономикасында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Өңір орасан зор транзиттік әлеуетке ие, бұл әлеует алдағы уақытта да дами түседі. «Бүкіл Қазақстандағы сияқты мұнда дағдарысқа қарсы жұмыс жақсы жүріп жатқанын көріп отырмын. Әлемдік нарықтағы тұрақсыздық жағдайында облыс әлеуметтік маңызы бар 33 тауардың 24 түрін өндіріп отыр. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы аясында 32 жоба жүзеге асырылып, 2 мың жұмыс орны ашылды. Сіздердің өңірлеріңізде Орал трансформатор зауыты, «Квант» жиһаз фабрикасы, «Батыс Марка Ламб» ет өңдеу кәсіпорны сияқты ірі кәсіпорындар бар. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тағы 40 жоба жүзеге асырылып, 2 мыңнан астам жұмыс орнымен қамтамасыз ететін болады», - деді Мемлекет басшысы. Сөз соңында Мемлекет басшысы өңір тұрғындарына игілік пен бақ-береке тіледі. Сапар барысында Елбасы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында болып, облыстың шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Әлем жұрты қазақстандық ғалымдар туралы естіп-білетін болады. Елбасының сапары Ақтөбе облысында жалғасты. Мемлекет басшысы Ақтөбеде мұнай жабдықтары зауытында болып, онда Елбасыға зауыттың жаңа өнім үлгілері көрсетілді, мұнай жабдықтарын шығарудың технологиялық үдерісі таныстырылды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды. Мемлекет басшысы кәсіпорын жұмысшыларымен, облыстың шағын және орта бизнес өкілдерімен әңгімелесті. Әңгіме барысында Қазақстан Президенті елді индустрияландыруға байланысты жұмысшы мамандықтарының маңызы артатынын, соған орай мемлекет бұл бағытта мақсатты түрде жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Өз кезегінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы баяндады. «Облыста жұмыссыздық деңгейі өскен жоқ. Әлеуметтік маңызға ие азық-түлік бағалары, еңбек қатынастарына қатысты мәселелер бақылауда тұр», - деді Б. Сапарбаев. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы облыс орталығындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне барды. Елбасы мектептің оқу сыныптарын, спорт залын, шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстары көрмесін аралап көрді. Сонымен қатар, Елбасы өңірге жұмыс сапарының соңында «Жастық! Жігер! Еңбек!» атты республикалық жастар форумына қатысты. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізіліп отырған жастар форумында Президент сөз сөйледі. «XXI ғасырды біз жаһандық сын-қатерлер дәуірі ғана емес, жас, қуатты және талантты адамдардың дәуірі деп те атаймыз. Қазақстанда бүгінде әрбір төртінші азамат - жас ұрпақтың өкілі. Мені сіздердің білімдеріңіз, шетел тілдерін меңгергендеріңіз, инновацияға ашық болуға талпыныстарыңыз қуантады. Араларыңызда ақылы мен білімі қазірдің өзінде Отанымызға пайдасын тигізіп жатқан жастар аз емес. Әлем жұрты көп ұзамай жаңа қазақстандық ғалымдар, дәрігерлер, инженерлер, музыканттар мен спортшылар туралы естіп-білетініне сенімдімін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президент сонымен қатар, жастарға ұсынылып отырған мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігін атап өтті. Мәселен, елімізде заманауи білім беру жүйесі, зияткерлік мектептер, Астанада халықаралық университет ашылды. Жыл сайын мыңдаған студентті әлемнің үздік университеттеріне жіберіледі. «Өмірдегі ең басты нәрсе - білім, жоғары кәсібилік және өз Отаныңа адалдық, мен сіздерді осыны есте ұстауға шақырамын. Сіздерде зор күш-қуат пен шығармашылық әлеует бар. Осының бәрін өмірлеріңіздегі ең басты мақсатқа жетуге бағыттаңыздар», - деді Мемлекет басшысы.

ҚХА-ны елдер үлгі ететінін байқауға болады. Румыниялық депутаттың пікірі осындай. ҚХА тәжірибесі өзге елдерге үлгі, деп санайды Румыния депутаты. Астанада ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов Румыния Парламентінің депутаты, Демократиялық либералды партиясының мүшесі Ионаш-Флорин Урканмен кездесті.Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдениетаралық диалогты одан ары дамыту мәселелері, гуманитарлық өзара іс-қимылдың маңызды бағыттары қаралды.  Сонымен қатар кездесуге қатысушылар ҚХА-ның халықаралық серіктестігі аясындағы іс-қимылдарын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісінің ерекшеліктерін талқылады. «Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық және конфессияаралық келісім моделі БҰҰ-да, ЕҚЫҰ-да таныстырылды. Атап айтқанда, бүгінде Қазақстан тәжірибесіне қызығушылық мол. Тек өткен жылдың өзінде тәжірибе алмасу бойынша 24 мемлекеттің өкілдіктерін қабылдадық»,-деді Е. Тоғжанов. Өз кезегінде Уркан мырза Қазақстанның жүргізіп отырған бейбітшілік пен келісім саясатын Румыния тарапы жоғары бағалайтынын атап өтті. «Сіздердің бұл бағыттағы жұмыстарыңыз тұрғысында, ҚХА қызметі бойынша өз құттықтауымды жеткізгім келеді. Менің ойымша, бұл бағыттағы жұмыстар оңай емес және бұл  қадамдар барша Қазақстан халқы үшін маңызды»,-деді ол.

Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары жанындағы қоғамдық келісім кеңестері ашылуы қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайта түсуде зор рөл атқаруда. ОҚО-да Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің  төрағасы сайланды. Облыстық әкімдік баспасөз қызметінде хабарланғандай, төраға болып «Парасат», «Құрмет белгісі» ордендерінің кавалері, қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Орынбай Рахманбердиев тағайындалды. Облыста 197 қоғамдық келісім кеңесі құрылды, оның мүшелерінің саны 1600-ден асады. Өңір басшысының төрағалығымен отырыста ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің Үлгі ережесін жаңарту мәселелері талқыланып, 2015 жылғы облыстық ассамблея жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Бұдан басқа, жиналған қауым осы жылға қойылған міндеттер мен ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған  шараларды талқылады. ОҚО әкімі Б. Атамқұлов барша жиналғандарға ұлтаралық келісімді, азаматтық бірлік мен бейбітшілікті нығайтуға үлес қосқандары үшін алғыс білдірді. Қалалар, аудандар әкімдеріне  этникааралық келісімді сақтау және халық бірлігін нығайту үшін азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара іс-әрекетінің тиімділігін одан әрі арттыра беруді тапсырды. Әр ауылда «Ана клубтарын» құруды тапсырды. Оның  жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы аса зор.     

ҚХА қазақстандықтарды діни мерекемен құттықтауды да ұмытпайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің православ азаматтары мен барша қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады. «Осы мереке күндері біздің рухани қасиеттеріміз және гуманизмнің салтанат құруы мен жарқын болашаққа жетуімізге байланысты ниеттеріміз барынша айқын көрініс табады. Рождество мейірімділік пен жақсылықты, сүйіспеншілік пен жанашырлықты насихаттауына байланысты халқымыздың рухани өмірі мен дәстүрінің ажырағысыз бөлігіне айналды. Бұл құндылықтар Қазақстанның барша азаматтарының басын біріктіріп, қалыптасқан достық пен өзара құрмет дәстүрлері біздің мақтанышымыз бен байлығымыз болып отыр.Біздің Тәуелсіздігіміз бен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты біздің еліміз - Қазақстан Республикасындағы барша конфессиялар мен этностық топтар арасында татулық пен келісімнің сақталуына игі ықпал етеді. Қымбатты қазақстандықтар! Осы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, мол табыс, мықты рух пен береке-бірлік тілейміз. Мереке әрбір үйге, әр отбасына шуағын шашып, қуаныш пен игілік әкелсін!», - делінген құттықтауда.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық татулық саласындағы бастамаларды жүзеге асыра отырып, өзінің халықаралық байланыс жөніндегі қызметін де кеңінен өрістетуде.

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов ЕҚЫҰ ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы комиссардың саяси кеңесшісі Марк Фумагаллимен кездесті.«Біз біраз жылдар бойы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтаса жұмыстар атқарып келеміз. Тіпті бір кездері өзара іс-қимыл туралы меморандум да қабылдаған едік. Жоғарғы комиссар Кнут Воллебек те Қазақстанға жиі келіп тұратын», - деп атап өтті әңгіме барысында Е. Тоғжанов. Сонымен қатар, ҚХА төрағасының орынбасары қазақстандық ұлтаралық келісім үлгісінің қалыптасу тарихына тоқталып, осынау үлгінің әлемнің көптеген елдерінде мойындалғанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда барлық этнос өкілдерінің мәдениетін, тілі мен дәстүрін сақтап, дамытуға барлық жағдайлар жасалған. Бұдан бөлек, Е. Тоғжанов ҚХА жұмысы мен Ассамблеядан сайланған депутаттар қызметі туралы мейманға баяндап берді. «Жалпы Қазақстан халқы Ассамблеясы бірегей институт. Ол атқарушы биліктің барлық органдарымен ынтымақтаса жұмыс істейді. Ал ҚХА-дан сайланған депутаттар Парламентте басқа партиялық фракциялармен, депутаттық топтармен белсенді ынтымақтаса қызмет етіп келеді», - деді Е. Тоғжанов.      
Бүгінгі таңда экстремистік топтардың жастарды өз аясына тартуға тырысуы проблемасы өзекті болып отыр. Эстремистік топтар  жастарға неге қызығады? Мұны Діндерді зерттеу орталықтары қауымдастығының жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Юлия Денисенко экстремистік топтар жастарға неге қызығатынын түсіндірді.Оның айтуынша, экстремистік топтар өз қатарына дəл жас буынды көбірек тартуға тырысады екен. Жəне бұның себебі - жастардың аңғалдығында, білімнің аздығы мен отбасындағы проблемалар, бос уақыттың көп болуы дегенді алға тартты ол.  «Негізгі себеп, жастар - қоғамның ең белсенді бөлігі. Кез келген жастың бойында əлі көпке жететін күш қуат бар, олардың денсаулығы да дұрыс, яғни, экстремистік топтар бір жасты өз қатарына қосса, ол адам бүкіл күш-жігерін сол ұйымға «қызмет етуге» жұмсай алатынын жақсы біледі. Тіпті, ол болашақта үрім- бұтағын түгелдей осы  ұйымға тартады деген теріс пиғыл бар. Яғни, экстремистік топтар  жастарды өз ұйымының «болашағы» ретінде көреді»,-дейді сарапшы. Юлия Денисенко хабарлағандай, өз жетекшілік етіп отырған қауымдастық бұл проблеманың алдын алатын жоба əзірлеуде. Жоба əлі əзірленіп жатыр, дегенмен, оның аясында шамамен 50 жас дайындалып, өз қатарластарына экстремистік топтардан қалай сақтанудың, олардың сипатын анықтаудың жолдарын үйретеді. Айта кетейік, Астана қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы мен Астана қаласы əкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» ұйымы бірлесе отырып  «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында жастарды рухани тəрбиелеу мəселелері» жөнінде дөңгелек үстел өткізген.     

