ШОЛУ: Қазақстандағы экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері
Қоршаған орта және жаһандық жылыну
Қазіргі таңда жаһандық жылыну үрдісі қоршаған ортаға орасан зор қауіп төндіріп келе жатыр. Жаһандық жылыну және Қазақстан үшін жаңа экономикалық нақтылық туралы айтар болсақ, қазіргі әлемде экономикасы дәстүрлі аграрлық салаға бейімділіп, артта қалып қойған мемлекеттен бастап, ғылым мен техниканың барлық соңғы жетістіктерін жетік игерген қуатты индустриалды державаларға дейінгі даму деңгейі ала-құла мемлекеттер бар екендігі белгілі. Ал Қазақстан болса, дамушы елдердің қатарына жатады әрі «Қазақстан-2050» стратегиялық жоспарын жүзеге асыру арқылы барынша дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат тұтып отыр. Қазақстанның дамуына бағытталған барлық жоспарлар мен бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстары әлемдік экономикадағы ортақ ахуалмен байланысын үзбестен орын алып жатқаны сөзсіз. Айта кетерлігі, 2000 жылдардың басынан бергі қарқынды экономикалық өсім әлемдік нарықтағы мұнай бағасының көтерілуімен және біздің елімізде қара алтынды өндіру көлемінің артуымен қамтамасыз етілген еді. Қазіргі уақытта мұнай бағасы айтарлықтай төмендеп, соңғы жылдың ішінде шамамен 4 есеге құлдырап кетті. Әрине, мұның барлығы сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімнің бұзылуынан орын алып отырғандығы белгілі. Бұған қоса, қара алтын нарығы барынша сезімтал келеді. Сондықтан да таяу жылдардың ішіндегі ахуал түбегейлі өзгеріске ұшырауы мүмкін деген болжамға сүйенуге тура келеді. Дегенмен, әлемдік экономикадағы үрдіс мынадай: мұнай, газ, сонымен қатар көмір алдағы ұзақмерзімді болашақта экспорттаушылардың негізгі өнімі ретінде тапшылықсыз өмір сүрудің кепілі болып қарастырыла алмайды. Бүкіл әлемнің ғалымдары көптеген жылдардан бері тізе қосып, шешімін табу үшін тынбай еңбектеніп келе жатқан жаһандық проблемалардың бірі ғаламдық жылымық кезеңін туындап болып отырғаны анық. 20-шы ғасырдың басынан бері ауаның орташа температурасы 0,74 °C-қа жылынса, соның үштен бірі 1980 жылдан кейінгі кезеңнің үлесіне тиеді. Температура өзгеріске ұшырауының негізгі бөлігін адамзат баласының іс-әрекет салдарынан туындаған парникті газ концентратының шамадан тыс артуы құрап отырғандығын әлем жұртшылығы мойындап та отыр. Ал 21 ғасыр ішіндегі температураның өсу мүмкіндігі эмиссияның ең төменгі мөлшерінде 1,1-2,9 градус, ал ең жоғары эмиссия кезінде 2,4-6,4 градус аралығында болуы мүмкін. Жаһан жылынуының нәтижесінде барынша ең жоғарғы температура белгіленеді, Жер шарының барлық өңірлерінде ыстық күндер саны артып аязды күндер саны қысқарады. Бұған қоса, құрлықтық аудандардың басым бөлігінде жылу толқыны жиі орын алып, температураның таралуы қысқарады. Халықаралық энергетикалық агенттің соңғы баяндамасында энергия тасымалдаушыларға сұраныстың төмендеуі қыстың жылы болып басталуымен байланысты екендігі айтылған. Жылынудың нәтижесінде 2016 жылы мұнайға деген сұраныс тәулігіне 95,8 млн. баррельден 95,7 млн. баррелге дейін төмендеді. Бұл үрдіс Жердегі климаттының жылына түсуіне байланысты күшейе түсіп, энергия тасымалдаушы елдердің экономикалық дамуына кері әсерін тигізетіндігі анық. Бірақ, жаһандық жылынуға қармастан-ақ мұнай, газ және көмірге деген сұраныстың күрт төмендеуі де орын алуы мүмкін. Өйткені, өнеркәсібі дамыған және аталған тауарлардың негізгі тұтынушысы саналатын елдердің басым бөлігі ұйымшылдықпен парникті газдар шығарындыларын төмендету үшін көп күш-жігер жұмсауда. Әлемнің 190-нан астам елі Киото хаттамасын ратификациялаған. Аталған халықаралық келісім 1997 жылы Киотода БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы рамалық конвенциясына қосымша ретінде қабыланған еді. Құжат дамыған елдермен мен көшпелі экономикадағы елдерге парникті газдар шығарындыларын қысқартуды немесе тұрақтандыруды міндеттейді. Айта кетерлігі, бұл елдерге әлемдегі жалпы шығарындылардың 63,7 пайызы тиесілі және осыған сәйкес бұл мемлекеттер көмірсутегі шикізатының негізгі тұтынушылары болып отыр. Жиынтық құны 3 трлн. долларды құрайтын активтерді басқаратын инвесторлар тобы әлемнің ірі мұнай, газ және көмір корпорацияларына хат жолдап, онда мемлекеттердің климаттық өзгеруі қаупімен күресіне байланысты отынның қазба түрлеріне сұраныстарын төмендетуі мүмкін екендіктерін ескертті. Компанияларға 2050 жылға қарай парникті газдарға эмиссия көлемін 80 пайызға дейін қысқарту туралы Үкіметтердің жоспарынан туындайтын тәуекелдерге бағалау жүргізу ұсынылуда. Болжамға сәйкес, мұндай қысқарту жаһандық ауқымда температураның артуын 2 градустан өсірмеуі тиіс. Инвесторлар отынның жерден алынатын түрлеріне сұраныс күрт төмендейтін болса, бағаның да құлдырайтындығын ескертуде. Олар 2012 жылы 200 ірі компанияның жаңа кен орындарын игеруді қаржыландыруға бөлген 674 млрд. доллар көлеміндегі қаржыларын қайта қарастыруға шақыруда. Бұл ретте АҚШ-тағы ірі зейнетақы қорларының бірі Calpers қорының бас директоры Энн Стаусболл инвесторлардың ұстанымын: «Біз климаттық апатқа инвестиция сала алмаймыз», - деп әдемі түйіндеп берген еді. Сарапшылардың бағалауынша, мұнай-газ компаниялары парникті газдар шығарындыларына шектеу енгізілетін әлемде нарықтық капиталдың 40-тан 60 пайызына дейін жоғалтуы мүмкін. Халықаралық энергетикалық агенттік таратқан мәлімдемеге сәйкес, егер әлем температура өсімін 2 градуста шектеу туралы мақсатты ұстанатын болса, онда 2050 жылға қарай отынның қазып алынатын түрінің нақтыланған қорының небәрі үштен бірі ғана кәдеге жаратылатын болады. Тағы бір сарапшы, Scottish Widows Investment Partnership компаниясы тұрақты даму бөлімінің жетекшісі Крейг Маккензи инвесторлар арасында отынның жерден қазып алынатын түріне сұраныстың төмендеуі ұзақмерзімді келешектегі іс деп саналатындығына қарамастан бұл процестің одан жылдамырақ орын алатындығына сенімді. Оның мұндай сенімін көмірсутек отынын пайдаланбайтын автомобильдің, ұшақтың және көліктің басқа да жаңа түрлерінің жылдам жасалып, нарыққа шығарыла бастауы да қуаттай түседі. Ал жалпы ұлттық өніміндегі мұнай-газ секторының үлесі 25 пайызды құрайтын біздің еліміз үшін мұның барлығы да нені білдіреді? Бұл сауалды Елбасы Н.Назарбаевтың «индустриалды-инновациялық дамуға балама жоқ» деген сөзімен-ақ түйіндеуге болады. Ал Қазақстанда қабыланған барлық жоспарлар мен бағдарламалар дәл осы дамуға бағытталып отыр.
Бұл мәселеге орай, Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесу барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық табиғи апаттардың артуына алаңдаушылық білдірді. «2000 жылдан бастап табиғи апаттар саны күрт артып кетті. Олардың жиынтық залалы жүздеген миллиард доллардан асып жығылады. Мұндай жағдайда қоршаған ортаны қорғау өркениеттің тұрақты дамуы үшін міндетті шарт болып көрінеді. Өздеріңіз де білетіндей, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы - «Болашақ энергиясы». Бұл Қазақстанның БҰҰ-ның «Барлығы үшін тұрақты энергия» бастамасын жүзеге асыруға қосқан үлесі», - деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Елбасы кездесуге қатысушы елшілердің елдерін, халықаралық ұйымдарды аталған көрмеге қатысуға шақырды. «Барлық нысандардың құрылысы осы жылдың соңында аяқталады. Меніңше, біздер келесі жылы бүкіл әлем алдында бұл көрмені лайықты деңгейде өткізуге дайын боламыз», - деді ҚР Президенті.
Ал зерттеушілердің айтуынша, жаһандық жылынуға ағаштар кінәлі.Ағаш егу табиғи ортаны жақсартады, алайда оның зияны да бар екен. Еуропада 1750 жылдан кейін егілген ағаштар жаһандық жылынуға ықпал етуде, деп жазады Science басылымы.1750-1850 жылдары көп кесіле бастаған Еуропадағы орман күрт азайып кеткен (190 000 км2). Алайда 1850-2013 жылдары негізгі энергия көздеріне көмір, мұнай, газды пайдаланудың арқасында Еуропада орман алаңы екі есеге жуық ұлғайған. Бұл жерлерге жылдам көктейтін, экономикалық бағалы тұқымды ағаштар өсіріле бастады. Алайда бұл саясат жаһандық жылынуға алып келуде. Біріншіден, орманды тазалау атмосфераға жапырақта, өлі ағаштарда және топырақта болған көміртек бөлінуіне ықпал етеді. Екіншіден, қылқан жапырақты ағаштар ғарыштан келетін күн радиациясының мөлшеріне - альбедоға елеулі әсер етеді. Қарағай, шыршалар емен, шамшатқа қарағанда, жылуды көбірек қабылдайды. «Қазіргі ағаштар 18 ғасырдағы ормандарға қарағанда көмірқышқылды екі есе аз қабылдайды. Қылқан жапырақты ағаштардың көптігі Еуропаны 0,12° «жылытты». Бұл өсім отынның қазылып алынатын түрлерін жағудан жаһандық жылынуға ықпал ететін әсердің шамамен 6 пайызына тең», - деп мәлімдеді мақаланың авторы Ким Наудтс.
Сондай-ақ жаһандық жылыну мәселелері ғалымдарды да алаңдатып отыр. Олар мұхиттың жылу жылдамдығын анықтады.Питер Глеклер басқарған америкалық ғалымдар мұхиттың жылу жылдамдығын анықтады. 1997 жылдан мұхиттағы антропогендік жылу мөлшері екі есеге артқан, деп хабарлады epochtimes.ru. Адамның антропогендік қызметі Жердегі жылу энергиясының артуына әкеледі. Бұл жаппай жылудың басты себебі. Мұхит жылудың 90% сіңіріп, оның атмосфераға тарауына кедергі келтіреді. Жылудың басым бөлігі мұхиттың қалыңдығы 700 метрлік жоғары бетінде болады. Соңғы 18 жылда әлемдік мұхит жылу энергиясын 132 жыл мерзіміндегі көлемінде сіңірген. Бұрынғы зерттеулер 1906 жылдан 2005 жылға дейін Жер бетіндегі ауаның орташа температурасы 0,74 градусқа өскенін көрсетті. Осы мерзімнің екінші жартысында біріншімен салыстырғанда жылу қарқыны тым жоғары болған.
Ғалымдар мұнымен ғана шектеліп қоймай, жылынуға қатысты басқа да жайттарды барынша зерттеп-зерделеуде. Олардың айтуынша, мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит деңгейі біз ойлағаннан да жылдам көтеріліп келеді. Гренландияда мұздың еруі әлемдік мұхит деңгейінің болжанғаннан да жылдам көтерілуіне әкелуде. Әлемдегі аралдардың ірі мұз жамылғысының қалыптасуын зерделеуші Дания, Гренландия геологиялық барлау қызметінің қызметкерлері осындай тұжырым жасады. Ғалымдар 2009-2010 жылғы жазғы ыстық кезеңде қар қалыңдығы мен мұз қабыршағы мұхитқа құйылатын ағын суды ұстап тұратын қабілетін жоғалтқан. Бұл бұрын ескерілмеген жағдай, яғни, адамзат болжағаннан бұрын климаттың жылына бастайтынын білдіреді.Videnskab.dk атты даттық ғылыми интернет порталына берген сұхбатында зерттеуге қатысқан профессор Джейсон Бокс бірнеше аномалиялық жылы маусымдардан кейін қар қабатының бетіне көп су жиналып, тығыз мұзды қабыршық қалыптастыратынын айтты. Бұл кейіннен ағын судың тереңге ағуына кедергі келтіріп, қатуына ықпал етеді. Суды ұстайтын қабаттың қалыңдығы Гренландияның кей аудандарында 40 метрге жетсе, ол енді 3 метрге дейін жұқарған. Әрі, ғалымдар әзірге бұл құбылыстың қаншалықты таралғанын анық білмейді. Гляциолог Дирка ван Асаның айтуынша, Гренландиядағы мұз жамылғысы құрылымының өзгеруі - климаттың жаһандық жылынуының тікелей салдары. Ғалымдар оны қалпына келтіру бірнеше жылдарды қамтитынын атап өтеді. Бұл аралдарда жазғы ауа райы аса жоғары болмаған кезде қолға алынуы тиіс. Бұл туралы мақала Nature журналының соңғы нөмірінде жарияланды.
Қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңдар
Жаһандық жылынудан өзге, қоршаған ортаны қорғау және экология мәселелері бүгінгі таңда жер шарындағы әр елді алаңдатып отыр. Соның ішінде Қазақстан да оған барынша алаңдаушылық танытуда. Қазіргі кезде бұл тұрғыда атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы ретінде - ел экологиясын жақсартуға бағытталған заңдардың қабылдануын атап өтсек. Атап айтқанда, Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жағдайы бойынша жыл сайынғы ұлттық баяндама шығарылады. Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Аталған заң жобасының мақсаты ұлттық экологиялық заңнаманы Орхус конвенциясына сәйкес келтіру болмақ. Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау процесіне және әділсотқа қол жетімділікті іске асыру туралы конвенцияның (Орхус конвенциясы) негізгі функциялары қоршаған орта саласындағы мәліметтердің ақпараттық қорын қалыптастыру болып табылады. Бұдан бөлек, ақпараттарды қолдану мен жеке және заңды тұлғалардың сұрауы бойынша экологиялық ақпарат ұсыну қамтамасыз етіледі. Заң жобасына сәйкес парниктік газ шығарындыларына квота белгілеу, беру және өзгерту мәселелері бойынша Экологиялық кодекске өзгерістер енгізу күтіледі. «Заң жобасы аясында қоғамдық есеп берулерді өткізу процедураларына өзгерістер енгізіліп, қоршаған ортаның жағдайы және табиғи ресурстарды пайдалану туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама әзірлеу қарастырылады. Бұдан бөлек, шығарындылардың мемлекеттік тіркелімін құру көзделеді», - деді Энергетика министрі Владимир Школьник. Оның айтуынша, заң жобасына сәйкес, міндетті түрде экологиялық қоғамдық тыңдаулар өткізілетін жобалар мен экономика қызметтерінің саласы айқындалады. Сонымен бірге, табиғатты пайдаланушылармен қол қойылғаннан кейінгі бес күннің ішінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы жарияланады. Осылайша, заң жобасымен экологиялық ақпараттардың мемлекеттік қоры арқылы қоғамды ақпараттандыру жүйесінің тәртібі қарастырылып отыр. Тұтастай алғанда, заң жобасы арқылы ұсынылатын өзгерістер мен толықтырулар квоталаудың тиімді жүйесін енгізуге, парниктік газдар шығарындыларына квоталарды ішкі саудалауға қатысты болып отыр.
Тіпті, жоғарыда айтылған Ұлттық заңнаманы Орхус конвенциясына сәйкес келтіру мәселесіне арналған кеңес - Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақты дамыту комитетінде де өтті. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.Аталған заң жобасының мақсаты ұлттық экологиялық заңнаманы Орхус конвенциясына сәйкес келтіру болмақ.. Сонымен қатар, қоршаған ортаның жағдайы мен табиғи ресурстарды пайдалану бойынша жыл сайынғы Ұлттық баяндама шығару көзделеді. Бұдан бөлек, экологиялық ақпараттың аса маңызды көздерінің бірі - шығарындылар мен ластаушылардың ауысуы туралы мемлекеттік тізілім болып табылады. Тұтастай алғанда, заң жобасы арқылы ұсынылатын өзгерістер мен толықтырулар квоталаудың тиімді жүйесін енгізуге, парниктік газдар шығарындыларына квоталарды ішкі саудалауға қатысты болып отыр. Заң жобасы алдағы уақытта өтетін палатаның жалпы отырысына шығарылады. Сонымен қатар Сенат экология мәселелерін қамтыған заңды қабылдады.Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы екінші оқылымда қабылданды. Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады. Аталған құжат ұлттық экологиялық заңнаманы Орхус конвенциясына сәйкес келтіруге бағытталады. Айта кетейік, қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау процесіне және әділсотқа қолжетімділікті іске асыру туралы конвенцияның (Орхус конвенциясы) негізгі функциялары қоршаған орта саласындағы мәліметтердің ақпараттық қорын қалыптастыру болып табылады. Бұдан бөлек, ақпараттарды қолдану мен жеке және заңды тұлғалардың сұрауы бойынша экологиялық ақпарат ұсыну қамтамасыз етіледі. Заң жобасына сәйкес парниктік газ шығарындыларына квота белгілеу, беру және өзгерту мәселелері бойынша Экологиялық кодекске өзгерістер енгізу күтіледі. Аталған мақсатта заң аясында экологиялық ақпараттардың мемлекеттік қоры арқылы қоғамды ақпараттандыру жүйесінің тәртібі қарастырылып отыр. Сонымен қатар, қоршаған ортаның жағдайы мен табиғи ресурстарды пайдалану бойынша жыл сайынғы Ұлттық баяндама әзірлеу көзделеді. Бұдан бөлек, экологиялық ақпараттың аса маңызды көздерінің бірі - шығарындылар мен ластаушылардың ауысуы туралы мемлекеттік тізілім болып табылады. Тұтастай алғанда, заңда қамтылған өзгерістер мен толықтырулар квоталаудың тиімді жүйесін енгізуге, парниктік газдар шығарындыларына квоталарды ішкі саудалауға қатысты болып отыр. Екінші оқылымға әзірлеу барысында сенаторлар тарапынан мемлекеттік экологиялық сараптаманың ашықтығын арттыруға, қабылданатын шешімдерге халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған ескертулер мен ұсыныстар жасалды. Бұл ретте депутаттар ұсынысы бойынша БАҚ қоғамдық талқылаулар өткізу туралы хабарламалар жариялау, жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын орналастыру туралы нормалар көзделген.
Сондай-ақ сенаторлар мемлекеттік экологиялық сараптаманың ашықтығын арттыруды ұсынады. Бұл туралы Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақты дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқылау кезінде белгілі болды. Экологиялық ақпараттың аса маңызды көздерінің бірі - шығарындылар мен ластаушылардың ауысуы туралы мемлекеттік тізілім болып табылады. Тұтастай алғанда, заң жобасы арқылы ұсынылатын өзгерістер мен толықтырулар квоталаудың тиімді жүйесін енгізуге, парниктік газдар шығарындыларына квоталарды ішкі саудалауға қатысты болып отыр. Талқылау барысында сенаторлар тарапынан мемлекеттік экологиялық сараптаманың ашықтығын арттыруға, қабылданатын шешімдерге халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған ескертулер мен ұсыныстар жасалды. Бұл ретте депутаттар ұсынысы бойынша БАҚ қоғамдық талқылаулар өткізу туралы хабарламалар жариялау, жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын орналастыру туралы нормалар көзделіп отыр.
Экологияны қорғау мақсатында қолға алынған тағы бір шара ретінде қоршаған ортаға эмиссияның қысқартылатыны белгілі болды. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.Заң жобасы бойынша қоршаған ортаға эмиссияны қысқарту көзделеді. Сонымен қатар, экология саласында мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің саны қысқарады. Бұдан бөлек, құрлықтық қайраңдарда табиғатты пайдалану құқығын жүзеге асыру барысында мемлекеттік шекараны кесіп өтудің кейбір мәселелері реттеледі. Сондай-ақ, заң жобасында ілеспе газдарды жағу саласындағы мемлекеттік органдардың бірқатар функцияларын орындауды оңтайландыру қарастырылған. Тұтастай алғанда, заң жобасымен «Жер қойнауы туралы», «Жер қойнауын пайдалану туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Құжат алдағы уақытта өтетін палатаның жалпы отырысына шығарылады.
Аталған мәселе Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында да ортаға салынды. Комитетте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын. «Заң жобасы бірқатар жаңа нормаларды қамтып отыр. Біріншіден, қоршаған ортаға эмиссияны қысқарту көзделеді. Екіншіден, экология саласында мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің саны қысқарады. Үшіншіден, құрлықтық қайраңдарда табиғатты пайдалану құқығын жүзеге асыру барысында мемлекеттік шекараны кесіп өтудің кейбір мәселелері реттеледі», - деді Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов. Оның айтуынша, құжатта ілеспе газдарды жағу саласындағы мемлекеттік органдардың бірқатар функцияларын орындау оңтайландырылады. Тұтастай алғанда, заң жобасымен «Жер қойнауы туралы», «Жер қойнауын пайдалану туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Заң жобасы алдағы уақытта өтетін палатаның жалпы отырысына шығарылмақ.
Еліміздегі экологиялық проблемалары көп, даулы мәселелердің бірі - Сарышаған полигоны. Бұл мәселе де ерекше назарға алынған. Сарышаған полигонынан Ресей жалға алып отырған 1,5 млн. га жер қайтарылады.Парламент Сенатының жалпы отырысында «1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру шарттары және Приозерск қаласының тіршілік әрекетін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды. Келісімге сәйкес, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл және Ақтөбе облыстарының аумағында жалпы алаңы 1 млн. гектардан астам полигон жер учаскелері жалдаудан алынады. «Хаттама бойынша жалдаудан бірқатар жер учаскелерін шығару көзделеді. Олар: түсті металды өндіру үшін Қарағанды облысындағы Жаманайбат учаскесі, Бейнеу-Жезқазған теміржолын және Самара-Шымкент автокөлік жолдарын пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облыстарындағы жекелеген учаскелері бар. Бұдан бөлек, Қарағанды және Жамбыл облыстарындағы А-313 және А-73 халықаралық авиациялық трассаларды түзету мақсатында 711 мың 290 гектар жер жалдаудан шығарылады », - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаров. Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.
Аталған мәселе шешілген соң, яғни Ресей Сарышаған полигонын жалдауды қысқартқаннан кейін бюджетке түсім 2,5 млн долларға азаяды.Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды. Хаттамаға 2015 жылы 16 сәуірде Мәскеуде қол қойылған. Ресей тарапы Сарышаған полигонынан жалға алып отырған 8 млн. гектардың 1 млн. гектары қысқартылады. Осыған байланысты жалдау сомасы да түзетілетін болып отыр. Нақтылап айтқанда, жалдау сомасы 2 млн. 656 мың долларға кемиді. Айта кетерлігі, Ресей жалға алып отырған Сарышаған полигон аумағы үшін 18 млн. 900 мың доллар төлеп келген болатын. Енді бұл сома 2 млн. 656 мың долларға қысқарады. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаровтың айтуынша, Ресейден қайтарылған жерлерден жалдау ақысы қысқартылғанымен, оның орнын толтыратын және арттыратын республикалық бюджетке төлемдер түсіретін жобалар іске асырылмақ. Мәселен, қазақстандық шаруашылық субъектілердің, пайдалы қазбаларды өңдеуге, полигонның аумағы арқылы өтетін теміржол, автокөлік және әуе жолдарын пайдалануға байланысты жалдау ақысы өтеледі. Яғни, хаттама теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға соқтырмайды. Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.
Десек те, қоршаған ортаны қорғаудағы проблемалы мекен Сарышағанға қызығушылық білдірушілер көп болып отыр. Мәселен, Украина мен Беларусь Сарышағанда әскери оқу-жаттығу өткізгісі келеді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаров мәлім етті. Еске сала кетейік, жалпы отырыста Ресей жалға алып отырған Сарышаған полигонынан 1,5 млн. гектарды жалға беруден шығару туралы келісім қабылданған болатын. Аталған келісімнің хаттамасында полигон учаскелерін басқа мемлекеттердің де пайдалану мүмкіндігі қарастырылған. Осыған байланысты депутаттар тарапынан сұрақ туындаған еді. «Шындығында Сарышаған полигоны ерекше бірегей сынақ алаңы ретінде әлемге әйгілі. Сондықтан да оған сұраныс аса жоғары, біздің полигонымызда ұрыстар өткізу, оқу-жаттығулар жүргізуге ниет білдірген мемлекеттер көп. Мәселен, Украина мен Беларусь елдері де осыны қалайды», - деді Оқас Сапаров. Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы полигонды пайдалану туралы келісімде бұған дейін үшінші мемлекетті қатыстыру туралы шарт қарастырылмаған. Ал жаңа хаттамада бұндай арнайы бап енгізілді. «Осыған байланысты біз Ресейдің келісім беруі бойынша үшінші елдерді полигонды пайдалануға тарта алатын боламыз. Олармен жеке келісімшарттар жасалады», - деді Оқас Сапаров.
Арал, Каспий мәселелері
Еліміздегі экологиялық проблемалар дегенде ең алдымен есімізге Аарл мен Каспий теңіздерінің жай-күйі түсетіні анық. Оны шешу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда. Соның бірі ретінде айта кетсек, енді Каспий маңы мемлекеттері теңіздің мұнаймен ластануына қарсы бірлесе күресетін болады.Бұл тұрғыдаСенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комиттетінің кеңейтілген отырысында «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңын талқыланды. Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, заң жобасына сәйкес Каспий маңындағы мемлекеттер теңіздегі мұнайдың төгілуіне және басқа да оқиғаларға байланысты ақпараттармен алмасатын болады. Бұдан бөлек, төтенше оқиғалар орын алғанда оған ден қою мақсатында өңірлік жоспарлар жасалады. Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.
Ал Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары аталмыш Заңды қабылдады. Аталған Конвенцияға Каспий маңы мемлекеттерінің, атап айтқанда Әзербайжан, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан, Ресей уәкілетті өкілдері 2011 жылы Ақтау қаласында қол қойған. Хаттаманың мақсаты Каспий маңы елдерінің мұнайдың төгілуіне байланысты тосын оқиғаларға ден қоюға әзірлігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен қажетті шараларды қабылдау болып табылады. Сонымен қатар, теңіз маңындағы әрбір мемлекет мүмкіндігінше арнайы техникалардың ең аз санымен қамтамасыз етілуге міндетті болды. Сондай-ақ, егер басқа тараптар сұрау салғанда ондай техникаларды ұсыну және мұнай төгілумен байланысты төтенше жағдайларды жоюға Каспий маңы мемелкеттерінің барлық ұжымдық күшін пайдалану мүмкіндігі қарастырылады. «Тұтастай алғанда, аясында Каспий маңы мемлекеттері теңіздің мұнаймен ластануына, қатысты ірі оқиғаларға, онымен күрес бойынша жаңа технологияларға қатысты ақпараттар алмасатын болады. Ақтау хаттамасы бұндай оқиғалар барысында теңіз маңындағы елдердің бірлесе ден қоюын қарастырады. Хаттаманы ратификациялау Каспий теңізі мұнаймен ластанған жағдайда өңірлік шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді Энергетика министрі Владимир Школьник.
Каспий десек, еске еріксіз Арал түседі. Бұл теңізді қалпына келтіру мақсатында жүргізілген жұмыстардың арқасында он оралту мүмкін болды. Н.Назарбаевтың жобасының арқасында Арал теңізі қайта оралды, дейді аталмыш өңір тұрғындары. «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII Съезінде Арал балық өңдеу зауытының аға мастері Күлмариям Кемалова «Н.Назарбаев «өлген» теңізді қайта тірілткен бірден-бір тұлға» деді. «Біз сізбен бірге қандай ерлікке де дайынбыз. Өйткені, өлген теңізді қайта тірілткен бірден-бір тұлғасыз. Сіз Аралды екінші рет дүниеге әкелдіңіз. Мен Аралдағы балықшылар әлеуетінің өкілімін. Біздің әулеттің балық шаруашылығындағы еңбек өтілі 200 жылдан асады. Арал - бізге қасиетті атақоныс, атакәсіптің киелі шаңырағы. Бір кезде Арал теңізі бұрынғы жағасынан 100 шақырымға алыстап кеткенін баршаңыз білесіздер. Сол уакытта балықшылар Балқаш пен Каспийге көшіп, жан сауғалады. Сол кезде атақонысты қимай, елде қалғандардың бар үміті Сіз едіңіз, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!» - деді ол. К.Кемалова ҚР Президентінің Cолтүстік Аралды құтқарудың «САРАТС» жобасын жүзеге асырғандығын, ғасыр жобасы атанған осы жұмыстың арқасында Арал қайта оралғанын, қазір су теңіздің бұрынғы жағасына небәрі 17-ақ шақырым қалғанын атап өтті. «Аралдан безініп кеткен жыл құстары өз мекеніне оралды. Жоғалған 23 балықтың түрі өз қалпына келді», - деген олар балықшылардың атакәсіптеріне қайта оралғанын айтты. «Аса мәртебелі Елбасы! Мен жұмыс істейтін кәсіпорын қазір жылына 6 мың тонна өнім шығарады. Аралдың балығы Ресей, Грузия, Украина, Әзербайжан, Польша, Германия, Голландия, Түркия мен Данияға да жетіп жатыр. Аралмен бірге ауыл да жанданды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын бүгінгі ауыл мүлдем басқа сипаттағы ауыл болып қарсы алуда. Ауылға газ келді, су берілді, жол салынды», - деді К.Кемалова. Сонымен қатар ол Қазақстандағы әрбір ауылды, әрбір қаланы ҚР Президентінің атымен атауға болатынын айтып өтті. «Себебі, бәрінің бойына қан жүгіртіп, жан бітірген сізсіз. Еліміздің толағай табыстарының барлығы да сіздің ерен еңбегіңіз», - деді ол ҚР Президентіне қарата.
Ал ғарыштан Арал теңізінің жай-күйін бақылау тіпті керемет болар! Мәселен, Қазақстандық жерді қашықтықтан зондтау серіктері Арал теңізінің түбінен сексеуіл көшетін тапқан.«Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ мамандары Арал теңізінің құрғаған табанындағы сексеуіл көшеттерінің бүгінгі жай-күйін түгендеу және бағалау бойынша жобаны іске асыруды аяқтады. Бұл туралы жоба басшысы, «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ ЖҚЗ Ғарыш жүйесі орталығының жер үсті мақсатты кешендері басқармасының инженері Қанат Самарханов хабарлады. «Біздің ЖҚЗ серігінің алған деректерін фотограмметрикалық өңдеу тобы Арал өңірінде төрт ай жұмыс істеді, - деді Қ. Самарханов. - Геоботаникалық зерттеу және ғарыш түсірілімдерін шешуді қамтитын далалық зерттеу жүргізіліп, Арал теңізінің құрғаған түбіне егілген өсімдіктердің картасы жасалды». 1 метр кеңістіктік рұқсатпен KazEOSat-1 серігінен ғарыш түсірілімдерін пайдаланып, бұл жұмыстардың нәтижесі бойынша 1988 жылы егілген сексеуіл көшетінің жай-күйін анықтадық. Қанат Самарханов атап өткендей, жоба нәтижесі АТҚТ аумағынан Қазақстанның басқа өңірлеріне тұз, шаң өту қарқынын төмендетуге ықпал ететін сексеуіл көшеттерінің өсіп тұрғаны жайлы деректерді нақтылауға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Бұдан өзге, биыл қазақстандық ғалымдар Арал теңізін зерттемек.Қазақстан Ұлттық географиялық қоғамы осы жылдың жазында Арал теңізінде ғылыми экспедиция ұйымдастыруды қолға алуда. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте Назарбаев университетінің инновациялар бойынша вице-президенті Қанат Байғарин хабарлады. «Қазақстан тәуелсіздігін алғанда Арал мәселесі ауқымды болатын, National Geographic сол кезде Арал және оның проблемалары жөніндегі экспедицияларымен жарияланымдар жасаған. Олар бізге 15-20 жыл сайын осы экспедицияны қайталап жүргізуге ұсыныс берген-ді. Бүгінде осы мүмкіндіктер жөнінде келіссөз жүргізілуде», - деді ол. «Дей тұрғанмен, биыл жазда өзіміз де Арал теңізіне экспедиция жасауды жоспарлаудамыз. Сол уақытта шетелдік әріптестер бізге қосылуы мүмкін. Бірақ әріптестердің қатысуымен не өзіміз экспедиция жасалатын болады», - деді Қ.Байғарин.
«Жасыл экономика» және «жасыл экология»
Әлем қарыштап дамыған сайын, «жасыл экономика» және «жасыл экология» тәрізді таза экология бастаулары көптеп жүзеге асырылуда. Еліміз де бұл үрдістен тысқары қалып жатқан жоқ.
Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқылап, құжатты қабылдады. Заң жобасы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыруға бағытталады. Осы бағытта қолданыстағы бірқатар заңнамаларға өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Атап айтқанда, Жер және Су кодекстеріне нысаналы көрсеткіштер мен стандарттарды әзірлеу арқылы су объектілерін қорғауды жақсарту нормалары ұсынылады. Су сапасын арттыру, ауыз сумен жабдықтауды бақылау күшейтілетін болады. Бұдан бөлек, қайта өңдеу және қалдықтардан жасалатын пайдалы материалдарды қайталама пайдалануды кеңінен қолдану шараларын ынталандыру қаралып отыр. Бұл ретте қайтадан пайдаланылатын шикізатты қолданған тауарларға басымдық беріліп «жасыл сатып алулар» тетігі енгізіледі. Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері бекітіліп, уәкілетті органның жаңартылатын энергия көздері секторын жоспарлы түрде дамыту шаралары қамтылады. Екінші оқылым барысында сенаторлар су саласындағы нормативтерді жетілдіруге, өндірушінің жауапкершілігін кеңейту қағидаттарына бағытталған өзгертулер енгізді. Сонымен бірге, шығарындылардың жекелеген түрлерімен жұмыс бойынша экологиялық талаптар мен стандарттар жетілдіріліп, көмір кендерінен метан өндіру жобаларына қатысты инвестициялық преференциялар ұсыну, Каспий теңізіне экологиялық мониторинг жүргізу секілді мәселелер де қамтылған.
Сонымен қатар, енді Қазақстанда «Жасыл сатып алулар» тетігі енгізіледі. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдау барысында белгілі болды. Заң жобасы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыруға бағытталады. Осы бағытта қолданыстағы бірқатар заңнамаларға өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Атап айтқанда, Жер және Су кодекстеріне нысаналы көрсеткіштер мен стандарттарды әзірлеу арқылы су объектілерін қорғауды жақсарту нормалары ұсынылады. Су сапасын арттыру, ауыз сумен жабдықтауды бақылау күшейтілетін болады. Бұдан бөлек, қайта өңдеу және қалдықтардан жасалатын пайдалы материалдарды қайталама пайдалануды кеңінен қолдану шараларын ынталандыру қаралып отыр. Бұл ретте қайтадан пайдаланылатын шикізатты қолданған тауарларға басымдық беріліп «жасыл сатып алулар» тетігі енгізіледі. Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері бекітіліп, уәкілетті органның жаңартылатын энергия көздері секторын жоспарлы түрде дамыту шаралары қамтылады.
Елімізде жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану да жанданып жатыр. Жасыл технология бойынша қазақстандықтар арасында жаңғыртылатын қуат көздері танымал бола бастады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне энергетикалық тиімділігі жоғары үй жобасының авторы, инженер-энергетик Нұрлан Жиенбаев мәлім етті. Алматының жоғары жағында орналасқан бұл тұрғын үй, шатырында орнатылған күн батареясы арқылы электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Одан басқа, бұл үй арнайы технология бойынша ағаштан салынған және оны жылытуға көп энергия жұмсалмайды. Қыстың күндері үй 1-2 градусқа ғана салқындайды екен. Үй ішіндегі барлық тұрмыстық техникалар күн энергиясы арқылы жұмыс істейді. «Күндізгі уақытта үйдегі барлық жүйе 15 КВт/сағат қуат өндіреді, ал электр тоғын өңдегіштердің қуаты 9 КВт. құрайды. Үйде барлық электр құралдары - тоңазытқыш, газ қазандығы және басқа да техникалар жұмыс істеп жатса, үйге әрі кетсе 2 КВт/сағат электр қуаты жұмсалады. Бұл жағдайда үш энергия түрлендіргіштің тек біреуі ғана жұмыс істейді. Ол 100 вольт тұрақты тоқ және 230 вольт ауыспалы тоқты өңдейді. Мысалы, кір жуғыш машина да электр желісіне қосылған жағдайда, қалған екі түрлендіргіш те іске қосылады. Өйткені, оларға түсетін салмақ ұлғая түседі», - деді осы үйдің иесі, «ND&Co» ЖШС жетекшісі Нұрлан Жиенбаев. Ол сондай-ақ, артық энергияны жинауға гелий аккумуляторы қолданылатындығын жеткізді. «Олар экологиялық жағынан таза және ауаға зиянды заттар шығармайды. Бұл, аккумляторлардың жаңа түрі. Олардың қолданылу мерзімі он есеге ұлғайтылған. Бұл жүйе АҚШ-та жасалған және әлемдегі ең үздік жүйе болып саналады», - деді ол. Сондай-ақ, Н. Жиенбаев бұл үйдің қалалық энергия желілеріне тәуелді еместігін және қосалқы стансаларда апат орын алып, көршілерде жарық сөнген жағдайда оларға көмектесіп тұратындығын айтты. Айта кетелік, ол экологиялық жағынан таза, энергетикалық тиімділігі жоғары үй салып, оны қолданып жатқаны үшін U.S. GREEN BUILDING компаниясы сарапшыларының платиналық LEED (Leadership in energy & environmental design) сертификатына ие болған алғашқы қазақстандық азамат. «Тау бөктерлеріне күннің көзі жақсы түседі, бірақ мұнда электр сымдарын тарту қымбат тұрады ғой. Сондықтан күн батареялары - таптырмайтын энергия көзі. Әрине, бұл жүйені сатып алып орнатудан көрі, дайын энергетика желілеріне жалғанған әлдеқайда арзанырақ болар еді. Бірақ, бұл жүйе өзін толық өтейді. Алматыда мұндай үйлер қазір танымал бола түскен. Дегенмен, шынын айту керек, мұндай жабдықтар қымбат тұрады. Өйткені олар шет елде өндіріледі. Ол аздай, оған кедендік баж салығы салынады. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына енді. Енді жағдай жақсы жағына өзгеретін шығар деген үміттемін», - деді жоба авторы. Оның айтуынша, бұл үйдің орнатылып, пайдалануға берілгеніне төрт жыл болған. Осы жылдар ішінде орасан көп отын үнемделген. «Дағдарыс энергетика саласында да жаңа мүмкіндіктердің ашылуына себеп болып жатыр. Қазақстанда жаңғыртылмалы қуат көздерінің болашағы зор. Әрине, бұл жүйеде энергия тек күндізгі уақытта ғана өндіріледі. Сондықтан, энергия сақтау - өзекті мәселеге айналған. Бұл бағытта қазір жапондық мамандар белсенді жұмыс атқарып жатыр. Олар үлкен аккумуляторлық стансаны жасап шығарды. Бұл станса бір кішігірім елді мекенді электр қуатымен қамтамасыз ете алады. Мұндай технологиялар, әсіресе әлеуметтік нысандарда қосымша қуат көзіне айнала алар еді. Қазіргі таңда Қазақстанда да, біздің компанияда да осы бағытта зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірқатар жаңа әзірленімдер арнайы тестерде оң нәтиже беруде. Сондықтан, зерттеу жұмыстары одан әрі жалғаса беретін болады», - деді Н.Жиенбаев.
«Жасыл» дамуға үн қосуға еліміздегі түрлі ұйымдар да атсалысуда. Оның ішінде саяси да ұйымдар бар. Солардың бірі - «Бірлік» партиясы «Жасыл» дамудың жеті бағытына басымдық беру керек дейді. ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысатын еліміздегі алты саяси партия өкілдері арасындағы теледебат барысында «Бірлік» партиясының өкілі Роза Қуанышбаева осылай мәлім етті. Пікірсайыс ережесіне сәйкес, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Әли Бектаев «Бірлік» партиясына сұрақ қойған болатын. «Бүгінгі күні «жасыл экономика» мәселесі өте өзекті. Осы бағытта «Бірлік» партиясы қандай жұмыс жасауда және не ұсынасыздар?» - деді Ә. Бектаев. Өз кезегінде «Бірлік» партиясының өкілі Роза Қуанышбаева «жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағытына барынша назар аудару керектігін атап өтті. «Бірінші кезекте, жаңартылатын энергия көздерін ендіру қажет. Әрине, біздің мемлекетіміз табиғи байлықтар ресурсына ие. Дегенмен, олар шексіз емес, таусылады. Сонымен қатар, тұрғын үй шаруашылығында жылу «жоғалтулар» мен шығындарды азайту керек. Ауыл шаруашылығында органикалық жер өңдеулер мен егінге баса назар аударылуы шарт. Бұл табиғи компоненттерді пайдалануға жол ашады. Қалдықтарды басқару жүйелерін де жетілдіруге тиіспіз. Қазір біздің көшелеріміз лас, қоқыс қалдықтары жатыр. Бұған ешкім де жауапты емес. Су ресурстарын басқаруды да жетілдіруге тиіспіз. Таза көлікті дамытуға көңіл бөлінуі керек. Қазақстанның экожүйесін тиімді басқару және сақтау дегеніміз біздің еліміздің табиғи байлығын сақтау дегенді білдіреді», - деді Р. Қуанышбаева. Саяси партиялар өкілдерінің арасындағы пікірсайысқа «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, ҚХКП Владислав Косарев, «Ауыл» партиясынан Әли Бектаев, «Ақ жол» партиясынан Азат Перуашев, «Бірлік» партиясынан Роза Қуанышбаева, ЖСДП-дан Зәуреш Батталова қатысты.
«Бірлік» партиясының мүшесі Роза Қуанышбаева сондай-ақ адамдардың әл-ауқаты табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалу есебінен айқындалады деп мәлім етті. Бұл туралы Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысатын еліміздегі алты саяси партия өкілдері арасындағы телесайыс барысында айтты. Еліміздегі экологиялық мәселелерге мән беру керек екеніне тоқталған ол: «Бізді алаңдатып отырған елеулі проблемалардың бірі су ресурстарының тапшылығына байланысты. Әрбір қазақстандық өздеріне «экономикалық қуатты, экологиялық жайлы елде тұру үшін не істеу керек?» деген сауал қоюға шақырамыз. Осы сұрақ барша тұрғындарды алаңдатуы тиіс. «Бірлік» партиясы осыған қатысты жауапты біледі»,-деді. Бұл ретте Роза Қуанышева адал әрекеттер, істер мен ниеттер, таза қоршаған орта еліміздің жаһандық әлемдегі лайықты орнын айқындайтынын атап өтті. «Бүгінде дамыған мемлекет - ол «жасыл экономикасы» бар ел болып табылады. Осы тұрғыда адамдардың әл-ауқаты табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалу есебінен айқындалады. «Жасыл экономика» дамуды ынталандырып, тұрақтылыққа жағдай жасайды, экономикалық әлеуетті арттырады және жаңа жұмыс орындарын құрады. Біз экономикалық рельстерімізді бұрып, «жасыл экономикаға» қарай жүруіміз керек», - деді ол. Оның айтуынша, партия таңдаған бағыт болашақтағы экологиялық апаттардың алдын алуға негізделіп отыр.
«Жасыл» технология саласында жер-жерлерде атқарылып жатқан шаралар да көңіл бөлуге тұрарлық. Атап айтқанда,
Қазақстанның 8 облысында «жасыл» технологиялар саласында 14 жоба жүзеге асырылады.Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «G-Global «жасыл экономика» мен даму коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова мәлім етті. «Еуропалық экономикалық комиссиясы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары арасында байқау өткізді. Аталмыш байқауда 8 облыс пен Астанадан 14 жоба жеңімпаз деп танылды», дейді С.Рахымбекова. Мәселен, оның сөзіне қарағанда, Маңғыстау облысында суық су жеткізу жүйесін орнату бойынша жоба қолға алынады. Соның арқасында өңірдегі 500 үй ауызсумен қамтылады. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында күн коллекторлары орнатылмақ. Қызылорда облысында 8 мектепке ішетін суды тазарту жүйесі орнатылады деп жоспарланған. «Алматы облысында балық шаруашылығына қатысты жоба жүзеге асады. Қостанай облысында Оңалту орталықтарында су үнемдегіш және энерготиімді технологиялардың негізінде жылыжайлар салынады», - дейді ол. Ал Қарағанды облысында табиғи бұлақ көздері қайта тазартылып, шалғай ауылдарда бақша шаруашылығын сумен қамту бойынша жоба іске асырылады деп күтілуде. ОҚО-да су қысымы мұнарасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін күн және жел қондырғылары орнатылады. Соның арқасында 180 үйге ауызсу тартылады.
«Жасыл» экономика мен «жасыл» экология жетістіктерін БАҚ беттерінде кеңінен жариялап, халық арасында барынша насихаттау, сөйтіп жұртшылыққа жеткізу аса қажет. Осы мақсатта Қазақстанда баспасөз арасында «Жасыл БАҚ» атты байқау жарияланады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «G-Global «жасыл экономика» мен даму коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова мәлім етті.«Біз баспасөз арасында «Жасыл БАҚ» атты байқау өткізгіміз келеді. Ол төрт аталымнан: үздік телесюжет, үздік бағдарлама, үздік мақала және интернеттегі ең үздік материал. Шамамен жаз айларында байқауды жария етеміз, кейін форум ұйымдастырып, сонда жеңімпаздарды марапаттаймыз», - деп атап өтті С.Рахымбекова. Оның сөзіне қарағанда, байқау БҰҰ ДБ-мен бірге ұйымдастырылмақ. «Біз бұл жобаны БҰҰ Даму бағдарламасымен пысықтап жатырмыз. Қазіргі уақытта байқаудың қарары жасалуда. Кейін материалдардың көлемі, конкурстық комиссия құрамы, материалдарға қойылатын талаптар анықталатын болады. Осы байқау арқылы біз Қазақстанда «жасыл» жобалар мен технологиялардың дамуына қолдау көрсеткіміз келеді», - деді С.Рахымбекова.
«Жасыл» технологияларды дамытуда халықаралық ынтымақтастық орнату бұл саланың елімізде жетіле түсуіне оң ықпалын тигізері хақ. Соның бір айғағы ретінде, Қазақстан мен ЭСКАТО арасындағы ынтымақтастық арттырылатын болды. ЭСКАТО-ның 72-ші сессиясы ОА мен теңізге жолы жоқ елдерді дамыту мәселелеріне арналады.Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - ЭСКАТО атқарушы хатшысы Шамшад Ахтармен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.Кездесу барысында Қазақстан мен ЭСКАТО арасындағы ынтымақтастықты арттыру мәселесі қозғалды. Сонымен, ЭСКАТО жәрдемімен Қазақстан 2014 жылы шағын аралдық дамушы елдерді орнықты дамыту бойынша өңірлік күштерді нығайту мақсатында биогаз негізінде жаңартылған энергияны жылжыту үшін Тынық мұхит өңірінің 12 еліне қолдау көрсетті. Бұдан басқа, өткен жылы Қазақстан энергетика министрлігі мен ЭСКАТО арасында «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы аясында орнықты даму саласындағы басымдықтарды бірлесіп орындау бойынша меморандумға қол қойды. Тараптар Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымы базасында Астанада «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобаларды» дамыту жөніндегі БҰҰ халықаралық орталығын құру бастамасын іске асыру барысын талқылады. «ЭСКАТО мен оның «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне мүше мемлекеттерінің қатысуы климаттың жаһандық өзгерістерінің проблемаларын шешуге салмақты үлес қосатынына сенімдімін, бұл орнықты дамуды қамтамасыз етудің, кедейлікті еңсерудің, өңірдің барлық елдерінің әлеуметтік-экономикалық жетістікке жетуінің негізгі шарттарының бірі болып табылады. Ш.Ахтар Қазақстанға 2016 жылғы 15-19 мамырда Бангкокта өтетін ЭСКАТО 72-ші сессиясына дайындық мақсатында келді және Орталық Азияны және теңізге жолы жоқ елдерді дамыту мәселелеріне арналды. Аталмыш шара 2030 жылға дейін Орнықты даму мақсаттарын іске асыру аясында өтеді.
Әрине, Қазақстанның халықаралық деңгейде, дүйім жұртшылық алдында «жасыл» технологияларды паш етуінде елімізде 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесінің алатын орны ерекше болмақ. Мәселен, Польшаның Қоршаған орта министрі Ян Шишко «ЭКСПО-2017 - поляк технологияларын көрсету үшін маңызды жоба», дейді. Қазақстан Елшісі Ерік Өтембаев Польшаның Қоршаған орта министрі Ян Шишкомен кездесу өткізіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі. Кездесу барысында энергияның баламалы көздері саласында, климаттық саясат аясында, инвестицияларды тарту, сондай-ақ бірлескен зерттеулер саласында өзара ықпалдастықты дамытудың айтарлықтай әлеуеті атап өтілді. Я.Шишко 2017 жылы Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбымен жоспарланған ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі заманауи Польшаның технологиялық ойын көрсетудің кең мүмкіндіктерін, ғылыми орта мен бизнестің қызығушылығын тудыра алатын алдыңғы қатарлы жобаларды ашатындықтан маңызды болатындығын атап өтті. Ол ЭКСПО-ның Қазақстан мен Польшаның арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға септігін тигізетініне сенімді. Сондай-ақ аймақтық экологиялық жобалардың іске асырылуы, сондай-ақ «жасыл» технологияларды дамыту механизмдерін құруды қамтитын «Жасыл көпір» атты қазақстандық бастаманың аясында ынтымақтастықтың болашағы атап өтілді. Министр топырақтың азуы, шөлге айналуы, Арал теңізі, орман сілемдерін қалпына келтіру, экожүйелерді дамытумен байланысты проблемаларды шешуге қатысты қазақстандық жобаларға қатысуға қызығушылық танытты. Польшаның осындай проблемаларды шешуде табысты тәжірибесі бар. Табиғатты қорғау ведомствосын үшінші рет (1997-1999 жж., 2005-2007 жж., 2015-қазіргі кез) басқарып отырған Я.Шишконың айтуынша, бұл үшін поляк үкіметі соңғы онжылдықтарда үлкен жүйелі жұмыс жүргізген.