Қазақстан елде тұратын ұлттардың барлығының тілін, мәдениетін құрметтейді. Өзге ұлт өкілдерінің өз тілін сақтауға, білуге еш кедергі жоқ. Керісінше өз ана тілін меңгеруге қолдау көрсетеді. Түрлі шаралар ұйымдастырылады. Сондай шаралардың бірі «Ана тілім - ардағым» атты тілдер фестивалі Алматыда өтті. Оған 30-дан астам этномәдени бірлестіктер қатысты.

Алматыда Достық үйінде Халықаралық ана тілі күніне арналған «Ана тілім - ардағым» атты тілдер фестивалі өткізілді.Фестиваль аясында арнайы этноағарту кешендері оқытушыларының тәжірибе алмасуы бойынша арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды. Оған қатысушылар жексенбілік мектептердің қызметін мемлекеттік тұрғыда қолдау мәселелері мен ана тілін оқып үйренудегі заманауи ұстанымдарды талқылады. Сондай-ақ, семинар барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының тұсауы кесілді. «Әрбір ұлт пен этностың ана тілі - оның рухани қазынасы. Ана тілі ғасырлар бойы халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрінен нәр ала отырып дамиды. Сондықтан әрбір адам өзінің ана тілін жетік меңгеруі тиіс және басқа да тілдерді үйренген абзал. Өйткені адам баласы басқа тілдерді үйрене отырып, рухани тұрғыда байи түседі. Қазіргі таңда елімізде этномәдени бірлестіктердің жексенбілік мектептерінде мемлекеттік тіл мен қоса сол этностың ана тілі жан-жақты оқытылып келеді», - деді өз сөзінде Алматы қаласындағы «Луйс» армян мәдени орталығының төрайымы Наринэ Микаэлян. Семинар-тренингке ҚХА Төрағасының орынбасары Любовь Ни, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Қапалбек Бижомарт, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қазбек Мамсұров және осы Ассамблея мүшелері, жергілікті этномәдени бірлестіктердің өкілдері және тіл мамандары қатысты. Сондай-ақ, фестиваль аясында  «Ана тілі - халықтың рухани құндылығы» атты көрме ұйымдастырылды. Оған мемлекеттік тіл мен этностық тілдерді дамытуға арналған оқу құралдары, әдістемелік кітаптар және түрлі әдеби шығармалар қойылды. Бұдан соң, іс-шара Халықаралық ана тілі күнінен арналған концертке ұласты. Онда этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздар ұжымдары мемлекеттік және өз тілдерінде ұлттық әндерді шырқап, би билеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.              

Бұдан бөлек Қазақстанда жексенбілік мектептерде 22 этностың ана тілі тұрақты түрде оқытылады. Қазақстанда этномәдени бірлестіктердің жанында ашылған жексенбілік мектептерде 22 этностың ана тілі тұрақты түрде оқытылады. 2015 жылы ана тілін үйрену бойынша барлығы 79 топта 1000-ға жуық адам ана тілі курсынан өткен.Бұл туралы бүгін Алматыдағы Достық үйінде Халықаралық ана тілі күніне арналған «Ана тілім - ардағым» атты тілдер фестивалі аясында өткен семинар-тренинг барысында мәлім болды.   Жексенбілік мектептері ашылған 22 этносты атап айтар болсақ, олар:  әзербайжан, ассирия, беларусь, венгр, дүнген, грек, грузин, ингуш, еврей, балқар, кәріс, күрд, армян, неміс, поляк, орыс, татар, башқұрт, түрік, ұйғыр, украин және шешен этномәдени бірлестіктері.   Өз сөзінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Қапалбек Бижомарт Қазақстанда қазақ тілімен қатар, 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында этнос топтары тілдерінің дамуына қолдау көрсетіліп келе жатқандығын айтты. «Бағдарлама аясында жыл сайын жергілікті Тіл басқармалары арқылы этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептерде мемлекеттік және ана тілдерін оқыту курстарына қолдау көрсетіледі. Бұған мемлекет тарапынан жыл сайын қаржы бөлінеді. Тіпті, жексенбілік мектептердің мұғалімдеріне жалақы төленеді. Тілдерді дамыту арқылы қоғам мүшелерінің лингвистикалық егемендігіне қол жеткізу - Қазақстанның тілдік саладағы мемлекеттік саясаты», - деді Қапалбек Бижомарт.    Айта кетелік, статистикаға сүйенер болсақ, бүгінгі таңда  республикамызда немістер - 49, қазақтар - 40, кәрістер - 36, татарлар - 29, славяндар - 27, шешендер мен ингуштар - 26, әзербайжандар - 23, ұйғырлар - 21, орыстар - 20, украиндер - 19, еврейлер - 18, поляктар - 16, түріктер - 14, гректер - 12, армяндар - 11, беларусьтер - 10, дүнгендер - 10, күрдтер мен өзбектер - 8-ден, түркімендер, болгарлар және дағыстандықтар - 4-тен, қырғыздар мен тәжіктер - 3-тен, қарашайлықтар, балқандықтар, қытайлар, чуваштар және қарақалпақтар - 2-ден, ассириялықтар, чехтар, Прибалтика халықтары, грузиндер, осетиндер, лезгиндер, ирандықтар, буряттар, венгрлер, румындар - бір-бірден этномәдениқұрылымдарға ие. Сондай-ақ, қазіргі кезде Қазақстанда 58 өзбек тілінде оқытатын және аралас тілде оқытатын 83 мектепте барлығы  78 921 бала өзбек тілінде білім алады. Бұдан басқа, 14 ұйғыр тіліндегі және 49 аралас тілді мектептерде 14 424 оқушы ұйғыр тілінде оқыса, 2 тәжік тілінде оқытатын және 10 аралас тілді мектептерде 3 615 бала тәжік тілінде білім алады. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда бай тәжірибе Алматы облысында жинақталған. Бұл аймақта жүзге жуық ұлт өкілі тұрады. Олардың ішінде: 1 миллионға жуығы - қазақтар, 300 мыңнан аса орыс, 145 мың ұйғыр, 10 мыңнан аса украин, 30 мың түрік, 17 мыңдай кәріс, 15 мың татар, 6 мыңнан аса шешен және 50 мыңға жуық басқа ұлт өкілдері өмір сүреді. Облыста таза қазақ тілінде оқытпайтын 379 мектеп бар. Олардың ішінде 53 - орыс, 11 - ұйғыр және 315 - аралас мектептер бар. Ал, Алматы қаласына келер болсақ, оңтүстік астанада 60 ұлттық-мәдени орталық жұмыс атқарады. 3050 адам жексенбілік мектептерде 13 ұлт тілін меңгеріп жатыр. Оқыту сенбі және жексенбі күндері 45 минуттық 4-6 сабақ түрінде жүргізіледі. Бүгінгі семинар-тренинг барысында бірқатар ұсыныстар айтылды. Олардың ішінде республикада этникалық топтардың тілдерін оқытудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру, ұлттық жексенбілік мектептері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын әзірлеу, тілдік олимпиадалар ұйымдастыру, жексенбілік мектептердің сайтын ашу және тарихи отанға сапар шегу арқылы жазғы тілдік лагерлер құру тәжірибесін қолға алу мәселелерін айтуға болады.      

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының Туы ҚР Ұлттық музейіне қойылды. Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының Туын Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне салтанатты тапсыру рәсімі өтті.Айта кетейік, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2015 жыл  - этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтаудың басты тірегі - Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялаған болатын. «Бір мемлекет - бір отбасы» атты бағдарламасының аясында Ұлттық музейде «Қазақстан халқы Ассамблеясының залын» ашу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта үлкен ұйымдастырушылық жұмыстар атқарылуда. Сондықтан ҚХА жылы Туы біздің залдың экспозициясында өз орнын табады», - дейді ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатыбалдин. Өз кезегінде Астана қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынованың атап өткеніндей, былтыр ҚХА жылы аясында қыруар жұмыстар атқарылған. «2015 жылы Астанада ҚХА жылы «Астана - бейбітшілік пен келісім қаласы» атты ұранмен өтті. Жыл бойы 1 миллионға жуық адам 280 республикалық және қала деңгейінде өткен іс-шараға қатысты», - деді ол. Л.Құсайынованың сөзі бойынша, «ҚХА 20 жыл - 20 ізгі іс» эстафетасы аясында 37 қайырымдылық акциясы өткізіліп, оған 157 мыңнан астам адам қатысқан. Жалпы сомасы 18 млн теңге қайырымдылық қаражаты жиналды. 

Елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығының құрметіне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалi тағайындалған.Мұндай марапатқа ие болғандардың бірі БАӘ Премьер-министрінің орынбасары, Президент Әкімшілігінің басшысы шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян. 2016 жылы 29 ақпанда Әбу-Дабиде әмірлік-қазақстандық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін БАӘ-дағы Қазақстан елшісі  Қайрат Лама Шариф БАӘ Премьер-министрінің орынбасары, Президент Әкімшілігінің басшысы шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянға мерейтойлық  «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалін тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.2015 жылдың қарашасында Қайырымдылық қорының президенті шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянның шақыруымен 60 қазақстандық қолөнер шебері және ұлттық тағамды дайындау маманы қолөнер шеберлерінің халықаралық мәдени фестиваліне қатысты.  Әбу-Даби фестиваліндегі қазақстандық этноауыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды. Қайырымдылық қорының 13 млн. доллар көлеміндегі грантының арқасында Астанада 1200 орынға шақталған Қазақ-әмірлік зияткерлік мектебінің құрылысы жүріп жатыр. Марапатқа ие болған шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан азаматтық қоғамда этносаралық және конфессияаралық  келісімді сақтау және нығайту мемлекеттің дамуы үшін таңдалған дұрыс жол екенін бүкіл әлемге дәлелдегенін атап өтті. Шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян қазақстандық-әмірлік қарым-қатынастардың бүгінгі жай-күйіне оң бағасын берді және БАӘ билігі екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін жеткізді.   Атап өтейік, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқы бірлігін қамтамасыз етуге, Қазақстан халқы Ассамблеясы рөлінің артуына, Қазақстанның бейбітшілік пен келісім тәжірибесін шет елдерде таратуға және Қазақстан мен өзге мемлекеттер халықтары арасындағы достық қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары марапатталады.      
Дәл осындай мәртебеге өзбек ғалымы да ие болды.
Ташкентте Өзбекстан ғалымына «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі табыс етілді. Өзбекстан Республикасындағы ҚР Елшілігінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына орай Өзбекстан Республикасы академиялық ортаның көрнекті өкілдеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалін салтанатты тапсыру рәсімі өтті.Сонымен, құрмет наградасының иегерлері - Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Тарих институтының «Заманауи тарих және халықаралық зерттеулер» бөлімі меңгерушісінің орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты Назаров Равшан Ринатұлы және Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің «Демократиялық қоғамды қалыптастыру теориясы және практикасы» кофедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Сабыров Әлішер Тұрсынұлы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен спорт саңлақтары мен шоу-бизнес өкілдері де ел дамуына айтарлықтай үлес қосуда.

Қазақстанның спорт және шоу-бизнес жұлдыздары Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Қазақстандықтар «Қазақстан» мен «24.kz» телеарналары көрсететін патриоттық акция-телекөпір барысында өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін білдіре алады.Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде «Мен Қазақстанды не үшін жақсы көремін?» деп аталатын патриоттық акция кең танымалдыққа ие болған еді. Соңғы 2 апта ішінде қазақстандықтар өз Отанына деген сүйіспеншілігін білдірген бірқатар қызықты бейнероликтерді жария етті.Ал телестудия аталған бейнематериалдардың авторларын шақырды. Олардың қатарында шоу-бизнес және спорт жұлдыздары да болды. Студияға телекөпір арқылы еліміздің барлық өңірлері қосылды. «Қазақстан - табысқа бағыт алған патриоттар елі, біздің әрқайсымызға өзіміздің әлеуетімізді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ел. Қазақстан спортшыларының жетістігін бүкіл әлем біледі. Олар: Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Геннадий Головкин және төртінші рет әлемнің үздік зілтеміршісі атанған - Илья Ильин. Мен Қазақсанды жасқы көремін. Өйткені, ол жеңімпаздар елі!», - деді грек-рим күресінен әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Мельниченко. Жеңіл атлетикадан олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да қазақ елін жақсы көретіндігін баса айтты. «Қазіргі уақытта біздер тамаша жеңіл атлетика орталығында тұрмыз. Мұнда күн сайын шамамен 500 бала спортпен айналысады. Мен олардан Қазақстанымыздың айбынын асыратын чемпиондар шығатындығына және өз елдерінің нағыз патриоттары болатындығына», - сенемін деді телестудияға тікелей көпір арқылы қосылған О.Рыпакова. «Мен Шененстанда дүниеге келдім. Қазақстанға кішкентай кезімде қоныс аударған едім. Осы жерде мен тұлға ретінде, әртіс ретінде қалыптастым. Мен бар күш-жігерімді өз Отанымның игілігіне жұмсауға уәде беремін. Мен сені жақсы көремін, Қазақстаным!», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының мүшесі Ислам Музаев. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Н. Калашникова, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Е. Тоғжанов т.б.  қатысты. Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпы ұлттық жобасын іске асыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының парламенттік жүйедегі өкілдігі: нәтижелері мен тәжірибесі мәселелері талқыланды. Еліміздегі бірлікті сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқарып отыр. Бұл ретте Ассамблеяның міндеті ұлтаралық қатынастарды үйлесімді ету болса, оның өзі мемлекеттің тұрақтылығын нығайту дегенді білдіреді. Сол үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімділігін әлем мойындап келеді.     

Қазақстандықтардың басым бөлігі Мемлекет басшысының бес институттық реформасын қолдайды. Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесiнiң кеңейтiлген отырысында ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов осылай мәлім етті.«Ғылыми-сарапшылық кеңес жасаған әлеуметтік зерттеулер нәтижесі көрсеткеніндей, Қазақстан халқының басым бөлігі Елбасының бес институттық реформасын қолдайды. Соның ішінде реформаның төртінші бағыты - «Болашағы біртұтас ұлт» бағытын респонденттердің 85,4 пайызы жақтаған. Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі немесе 94,2 пайызы «Мәңгілік ел» құндылықтарын толық қолдайтындықтарын білдірді. Сондай-ақ бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 10,6 пайызға өсті», - деді Е. Тоғжанов. Сонымен қатар, Төраға орынбасары «Болашағы бiртұтас ұлт» реформасының шеңберiнде төрт заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiліп, «Қайырымдылық туралы» арнайы заң, Мемлекет басшысының 5 Жарлығы қабылданғанын атап өтті. Оның айтуынша, «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын респонденттердің 80,7 пайызы қолдаған, ал «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын сауалнамаға қатысқандардың 78,9 пайызы жақтаған. Бұдан бөлек, үштілді білім беру бастамасына да қатысушылардың 76 пайызы тарапынан қолдау жасалды. «Соңғы үш жылда Қазақстанда жүргізілген ғылыми зерттеулер қоғамдық сананың өзгерістерінде оң динамика байқалатынын көрсетті. Сонымен қатар, қоғамдық келісімнің және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін де халықаралық қауымдастық жоғары бағалауда», - деді ол.  

Таразда «ЭКСПО-2017» көрмесіне еріктілерді дайындап жатыр. Таразда Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында «Үлкен ел  - үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды. Отырысқа этномәдени бірлестіктердің  жетекшілері қатысты.Облыстағы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Лариса Лысева айтып өткендей, 2015 жылы қазан айында Астанада басталған  «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасы бойынша аймақтық мәдени-туристік кластерлер құру көзделетінін айтты. «Сондай кластерлердің бірі «Ұлы Жібек жолын жаңғырту» біздің облыста жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында Таразда Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жібек жолындағы сұхбаттар» халықаралық мәдени жобасы, «Ұлы дала елі» халықаралық конференциясыы ұйымдастырылды. Әр адам жас ерекшелігіне қарамай өз өлкесінің тарихын білуі тиіс. Сондықтан да аймақтық Ассамблея білім басқармасы мен тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп, ең алдымен болашақ ұрпақтың тәрбиесіне аса мән береді», - деді  Л. Лысова. Аталған жоба екі бағыт бойынша жүзеге асырылмақ. Ол «Өз өлкеңді таны» - балаларға арналған туристік маршруттар, сонымен бірге «ЭКСПО-2017 еріктілері». ЖАмбыл облысы аймағы бойынша экскурсия жасайтын тарихи орындарға «ЭКСПО-2017» нысандары да енген. Ол жерде еріктілер үш тілде - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде арнайы оқудан өтеді. Айта кетейік, Жамбыл облысында 1,111 млн адам, оның ішінде 87 этнос тұрады. Жамбыл облыстық ҚХА-ға 73 этномәдени бірлестіктер кірген.         

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының төртінші бағыты бойынша 33 нормативтік акті қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Қазақстан xалқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.Оның сөзі бойынша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының төртінші бағыты аясында қазіргі таңда 5 пункт жүзеге асырылу кезеңінде. 2015 жылдың соңында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтары негізінде қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту және дамыту Тұжырымдамасын бекітті. Қоғамдық сананы қайта қалыптастыру және бүкілқазақстандық мәдениетті нығайту тұрғысынан жетекші рөл Қазақстан халқы Ассамблеясына беріледі. «Ұлт Жоспары» «100 нақты қадам» аясында бірлік пен біртектілікті қалыптастыру мақсаттары қойылған. Ол мақсат бірнеше бағыт бойынша дамытылады. Бүгінде осы бағытта 33 нормативтік акт қабылданды. ҚР Парламент деңгейінде 5 ірі заңға қол қойылды. Мемлекет Басшысының 5 Жарлығы мен Үкіметтің 12 Қаулысы қабылданды және бүгінде жүзеге асырылуда», - деп атап өтті Е. Тоғжанов. «Бұл реформалар Қазақстан xалқы Ассамблеясы негізінде іске асады. Себебі, елдің бірлігі әрқашанда тәуелсіздіктің тірегі болып қала береді. Ол - ел дамуының негізгі құндылықтарының бірі. Егер 30 дамыған елдің қатарына енуге талпынатын болсақ, еліміздің туын жоғары көтеріп, экономикалық-әлеуметтік сұрағын да шешеміз дейтін болсақ, алдымен қоғамдық келісімді, еліміздің тұрақты дамуын тікелей қамтамасыз етуіміз керек»,-деді ол.   

21 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Еске сала кетейік, 2 наурыз күні ҚХА атынан 9 үміткер: Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы, Божко Владимир Карпович, Жұмаділдаева Наталья Васильевна, Ким Роман Ухенович, Микаелян Наринэ Гамлетовна, Мурадов Ахмед Сейдарахманович, Нурумов Шаймардан Усаинович, Тимощенко Юрий Евгеньевич, Хахазов Шакир Хусаинович тіркелген болатын.

Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан ҚР Парламенті депутаттығына үміткерлер тізімінде екі кандидат әйел бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте ҚХА Төрағасының Бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.«Қазақстан халқы Ассамблеясынан екі әйел: Наталья Жұмаділдаева мен Наринэ Микаелян ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде ұсынылып отыр. Наринэ екінші жағынан жастар қанатымен айналысатын болады. Кеңес барысында осы екі азаматшаны арнайы ұсындық. Бұл - міндетті түрде болуы керек деген біздің критерийіміз, алдына қойылған талаптардың бірі де сол. Бір жағынан этникалық, екінші жағынан жастар, енді негізгі мәселе бұл - гендерлік аспектінің ескерілуі.Шешім осылай қабылданды. Кеңес жұмысы бойынша талқыланды. Сондықтан бізде депутаттарды ұсыну практикамызда осы жұмыстардың барлығы негізге алынып, ары қарай іске асырылады деп ойлаймыз», - деп атап өтті ол.

Сайлауға ҚХА атынан түсетін кандидаттардың әрқайсысына бюджеттен 630 мың теңге бөлінді. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат үшін республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстардың мөлшерлерін белгіледі.«Ортсайлауком қабылдаған қаулыға сәйкес кандидатқа сайлау алдындағы бағдарламасымен теледидардан сөз сөйлеуіне - 139000 теңге; бағдарламасымен радиодан сөз сөйлеуіне -  82000 теңге; баспа басылымдарында екі мақаласын жариялауына - 178000 теңге; сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайды жалдауға - 33000 теңге; үгіттік баспа материалдарын басып шығаруға - 66000 теңге; көліктік шығыстарына - 132000 теңге бөлінетін болады», - деп атап өтті ҚР ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова. ҚР ОСК отырысы аяқталғаннан кейін семинар-кеңес болды, оның барысында Ортсайлауком мүшесі Т. Охлопкова, ҚР ОСК аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілі, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына тіркелген кандидаттар сайлау науқанын жүргізудің ұйымдастыру, құқықтық және қаржы мәселелерін талқылады.     Мәжіліс депутаттығына ҚХА атынан ұсынылған кандидаттар сайлау қорын құрмайды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ҚХА атынан ұсынылған кандидаттар сайлау қорын құрмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті.«Кандидаттармен сайлау қоры құрылмайды. Оларға бюджеттен 630 мың теңге көлемінде қаражат бөлінеді. Оның сыртында өзге көздерден қаржы тартуларына рұқсат берілген. Олар сонымен қатар ҚХА мүшелерімен бірге үгіт-насихат жасай алады, себебі 21 наурызда оларды ҚХА-ның 446 мүшесі сайлайтын болады», - деді Т. Охлопкова тілшілердің сауалына жауап беру кезінде. Бұның алдында хабарлағынымыздай, 2016 жылғы 6 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталды, ол 2016 жылғы 19 наурыз күні сағат 24:00-де аяқталады. 2 наурызда ҚР ОСК Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың үгіт жұмысына республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын шығыстарының мөлшерлерін бекітті. Теледидар бойынша сайлауалды бағдарламамен шығуға әрбір кандидатқа 139000 теңге бөлінеді; бағдарламамен радиода бағдарламамен шығуға - 82000 теңге, баспа басылымдарында екі мақала жариялауға - 178000 теңге; сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайды жалға алуға - 33000 теңге; үгіттік баспа материалдарын басып шығаруға - 66000; көліктік шығыстарға - 132000 теңге. Т. Охлопкова, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына кедергісіз және тең қол жеткізуіне сайлау заңнамасы кепілдік беретінін атап өтті. БАҚ тіркелген барлық кандидаттарға эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беруде тең жағдайлар жасауы тиіс. Кандидаттардың барлық үгіттік баспа материалдарында  сол материалдарды шығарған ұйым, олар басылған жерi мен таралымы, тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгендiгi туралы мәлiметтер болуға тиiс. Yгiттiк баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде дайындауға, анонимдiк үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.      

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне сайланған депутаттардың аты-жөнін жария етті. «Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау нәтижесі белгіленсін және келесі депутаттар сайланған болып есептелсін: . Сауытбек Абдрахманов  93,50%,  Владимир Божко - 94,58%, Наталья Жұмаділдаева - 92,95%, Роман Ким - 93,77%, Наринэ Микаелян - 91,6%, Ахмед Мурадов - 91,87%, Шаймардан Нурумов - 91,33%, Юрий Тимощенко - 92,41%, Шәкір Хахазов - 92,68% дауыспен депутаттыққа сайланды, - деп хабарлады Қ.Тұрғанқұлов. ҚР ОСК төрағасы осы қаулыны қабылдай отырып, Орталық сайлау комиссиясы соңғы екі айға созылған елдегі сайлау науқанын аяқтағанын атап өтті. 

I шақырылымдағы Парламент Мәжілісіндегі үш партия атынан және 130-ға жуық этнос пен түрлі конфессия өкілдері тұратын Қазақстанда этникааралық, дінаралық келісімді сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Тәуелсіздік таңы арайлап атқан шақта белгілі америкалық сарапшы Збигнев Бжезинский Қазақстанның қарыштап дамуына басты кедергі ұлтаралық шиеленістер болады деп болжам жасаған еді, алайда Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық теңдік саясаты мұндай теріс болжамдардың шындыққа ұласуына мүмкіндік бермеді. Бұл тұрғыда Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің қоғамдық өмірінде маңызды роль атқарды, әлі де атқара бермек. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тоғыз депутаты ҚХА өкілдері арасынан сайланатыны және өткен 2015 жылы елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып жариялануы бұған дәлел.

Қазақ еліндегі тыныштық пен татулық, ел экономикасының дамуы осы елдің әрбір азаматы үшін маңызды. Қазақстандағы әрбір өзге ұлт өкілі мұны жақсы түсінеді. Олар қоғамның қай саласында болмасын, ел ертеңі үшін аянбай еңбек етіп келеді.

2015 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың №148  Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы бекітілді.

 Тұжырымдама «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 149 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Президенті мақұлдаған Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасына (бұдан әрі - Доктрина), Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»; «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауларына, «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде, Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі - ҚХА) сессияларында, «100 нақты қадам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарында Қазақстан Республикасының Президенті берген тапсырмаларға сәйкес әзірленді.

ҚХА-ның 2020 жылға дейінгі қолданыстағы даму тұжырымдамасы  ойдағыдай іске асырылуда.

Бес институттық реформа шеңберінде Мемлекет басшысы алға қойған қазақстандық бірегейлік пен бірлікті азаматтық қағидат негізінде нығайту жөніндегі міндеттерді, мемлекеттік құрылыстың қазіргі кезеңінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыруды ескере  отырып жаңа ҚХА-ның 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы әзірленді.

Онда осы қоғамдық бірегей институттың жалпы ахуалына талдау жасалды.

Тұжырымдамада атап көрсетілгендей, қазіргі уақытта Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі әлемдегі табысты модельдердің бірі ретінде танылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 маусымдағы № 593 қаулысымен бекітілген Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылды. 

ҚХА-ның орта мерзімді кезеңге арналған (2011 жылға дейінгі) стратегиясы, ҚХА-ның (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасы және оның негізгі ережелері орындалды.

Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара тиімді іс-қимылы қамтамасыз етілді.

ҚХА-ның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде этномәдени бірлестіктердің күш-жігері топтастырылды.

Этносаралық ахуалды мониторингтеудің және этносаралық қатынастар саласындағы алдын алу тетіктерінің жүйесі қалыптастырылды.

ҚХА-ның нормативтік құқықтық базасы құрылды.

ҚХА Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы
1 наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Оған этносаралық қатынастарды дамыту және нығайту жөніндегі қызметтерді ведомствоаралық үйлестіру жүктелді.

2007 жылғы конституциялық реформа ҚХА-ны конституциялық мәртебеге ие мекеме ретінде бекітті. Қазақстандық этностардың кепілді парламенттік өкілдігі қамтамасыз етілді.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан халықтары Ассамблеясы - Қазақстан халқы Ассамблеясы болып өзгертілді.

2008 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, ол ҚХА-ны елдің саяси жүйесіндегі толық құқылы субъект ретінде бекітті, оның этносаралық қатынастар саласындағы қызметінің нормативтік-құқықтық негізін айқындады.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚХА туралы ереже бекітілді, онда ҚХА-ның және оның қоғамдық құрылымдарының мәртебесі мен өкілеттігі белгіленді.

ҚХА-ның инфрақұрылымы нығайтылды, оның азаматтық қоғам және мемлекеттік билік жүйесіне кірігуі қамтамасыз етілді.

ҚХА жанында қоғамдық қорлар жұмыс істейді, көпфункциялы веб-портал даму үстінде, «Достық-Дружба» журналы жарыққа шығады, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында ҚХА депозитарийі құрылды.

Мемлекет басшысы - ҚХА Төрағасының тапсырмасы бойынша
2009 жылы ҚХА-ның Ғылыми-сарапшылық кеңесі құрылды. Барлық өңірлерде ЖОО базаларында ҚХА ғылыми-сарапшылық  топтары құрылды.  

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу жөніндегі орталық құрылды, ол Ғылыми-сарапшылық кеңестің жұмыс органы болып табылады.

ҚХА-ның Журналистер клубы құрылды. Өңірлік деңгейде қоғамдық келісім мен бірлікті жария ету бойынша осы сияқты құрылымдар жұмыс істейді.

Барлық деңгейдегі әкімдер мен ірі кәсіпорындар жанынан ҚХА-ның қолдауымен қоғамдық келісім кеңестері құрылды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2014 жылы ҚХА қызметін қамтамасыз ету жөніндегі ұйым ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды. Өңірлік деңгейде Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің аппараттары жанынан «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2015 жыл ҚХА жылы деп жарияланды.  

ҚХА қоғамдық келісім мен бірліктің қазақстандық моделін шет елдерде насихаттау жұмыстарын жолға қойды. Қазақстандық модель ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің 56 тілінде таныстырылды және Қазақстан Республикасының шет елдердегі елшіліктеріне таратылды. Шетелдік әріптестердің өтініші бойынша ҚХА Хатшылығында әлемнің 20-дан астам елінен келген сарапшылар, ғалымдар, дипломаттар, журналистер  және ҮЕҰ үшін қазақстандық модельдің 60-тан астам таныстырылымы өткізілді.

ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарымен, Жаһандық диалог және ынтымақтастық орталығымен, Қырғызстан халқы Ассамблеясымен, Ресей халқы Ассамблеясымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Ұлыбританияның Лондон қаласында Қазақстандық бейбітшілік және келісім орталығы ашылды. 

2014 жылы ҚХА мен АӨСШК арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан этносаясатының мынадай артықшылықтары қалыптастырылды:

Біріншіден, елдің Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың орнықты саясатының арқасында этностық және діни тиесілілігіне  қарамастан азаматтық тең құқықты іске асырудың тетіктері жасалды және жетілдіріліп келеді, азаматтық қағидат негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлік қалыптастырылып, нығая түсуде.

Екіншіден, Қазақстандағы этностардың өкілдігі және олардың мүдделерін іске асыру ең жоғары мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады - Конституцияның кепілі ел Президенті ҚХА Төрағасы болып табылады.