«Жасыл» экономиканы дамыту мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы тағы бір ынтымақтастық Қызылорда өңірінде орнатылды. Қызылорда облысының әкімдігі мен G-Global Халықаралық хатшылығы әріптестік-ынтымақтастық меморандумына қол қойды.Қызылорда облысы мен G-Global Халықаралық хатшылығы арасындағы келісім негізінде ортақ жобаларды жүзеге асыру көзделген. Негізгі бағыт жасыл экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен өңірге инвестиция тарту. Инновациялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру. Сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» көрмесі арқылы Қызылорда облысының үздік инновациялық жобаларын насихаттау. - G-Global - Елбасының бастамасымен құрылған ұйым. Оның негізгі мақсаты халықаралық проблемаларды талқылап, оны шешу жолдарын қарастыру. Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференциясы сияқты ауқымды шараларды өткізуге атсалысқан. Сондықтан бүгінгі меморандум аясында біз де G-Global Халықаралық хатшылығымен бірлесіп, ортақ жобаларды жүзеге асырамыз деп сенемін, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. - Қызылорда облысында атқарылған жұмыстар, жүзеге асырылуы жоспарланған жобаларды көріп, қуанып отырмын. Екіжақты меморандумды жүзеге асыру үшін арнайы Жол картасы қабылданатын болады. Яғни, бірлесіп атқаратын жұмысымызды айқындап аламыз. Негізгі мақсатымыз - Сыр өңіріне инвестиция тарту, «ЭКСПО-2017» көрмесі арқылы Қызылорда облысының үздік инновациялық жобаларын насихаттау, - дейді G-Global Халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков.
Демек, қазіргі таңда қандай да бір жобаларды жүзеге асыруда ел экологиясына еш зардап тигізбеуге тырысу талабы жоғары болып отыр. Оның ішінде елімізде зымырандар ұшырылатын үлкен ғарыш айлағы орналасқаннын ескерсек, бұл саладағы жауапкершілігіміз сан есе ұлғаяды. Соның бірі ретінде Алматыдағы зымыран ұшырудағы сараптамаларды жүргізетін «Ғарыш-Экология» орталығының жұмысын атап өтуге болады. Алматыда журналистер қауымы «Ғарыш-экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК химия-аналитикалық зертханасының қызметімен танысты. «2001 жылы құрылған «Инфракос-Экос» кәсіпорны 2012 жылы «Ғарыш-Экология» деген жаңа атауға ие болды және жаңа мәртебе алды. Зерттеу орталығының негізгі қызметі - «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран-тасығыштардың ұшырылымдарын экологиялық жағынан сүйемелдеу, сондай-ақ зымыран-тасығыштардың бөлшектері құлаған аумақта зерттеу жұмыстарын жүргізу. Біз Қазақстан тарапынан техногендік апат орын алған аумақта экологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторинг бағдарламасын жүзеге асырамыз», - деді кәсіпорынның бас директоры, техника ғылымдарының докторы Жайлаубай Жұбатов. Ол сонымен қатар, Алматыдағы жалғыз зертхананың қоршаған ортада зымыран отыны компоненттерінің болу-болмауына қатысты жедел сараптама жүргізуге мүмкіндік бермегендігін жеткізді. Өйткені, топырақ сынамаларын жеткізу екі тәулік уақытты алады. «Зымыран-тасығыштардың ірі апаттарынан кейін, 2010 жылы Жезқазған мен Байқоңыр қалаларында дәл осындай зертханалар ашылды. Сондай-ақ, біздің қарамағымызда екі жүк көлігінде орналасқан көшпелі зертханаларымыз бар. Олар бізге далалық жағдайда дер кезінде зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Бүгінде барлық зертханаларымыз заманауи жабдықтармен жабдықталған. Олардың ішінде сұйық және газдық хроматографиялық экспрес-анализаторлар бар. Біз деректерді ғарыштық байланыс арқылы жеткізе аламыз», - деді Ж. Жұбатов. Кәсіпорын 2010 жылдан бері 74 зымыран-тасығыштың ұшырылуына экологиялық сүйемелдеу жасаған. Бұл жерде әрбір жағдайда ғарыш айлағының аумағы мен зымыраннан бөлінетін бөлшектер құлаған аймақта ауаның, жердің және өсімдіктердің химиялық ластану деңгейіне қатысты бақылау жүргізілді. «Кәсіпорында экологиялық және медициналық бағдарламалар бөлімі бар. Яғни біз бір мезетте қоршаған орта мен тұрғындарға қатысты кез-келген антропогендік ықпалдың әсерін зерттей аламыз. Сондай-ақ, біз басқа да институттардың ғалымдарын жұмылдыра отырып, республикалық бағдарлама есебінен жоғары улы зымыран отыны - гептилдің төгілген жерлерін уытсыздандыру технологиясын әзірледік. 2012 жылы патенттеп, тәжірибеге енгіздік. Қазір Ресейлік тарап зымыран отындарының төгінділерін бзарарсыздандыруға осы технологияны қолданады. Ол жоғары нәтижеге ие», - деді «Ғарыш-Экология» РМК бас директоры. Сонымен қатар, Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Ерғазы Нұрғалиевтың айтуынша, аталмыш кәсіпорынның мамандары штаттан тыс жағдайлар орын алған жерлерге алғашқылардың бірі болып жетіп, сынамалар алып, ластану деңгейін анықтайтындығын, сондай-ақ, апаттардың зардаптарын жою жұмыстарының жоспарлары мен көлемін әзірлеуге қатысып, уытсыздандыру жұмыстарын бақылайды. «Бүгінгі кездесу адамның ғарышқа тұңғыш рет ұшуының 55 жылдық мерейтойы мен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды. Бұдан кейін кәсіпорынның ғарыштық қызмет саласындағы жұмыстарына қатысты таныстыру шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұратын болады», - деді Е. Нұрғалиев.
Жан-жануарларды қорғау
Қазақстанның жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі аса бай. Оларды қорғау, аялап сақтау - табиғат-ана аладындағы борышымыз. Бұл мақсатта «Қазақстанның Қызыл кітабы» жасалған. Кітапта Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген. Ал өз кезегінде қоршаған ортаны қорғау шараларының бірі ретінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктерді қорғау бойынша жалпы қадамдарды әзірлеп жатыр. «Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктерді браконьерлерден қорғау, жануарлардын санын есепке алу және олардың көші-қонын мониторингілеу шараларын жүзеге асырады. Осы ретте ведомство тарапынан киіктерді қорғауды қамтамасыз ету тұрғысында заңнамалық шаралар қабылданды. Биылғы қаңтарда мемлекеттік органдармен бірлесе кеңес өткізіліп, оның қорытындысы бойынша киіктерді қорғау бағытында жалпы қадамдарды әзірлеуге негізделген хаттамалық шешім қабылданды», - деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚазАқпарат агенттігі сауалына жауап беру кезінде. 2015 жылы бұл бағытта Қазақстан және шетелдің ғылыми ұйымдары мен арнайы зертханалары киіктердің өткен жылғы қырылуы себебін анықтаумен айналысты. Осы орайда жануарлардың қырылуының мән-жайын анықтау бойынша негізгі үйлестіруші жұмыстарын ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты атқаруда. «Бұл ретте киіктердің аурулары бойынша проблемаларды зерттеу, олардың қырылуы себебін анықтау және инфекциялық аурулардан жануарларды қорғау тұрғысындағы тиісті ұсыныстарды әзірлеу ҚР БҒМ құзыретінде», - делінген ведомство хабарламасында.
Тұмса табиғаттың төлдері - жан-жануарларға аяусыздықпен қарайтындар ешқашан да жазасыз қалмауы тиіс. Қызылорда облысында бір азамат бүркіт баққаны үшін 1,5 жылға сотталды. Жаңақорған аудандық сотында заңсыз бүркіт балапанын тасымалдаған азаматқа қатысты іс қаралды, деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметінен. Анықталғандай, сотталушы Жезқазған қаласына күнкөріс қамымен өзінің иелігіндегі автокөлігімен барған. Сол қалада жалданып құрылыс жұмыстарын атқарып жүріп, қаладағы базардан (аты-жөні анықталмаған) ұлты орыс азаматтан бүркіт балапанын сатып алған. Оны өзі жалданып тұрып жатқан пәтеріне апарып, заңсыз сақтап, баққан. Осыдан кейін ол тұрғылықты жері Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласына бара жатқанында Жаңақорған ауданы тұсында, полиция қызметкерлеріне ұсталған. Тексеру барысында аталған бүркіт балапаны автокөліктің жүк салғышынан табылып, заңсыз тасымалдағаны анықталды. Сот үкіміммен сотталушы Ф. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-бабымен кінәлі деп танылып, бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар Қызылордада киіктің мүйізін тасымалдағандар ұсталды. Қызылордада ақбөкеннің мүйізін сақтаған және тасымалдағандарға қатысты үш оқиға қатысты үш оқиға анықталды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.Экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында 29-31 наурыз аралығында Табиғатты қорғау полициясы рейд жүргізді. Шараның екінші күнінде 3 қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда, 29 наурызда Қызылорда-Құмкөл тас жолының 95 шақырымында Жалағаш ауданының 25 жасар тұрғыны басқарған «Daewoo-Gentra» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Көліктің тексеру барысында, жүксалғыштағы сөмкеден киік мүйізі табылған. 4 дана киік мүйізі айғақ зат ретінде алынып, тәркіленді, аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Дәл осындай оқиға 30 наурызда қайталанды. Яғни, кешке полиция қызметкерлері Қызылорда-Павлодар тас жолының бойынша күдікті ГАЗ - 3110411 жүк көлігі тоқтатылды. 40 жастағы қала тұрғынының көлігін тексеруде жүксалғыштан киік аңының мүйізіне ұқсас 6 дана мүйіз анықталды. Айғақ зат тәркіленді. Сонымен қатар, 1 сағат уақыт өткеннен кейін дәл осы аумақта экологиялық заңнамаларды бұзудың тағы бір қылмыстық фактісі тіркелді. Яғни, 33 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы «Мазда-626» маркалы автокөлігі тоқтатылып, автокөлікке қарау жүргізу барысында көліктің жүксалғышынан 10 дана киік мүйіздері айғақ зат ретінде алынды. Қазіргі таңда, аталған 3 дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер де, олар жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын иемдену, сақтау, тасымалдау, сол сияқты оларды жойғаны үшін 3 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы өңірде жануарларға қатыгездік танытатын қаскөйлер үнемі тұтылып жатса да, заңсыз әрекеттерін тоқтатар емес. Қызылордалық полицейлер 18 ақбөкенді атып алған аңшыларды қолға түсірді.Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері мен «Охотзоопром» ӨБ РМҚК мамандарының бірлесіп жүргізген рейді барысында заңсыз аң аулағандар ұсталды.Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады. Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылына қарасты «Бөгедек» учаскесінде «Тойота Ланд Крузер-100» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікке қарау жүргізу барысында, көліктің салонынан 2 дана 12 калибрлі аңшы мылтығы және 172 дана мылтықтың патрондары анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Оқиға орнына тексеру жүргізу кезінде, сексеуіл бұталарының арасына жасырылған аяқтары кесілген 18 ақбөкенге ұқсас жануарлардың өлекселері табылды. Оқиға орнынан 20, 28 және 29 жастағы 3 азамат ұсталды. Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы, 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер де сезікті азаматтардың кінәлары толық дәлелденген жағдайда, оларға қатысты заңсыз аңшылық фактісі бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру шарасы қолданылады.
Табиғаты тамылжыған Солтүстік Қазақстан өңірін түрлі жан-жануарлар көптеп мекендейді. Алайда оларға жанашырлықтан гөрі, жамандық көрсетуге бейім тұрғындар бар. Мәселен, СҚО-да бес елікті заңсыз атқан браконьер 10 млн теңгеге дейін айып төлеуі мүмкін.Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының тұрғыны мемлекеттік қорық аумағында 5 елікті атып алған.«Қызылжар ауданының 27 жастағы тұрғыны дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Согровский мемлекеттік қорығының аумағында, Долматово ауылының жанында ұсталды. Оның көлігінің жүк салғышынан бес еліктің еті табылды. Қазіргі кезде барлығы алынып, сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ, оқиға орнынан аңшы мылтықтары тәркіленді», - деп хабарлады аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметінен. Браконьерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол енді 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе 5 мыңға дейін айлық есептік көрсеткіш, яғни 10 млн. теңгеге дейінгі айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл СҚО-да жыл басынан бері тіркелген браконьерлік қылмыстың екінші фактісі. Еске сала кетейік, 1 қаңтардан тұяқты жануарларға аңшылық жасауға тыйым салынған. 15 ақпанға дейін солтүстікқазақстандықтар тек қоян мен түлкіге шыға алады.
Осы аймақта шекарашылар елік атқан мас аңшыны ұстады.Петропавловск шекара отрядына қарасты «Якуш» шекара заставасының шекара наряды (Қазақстан - Ресей шекарасы) 6 қаңтардан 7-сіне қараған түні, сағат 02.20 шамасында Шекараға жақын жерден 40 жастағы (ешқандай құжаты жоқ) қазақстандықты ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінен хабарлады. Ішімдік ішкен ол «Мицубиси Монтеро» автокөлігімен аңға шыққан. Автокөлікті тексеру барысында шекарашылар жаңа ғана сойылған еліктің етін тапты. Шекарашылар тоқтатқан кезде ол мылтығын лақтырып үлгерген. Автокөліктен бірнеше метр жерден 5,6 калибрлі ТОЗ-8 карабины да табылды. Шекарашылар бұдан әрі қарай Солтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғатты қорғау инспекторы мен жол полициясы, Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін шақырып, ұсталған азаматты тапсырды.
Табиғат төлдерін осындай қатыгездіктерден арашалау үшін жануарлар әлемін қорғау мен аңшылық құру саласында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі ретінде аңшылық иттерді тіркеп, төбет пен тазылардың шежіресін жасау қажеттігі туралы бастама көтерілген шараны айтуға болады. Астанада «Аңшылық шаруашылығын дамыту және жануарлар дүниесін қорғау мен қолдау мәселелері» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде «Қансонар» аңшылар қоғамдық бірлестігі және аңшылық шаруашылық субъектілерінің республикалық қауымдастығының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов осылай мәлім етті.Жиын барысында Оралбай Әбдікәрімов ағымдағы жылдың жануарлар әлемін қорғау мен аңшылық құру саласында ауқымды шаралар күтетінін атап өтті. Оның айтуынша, биыл Қауымдастық осы бағыттағы заңнаманы жетілдіру жұмысымен айналысып, қоғамдық инспекторлар институтын қалыптастыруды аяқтауға күш салатын болады. «Біз биылдан бастап қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қауымдастықтың қызметі аясында еліміздегі жануарлар дүниесін талдау мен тіркеу бағытында жұмысты жандандырамыз. Бұл ретте қоғамдық инспекторлардың қызметі аса маңызды. Себебі қазіргі күні жануарларды аулауға берілетін лицензия мен оларды тіркеудегі саны күдік туғызады», деді О. Әбдікәрімов. Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта атқарылатын маңызды міндеттердің қатарында аңшылық иттерді тіркеуге қою шаралары бар. «Сонымен бірге, біз ұлттық төбет пен тазылардың шежіресін жасап, оларға арнайы паспорттар беруге де назар аударатын боламыз. Бұған дейін екі жыл қатарынан төбеттер мен тазылардың көрмесі Астанада өтіп келсе, енді көрме Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында да жалғасатын болады. Астана қаласында сәуір айында Зоология институтымен бірлесіп қазақы төбет пен тазының бүгінгі жай-күйіне арналған халықаралық конференция өткізетін боламыз», деді О. Әбдікәрімов.