ҚХА жоғары органының - сессиялардың шешімдерін барлық мемлекеттік органдардың қарауы және орындауы міндетті.

Үшіншіден, ел Парламентіндегі этностардың кепілді өкілдігі ҚХА-ның Мәжіліске 9 депутат сайлауы арқылы қамтамасыз етілген.

Төртіншіден, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын өзек еткен қазақстандық бірегейлік пен бірліктің құндылық негізі қалыптастырылды.

Бесіншіден, мемлекет этностардың тілі, дәстүрлері мен мәдениетін дамыту үшін жағдай жасады және қолдау көрсетіп келеді.

Алтыншыдан, бірегейлік пен бірліктің қазақстандық моделі азаматтық бастамашылдықтың, азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің сындарлы диалогының негізінде дамиды.

Қазақстанда этносаралық қатынастар саласында халықаралық стандарттар шеңберінде жалпыға бірдей танылған барлық негізгі нормалар енгізілді.

Жалпы, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мен нығайтудың тиімді саяси-құқықтық және институттық - басқару жүйесі жұмыс істеп тұр.

Жаһандық экономиканың және әлемдік саясаттың қазіргі заманғы даму үрдісі жаңа қауіп-қатерлер туғызып отыр.

XXI ғасырдың жаңа сын-қатерлері - әлемдік экономиканың құбылмалылығы, қазіргі заманғы халықаралық қақтығыстардағы этнодіни фактор рөлінің өсуі, көші-қон ағыны мен босқындардың көбейе түсуі - Қазақстан халқының бірлігін, ұйымшылдығын және патриотизмін одан әрі нығайтуды талап етеді.

Азаматтық қағидатында қазақстандық бірегейлік пен бірлікті және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын,  қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы, «Қазақстан - 2050» стратегиясындағы міндеттерді шешуге ұмтылуды, сондай-ақ бес институттық реформаны жүзеге асыру ісіне ҚХА-ның белсене қатысуы бойынша ҚХА-ның рөлін айқындауда түбегейлі жаңа тәсіл қажет.

Тұжырымдаманың мақсаты ҚХА-ның конституциялық мәртебеге ие мекеме ретінде одан әрі дамуы; оның азаматтық қағидат негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтудағы, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын ілгерілетудегі, Болашағы біртұтас ұлтты қалыптастырудағы рөлін арттыру.

Тұжырымдаманың негізгі міндеттері:

1) «Қазақстан - 2050» стратегиясын ойдағыдай жүзеге асырудың түйінді факторы ретінде қоғамдық келісімді, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту бойынша барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының жұмысын үйлестіруші ретіндегі ҚХА рөлін күшейту;  

2) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту үшін мемлекет пен этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылының жаңа форматтарын енгізу;

3) Қазақстан халқының мәдениетін, тілдерін және дәстүрлерін дамытудағы топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту;

4) болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру және жалпықазақстандық құндылықтарды нығайту мақсатында үш тілде білім беруді енгізуге жәрдемдесу;

5) бірегейлік пен бірліктің қазақстандық моделін шет елдерде тұратын отандастарымыздың, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің қатысуымен халықаралық қоғамдастықта кеңінен таныту;

6) халықаралық ұйымдармен және шетел мемлекеттерінің азаматтық қоғам институттарымен ҚХА-ның өзара іс-қимылы;

7) этномәдени бірлестіктердің жалпымемлекеттік кешенді міндеттерді шешуге белсене қатысуы болып табылады.

Тұжырымдаманың құндылық негіздері «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті азаматтық қағидат негізінде нығайту мен дамытуды білдіреді.

Мемлекеттік этносаясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ҚХА қызметінің басымдықтары: қазақстандық бірегейлік пен бірлікті азаматтық қағидат негізінде нығайту мен дамыту, мемлекеттік этносаясатты іске асыруға атсалысу, ҚХА институтын нығайту.

1.     Қазақстандағы бірегейлік пен бірлікті азаматтық қағидат негізінде

нығайту және дамыту саласында

Бес институттық реформаны ойдағыдай іске асыру «Бір ел - бір тағдыр» қағидаты бойынша қоғамның топтасуы мен бірлігіне негізделген.

ҚХА-ның қызметі мынадай түйінді бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) ҚХА-ның қоғамдық құрылымдарын «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясының құндылықтарын ілгерілету және  кеңінен таныту ісіне жұмылдыру;

2) мемлекеттің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру процесінде этномәдени бірлестіктермен және азаматтармен жұмыс жүргізудің жаңа нысандарын енгізу;

3) қайырымдылық, медиация және қоғамдық бақылау саласында ҚХА жұмысының жаңа бағыттарын дамыту;

4) Қазақ тілінің ұлттық корпусын - мемлекеттік тілді одан әрі дамытуды қамтамасыз ететін ашық, үнемі толықтырылып отыратын инновациялық ақпараттық-анықтамалық жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу;

5) мемлекеттік тілді оқыту, оның ішінде қазақстандық этностарға мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту жөніндегі «Тілдарын»  оқу-әдістемелік кешені негізінде этномәдени бірлестіктер мен Достық үйлері жанындағы этноағарту кешендерінің қызметін жаңғырту;

6) Қазақстан халқының ортақ тарихи-мәдени мұрасын қолдау, сақтау және насихаттау;

7) Қазақстанның көпэтносты халқының қалыптасу тарихы және тәуелсіздікті нығайтудағы этностардың рөлі туралы ілімді тарату.

2. Мемлекеттік этносаясатты іске асыруға жәрдемдесу саласында

Республика деңгейінде мынадай шараларды іске асыру қамтамасыз етіледі:

1) Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауларын, «Қазақстан - 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, жаңа «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» экономикалық саясатын, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын түсіндіру;

2) «100 нақты қадам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын іске асыру жұмыстарына этномәдени бірлестіктер мен жұртшылықтың белсене қатысуы;

3) мемлекеттік бағдарламаларды, стратегиялық жұмыс жоспарларын қалыптастыру мен іске асыру кезінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар үшін қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, қоғамдық келісімді нығайту саласында ұсыныстар тұжырымдау;

4) Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіндегі ҚХА-ның депутаттық тобының тәжірибесін жергілікті өкілді органдарға тарату;

5) әлеуметтік мәселелерді анықтау және алдын ала шешу бойынша  мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;

6) қоғамдық келісім кеңестерінің қоғамдық бақылау саласындағы жұмысын жандандыру;

7) қазақстандық қоғамдағы отбасы институтын, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, достық пен бірлікті насихаттауға этномәдени және қоғамдық ұйымдарды кеңінен тарту;

8) әлеуметтік лифт жүйесін, соның ішінде азаматтарды, әсіресе жастарды мемлекеттік қызметке тарту үшін жетілдіру.

Мемлекеттік этносаясатты іске асырудың нормативтік құқықтық базасын дамытудың маңызды бағыттары:

1.     ҚХА туралы заңнаманы жетілдіру;

2) ҚХА-ның Қазақстан Республикасының Парламентімен ынтымақтастық, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі ҚХА-ның депутаттық тобымен ҚХА-ның өзара іс-қимылы тетігін дамыту;

3) этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы заңнаманы бұзудың профилактикасы бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайту;

4) халықтың саяси-құқықтық мәдениетін көтеру, ксенофобия, экстремизм көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру;

5) қазақстандық бірегейлік пен бірлік саласында бірыңғай стандарттар әзірлеп, олардың біркелкі пайдаланылуын қамтамасыз ету.

Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту саласында өңірлік деңгейде жергілікті атқарушы органдардың қызметін жаңғырту жүзеге асырылуда, ол мынаны көздейді:

1) өңірлік ассамблеялардың, Астана, Алматы қалалары мен облыстар әкімдерінің аппараттары жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-ге, ҚХА-ның қоғамдық құрылымдарының қызметіне қазіргі заманғы басқару әдістерін енгізу;

2) мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдерінің біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру;

3) «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы шеңберінде өңірлердің ҚХА-лары арасында қайырымдылық, медиация және қоғамдық бақылау мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету.

ҚХА қызметін ақпараттық қамтамасыз ету саласында мынадай шаралар іске асырылады:

1) БАҚ-та, Интернетте, жаңа буын масс-медиасында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде  бес институттық реформаны іске асыру барысы туралы, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын және қазақстандық бірегейлік пен бірлікті ілгерілету бойынша түсіндіру жұмыстары;

2) ҚХА-ның ақпараттық ресурстарын дамыту, «Болашағы біртұтас ұлт» ақпараттық науқанын, «Болашаққа 100 қадам» медиажоспарын іске асыруға,  «100kadam.kz» сайтын контенттік тұрғыдан толықтыруға жәрдемдесу;

3) Қазақстан Республикасының ұлттық брендін, «Ұлы Дала Елі» елдік брендін ел ішінде және шет елдерде насихаттау жөніндегі жобаларды жүзеге асыру;

4) масс-медиамен өзара іс-қимыл саласындағы жұмысты жаңғырту: ҚХА журналистер клубы негізінде журналистер үшін практикалық семинарлар, «Шаңырақ» жыл сайынғы этножурналистика байқауын және ҚХА медиафорумын (екі жылда бір рет) өткізу;

5) Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің, сондай-ақ шетелде тұратын отандастардың әлеуетін пайдалана отырып, қазақстандық бірегейлік пен бірлік моделін шетелдік БАҚ-та кеңінен таныту жөніндегі ақпараттық жұмысты күшейту;

6) этностық БАҚ-тың дамуына қолдау көрсету.

Білім беру саласында мынадай іс-шаралар кешені қамтамасыз етіледі:

1) барлық деңгейдегі білім беру мекемелерінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын оқытуға қолдау көрсету;

2) «Қазақстан 2020: болашаққа жол» 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының екінші кезеңін, оның ішінде жастарды қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған жобаларды іске асыруға тарту жолымен, іске асыруға қатысу;

3) Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы идеясын іске асыру бойынша этномәдени бірлестіктер мен ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының белсенді жұмыс жүргізуі;

4) қазақстандық құндылықтарды зерттеу және жастар арасында бірлік пен келісім құндылықтарының сабақтастығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қорымен өзара іс-қимыл жасау;

5) ҚХА-ның республикалық лекторийі негізінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын дәріптеу және ілгерілету бойынша ғылыми-білім беру семинарларын ұйымдастыру.

Мәдениет саласында ҚХА қызметі мынадай бағыттарға топтастырылатын болады:

1) елде және шет елдерде, оның ішінде Қазақстан этностарының тарихи шыққан елдерінде қазақстандық мәдениетті танымал ету;

2) «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын, сондай-ақ елдің мәдени мұрасын кеңінен танытуға мүмкіндік беретін туризмді ілгерілетуге қатысу;

3) мәдениет пен халықтық қолданбалы өнерді дамытуға жәрдемдесу;

4) Қазақ ұлттық электрондық кітапханасының қорын, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасындағы және облыстық кітапханалардағы  ҚХА депозитарийін кеңейту;

 Мынадай бағыттардағы халықаралық ынтымақтастық:

1) бірегейлік пен бірліктің қазақстандық моделін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын танымал ету бойынша шет елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

2) Қазақстан үшін практикалық ұсынымдар тұжырымдай отырып, бірегейлік пен бірлікті нығайту саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу;

3) шетелде тұратын отандастарды ана тілін, мәдениетін, ұлттық дәстүрін сақтау және дамыту, тарихи Отанымен байланыстарын нығайту тұрғысынан қолдау;

4) Еуразиялық экономикалық одақ, ШЫҰ, АӨСШК, ТҮРКСОЙ елдерімен екіжақты мәдени-гуманитарлық байланыстарды  нығайту;

5) Қазақстан этностарының тарихи шыққан елдерімен диалогын дамытуға және ынтымақтастығын кеңейтуге қолдау көрсету.

3. ҚХА институтын нығайту саласында

ҚХА Болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру бойынша қайырымдылық қызметтің, медиацияның, қоғамдық бақылаудың және үкіметтік емес ұйымдардың қызметтерін қоғамдық үйлестірушісі болады.

Мынадай шараларды іске асыру көзделген:

1) ҚХА-ның, «Қоғамдық келісім» РММ-ның, олардың аумақтық құрылымдарының ұйымдық құрылымы мен жұмыс істеу тетіктерін одан әрі жетілдіру;

2) қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту, Қазақстан Республикасының Президенті - ҚХА Төрағасы тапсырмаларының уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету бойынша жүйелі мониторингті, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

3) «100 нақты қадам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының «Бірегейлік және бірлік» бөліміндегі іс-шараларды іске асыруда ҚХА, «Қоғамдық келісім» КММ өңірлік құрылымдарының жауапкершілігін арттыру;

4) ҚХА Төрағасының этномәдени бірлестіктерден тағайындалатын орынбасарлары қызметтерінің тиімділігін арттыру;

5) ҚХА Кеңесінің қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамытудағы және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асырудағы рөлін күшейту;

6) Болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі міндеттерді ескере отырып, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің және оның өңірлердегі ғылыми-сарапшылық топтарының, ҚХА кафедраларының қызметін жаңғырту;

7) ҚХА іске асыратын жобаларды сараптамалық сүйемелдеуді күшейту;

8) этносаралық қатынастар саласындағы статистикалық деректер қорын қалыптастыру және мониторинг жүйесін жетілдіру, ел басшылығына арналған ұсыныстарды дайындау кезінде жаңа тәсілдерді енгізу;

9) ҚХА жанынан медиация жөніндегі құрылымдарды қалыптастыру және медиация рәсімдерін қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы мәселелерді шешуге пайдалану жұмыстарын жандандыру;

10) қоғамдық бақылау және қайырымдылық саласында ҚХА-ның қоғамдық келісім жөніндегі кеңесінің, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайтуда ҚХА Аналар кеңесінің рөлін күшейту;

11) достық үйлеріне, этноағарту кешендері мен этномәдени бірлестіктерге консультациялық көмек пен әдістемелік қолдау көрсетуді ұйымдастыру.

Тұжырымдама ережелерін негізгі орындаушылар: ҚХА, ҚХА-ның атқарушы органы ретіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Астана, Алматы қалалары мен облыстар әкімдері аппараттарының жанындағы «Қоғамдық келісім» өңірлік коммуналдық мемлекеттік мекемелері, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары, ҚХА-ның өңірлік хатшылықтары, қоғамдық келісім кеңестері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, азаматтық қоғам институттары (келісім бойынша) болып табылады. 

Тұжырымдама ережелері заң актілері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, сондай-ақ ҚХА сессияларының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті - ҚХА Төрағасының тапсырмалары негізінде қалыптастырылатын арнайы іс-қимыл және іс-шаралар жоспарларын әзірлеу арқылы да іске асырылатын болады.

Осыған ұқсас іс-шаралар жоспарларын өңірлік ассамблеялар әзірлейтін болады және оларды оның төрағалары бекітеді.

ҚХА Хатшылығы Мемлекет басшысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Тұжырымдаманы, сондай-ақ «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру жөніндегі жұмыстары туралы жыл сайын есеп береді.

Тұжырымдаманы іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылатын болады. 

Міндеттерге мынадай нормативтік құқықтық актілер арқылы қол жеткізу көзделіп отыр:

«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі Жарлығы.

Тұжырымдаманы іске асыру нәтижелері:

1) мемлекеттік этносаясатты және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын үйлестіруші ретіндегі ҚХА институтын нығайту, оның рөлін арттыру;

2) қоғамдық келісім мен халық бірлігін нығайту бойынша институттардың жаңа инфрақұрылымдарын қалыптастыру;

3) қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту саласындағы өңірлік саясатты жетілдіру;

4) қайырымдылық, медиация, қоғамдық бақылау саласында ҚХА жұмысының жаңа бағыттарын қалыптастыру;

5) «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен «Ұлы Дала Елі» брендіне негізделген Болашағы біртұтас ұлт құндылықтары жүйесін қалыптастыру;

6) тұрақтылықты, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту, қоғам санасына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын сіңіру;

7) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін одан әрі жетілдіру;

8) қоғамдық келісім және бірлік мәселелері бойынша мемлекеттік этносаясаттың нормативтік құқықтық базасын дамыту;

9) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдық маңызын арттыру;

10) үштілділікті енгізу мен дамытудың қажетті білім беру, әлеуметтік және ақпараттық тетіктерін құру;

11) қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту мақсатында ақпараттық жұмыс жүйесін құру;

12) «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын ескере отырып, білім берудің барлық деңгейі үшін жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің бірыңғай жүйесін дамыту;

13) этносаралық және қоғамдық келісім мәселелері бойынша шет елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайту болмақ.

Осы Тұжырымдаманы іске асырудың басты нәтижесі бірегейлік пен бірліктің қазақстандық моделін дамыту, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру және Болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіретін орталық ретінде ҚХА институтын одан әрі нығайту болуға тиіс.

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің2015 жылғы 28   желтоқсандағы    № 147 Жарлығымен Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы бекітілді.

Тұжырымдаманы әзірлеуге Қазақстан Республикасының Білім  және ғылым министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі - ҚХА), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы, Қазақстан саясаттанушылар конгресі, «Қазақстанның азаматтық альянсы»  заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы, «Қазақстан бас редакторлар  клубы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Жазушылар одағы» және басқа да шығармашылық одақтар тартылды.

Негізгі орындаушылар: ҚХА, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі, ЖОО базасындағы ЮНЕСКО және ҚХА кафедраларының  қауымдастығы, азаматтық қоғам институттары (келісім бойынша).

Іске асыру мерзімі: 2015 - 2025 жылдар.

Осы Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын (бұдан әрі - Тұжырымдама) әзірлеу қажеттілігі «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының  болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі «Бірегейлік пен бірлік» атты төртінші  бағытының міндеттерімен негізделген.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», «Білім туралы», «Тіл туралы», «Мәдениет туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру тұжырымдамасына, Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасына, ҚХА-ның даму тұжырымдамасына негізделеді.

Тұжырымдама мынадай басты қағидаттарға негізделеді:

1.     негізгі бағыт - ел Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы;

2.     «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының біріктіруші құндылықтары - азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімге құрмет, зайырлы ел;

3.     қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы - мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықтар;

4.     қазақстандық бірегейлік пен бірлік - ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасатын процесс. Ол әрбір азаматтың этностық тегіне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыстыруына негізделеді. Ортақ тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз қоғамды біртұтастыққа бастайды: «Біздің бір ғана атамекеніміз, бір ғана Отанымыз бар - ол Тәуелсіз Қазақстан». Бұл таңдаудың мәнін ұғыну - бірігудің басты негізі.

Тұжырымдаманы әзірлеу барысында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымның ұсыныстары ескерілді. Тұжырымдама Қазақстанның барлық өңірлерінде талқыланды.

Тұжырымдама қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, басқарушылық шаралар жүйесін қабылдауға негіз болады.

ҚХА Хатшылығы Мемлекет басшысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Тұжырымдаманы, сондай-ақ «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру жөніндегі жұмысы туралы жыл сайын есеп береді.

Қазақстан тәуелсіз және демократиялық мемлекет ретінде орнықты. Елде қазақстандық бірегейлік пен бірліктің барлық қажетті саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани негіздері қаланды.

Біріншіден, тәуелсіздік алған кезден бастап Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекет құру саясатын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»
1991 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы тәуелсіз жаңа Қазақстанның, ел дамуының құндылықтары мен басымдықтарының сипатын айқындаған негізгі құжатқа айналды.

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері - Ту, Елтаңба және Гимн бекітілді.

1995 жылғы 30 тамыздағы Конституция нәсіліне, ұлтына, дініне және әлеуметтік тиесілігіне қарамастан барлық азаматтар құқықтарының теңдігіне кепілдік берді.

Конституция этностық, тілдік, мәдени, діни әралуандылықты мойындау негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудың азаматтық қағидаттарын бекітті.

Конституцияда қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық және қазақстандық патриотизм ұғымдары бекітілді.

Қазақстанның жаңа елордасы - Астана қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудың айшықты символына айналды.

Екіншіден, бүгінде Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей үлгісі табысты іске асырылды. Оның авторы және архитекторы - Президент Н.Ә. Назарбаев.

Көпэтносты және көпконфессиялы қоғамды топтастыру үшін ҚХА институты ойдағыдай жұмыс істеп келеді.

ҚХА қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту ісінде басты рөл атқарады, қоғамда тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін конституциялық орган болып саналады.

2007 жылдан бастап ҚХА Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне өз өкілдерін жібереді.

ҚХА мәртебесі «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы
20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген.

Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениетін, тілі мен дәстүрлерін қолдау және дамыту жүйесі қалыптасты.

Барлық өңірлерде 900-ден астам этномәдени бірлестік, 192 этноағарту кешені мен достық үйлері жұмыс істейді.

Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға және дамытуға ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен өңірлердегі ғылыми-сарапшылық топтар, ҚХА қоғамдық келісім кеңестері, ҚХА Аналар кеңесі, ҚХА Медиация орталығы, ҚХА Журналистер клубы, ҚХА кафедралары, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы қомақты үлес қосып отыр.

ҚХА қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды.

Осыған ұқсас құрылымдар Астана, Алматы қалалары мен облыстар әкімдерінің аппараттары жанынан да құрылды.

Бірлік пен келісімнің «Бірлік - әралуандылықта», «Бір ел - бір тағдыр» сияқты тұғырлы қағидаттары  қалыптасты.

Үшіншіден, байыпты мемлекеттік тіл саясаты жүргізіледі.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев қазақстандықтарды біріктіруші басты фактор болып саналатын қазақ тілін одан әрі дамытуға барлық  күш-жігерді жұмсау қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Сонымен бірге, елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің өз ана тілінде еркін сөйлеуіне, оқуына және тілдерін дамытуына қолайлы жағдай жасау қажет.

Тілдерді қолдану және дамытудың, білім мен ғылымның 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламалары іске асырылуда.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беруді дамытуды қоғам бірлігінің және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кепілі ретінде белгілеп берді.

Төртіншіден, Қазақстан қоғамын әлеуметтік жаңғыртудың бағыты ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының қағидаттары әзірленді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты 2012 жылғы бағдарламалық мақаласында еңбек жаһандық бәсекелестік жағдайында әлеуметтік игілікке жеткізетін, тұрақтылық кепілі ретінде орта тапты қалыптастыруды қамтамасыз ететін  басты фактор ретінде аталды.

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында  экономика мен әлеуметтік саланы одан әрі дамытудың еңбек сапасы мен өнімділігін арттыруға бағытталған  басымдықтары белгіленді.

Бесіншіден, «Қазақстан - 2050» стратегиясында Жаңа қазақстандық патриотизм қағидаттары айқындалды, ол әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылудың басты шарты ретінде көрсетілді.

Жаңа қазақстандық патриотизмнің тұғыры - барлық азаматтардың теңдігі және Қазақстанның жемісті дамуына деген ортақ жауапкершілігі.

Алтыншыдан, «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылғы Жолдауында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы ұсынылды.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы - қазақстандық  бірегейлік пен бірлікті, қоғамдық келісімді қалыптастыратын құндылықтар жүйесі.

Бірінші. Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана.

Екінші. Біздің қоғамдағы жалпыұлттық бірлік, татулық пен келісім. Азаматтық теңдік - табысты және орнықты мемлекеттің тұғыры.

Үшінші. Зайырлы қоғам және биік руханият.

Төртінші. Индустрияландыру және инновациялар негізіндегі экономикалық өсім.

Бесінші. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, онда еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімге құрмет игіліктің негіздері болып саналады.

Алтыншы. Тарих, мәдениет және тіл ортақтығы.

Жетінші. Ұлттық қауіпсіздік, бүкіләлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге еліміздің белсене қатысуы.

Қазақстан бүгінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамытудың жаңа сапалы кезеңіне аяқ басты.

Мемлекет құрудың жаңа сатысына көшу Президент Н.Ә. Назарбаев ұсынған бес институттық реформада белгіленді.

Жаңа кезеңнің мақсаты - болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру.

Жаһандық экономика мен әлемдік саясаттың қазіргі заманғы даму  үрдістері жаңа қауіп-қатерлер туындатуда.

Бұл жағдайда мемлекет саясатының негізгі бағытының бірі ұлтты ұйыстыру болып табылады, ол азаматтық негізде неғұрлым тиімді жүзеге асырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев болашағы біртұтас ұлтты қалыптастырудың мынадай басты бағыттарын айқындап берді:

1)  негізгі өзек - азаматтық қағидатына негізделген қазақстандық бірегейлік пен «Мәңгiлiк Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы;

2)  заң үстемдігінің жалпыұлттық құндылықтарын бекіту;

3)  конфессияаралық келісімді нығайту;

4)  орта тап - қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру негізі;

5)  Қазақстанның барлық азаматтары үшін қандай да бір айырмашылықтар мен шектеулерсіз тиімді әлеуметтік лифтілер қалыптастыру;

6)  тілдердің үштұғырлығын: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін дамыту.

Қазақстандық бірегейлік адамның тұлғалық және кәсіби өсуі үшін тең мүмкіндіктер жүйесіне, өзінің және балаларының қауіпсіздігі кепілдігіне, тұрмыс сапасына, тұрақтылыққа негізделіп қалыптастырылады.

Болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының бес институттық реформасының барлығын тиімді іске асыруға негізделеді:

1.     кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру (меритократия, ашық әлеуметтік лифтілер, азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету);

2.     заң үстемдігі (әділ сот, тең құқықтар, кәсіби және қызметі ашық полиция, құқық бұзушылыққа «мүлде төзбеу»);

3.     индустрияландыру және экономикалық өсім (орта тапты күшейту, шағын және орта бизнес үшін мүмкіндіктерді кеңейту, жаңа жұмыс орындары, қолайлы бизнес-ахуал);

4.     транспарентті және есеп беретін мемлекет (мемлекеттік аппараттың қоғам алдындағы есептілігі, жергілікті өзін-өзі басқару, қоғамдық кеңестер, шешім қабылдаудың ашық процестері, азаматтық қатысу).

Тұтастай алғанда, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту мемлекет құрудың жаңа кезеңінің талабына байланысты болады әрі Н.Ә. Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім моделіне негізделеді.

Әлемдік тәжірибе  бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудың алуан түрлі  тәжірибелері бар екенін көрсетеді.

Халықаралық тәжірибені, атап айтқанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) елдерінің тәжірибесін зерттеу қазіргі әлемде бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту саласында бірыңғай стандарттардың жоқ екенін көрсетеді.

Бағдарға алынатын халықаралық құжаттар: Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы (1948 ж.), Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы БҰҰ  конвенциясы (1965 ж.), БҰҰ-ның азаматтық және саяси құқықтар туралы, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактілері (1966 ж.), Ұлттық немесе этностық, діни және тілдік азшылық өкілдерінің құқықтары туралы БҰҰ декларациясы (1992 ж.), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Еуропа кеңесінің  ұсынымдары.

Қазақстан әлеуметтік-мәдени және гуманитарлық даму саласында
180-нен астам халықаралық құжатты ратификациялады.

Қазақстанда енгізілген ЭЫДҰ елдері этносаясатының базалық жалпы бағыттары:

1.     кемсітушілікке тыйым салу және заң алдындағы толық теңдік;

2.     әсіресе, білім беру арқылы мәдениеттің әралуандылық рухын нығайту, сондай-ақ терроризм мен экстремизмді қандай да бір дінмен, мәдениетпен, этноспен ұштастыруға  жол бермеу;

3.     этностың өз мәдениетін пайдалану, өз дінін ұстану, ана тілінде сөйлеу құқығын қамтамасыз ету, зорлықпен ассимиляциялауға жол бермеу;

4.     барлық этностың қоғамдық  жұмыстарға қатысуы;

5.     теле- және радиохабар таратуға этностар қолжетімділігін қамтамасыз ету, этнос тілдеріндегі БАҚ басылымдарына  қолдау көрсету.

ЭЫДҰ елдерінде бірегейлік пен бірлік саласындағы мемлекеттік саясат нақты факторларға - меритократияға, кәсіби мемлекеттік аппараттың транспарентті жұмысына, заң үстемдігіне, тиімді экономикаға, мемлекеттің есеп беруіне, тұрмыс сапасына негізделеді.

Қазақстанда бұл жұмыс «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарында көзделген.

Тұжырымдаманы іске асыру кезінде ЭЫДҰ елдерінің мынадай тәжірибелері енгізілетін болады:

1.     үкіметтік емес ұйымдарды (бұдан әрі - ҮЕҰ) дамыту саласында - жобаларды, бағдарламаларды жария талқылау; қоғамдық мониторингті дамыту үшін интернет-технологияларын қолдану; ҮЕҰ-ға гранттық қолдау; қайырымдылықты дамыту;

2.     білім беру саласында - үштұғырлы тіл негізіндегі оқыту әдісін енгізу; білім және өндірістік оқыту саласында тиімді оқыту технологияларын іске асыру;

3.     жастар саясатын жетілдіру саласында - ЭЫДҰ-ға мүше елдердің тәжірибесі бойынша жастар кеңестерінің және жастардың ресурстық орталықтарының жұмысын жаңғырту; жыл сайынғы «Қазақстан жастары» баяндамасын  қалыптастыру жөнінде халықаралық тәжірибені енгізу;

4.     спорт саласында - саланың қазіргі кездегі ғылыми әлеуетін қалыптастыру; Қазақстанның халықаралық спорт ұйымдарымен байланысын одан әрі дамыту; балалармен және жастармен жұмыс әдістерін жетілдіру; спорттық резервті дайындау және дамыту; жоғары білім стандарттарына жаңа мамандықтарды енгізу.

Сонымен бірге, ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі мынадай жобаларға енгізіледі: мәдениет саясатын, медиа саланы; шет елдерде тұратын отандастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды, сондай-ақ музейлерді жаңғырту; кино және теле жобалар жасау; ел ішінде және шет елдерде жалпыұлттық және өңірлік брендтерді қалыптастырып, ілгерілету; саламатты ұлт қалыптастыру; ұйыстырушы құндылықтарды зерттеу жөнінде халықаралық тәжірибе.

Тұжырымдаманың мақсаты - азаматтық қағидаттарына және
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарына негізделген қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту.