Сонымен қатар алдағы уақытта Қазақстандағы жыртқыш құстар да ерекше қорғауға алынбақ. Енді еліміздегі жыртқыш құстарға чип орнатылып, тіркеуге алынатын болады. Бұл туралы Астанада аңшылық шаруашылығын дамыту және жануарлар дүниесін қорғау мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық Қауымдастығының бас директоры Александр Бербер айтты. Басқосуда былтырғы жылы Қауымдастық тарапынан атқарылған жұмысты қорытындылаған А. Бербер ағымдағы жылғы атқарылатын жоспармен де бөлісті. «Біздің ұйым қазіргі уақытта еліміздегі жыртқыш құстар иелерімен жұмыс жүргізуде. Қауымдастық осындай құстарға чип орнату мен тіркеу және оларға паспорт беру жұмысын қолға алатын болады. Өткен жылы Алматы қаласындағы өкілдікте 2014, ал жалпы республика аумағында 261 құс тіркелді», - деді А. Бербер. Оның айтуынша, қазіргі таңда Үкімет деңгейінде шешімін табуы тиіс өзекті мәселенің бірі - қасқырлар санын да реттеу. «Алдағы күндері қасқырды аңшылардың объектісі ретінде, аңшылық шаруашылығы субъектілерінің тізіміне енгізіп, арнайы әдістемелер арқылы олардың санын реттеу көзделеді. Осы арқылы біз алдағы уақытта жыл сайын еліміздегі қасқырлардың саны жайлы нақты мәлімет жинап, ветеринарлық-эпидемиологиялық қауіптер жайлы ақпараттарды тиісті мекемелермен бірлесе шешуге жағдай жасау қажет», - деді А.Бербер.
Жан-жануарларға деген жанашырлық пен қамқорлық мұнымен шектеліп қалмаса керек. Мәселен, СҚО-да қорықшылар мен полицейлер жабайы жануарларды аштықтан аман сақтап қалған. Солтүстік Қазақстанда дүниежүзілік табиғат күніне орай Жамбыл АІІБ «Аңшылыққоғам» өкілдерімен бірлесіп жабайы жануарларға азық беру шарасы ұйымдастырылды. Бұл туралы өңір полициясының баспасөз қызметі мәлімдеді.«Жамбыл аудандық аңшылар мен балықшылар қоғамы» Преснов, Мирный, Кладбинский ауылдық округтері аумағында жануарларды жемдеу шарасын жүргізді. Азық ретінде 400 қайың шыбығы, 500 келі астық қалдығы, 5 центнер шөп әкелінді. Шараның басты мақсаты табиғи жем-шөп тапшы кезеңде жабайы жануарларды аштықтап сақтап қалу», - делінген хабарламада. Қар қалыңдығы бір метрден асады, бұл жануарлардың жайылуын қиындатуда. Әрі күн жылымығы салдарынан мұз қабыршақтары пайда болған. Бұл олардың жем іздеуіне кедергі болуда.
Елімізді ғасырлар бұрын мекендеген жануарлар дүниесінің тарихын зерттеп, зерделеуге ғалымдар зор қызығушылық танытуда. Солардың бір айғағы, қазақстандық ғалымдар Керекуде керіктер мекен еткенін айтты.Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы «Тарихи-мәдени мұра, этнография» тақырыптық кеңесінің вице-президенті Жәкен Таймағамбетовтің пайымынша, ежелгі Ертіс аумағы қазіргі Африкадағы саваннаға ұқсас болған. «Өткен жылы біз Археология институтымен бірлескен экспедицияны өткіздік. Олар Ертіс бойында ежелгі адамдардың ізін табуға қызығушылық білдірген болатын. Бұрындары Павлодарда палеозоологиялық қазба жұмыстары жүргізілген болатын, яғни Ертістің жағасындағы жарда гиппариондық фаунаға жататын жануарлардың қаңқалары табылды. Атап айтқанда, 15 млн. жыл бұрын бұл аумақ қазіргі Африкаға өте ұқсас болған екен. Осы жерде үш аша тұяқты жылқылар, керіктер мекен еткен. Сондай-ақ бұл жерде мамонттардың қалдықтары бар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Осы орайда ғалым Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы бастамасымен өткен экспедиция биыл да жалғасатынын жеткізді. «Өткен жылы экспедицияға Колорадо университетінің, Австралия оқу орнының студенттері қатысқан болатын. Негізі, ниет білдіргендер көп. Қазақстан шетел зерттеушілерін де тартуда»,-деді Ж. Таймағамбетов.
Алматы тау бөктеріндегі бейнебақылауға қар барысы ілінді. Іле Алатауының тау бөктерлерінде «Қар барысын сақтайық» акциясы аясында таутекелер жүретін соқпақтарға орнатылған фототұзақтарға қар барысы ілінді. Қазақ географиялық қоғамының Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында хабарланғанындай, фототұзақтар 2015 жылдың желтоқсан айында орнатылған екен. Оларға тек қана қар қабыланы ғана емес, басқа да жабайы жануарлар түсіп қалған. Мысалы, солардың ішінде марал да бар.
Ал Алматы облысындағы «Алтынемел» ұлттық мемлекеттік табиғи саябағында Пржевальский жылқыларының саны көбейтіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы директорының ғылыми және халықаралық жобалар жөніндегі орынбасары Сәулет Сәкенов мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, бұл ұлттық бағдарлама Қазақстанның биоәралуандылықты сақтау қауымдастығымен бірлесе жүзеге асырылуда. Осы орайда бұл жобаны іске асыру бағытында Қазақстанның қолайлы өңірлері зерттеліп, айқындалды. «Қауымдастықпен бірлесе жылқылардың бейімделуіне қолайлы арнайы орынды құрдық, яғни бұл тұрғыда «Алтын дала» ұлттық паркі іріктеліп алынды. Біз «Алтынемел» ұлттық паркін зерттеудеміз. Ол жерде бірнеше жылқы жыйылып жүр. Осындағы зерттеулер парк аумағына болашақта барынша көбірек жылқыны жіберуге негізделген. Қазіргі кезде осы нәтижелер қаралып жатыр және оның қорытындысын ағымдағы айдың аяғында немесе алдағы айдың басында алатын боламыз», - деді С.Сәрсенев.
Ендігі әңгімеміз Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі Ақсу-Жабағылы қорығыжайында болмақ. «Парижде болдым - Париж түсіме кірмеді. Мысырда болдым - Мысыр түсіме кірмеді. Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пәкістан, Иран бардым. Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста, Чикагода, Нью-Йоркте болдым - олар да түсіме кірмеді. Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым - оны да түсімде көрмедім ... Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағылыны көремін», деп жазады көрнекті суреткер, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза. Қазақ әдебиетінің бүгінгі үлкен ақсақалы Шераға Ақсу-Жабағылының сұлу табиғатын өзінің шығармаларында кестелеп, оған үнемі оралып отырған, қаламдас інілеріне жер жаннатының жай-күйіне үнемін азар аударып, оны қорғауға, мәпелеуге кеңес беріп отырады. Сол Ақсу-Жабағылы қорығы Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. 1926 жылы 14 шілдеде көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың ұсынуымен және қажыр-қайрат салуымен құрылған екен. Сонымен қатар, қорық құрамына екі палеонтологиялық бөлім кіреді. Бірі Қарабастауда жер көлемі 126 га., екіншісі - «Әулие», жер көлемі 100 га. Екеуі де Бәйдібек ауданында, қорықтың негізгі аймағынан 120 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Бүгінде қорықтың аумағы 131 934 гектар алқапты алып жатыр. Оңтүстіктің алтын алқасы - Ақсу Жабағылы қорығы ЮНЕСКО-ның дүнежүзілік қорықтары тізіміне енген. Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен мәңгі қар жапқан. Ақсу - Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жем-шөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтыңжануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сарыбауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу - Жабағылы қорығы - табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. Қорық теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу-Жабағылы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерде сарышұнақтарды да көруге болады. Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар, жыланбүркіт пен алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады. Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады. Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, сарқырамалар түзейді. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады. Теңіз деңгейінен 3,000 м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын «сурет галереясын» табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген. Ақсу-Жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің іздерін тапқан. Бұл деректер энциклопедиялық анықтамалардан алынды. Дегенмен, қорық тарихын, сол жердің бүге-шігесін білетін, туған табиғатқа жаны ашитын адамдардың айтуынша, Ақсу-Жабағылының кереметі мұнымен түгелденбейді. Ақсу-Жабағылы қорығының тұңғыш директоры Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі, табиғаттың шынайы жанашыры, аса білікті де білімді маман, ізгі ниетті ғалым Борис Петрович Тризна деген кісі еді. Алғашқыда 30545 гектар болған қорық аумағы осы Тризнаның табандылығы және тағы да Тұрар Рысқұловтың қамқорлығы арқасында 1935-1937 жылдары 69826 гектарға дейін ұлғайтылды. Бал татыған Балдыберек және Балабалдыберек өзендерінің бойындағы, Майдантал тау қыраттарының беткейлеріндегі, Жабағылы өзенінің оң жақ қапталдарындағы аршалы алқаптардың бәрі дерлік сол кездерде қосылған. Өкінішке қарай, ерен энтузиаст, бұрынды-соңды замандардағы басшылардың ішіндегі ең мықтысы, аса абзалы болған Борис Петрович Тризнаның талқаны отыз жетінші жылы таусылды», - деп жазады белгілі жазушы Мархабат Байғұт. 1988 жылы Алматыдағы "Қайнар" баспасынан шыққан "Ақсу-Жабағылы" атты альбом-кітаптың авторлары айтқандай-ақ, төрткүл дүниеге түгел тараған қызғалдақ пен сарғалдақтың отаны - осы Ақсу-Жабағылы. Алқызылдың алты түрі де алғаш осында пайда болғаны дәлелденген. Төртеуінен жүздеген сұрыптар өсірілген. Ақсу-Жабағылыдан апарылып, аудандастырылған Алқызыл аруыңыз - Грейг қызғалдағы 1877 жылы Голландияда жоғары бағаланып, дипломмен марапатталған. Содан бері біздің қызғалдағымыздан 200-ден астам түр тараған. АҚШ-тан, Жапониядан, Канададан, Германиядан, Италиядан, Австрия мен Швейцариядан, жаңағы Голландияңыздың өзінен арнайы келетіндер өркениетті мемлекеттерде өсіп жатқан қызғалдақтар мен сарғалдақтардың төркін төрі көркемниетті қазақ топырағы екеніне көз жеткізіп кетіп жатыр. Ақсу-Жабағылы флорасының ерекшеліктерін белгілі ботаник ғалым Н.Х.Кармышева ханым кезінде кереметтей келістіре мәністеп, мазмұндап кеткен. Әрі ғылыми қызметкер, әрі директор болған. Жиырма жыл бойы. 1939-1959 жылдары. Ғылым үшін үлкен жаңалық ретінде танылған, тек Ақсу-Жабағылыда ғана өсетін өзгеше өсімдіктер түрін ашқан. Айналайын аршаңызды айрықшалап сипаттаған. Ақсу-Жабағылының аршасы Тәңіртаудың төңірегінде, Алатау мен Қаратаудың түйісер тұстарында аршаның алты түрі болған екен. Кейінгі үш жүз жылдың ішінде оның үш түрі мұқым-мүлде жойылып кеткен. Бүгінде қара арша, балғын арша және сауыр арша дейтін түрлері қалған. Аршаны алаш баласы, қазақ жұрты әулие ағаш санаған. Беталбаты балта шаппаған. Тек бесікке ғана, қобызға ғана, онда да абайлап қана, Табиғат-анамыздың таңдау-талғауымен ғана, меңзеуімен ғана мәністеп қиған. Он тоғызыншы ғасырдың басынан бастап аршаға алапат қырғын келген. Қарашекпенділер өздерінің таусылмас қара орманындай, қарағайындай қараған. Отындыққа қырыққан. Үй-жайларына, шошқа қораларына дейін пайдаланған. Кендер мен кеніштер ашылса-дағы, аршаға сор боп жабысқан. Темір жолдың табанына тепкілеп тұрып төсеген. Солдаттарының гимнастеркаларын аршадан алынатын бояумен бояған... Жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарында отындыққа кесілген арша арбаға, тракторға, мәшинеге тиеліп әкетіліп жатқан. Қаратаудың Құлантау, Жыландытау, Пістелітау, Бозторғай мен Боралдай жағы, Машат шатқалы мен Арыс арналары аршадан осылайша айырылып қалған. Ақсу-Жабағылы қорығының мұражайында төрт жүз жылға жуық уақыт жасаған аршаның кесіндісі сақтаулы тұр. Алты жүз, жеті жүз жыл жасаған аршалар аз емес. Мыңдаған жылдардан бері маңғаздана мұнартып көрінер керемет аршалар алыстан менмұндалайды. Ал жабайы алмалары - айрықша әлем. Оларды Сиверс алмасы деп атайды. Ғылым жүзінде. Ал, шынтуайтында - Ақсудың алмалары. Ақсу өзенінің арналарын қуалай өседі. Ақсу каньонында деген дұрыс шығар. Каньонның ұзындығы 18 шақырым, тереңдігі 500-600 метр, ені жарты километрге жетеді. Америкадағы атақты Колорадо тауларының шатқалынан кейінгі екінші орында. Ақсудың жабайы алмалары түрлі-түрлі. Түстері ақсары, сарғыш, қызғылт сары, қызыл, т.б. Дәмі де тәтті, қышқылтым. Қарашаның соңында сау етіп төгіліп, қуыс-қуысқа жасырынып, жапырақ жамылып жатқан жабайы алманы желтоқсанның соңында қалың қардан аршып алып, қарш-қарш шайнаған қандай! Өгем өзеніндегідей, Сайрамсу мен Қасқасудағыдай қазақы қайың қасқайып тұрыпты. Аққайың емес, қызылқайың емес, жіңішкелеу қоңырқай қайың емес, күреңдеу реңді қазақы қайың. Бұтаның бірқаншасы, тобылғы мен ұшқаттың бірталайы, сары және қызыл доланалар, ақтал, таутал, сәмбітал, өрімтал, қаратал, ақтерек пен көктерек... Айтпақшы, Ақсу-Жабағылы - нәуірзек торғайдың атамекені. Өзге өңірлерде азайып кеткен көкшілтім, көрікті құс, нәзіктік пен имандылықтың бірегей белгісіндей сезілер сезімтал құс - нәуірзекті сағынсаңыз, Кіші Қайыңдыға, Үлкен Қайыңдыға шығасыз, Балдыберектің бастауларына барасыз. Қанаттылар фаунасын зерттеген А.Ф.Ковшарь "Талас Алатауының құстары" атты кітап шығарған. Сол кітапта осы қорықты мекендейтін 240-қа жуық құс сипатталған. Сарышымшық пен сайрауық, Шерағаң шығармаларында шырыл қағатын зарғалдақ. Ұлардың жөні бір басқа. Кекілік. Әлемдік деңгейдегі, кешегі кеңестік және қазекемнің Қызыл кітаптарына кірген алуан-алуан қанаттыларды, сүтқоректілерді, өсімдіктерді санап келтірмектің өзі көп көлемді алып кетер. Ғалымдар мыңға жуық қоңыз түрін, үш жүзден астам көбелек санап, саралаған. Мұнда аю, түркістан сілеусіні, Аюлар тұқымдасы, қар барысы, Тянь-Шань арқары, үнді жайрасы сияқты Қызыл кітапқа енген аңдар түрлері бар. Он жылдан астам уақыттан бері Ақсу-Жабағылыны Айтбек Меңлібеков басқарып келеді. «Табиғат қорғаудың үздігі» белгісімен, «Құрмет» орденімен марапатталған. "Бүкіл әлем таңырқайтын табиғаттың тамаша түкпірі ғой бұл, - дейді директор. - Бірақ, материалдық жағдай онша жақсы емес. Ең ақыры өрт сөндіру мәшинесі жоқ. Өзге қорықтарда мәшине емес, өрттен қорғау бөлімдері, тұтас техника бар». Бүгінде қорықта 70-тей адам қызмет етеді. Қорықшылар, ғылыми қызметкерлер, экскурсия жүргізушілер. Директордың айтуынша, жылына 700-900 адам келіп, қорықты тамашалайды екен. 600-дей шетелдіктер де бар. Оларға Жетімсай, Байбарақ, Кіші -Қайыңды аңғары мен асуы Қызөлгенкөл - Қаскабұлақ, теңіз деңгейінен 1890 - 2940 метр биіктіктегі Үлкен-Қайыңды аңғары -Үлкен-Қайыңды асуы, Ақсу құз шатқалы - Ақсу өзені көпірі , Таяксалды, Көксай аңғарылар, Көксай көлі сияқты жолбағыттармен саяхаттар ұйымдастырылады. Ақсу-Жабағылы үшін үлкен қиындық алда секілді. Сындарлы сынақ күтіп тұрғандай. Қас қылғандай-ақ, Иірсу биігінен кереметтей кен орны табылыпты деседі. Алтын-күміс, тағы басқа түсті металдардың қабаттары қат-қат деседі. Қайта-қайта қаралып, газеттерде жазылып жүргендей, Иірсудан кеніш ашып, кен ақтарып, қазба байлыққа қарық болмаққа құлшыныс күшейе түсуде. Дүниежүзіне белгілі дүрри гауһарыңыз - Ақсу-Жабағылы қорығының тағдырына дүниеауи есеп-қисаптың, тек байымақ пайдакүнемдік пен тойымсыз табыскерліктің тұрғысынан қарау қалай болмақшы?! Айбек Нарынбайұлымен тілдескенімізде, білгеніміз, қорықта шағын ғана қонақүй бар, мұражай жұмыс істеп тұр. Әрине, шағын ұжым қолдан келгенше, қорықтың күтімі, қорғалуы жолында күндіз-түні еңбек етіп жатыр. Қорықтың бас кеңсесі, мұражай, тағы басқа ғимараттар ЮНЕСКО қамқорлығы аясында бөлінген қомақты қаржының арқасында күрделі жөндеуден өткізілген. Дегенмен,қысқа жіп күрмеуге келмей қалатын жағдайлар бар. Қазақстандағы тұңғыш, орасан зор алқапты алып жатқан қорықтың маңызын арттырып, одан үкімет тарапынан, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқасында, алпауыт кәсіпорындардың демушілігімен қамқорлықты күшейте түскен абзал. Ол үшін қорыққа баратын жолды, оның айналасының инфрақұрылымын жақсарта түсу қажет. Айталық, қорыққа саяхаттап келетін шетелдіктер санын арттыра түсу үшін көлемді қаражат керек. Бурабайдағы сияқты мұнда да халықаралық деңгейде форумдар, симпозиумдар және басқа да кең ауқымды басқосулар ұйымдастырса, қорықтың атақ-даңқы бұрынғыдан да алысқа жайылар еді деп ойлаймыз. Қорықтың арнайы www.aksu-jabagly.kz сайты да бар екен. бірақ, оған онша көңіліміз толмады. Ақпараттар жұтаң. Келушілердің екі-үш жазбасын ғана көрдік. Сайтты үнемі жаңғырта отырып, сол арқылы және басқа да ақпарат құралдары арқылы насихаттап отыру қажет-ақ. Қазіргі кезде жұртшылық көбірек пайдаланатын әлеуметтік желілер, баспасөз құралдары арқылы әлсін-әлі еске салып отырса, танымалдығы да, жұртшылықтың қызығушылығы да арта түсер еді. Қорықтың орталығы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы Жабағылы кентінде орналасқан. Пойызбен Түлкібасқа дейін жетуге болады (18 шақырым), автобус қатынасы бар. Дегенмен қорықтың әлеуетін жақсартып, көлік қатынасын да реттеуге болады. Бұл үшін жергілікті әкімдіктердің,үкіметтің, туристік өкілетті органдардың қолдау-көмегі қажет-ақ. Мұндай шаралар еліміздің туристік әлеуетін арттыруға қызмет етері сөзсіз.
Қазақстандағы жануарларды қорғау шаралары мемлекет назарынан да тыс қалмайды. Әсіресе, браконьерлердің қолынан жапа шегетін бағалы аңдар мен балықтарды барынша қорғауға алу - табиғатымызды сақтап қалу кепілі. Осы тұрғыда, елімізде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен ауланатын құнды аңдар мен балықтар тізбесі бекітілді. «ҚазАқпарат» ХАА құжаттың толық мәтінін ұсынады.
Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10494 тіркелді. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 9-бабы 1-тармағының 66) тармақшасына сәйкес бұйырылды:
1. Қоса беріліп отырған Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы №18-03/106 бұйрығымен бекітілген
Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі
Жануарлардың түрлері
Су жануарлары
1 Қортпа 27 Қабыршақты және жалаңаш көкбас 2 Бекіре (сібірліктен басқасы) 28 Май балық 3 Шоқыр 29 Табан 4 Пілмай (Арал популяциясынан басқасы) 30 Қылышбалық 5 Сүйрік 31 Алтын және күміс түсті мөңке балық 6 Қарынсау (бадырақ көзділерін және дөңгелек бастыларын қоса алғанда) 32 Сазан 7 Бражников (долгин) майшабағы 33 Тұқы 8 Қара жон 34 Ақ және шұбар дөңмаңдай 9 Құбылмалы бахтах 35 Жайын 10 Майқан 36 Нәлім 11 Көкшұбар балық 37 Кәдімгі алабұға 12 Көкшарбы 38 Балқаш (Балқаш-Іле популяциясынан басқасы) алабұғасы 13 Пайда балық 39 Көксере 14 Шыр 40 Беріш 15 Мұқсын 41 Жылаңбас балық 16 Сібір хариусы 42 Буффало 17 Тікенді балық 43 Түйетабан 18 Шортан 44 Ұзын саусақты шаян (түркістандық кіші түрінен басқасы) 19 Торта, қаракөз 45 Каспий итбалығы 20 Тұрпа балық 46 Шабақ 21 Аққайран 47 Кәдімгі және таластық тарақ балық 22 Ақ амур 48 Қызыл қанат 23 Ақмарқа 49 Балпан балық 24 Оңғақ 50 Білеу балық 25 Қызылкөз 51 Айнакөз 26 Қарапайым шармай 52 Көктран Сүт қоректілер 1 Жанат тәрізді ит 17 Қабан 2 Қарсақ 18 Құдыр 3 Түлкі 19 Өзен құндызы 4 Қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқасы) 20 Сібір елігі 21 Марал 5 Жанат 22 Аскания бұғысы 6 Бұлғын 23 Бұлан 7 Құну 24 Киік 8 Сарғыш күзен 25 Сібір тау ешкісі 9 Ақ қалақ 26 Кәдімгі тиін 10 Ақкіс 27 Зорман 11 Сары күзен 28 Байбақ немесе дала суыры 12 Сасық күзен 29 Сұр суыр немесе алтай-тянь-шань суыры 13 Американ су күзені 30 Ұзын құйрықты немесе қызыл суыр 14 Борсық 31 Ондатра немесе су тышқан 15 Кәмшат (ортаазиялықтан басқасы) 32 Құм қоян 33 Ор қоян 16 Сілеусін (түркістандықтан басқасы) 34 Ақ қоян Құстар: 1 Қызыл жемсаулы гагара 30 Тундра аққұры 2 Қара жемсаулы гагара 31 Құр 3 Сұр қаз 32 Саңырау құр 4 Ақмаңдайлы қаз 33 Сұр құр 5 Қырманқаз 34 Гималай ұлары 6 Отүйрек 35 Кекілік 7 Сарыалақаз 36 Дала шілі 8 Барылдауық 37 Шіл 9 Ысылдақ шүрегей 38 Сақалды шіл 10 Қырылдақ шүрегей 39 Бөдене 11 Боз үйрек 40 Қырғауыл 12 Сары айдар үйрек 41 Қасқалдақ 13 Қылқұйрық 42 Дыркептер 14 Даурықпа шүрегей 43 Түзкептер 15 Жалпақ тұмсық 44 Көк кептер 16 Қарашақаз 45 Құз кептер 17 Қызғыш 46 Кәдімгі түркептер 18 Көк сүңгуір 47 Үлкен түркептер 19 Қызылбас сүңгуір 48 Күжіркей 20 Айдарлы сүңгуір 49 Шаушалшық 21 Айдарсыз сүңгуір 50 Тауқұдырет 22 Ұшқыр үйрек 51 Орман маңқысы 23 Сусылдақ 52 Ауылдақ тауқұдіреті 24 Айдарлы үйрек 53 Тау маңқысы 25 Қара тұрпан 54 Маңқы 26 Кіші бейнарық 55 Жылқышы 27 Секпілтес бейнарық 56 Үлкен шалшықшы 28 Бейнарық 57 Қасқа шалшықшы 29 Аққұр 58 Үлкен шырғалақ 59 Кіші шырғалақ.
Жан-жануарлардың өздерін жыл мезгілдеріне орай бейімдейтіні белгілі. Сондай жануардың бірі - аюлар.
Қыс жылы болған соң Ресейдегі аюлар ұйқысынан ерте оянған. Брянская облысында орналасқан қорықтағы аюлар қысқы ұйқысынан ақпан айының басында, жылдағыдан ерте оянды. Жыртқыштардың қысқы ұйқысының қысқаруына жылы әрі ылғалды қыс әсер етуі мүмкін. «Брянский лес» қорығының әртүрлі тұсындағы екі аю қысқы ұйқыдан ерте тұрған. Олардың тоғай кезген іздерін қорықшылар тапты. Қазір жыртқыштардың қайда екені белгісіз, өйткені олар тамақ іздеп кеткен. Бірақ қорықшылар екі аюдың алған бағытын болжап отыр. Өйткені аюлар емен жаңғағын жейді сондықтан, осы ағаш көп өскен тұсқа барады», - деп жазады interfax.ru. Ерте тұрған аю рекорды 2014 жылы тіркелген, қорықтаерте көктемде сергек жүрген аю 12 ақпанда байқалған, биыл бұл көрсеткіш жаңарды. Алғашқы аю 7 ақпанда үңгірін тастап шыққан.
Өсімдіктер әлемін қорғау
Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі өседі. Өсімдіктердің Қазақстан жерінде таралуы, түрлерінің топтасуы табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлі. Олардың құрып кетуіне жол бермеу арқылы біз атмосферамыздың ахуалын сақтап, ғаламшарымыздағы тыныс-тіршілікті жақсартамыз. Осындай табиғатты қорғау шараларының тағы бірі ретінде «Ертic орманы» резерватында ағаш кесуге үш жылдық мораторий іске асырыла бастады.Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі бөлімінің басшысы Мұрат Әлижикеевтің айтуынша, мораторий туралы шешімді облыстық әкімдік ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныспен жүгінген кезден, яғни өткен жылдың көктемінен бастап күткен. - Қазіргі таңда тыйым салу туралы бұйрыққа қол қойылды және барлық сатыдан келісімнен өтіп, Әділет министрлігінің тіркеуіне тапсырылған. ҚР Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің бұйрығында 2016 жылға «Ертic орманы» үшін ағаш кесу нормасы белгіленбеген. Орман және күзет инспекциясының қызметкерлері өздерінің жұмыс орындарында қалады. Штат қысқартылмайды. Олар өрттен кейін орманды сөндіру және тазалау жұмыстарымен айналысады, - деді Мұрат Әлижикеев. Ал, облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инпекциясы бөлімінің басшысы Құмар Құсайынов атап өткендей, ведомствода былтырғы жылғы «Ертіс орманы» резерватында мемлекетке заңсыз ағаш кесудің нәтижесінде келтірілген шығын есептелген. - Былтырғы жылы 16 562 текше метр ағаш кесу, 102 заңсыз орман отау фактісі орын алған. 16 562 текше метр тіркеліп, 814 миллион теңге шығын келтірілгені анықталды. 17 көлік құралы ұсталып, 102 қылмыстық іс қозғалды және 10-ы сотқа берілді, - дейді Қ. Құсайынов. Ведомствода енгізілген мораторий бірегей қарағай орманын сақтап қалуға септігін тигізбек. Еске сала кетейік, орман қорының Павлодар облысындағы мемлекеттік табиғат резерваты 478,7 мың. га құрайды. Оның 277,9 мың га аумағын Лебяжі және Шарбақты аудандарындағы «Ертіс орманы» резерватының қылқан жапырақты орманы алып жатыр.
Ал Шымкентте 4 млн. ағаш көшеті отырғызылып жатыр. Бұл туралыОҚО басшысы Бейбіт Атамқұлов ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Талғат Момышевпен кездесуі барысында айтты. Кездесуде тараптар облыстың экологиялық жағдайын талқылап, бірқатар атқарылған жұмыстарды сөз етті. Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы - Шымкенттің атмосферасын жақсарту мақсатында 5 мың гектардан астам аумаққа 4 миллионнан астам ағаш көшеттері отырғызылып, «Жасыл белдеу» құрылуда. Сонымен қатар, судың ластануы мен сарқылуының алдын алу мақсатында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жұмыстары жүргізілуде делінген ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратхан хабарламада.
Дәл осы шырайлы қалада 112 мыңнан аса сәнді ағаш көшеттері жаңадан егіледі.Оңтүстік Қазақстанда осы жылдың ең алғашқы сенбілігі наурыз айының 6 күні ұйымдастырылмақ, деп ақпараттандырған еді «ҚазАқпарат». Айта кету керек, көктемгі көркейту-көгалдандыру жұмыстары ауа райына байланысты жылдағынан ерте басталмақ. Шымкент қаласында өтетін сенбілікте қаладағы саябақтарға 1000 түп аққайың көшеттері мен 500 дана раушан гүлі отырғызылатын болады. Сондай-ақ, көктем мен күз маусымында қала аумағындағы саябақтар мен жол бойларына жалпы саны 112 187 дана қайың, үйеңкі, емен, қарағай, түрлі хош иісті ағаш көшеттері мен аршаның түрлері және қылқан жапырақты ағаш көшеттерін егу жоспарлануда. 280 гектар жер теліміне отырғызылған мәдени сәнді ағаш көшеттері жерге тез бейімделуі үшін көшеттер жергілікті бау-бақшалардан алынады. Оны арнайы мамандандырылған «ЛТД Тұрмыс», «Шымкент жасыл қала» және «Байтерек ЛБ» мекемелері суғарып, күтіп, баптайды. Жыл сайын отырғызылған көшеттер табиғи немесе түрлі себептермен қураса, жасыл желектер ағаштарды отырғызған мердігер мекеменің есебінен қайта егілетін болады. Бүгінгі таңда этносаябақ пен «Абай», «Тәуелсіздік», «Орталық» саябақтарына 3 мың данаға жуық қылқан жапырақты қырым қарағайы отырғызылса, әкімшілік іскерлік орталығы мен «Нұрсәт» саябағына 100 дана қылған жапырақты қырым қарағайы ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарланды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Ал жасыл желекті аймақтағы Жамбыл облысында өсімдіктерді отырғызу жұмыстары толассыз жүргізіліп келеді. Мәселен, облыста 3400 гектар алқапқа сексеуіл көшеттері отырғызылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы басшысының орынбасары Ханалиев Жасұлан Рахымбайұлы мәлім етті. Өңірдегі ормандарды қорғау, олардың қорын молайту және жаңадан орман өсіру шараларымен 14 орман шаруашылығы мекемелері мен «Ормандарды қорғау жедел қызметі» айналысады. Бүгінде орман қорының жалпы аумағы 4,4 млн. гектарды құрайды. Оның орманды жерлері - 2,2 млн. гектар. Жалпы орманды жерлер облыс аумағының 31 пайызын алып жатыр. Өткен жылы осы салаға жергілікті бюджеттен бөлінген 703 млн. теңге толық игерілді. Оның ішінде мекемелерді ұстауға 561 млн. теңге, оларға техникалар мен жабдықтар алуға 45,0 млн. теңге, өртке қарсы шаралар жүргізуге 32 млн. теңге жұмсалды. Орман тұқымбақтарын қалпына келтіруге және орман ағаштарының көшеттерін өсіруге 14,5 млн. теңге бөлінді. «2015 жылдың ерте көктемінде сексеуіл және тағы басқа орман көшеттерін егу арқылы 1600 гектарға жаңадан ағаштар отырғызылды. Күзде 3400 гектарға тұқым себу жұмыстары жүргізілді. Күзгі санақтың нәтижесі бойынша 4560 гектар жер орман көмкерген алқапқа айналды. 2016 жылы ормандарды қалпына келтіру және жаңадан орман өсіру шараларын іске асыруға - 43,3 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржының есебінен ерте көктемде орман қоры аумағына сексеуіл және тағы басқа орман көшеттерін егу арқылы 900 гектар жерге жаңадан орман ағаштары отырғызу, күзде 4100 га жерге сексеуіл тұқымын себу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр»,-деді Ж.Ханалиев.
Осы өңірде сексеуіл егу жұмыстары қолға алынғаны жөнінде жергілікті «Ақжол» газеті де жазған. Бүгінде Жамбыл облысының аудандарында 14 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі мен «Орманды қорғау жедел қызметі» мекемесінде 753 адам қызмет етеді. Ормандар қорының жалпы аумағы 4 миллион 434 мың 191 гектар болса, оның орманды жері 2 миллион 234 мың гектарды құрайды. Жамбыл облысы, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Қойбақовтың айтуынша биыл ормандарды сақтау, қорғау, молайту іс-шараларына жергілікті бюджеттен 89,1 миллион теңге қаржы бөлінген. Оның есебінен өртке қарсы профилактикалық шаралар, тұқымбақтарды қалпына келтіру мен көшеттер өсіру, ормандарды қалпына келтіру мен оны өсіру шаралары іске асырылмақ. Нақтырақ айтқанда, ерте көктемде орман қоры аумағында сексеуіл, жүзген және қарағаш көшеттерінен 900 гектар жерге жаңадан ағаш көшеттері отырғызылып, күзде 4100 гектар алқапқа сексеуіл тұқымын себу жоспарланды. Аталған жұмыстарға арналған жер бүгінде жыртылып, әзірленген.