Тұжырымдаманың міндеттері:

1.     азаматтық қағидаттарында қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту жөнінде барлық  деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының бірыңғай жұмыс жүйесін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтары негізінде жаңа қазақстандық  патриотизмді құру;

2.     ел дамуының стратегиялық мақсаттары төңірегіне топтасқан, қазақстандық бірегейлік пен бірлік қағидаттарында тәрбиеленген «Мәңгілік Ел» жаңа қазақстандық патриотизм ұрпағын қалыптастыру;

3.     еңбек және кәсіпқойлар қоғамын қалыптастыру, онда отбасы, достық, бірлік, сондай-ақ еңбексүйгіштік, адалдық, оқығандық пен білімділік, үштілділік сияқты құндылықтар дәріптеледі;

4.     орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тарихи ескерткіштер мен халықтың рухани-мәдени мұраларын нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан қоғамының рухани бірлігі қағидаттарына негізделген мемлекеттің зайырлы сипатын дамыту жөніндегі шараларға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асыруы;

5.     орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Тұжырымдама іс-шараларын, сондай-ақ болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметін мониторингтеу, есеп беру және бақылау тетігін қалыптастыру.

Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту жүйесі мемлекеттің, азаматтық қоғам институттары мен азаматтардың мына салалардағы бірлескен іс-қимылы негізінде құрылады:

1.     ғылым және білім беру;

2.     мәдениет, әдебиет, өнер, спорт, туризм;

3.     бұқаралық ақпарат құралдары;

4.     ҮЕҰ, саяси партиялар;

5.     бизнес және әлеуметтік кәсіпкерлік;

6.     мемлекеттік қызмет.

Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту жөніндегі бүкіл жұмыс ҚХА аясында және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы төңірегінде мына бағыттар бойынша жүргізілетін болады.

Бірінші. Азаматтық қағидат негізіндегі бірегейлік.

Екінші. Ұлттың тәуелсіздік жылдарындағы тәжірибесін көрсететін  құндылықтар жүйесі - «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын ілгерілету.

Үшінші.Үштұғырлы тіл.

Төртінші. «Мәңгілік Ел» ұрпағын өрбіту.

Тұжырымдама әлеуметтік институттардың, мемлекеттік басқару органдарының, үкіметтік емес сектордың, бизнес құрылымдарының және ел азаматтарының жүйелі, жоғарыдан төмен және бір деңгейдегі өзара байланысы қағидаттарына негізделіп іске асырылады.

Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін жұмыс мынадай бағыттарда іске асырылатын болады.

1.   «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарын қоғамдық сана мен мәдениетте, мемлекеттік басқару, білім және тәрбие беру жүйелерінде орнықтыруды қамтамасыз ету.

2. «Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы.

Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға, болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік, ақпараттық және ғылыми жобалар кешенін іске асыру.

Басым жобалар: «Ұрпақ+» балалар мен жасөспірімдердің мәдени ағарту жобасы; жалпыұлттық мерекелер күнтізбесін түзу; мемлекеттік рәміздерді пайдалану жүйесін жаңғырту; мәдени-туристік кластерлер мен этноауылдарды қалыптастыру жөнінде жекелеген өңірлердің табысты тәжірибесін одан әрі тарату; ҚХА қолдауымен қайырымдылық пен медиацияны, сондай-ақ қоғамдық бақылау институттары ретінде ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерін дамыту; ҚХА-ны дамытудың жаңа тұжырымдамасы.

Қайырымдылық қызметтің және қоғамдық бақылау мен медиация тетіктерін үйлестіруші болатын ҚХА-ны дамытудың жаңа бағыты жобаны іске асырудың нәтижесі болмақ.

3. «Менің елім» жалпыұлттық жобасы.

Қазақстан Республикасының мәдениет саясатының, оның ішінде әдебиет, театр, музыка, хореография, орындаушылық және цирк өнері саласындағы саясаты тұжырымдамасын жаңғырту көзделеді. 2025 жылға дейінгі дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және іске асыру.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде  отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға басым назар аударылатын болады.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен жұмыстың жаңа форматын енгізу көзделеді.

Қазақстан Республикасында ҮЕҰ-ны дамытудың жалпыұлттық жоспары қоғамды әлеуметтік жаңғырту шеңберінде мемлекет пен ҮЕҰ  өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпыұлттық және өңірлік брендтерді қалыптастыру мен ілгерілету Қазақстанды әлемнің тануына, танымалдығының артуына ықпал ететін болады.

Кең ауқымды «Қазақстан энциклопедиясы» интернет жобасы елдік анықтамалық және виртуалды қарым-қатынас алаңына айналады.

Қазақстанның жетекші музейлері жұмысының форматын жаңғырту оларды қоғамдағы әлеуметтік оқиғалар орталығына айналдыруға мүмкіндік береді.

4. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету жөніндегі жалпыұлттық жоба.

Жаһандық бәсекелестік жағдайындағы еңбек - әлеуметтік  әл-ауқатқа қол жеткізудің басты факторы.

Қазақстандықтардың жетістіктерінің тарихын ілгерілетуге және Еңбек адамының беделін арттыруға бағытталған арнайы жобалар іске асырылатын болады.

5. «Нұрлы болашақ» жалпыұлттық жобасы.

Жобаның басты мақсаты - 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру аясында мемлекет құрудың жаңа кезеңінде жастарды табысты түрде әлеуметтендіру және патриоттық тәрбиені жетілдіру.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын оқу бағдарламаларына енгізу жас ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Үш тілде білім беруді енгізу мақсатында арнайы Жол картасы іске асырылатын болады, 2020 жылға дейінгі тілдерді қолдану мен дамыту, білім мен ғылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жаңғыртылды, сондай-ақ үш тілде білім беруді ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шаралар жоспары іске асырылды. Қазақстандық құндылықтарды зерттеу жөніндегі жалпыұлттық орталық құрылатын болады.

6. Болашағы біртұтас ұлтты ілгерілету жөніндегі жалпыұлттық ақпараттық жоба.

Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту және одан әрі дамыту жөніндегі жаңа тұжырымдамалық тәсілдер енгізілетін болады, «Болашағы біртұтас ұлт» ақпараттық науқаны, «Болашаққа 100 қадам» медиажоспары іске асырылады.

«100 нақты қадам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» ұлттық жоспарының барлық бағыттарының іске асырылу барысын медиа қолдау үшін «100kadam.kz» сайты жұмыс істейді.

«Мәңгілік Ел» арнаулы кешенді жоспары аясында тарих және тарихи тұлғалар, Қазақстан мәдениеті және елдің бүгінгі өмірі туралы кинокартиналар, телесериалдар мен хабарлар түсіру болжанады.

Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері.

1.     2015 - 2020 жылдар:

1.     ҚХА туралы заңнаманы жетілдіру;

2.     елдегі қоғамдық келісім кеңестерінің жүйелерін одан әрі дамыту;

3.     ҚХА медиация жүйесін және ҚХА қайырымдылық жүйесін қалыптастыру;

4.     қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру;

5.     заңнаманы жаңғырту және ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдаудың жаңа нысандарын (гранттар мен сыйлықтар) енгізу.

2.     2021 - 2025 жылдар:

1.     білім беру жүйесін үш тілге көшіруді аяқтау;

2.     ҮЕҰ-ның жергілікті басқаруға қатысуын кеңейту;

3.     елде қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыруды жетілдіру;

4.     «Мәңгілік Ел» құндылықтарын қоғам мәдениетінің негізі ретінде бекіту;

5.     жаңа қазақстандық патриотизмді нығайту үшін жағдайлар жасау;

6.     өскелең ұрпақтың бірегейлігі және оларды әлеуметтендіру саласының тетіктері мен инфрақұрылымын дамыту  және нығайту.

Тұжырымдаманы тиімді іске асыру Болашағы біртұтас ұлт тұжырымын жүйелі дамытуға ықпал ететін болады, Н.Ә. Назарбаев моделінің табысты ілгерілеуін және оның мызғымастығын  қамтамасыз етеді.

Бірінші. Қоғам санасында Болашағы біртұтас ұлттың жаңа түсініктері мен базалық тұжырымдары қалыптасатын болады:

1.     жалпыға ортақ мәдениет пен прогресс жолындағы ұлт;

2.     зияткер ұлт;

3.     еңбек және кәсіпқойлар ұлты;

4.     инновациялық ұлт;

5.     саламатты өмір салтын ұстанатын ұлт.

Екінші. Азаматтық қағидат негізіндегі қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуда және дамытуда практикалық нәтижелерге қол жеткізілетін болады.

Мемлекеттік органдар мен ҚХА жұмысын жетілдіру саласында:

1.     қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту саласында барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының жұмысын үйлестіруші ретінде ҚХА-ның жаңа функциялық бағыттарын дамыту, қайырымдылықты үйлестіру, медиацияны және қоғамдық бақылауды дамыту;

2.     барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының «Бірегейлік және бірлік» бағытындағы іс-шараларды іске асыру бойынша ведомствоаралық үйлестіру және өзара іс-қимыл тетіктерін  жасау;

3.     орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, қоғамдық келісімді нығайту және дамыту саласындағы қызметін мониторингтеудің, есеп беру және бақылаудың жаңа тетіктерін енгізу;

4.     азаматтық қағидаттары мен болашағы біртұтас ұлттың негізі ретінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтары негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қоғамның жұмыс жүйесін жаңғырту;

5.     қоғамдық келісім мен халық бірлігін нығайту жөніндегі институттардың жаңа инфрақұрылымын қалыптастыру.

Мәдениет, білім беру, жастар, отбасылық-демографиялық  және гендерлік саясат саласында:

1.     болашағы біртұтас ұлттың негізі ретінде жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі тұжырымдары мен тәсілдерін ілгерілету;

2.     ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты шарты ретінде үштілділікті дамытудың инфрақұрылымы мен шарттарын жаңғырту;

3.     жаңа қазақстандық патриотизм, қазақстандық бірегейлік пен бірлік қағидаттары негізінде білім беру және жастар саясаты саласындағы жұмысты жаңғырту;

4.     отбасылық-демографиялық және гендерлік саясатты және оның отбасы институтын, ана мен бала құндылықтарын нығайту жөніндегі құндылық негізін  жаңғырту;

5.     экономика мен әлеуметтік еңбекпен қамту сегменттері ретінде мәдениетті, туризмді және спортты дамытудың жаңа стратегиялық тәсілдері;

6.     бұқаралық дене шынықтыру мен спортты, саламатты өмір салтын танымал ету, ұлттық және олимпиадалық спорт түрлерін дамыту және халықаралық аренада еліміздің спорттағы жетістіктерін көбейту.

Қоғамдық келісімді, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті одан әрі нығайту, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына табысты қосылуы үшін болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру Тұжырымдаманы іске асырудың басты нәтижесі болады.

Түйін

Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.

Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты.

Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.