Сонымен қатар жамбылдық жастар «Көне Тараз» археологиялық саябағында ағаштар отырғызды. Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен көктем мерекесі - Наурызға орайластырылған «Мәңгілік ел - Жасыл ел!» атты жастардың облыстық сенбілігі өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Сенбілік барысында аймақтың елді мекендерінде 5 мыңнан астам ағаш көшеті егіліп, 150 шақырымдық көлік жолының бойында жиналған қоқыс жиналды, 20 мың шаршы метр аумақ қоқыстан тазартылды. Таразда «Мәңгілік ел - Жасыл ел!» жастар сенбілігі «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығының аумағында, сондай-ақ «Қазақ хандығының 550 жылдығы» ескерткішінің жанында өтті. Мұнда акцияны қолдаған зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар және қала тұрғындары 200-ден астам көшет отырғызды. Ағаштарды егуге аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев та қатысты. Бұдан басқа жастар, Тараздағы жоғары және орта білім мекемелерінің студенттері «Қарахан баба» кесенесінің тарихи ескерткіші, Атшабар саябағындағы Ғашықтар саяжолы, қала саябақтарының маңын жинады. Шараның ұйымдастырушылары - облыстық әкімдіктің жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы мен Тараз қаласының әкімдігі облыс аумақтарын санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына 200-ден астам жас азамат қатысқанын атап өтті.
Ал Созақта сексеуілді күзету ісі қолға алынды.Созақтың шөлейтті даласындағы құм төмпелерінің көшкінін кісендеп, адырлардың топырағын эрозиядан сақтап, елді мекендерді дауылдан қорғайтын сексеуіл екені баршаға аян. Теріскейде осы бұтаның айрықша ақ және қара түрлері кездеседі, деп жазады otyrar.kz. Қызуы қуатты болғандықтан, жергілікті тұрғындар сексеуілді жылдар бойы отын ретінде пайдаланып келген. Енді сексеуіл алқаптарын Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің мамандары торуылдайды. Орман шебері Жұмабек Қалдыбаевқа Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі басшылығы жиі келіп тұрады. Өйткені, 330 мың гектар аумақты қамтыған шаруашылық аудан орталығы Шолаққорғаннан 250 шақырымда орналасқан. Шалғайдағы сексеуіл алқаптарын күзету оңай шаруа емес. Қатары сиреген ағаштың орнын толтыру мақсатында соңғы 6 жылда жаңа алқаптарға тұқымы себіліп, көшеттері отырғызылуда. 2013 жылдың соңында 5 мың 800 гектарға сексеуілдің ұрығы себілген болатын. Теріскейдің шөлейтті, құмды даласына қатты ағаш тұқымдасына жататын сексеуілдің ақ, қара түрлері бейім келеді. Созақ орман шаруашылығында отырғызылған 1-2 жылдық көшеттер бүгінде жетіліп үлгеріпті. Сексеуілдің жауы - сұғанақтар, дала кеміргіштері және өрт. Олармен күресті Созақ ауданында құрылған Шолаққорған, Маяқұм, Созақ орман шаруашылықтарының орманшылары үздіксіз жүргізеді. Үнемі желі азынап, суығы сүйегіңнен өтетін өлкеде арнайы техникаң болмаса, шаруашылықтарды аралап, жұмысты жүйелі ұйымдастыру қиынға соғады. «Бір орманшыға 40 мың гектар жер бөлінген. 11 мотоцикл, 11 көлік бар. Былтыр департаменттің қолдауы нәтижесінде бір өрт сөндіретін мықты арнайы көлік алдық»,-дейді «Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау» мемлекеттік мекемесінің директоры Алмас Алпамышов. Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінде еңбек ететін 66 қызметкердің жартысы орманшылар, ұсталар және олардың көмекшілері. Үш орман шаруашылығына 1 млн гектардан астам жер тиесілі екендігін ескерсек, теріскейліктердің күнделікті қызметі ерлікпен тең.
Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың табиғаты тамылжыған, өсімдіктерімен де, жан-жануарларымен де тамсандырар ең бір әсем, жанға да, тәнге де шипалы өңірдегі «Бурабай» ұлттық табиғи паркін айрықша атап өтпеске болмас. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің рейтингіне сәйкес 2015 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Президенті Іс басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ең үздік деп танылды, деп хабарлады ҚР Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметінен.Жалпы, рейтингілік бағалауға ерекше қорғалатын барлығы 27 табиғи мекеме қатысты. Оның 12-сі мемлекеттік ұлттық табиғи парк, 5-еуі мемлекеттік табиғи резерват және 10-ы мемлекеттік табиғи қорық. Соның ішінде «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі барлығы 93 ұпайдың 91-іне ие болған. Бағалау нәтижесі мекеменің табиғатты қорғау, ғылыми, экологиялық ағарту, қалпына келтіру, туристік және ұйымдастыру жұмыстарын талдау негізінде шығарылды. Еске сала кетсек, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі соңғы бірнеше жыл бойы республикадағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ішінде ең үздіктер қатарында келеді. Парктің жер аумағы 129 532 гектарды құрайды.
Соңғы жылдары Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін табиғаты шұрайлы жерлерді пайдалану ұсынылуда. Мәселен, ОҚО-да ұлттық және табиғи саябақтар аумағында туристік нысандар салынбақ. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Оңтүстік Қазақстан облысында экологиялық туризмді дамыту мақсатында «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы мен «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтарының орман табиғи резервтарының аумағында туризмді дамыту жобаларын бизнес-қауымдастыққа кеңінен таныстыру іс-шарасы ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты - мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар аумақтарында туристік және демалу қызметін жүзеге асыру үшін туризм объектілерін салуға өңірдің кәсіпкерлерін тарту болып табылатын жиында «Сайрам-Өгем» МҰТС мен «Түркістан-Сырдария» МӨТС-інен ұсынылған 5 жер учаскесінің таныстырылымы өтті. Атап айтқанда, «Сайрам-Өгем» саябағының Машат шатқалынан 4,4 гектарға (Түлкібас филиалы), Иіржол шатқалынан 1,5 гектарға (Төлеби филиалы) туристік кешен құрылысын жүргізу ұсынылса, Бак-Шелпек шатқалының 1,5 гектар аумағынан (Өгем филиалы) демалыс орнын салу жоспарланды. Сонымен қатар, туризм нысандары «Түркістан-Сырдария» табиғи саябағының Сырдария филиалындағы Байырқұм және Тақыркөл орманшылығының маңынан да бой көтеретін болды. Жобалардың таныстырылым қорытындысы бойынша осы жылдың ақпан айында мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар мен мемлекеттік орман табиғи резерваттары жер учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру бойынша тендер өткізу туралы хабарландырулар беретін болды. Айта кетейік, бүгінге дейін «Сайрам-Өгем» МҰТС-нің 9,5 мың гектардан астам аумағын құрайтын 218 жер учаскесі ұзақ мерзімді пайдалануға, 217 гектардан астам аумақты алатын 114 жер телімі қысқа мерзімді пайдалануға берілген.
Өсімдіктер әлемі - барлық жаратылыстың ең басты топтарыың біріне жатады. Себебі өсімдіктерді жер бетінің кез-келген бөлігін қамтиды. Олардың біз біле бермейтін тылсым сырлары да көп. «ҚазАқпарат» ХАА бетінде жарияланған өсімдіктер қалай қан тобына бөлінетіні туралы қызықты материалды ұсынамыз. Жер бетіндегі тіршілік иелері саналатын адамдар мен жануарлардың қаны ұқсамаған топтарға бөлінетіні ғылымда әлдеқашан дәлелденген. Ал, өсімдіктердің де қан тобы болатындығын ғалымдар енді ғана анықтап, зерттеуде. Қанды бірнеше топқа бөлу керектігі туралы ХІХ ғасырда айтыла бастады. 1907 жылы чех оқымыстысы Я.Янский қан тобының 4-ке бөлінетіндігін мәлім етті. Олар 1-қан тобы (O), 2-қан тобы - (А), 3-топ (В), 4-топ (АВ) болып жіктелді. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Әлемдегі ең көп кездесетін қан тобы - 1- топ. Жер бетіндегі халықтың 45%-ың қаны осы топтан. 2-ші қан тобы - дүниежүзіндегі адамдардың -35%-ына тән. Адамдардың 13%-ының қаны 3-топқа жатады. Ал 4-ші қан тобы өте сирек, адамдардың 7%-ында кездеседі екен. Осы зерттеліп, қалыптасқан, мойындалған заңдылықтардың аясында өсімдік атаулыда қан немесе қан тобы болады деген тұжырым жасалмаған болатын. Өсімдіктерде қып-қызыл қан да, қан клеткасы да болмаса, қалайша қан тобы болады? Өсімдіктерде қан тобы бар деген көзқарасты алғаш ортаға қойған адам - Жапония ішкі істер органының білікті заң дәргері Ямото Шигру еді. Ол бұндай тұжырымға қасақана адам өлтірген қылмыстық істі қарау барысында көз жеткізген. Қылмыстық оқиға орын алған үйдің ішінде бір тамшы да қан дағы табылмаған, тек жастықтан АВ қан тобының әлсіз реакциясын байқайды. Оқиғаның анық себебіне үңіле түсу үшін, ол жастықтың ішіне салынған қарақұмық кебегінің қан тобын сараптап тексереді. Осы кезде ойламаған нәтиже белең береді. Қарақұмық кебегінен АВ қан тобының ерекшелігі байқалады. Осыдан кейін ғалым 150 түрлі көкөністер мен жеміс-жидектердің, жүздеген түрлі өсімдік ұрықтарының қан тобын тексеріп, зерттейді. Соңғы нәтижеде, 79 түрлі өсімдіктен қан тобы реакциясы анықталады. Бұдан өсімдіктердің ішінде, басым көбінің О қан тобына, одан қалса АВ және В тобына тәуелді екені белгілі болады. Ямото дәрігер көптеген сынақтардан соң әлемге тұңғыш рет «өсімдіктерде қан тобы болады» деген тұжырымын жария етті. Ол тағы да өсімдіктердің қан тобына О ең негізгі қан тобы, ал, В қан тобы мен АВ қан тобы О қан тобынан бөлініп шыққан деген пікірді ортаға қойды. Бұл жаңалықтан соң әлем ғалымдары өсімдіктердің қан тобын жарыса зерттеді. Олар зерттеу барысында, өсімдіктердің денесінде адамзат қанындағы қызыл клетканың сыртындығы қан тобы затына ерекше ұқсайтын заттың, яғни қан тобы қантының болатындығын анықтайды. Өсімдіктерде де адам денесіндегі осы қан тобы заттарына ұқсайтын заттар болады, мұның ішінде жемісі қызыл болатын өсімдіктердің құрамындағы мөлшері ең көп болған. Ғалымдар өсімдіктердің ұрығы мен жемісінде қан тобы заты болатындығын және өсімдіктердің қан тобы заты жемісі пісіп жетілу барысында біртіндеп артатындығын, жемісі піскен кезде қан тобы заты ең мол деңгейге жететіндігін байқаған. Өсімдік денесіндегі қан тобы затының анықталуы, өсімдіктерді жікке бөліп зерттеуде, клеткаларды тоғыстыру, тұқымын будандастыру барысын жаңаша қалыппен жүргізуге септеседі. Сондай-ақ, қылмыстық істерді ашуды оңайлатады. Мысалы, белгісіз жағдайға душар болып, жапа шеккен адамның асқазанындағы азықтықтарды тексеру арқылы, азықтықтың түрін анықтап туындаған оқиғаға қатысты жіп ұшін табуға көмектеседі. Осындай тағы бір мысал, Жапонияда болған жол -көлік оқиғасы кезінде, жүргізуші бір баланы көлігімен соғып қашып кетеді. Артынша полиция қашқын жүргізушіні ұстап, көлік доңғалағындағы қан дақтарын тексереді. Қан дақтарының қан тобын айыру барысында, доңғалақта көлік соғып кеткен баланың О қан тобынан басқа, тағы В және АВ қан топтарының да дағы бар екені анықталады. Сол уақытта полицейлер көлік жүргізуші баладан басқа тағы бірнеше адамды соғып жаралаған немесе жазым еткен деп күдіктенеді. Бірақ, жүргізуші баланы ғана соққанын мойындайды. Кейіннен зеріттеу орталығының сараптамасы соңғы екі түрлі қан тобының өсімдіктің қан тобы екенін анықтап шығады. Осылайша, қылмыстық іс әділ шешімін табады. Қазіргі күні Жапония қарақұмық, сәбіз сияқты өсімдіктердің иммунитеттік қан сарсуын тексеріп анықтады. Қан сарсуы тұрақтанған өсімдіктердің түрін дәл тауып айыруға болады. Өсімдіктердің қан тобы туралы ізденістер енді ғана басталды. Өсімдік денесінде қан тобы заты болатындығының себебін және қан тобы затының өсімдіктің өзі үшін нендей мән алатындығы туралы ғалымдар ортақ, дәйекті тұжырымға келе алған жоқ . Олар өсімдіктердегі қан тобы заты өсімдік үшін сигналдық рөл, артық энергияны сақтау рөлі, өсімдік денесін қорғау рөлі бар дейтін әртүрлі болжаулар ғана жасап отыр. Ал, адамдар болашақта осы өсімдік қан тобының сан алуан маңызын тереңдеп ашып, адамзаттың пайдалы қажеттілігіне жарататын күнде алыс емес деп ойлаймыз.
Өз еліндегі өсімдіктер әлемін қорғауға әр ел мүдделі. Мәселен, Австралия билігі болса, жауынды белдеудегі орманның ағашын кесу жөніндегі ойынан бас тартты.Австралия мен елдің оңтүстігінде орналасқан аралдағы Тасмания штатының билігі жауынды белдеудегі орманда ағаштарды кеспеуге келісіп отыр. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлады. Бұл аймақ Тасмания мен Австралияның құрлықтық бөлігінің шамамен 14 мың шаршы километр жерін алып жатыр. Ол ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұрасының нысаны ретінде бекітілген. 2014 жылы Австралия билік ЮНЕСКО-ға бұл аумақтағы орманды кесуге салынған тыйымды алып тастау жөнінде ұсыныс жасады. Алайда халықаралық ұйым Австралияның федералды билігіне және Тасмания үкіметіне мұндай жоспардан бас тартуды ұсынды. Ел билігі ЮНЕСКО ұсынысына құлақ асуды ұйғарды. Жауынды белдеудегі мұндай орман Тасмания аралының 40 пайызынан астам аумағын алып жатыр, оның шамамен жартысы ұлттық саябақтар аумағына кіргізілген.
Ал БҰҰ жыл сайын жер бетінде 7 млн гектар табиғи орман жойылады деген мәліметтер келтіреді сәйкес.50 миллион гектар орман алқабы өрттен зардап шегеді. БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Халықаралық орман күні қарсаңында осылай мәлімдеді. «Тұрмыста, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте пайдаланылатын тұщы судың төрттен үші ормандағы су көздеріне тиесілі», - деді Пан Ги Мун. БҰҰ жетекшісі Богота, Дурбан, Джакарта, Мадрид, Нью-Йорк, Рио-де-Жанейро және басқа да ірі қалалар ауыз судың басым бөлігін орманды алқаптардан алады. «Жер бетіндегі адам санының өсуі және суға деген сұраныстың күрт артуы ормандарды су көздері ретінде қорғау қажеттілігі туады. 2025 жылы 1,8 миллиард адам су тапшы аудандарда өмір сүреді. Жалпы алғанда, әлемнің үштен екісі су жетіспеушілігінің зардабын шегеді», - деп атап өтті Пан Ги Мун. Ормандарды қорғау үшін БҰҰ-ның ФАО ұйымы жаңа бағдарлама жасап шықты. Ол су сапасын және оны жеткізу жолдарын жақсартуға бағытталған. Осы бағдарламаны Африканың батысындағы сегіз елінде іске асыру қолға алынады. Олар: Гамбия, Гвинея, Гвинея-Бисау, Мали, Мавритания, Нигерия, Сенегал, Сьерра-Леон.
Алматы қаласының экологиялық проблемалары
Алматы қаласы еліміздегі ең ірі мегаполис болып табылады. Алайда қалада өндірістің өсуі, экономиканың дамуы мен халықтың әл-ауқатының жақсаруы қоршаған орта мен экологияға кері әсерін тигізуде. Тіпті, Алматы - экологиясының нашарлығы жөнінен әлемдегі ең ластанған қалалардың біріне жатқызылып жүр. Сол себепті Елбасымыз бұл мәселені ерекше назарына алды. Алматыға кезекті сапарында қала басшылығына ҚР Президенті Алматының экологиясын жақсартуды тапсырды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жиында қала басшылығына Алматының экологиясын жақсартуды тапсырды. «Бутаковкада үй салып тастаған. Шымбұлаққа баратын аспалы жол не үшін салынды? Сол жерге машинамен жетуге ме? Еуропалық тау шаңғысы курорттарында көлік көрдіңіздер ме? Мына қарқынмен орманды жойып тынамыз», - деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы қала әкіміне тыйым салынған жерлерге үй салғандарды ойланбастан сүріп тастау керектігін айтты. «Әл-Фарабидан жоғары үй салмауды тапсырдым. Сонда да салынып тасталған. Қала таудан келетін самалдың арқасында демалып отыр. Тауды да жауып тастапсыңдар», - деді Президент. Сонымен қатар, Елбасы Алматының тазалығы туралы айтты. «Бұл - барлық қазақстандықтардың сүйікті қаласы. Көріктендіру, тазалық, арық жүйесінің абаттандырылуын қадағалау керек. Қаланың қожайыны ретінде үйіңді қарағандай қарау керек. Басшылық менің ескертпелерімнен нәтиже шығарады деп үміттенемін», - деді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ Елбасы экология проблемасы Алматы үшін мейлінше өзекті мәселе болып қалып отырғанын атап өткен. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласын дамыту және 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Қ.Ақсақалов, сондай-ақ министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау құрылымдарының басшылары, іскер және ғылыми орта өкілдері қатысты. Іс-шараны ашқан Мемлекет басшысы отандық экономиканың тиімділігін арттыру жөнінде қойылған міндеттерді жүзеге асыру көбіне өңірлерге байланысты екенін, олардың қатарында Алматы маңызды рөл атқаратынын айтты. «Қала ірі экономикалық орталық ретінде қалыптасты, ол республикалық бюджеттің доноры болып табылады және бүгінде жиынтық ішкі өнімнің бестен бірін қамтамасыз етеді. Алматы жетекші білім орталығы да болып саналады, мұнда елдегі жоғары оқу орындарының 40 пайыздайы шоғырланған. 86 ғылыми-зерттеу институты мен 11 мың ғылыми қызметкерлерді қамтитын, инновация мен экономиканың ғылыми қамтымды секторларын дамытуға қомақты үлес қосуы тиіс салмақты ғылыми әлеует бар. Қалада 17 республикалық мәдениет және өнер ұйымы жұмыс істейді. Халықаралық деңгейдегі қазіргі заманғы спорт нысандарының желісі құрылған, олар алматылықтарды ғана емес, өзге өңірлер мен елдерден айтарлықтай мөлшерде туристер тартып отыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысында жарияланған, ақша-несие саясатының тиімділігін арттыруға және елдегі қаржы тұрақтылығын сақтауға бағытталған экономиканы қосымша қолдау шараларын да еске салды. «Сарапшылардың мәліметінше, әлемдік экономиканы жайлаған дағдарыс ұзаққа созылады. Біз қабылдаған, жалпы құны шамамен 2 триллион теңге көлемінде болатын қосымша шаралар 60 мың адамды жұмыспен белсенді қамтуға, 18 мың жаңа жұмыс орнын ашуға және мыңға тарта инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру негізінен өңірлер мен мемлекеттік аппараттың кәсібилігіне байланысты болады», - деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев қаржы ресурстарының шектеулі екендігін ескеріп, оны барынша тиімді пайдалану қажеттігін айтты. «Қаланың алдына қоятын негізгі міндетім - инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу. Әкім мен оның аппаратының жұмысын бағалау осыған байланысты болады. Мемлекет-жекеменшік серіктестігін белсенді түрде енгізу қажет. Әкім баяндағандай, қалада бұл жұмыстар қазірдің өзінде басталып кетті. Тек биыл ғана жалпы құны 30 миллиард теңгеге мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде 25 балабақша, 3 мектеп және бір емхана салынады», - деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы әкімдікке қаладағы ірі жобаларды жүзеге асыру үшін инвестиция тарту мәселесін пысықтауды тапсырды. «Алты жыл бұрын менің тапсырмаммен индустриялық даму бағдарламасы іске қосылды. Осы уақыт аралығында елде 900 жаңа нысан салынды, 100 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Сонымен бірге, осы бағдарлама басталғаннан бері Алматыда жалпы инвестиция көлемі 285 миллиард теңге болатын барлығы 27 жоба жүзеге асырылған, соның 243 миллиард теңгесі үш жобаға тиесілі. Тек 42 миллиард теңгесі ғана жеке инвестициялардың үлесінде. Алматының әлеуеті үшін бұл жеткіліксіз», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл ретте Қазақстан Президенті Алматы қаласының іскерлік ортасында инновациялық, жобалық-конструкторлық және сервистік кәсіпорындарды ұлғайту қажеттігіне назар аударды. «Қазіргі заманғы қалаға инновациялық экономика қажет. Бұны уақыт пен күшейіп келе жатқан жаһандық бәсекелестік талап етіп отыр. Сол үшін біз Алматыда «Алатау инновациялық технологиялар паркі» арнаулы экономикалық аймағын құрдық. Бүгінде 150 компания тартылып, олар 15,5 миллиард теңге инвестиция салды. Бұл жұмыстың басы ғана, жүктеме деңгейі мен еңбек өнімділігін арттыру қажет. Алматыда 42 жоғары оқу орны, соның ішінде алты ұлттық оқу орны мен барлық студенттердің үштен бірі шоғырланған. Алайда олардың жанында екі технопарк қана жұмыс істейді. Біреуі - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанында, екіншісі - Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті жанында», - деді Мемлекет басшысы. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев жас ғалымдар мен студенттерге өз идеяларын жүзеге асыру және жаңа әзірлемелерді енгізу үшін қажетті жағдайлар жасау міндетін қойып, білім және ғылым министрі Е.Сағадиевке осы тапсырманың орындалуын айрықша бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар Қазақстан Президенті жергілікті атқарушы органдарды шағын және орта бизнесті белсене қолдауға шақырды. «Бұл сектор Алматының өңірлік жиынтық өнімінің 85%-ын құрайды. Өндіріс көлемін сақтау, шағын және орта бизнесті қолдау үшін елде жалпы 600 миллиард теңге бөлінеді. Капиталды заңдастыру үдерісі айтарлықтай жеңілдетілуде. Халықтың жұмыспен қамтылуын қолдау үшін қалаға қосымша 2,7 миллиард теңге бөлінеді, бұл тағы 2 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Алматы бірінші кезекте осы мүмкіндіктерді пайдалануға тиіс. Барлық банктер, шағын және орта бизнес субьектілерінің бестен бірі дерлігі осында орналасқан, құрылыс секторы дамыған. Сондықтан әкімдікке осы бағыттардың барлығы бойынша жұмысты жандандыру қажет», - деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту ісіне назар аударды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына 47 миллиард теңге бөлініп, 3000-нан астам пәтер салынатын болады. Бұл ретте 1 шаршы метр баспана бағасы Алматы үшін 200 мың теңгеден аспайды. Кезекте тұрғандарға сатып алу құқығы берілетін жалдамалы тұрғын үй үшін төлем 1 шаршы метріне 1230 теңгеден, ал сатып алу құқығынсыз 640 теңгеден аспайды», - деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қала халқына әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы түйткілдерді де шешу қажеттігін атап өтті. «Таяуда сіздерде әкімдердің халық алдындағы есеп беру жиындары аяқталды. Қалалықтар көтеретін негізгі мәселелер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, көлік қатынасына, тұрақтарға, арық желісіне байланысты болып келеді. Әкімдік қоғамдық көлік жүйесін дамытуға, қала халқына қызмет көрсету деңгейін арттыруға қатысты жұмысты жалғастыруы керек. «Оңай» электрондық билет жүйесінің кейбір қолайсыз және әлі шикі тұстарына қатысты белгілі бір шағымдар бар. Экология проблемасы да Алматы үшін мейлінше өзекті мәселе болып қалып отыр. Әкімдік қаланы көгалдандыру, көлікті және жекеменшік үйлерді газға көшіру, қалаға сырттан кіретін 250 мыңнан астам көліктердің қозғалысын реттеу жұмыстарын жалғастыруы керек. Бұл орайда осы саладағы халықаралық тәжірибені зерттеу қажет», - деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ипотекалық несие алушылардың проблемаларына тоқталды. «Менің тапсырмам бойынша Үкімет бұл түйткілді шешу жөніндегі жұмысты бастады. 25 мыңға жуық проблемалық несиелерді қайта қаржыландыру үшін 130 миллиард теңге бөлінді. Алматыда 7 мыңға жуық проблемалық несие иелері арасынан 3565 өтінім банктер қарауына ұсынылып, соның 1470-і қазірдің өзінде қайта қаржыландырылды. Бұл жұмысты жалғастыру керек. Бұл ретте 90 миллиардқа жуық теңге әлі игерілген жоқ. Мұндай шырғалаң халықтың наразылығын тудырады. Дегенмен, көмек тек шынымен мұқтаждарға ғана көрсетілуге тиіс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті криминогендік ахуалға да тоқталып, азаматтардың қауіпсіздігін күшейту қажеттігіне назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы универсиаданың басталуы және айтарлықтай көп спортшылардың, жанкүйерлердің, туристердің келуі қарсаңында қалада құқықтық тәртіпті қатайту жөнінде кешенді шаралар қабылдап, бейнекамералар орнатып, көшелерді жарықтандыру ісін жалғастыруды тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, универсиада өткізу Қазақстан үшін елеулі экономикалық тиімділік әкелетін маңызды имидждік жоба болып саналады. Осы орайда Қазақстан Президенті Үкіметке ұйымдастыру комитетімен және қала әкімдігімен бірлесіп, бұл іс-шараға ойдағыдай дайындық жасау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. «Бүгінде бірқатар нысандар әлі дайын емес. «Медеу» мұзайдынының, «Шымбұлақ» тау-шаңғысы базасының және Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының дайындығы айтарлықтай алаңдаушылық туғызады. Бұдан бөлек, ойындар өткен соң нысандарды қалай пайдалану керектігі жөнінде қазірдің өзінде ойлану қажет. Бұл ретте бюджетке түсетін салмақ мейлінше аз, ал спорт нысандары халық үшін қолжетімді болуға тиіс. Универсиаданы өткізу қаланың дамуына тың серпін беріп, оның архитектуралық келбетін жақсартып, қонақ үйлердегі, мейрамханалардағы, қоғамдық көліктегі және спорт нысандарындағы қызмет көрсету деңгейін арттыруға тиіс. Соның бәрі шағын және орта бизнесті жандандырып, көрсетілетін қызмет ауқымын ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді», - деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ іс-шара барысында Инвестиция және даму министрі Ә.Исекешев, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Б.Байбек баяндама жасады.
Елбасының айтылған тапсырмаларын орындау бойынша Алматыда кешенді жұмыстар қолға алынды.Алматы қаласының әкімдігінде қала басшысы Бауыржан Байбектің төрағалығымен ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмаларын орындау бойынша кеңейтілген мәжіліс болып өтті.Шара барысында Б. Байбек Елбасының бірқатар тапсырмаларын орындау бойынша кешенді жұмыстардың қолға алынғандығын жариялады. Атап өтер болсақ, алдағы уақытта «Шымбұлақ» таушаңғысы шипажайына баратын жол жабылатын болады. Сондай-ақ, қала әкімдігі әл-Фараби даңғылының жоғарғы жағына үш қабаттан биік ғимарат салмау туралы қаулы қабылдады. Бұл жерде ғимараттың биіктігі 12 метрден, ал ені 15 метрден аспауы тиіс. Бұдан басқа, әл-Фараби даңғылының жоғарғы жағына салынған заңсыз нысандарды сүріп тастау бойынша да тиісті шара қабылданды. «Бүгінгі отырыста қаланы көріктендіру, көгалдандыру, халықаралық әуежайды дамыту, жұмыссыздық деңгейін төмендету және алматылықтардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды», - деді Б. Байбек. Айта кетелік, аталған шаралар Алматы қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында қолға алынып отыр. Сондықтан да бүгінгі отырыста Алматы қаласын дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын талқылау барысында экология мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Басқосуға жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары және аудан әкімдері қатысты.
Сондай-ақ Елбасы тапсырмасына орай, енді Алматыда оталған ағаштардың орнына 53 қылқан жапырақтылар отырғызылатын болады. Алматыда Өтеген батыр көшесіндегі су құбырын жаңғырту барысында оталған ағаштар орнына екі есе артық тал отырғызылады. Бұл туралы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасынан хабарлады. Басқарманың хабарлауынша, құрылыс жұмыстарына байланысты инженерлік компанияға көше бойындағы жасыл желекті отауға тура келді. Онсыз Әуезов ауданын суық сумен қамтитын су құбырын жаңғырту мүмкін емес. Аталған нысан пайдалануға 50 жыл бұрын берілген екен. Тозығы жеткен су құбырының бойында соңғы уақытта апатты жағдай жиілеп кеткен. Басқарма мәжбүрлі қазу жұмыстарына байланысты аталған аймақтағы бірнеше ағашты отауға рұқсат берді. Енді бұл жерде 25 қарашаға дейін мердігер ұйым биіктігі 3 метрден кем болмайтын 53 қылқан жапырақты ағаш отырғызуға мәжбүр болып отыр.
Алматы қаласының экологиясын жақсарту жолдары жан-жақты қарастырылып жатыр. Оның басты жолы ретінде қоғамдық көлікті дамыту ұсынылды. Бұл туралы Алматыда қала тұрғындарымен болған жылдық есептік кездесу барысында қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Алматы - экологиясының нашарлығы жөнінен әлемдегі ең ластанған қалалардың бірі. Бұл өте өзекті мәселе. Қалада зиянды қалдықтардың 80 пайызы автокөліктерден шығады. Қазір Алматыда 510 мың жеке автокөлік тіркелген. Күн сайын қалаға жақын маңайдағы елді мекендерден 275 мыңға дейін автокөлік келіп кетеді. Бұл орайда экологиялық мәселені шешудің басты жолы - қоғамдық көлікті дамыту деп білем. Ол жеке автокөліктерге қарағанда энергияны 3-4 есе аз тұтынады және көлік кептелісін азайтады. Сол үшін, 2020 жылға қарай Алматыда қоғамдық көліктің үлес салмағын 32 пайыздан 50 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз», - деді Б. Байбек. Сондай-ақ, қала басшысы биыл жеті көшеде қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақ белгіленетіндігін айтты. «Қоғамдық көліктерге арналған жолақтар жол-көлік апатын 10 пайызға азайтып, автобустардың жүру жылдамдығын 30 пайызға арттырады. Ал жолаушы легі 25 пайызға көбейеді. Биыл қалада жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 7 қосымша жолақ енгізіледі. Олар Төле би, Тимирязев, Желтоқсан, Наурызбай, Гоголь көшелері және Райымбек пен Сейфуллин даңғылына салынады», - деді Б. Байбек. Сонымен қатар, әкімінің айтуынша метроға қосымша вагондар сатып алуға биыл қала бюджетінен 37 млрд. теңге бөлінген. Бұл таңертеңгілік және кешкі уақытта жолаушыларды тиімді тасымалдауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Алматыда Елбасы сынынан соң әл-Фараби даңғылынан жоғары аймақта 3 қабаттан артық нысан салынбайтын болды. Бұл туралы Алматы әкімдігінде қала басшысы Бауыржан Байбектің төрағалығымен өткен қала құрылысы кеңесінің отырысында айтылды. Жиынға аудан әкімдері, қалалық құрылыс және сәулет басқармасының, құрылысшы компаниялардың өкілдері, сәулетшілер мен дизайнерлер қатысты.«Таулы аймақ рекреациялық аймақ болады. Ол жерде құрылыс салынбайды. Аумағы 6,5мың га болатын әл-Фараби даңғылынан жоғары аумақ қаланың стратегиялық ауданы. Тәжірибе көрсеткендей, қазіргі 6 қабат деген шектеуіміз аз болып тұр. Бұл қалаға самал желдің соғуына кедергі екен. Қабат санын реттеуде, сәулет жоспарлау бағытында сәл қаттырақ критерийлер керек»,- деді қала басшысы. Жиын барысында әл-Фараби даңғылынан жоғары аймақта нысандарды салудың жаңа регламенті тағайындалды. Жаңа регламентке сәйкес ғимараттың биіктігі 3 қабаттан аспауы керек. Төменгі (цокольный) қабатты салуға рұқсат беріледі. Бірақ биіктігі 12 метр болуы, кеңдігі 15 метр болуы тиіс. Сондай-ақ, таулы аймақтар мен тау бөктерінде құрылыс жүргізуге тыйым салынады.Айта кету керек, Мемлекет басшысы Алматыға сапары барысында әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан ғимараттардың экологиялық ахуалға келтіріп жатқан залалын тілге тиек еткен болатын. Елбасы қалаға таудан соғатын самалдың маңыздылығын ескертті.
Алматыдағы Президент паркі - қала жұртшылығы мен қонақтарының келуі үшін таптырмас орын. Сол себепті оны дамытып, күтіп баптап, жаңғырту жолға қойылуы тиіс. Бұл туралы Алматыдағы Президент паркінде Тұңғыш Президент мұражайы ашылуы кезінде туралы қала әкімінің төрағалығымен өткен жиын барысында белгілі болды. Тұңғыш Президент саябағын жаңғырту жобасын «AGS Project Engineering» директоры Роман Шнайдерман ұсынды. «Саябақтың оң жағында Тұңғыш Президент мұражайы бой көтереді. Орталық аллея осы музейге жол болады. Аллеяның екі жағында пейзажды көрініс болады. Жақын территорияда балаларға арналған және спорттық алаңқайлар болады. Саябақ пен алаңқайлардың арасында жасыл көпір жасалады. Саябақтың пішіні созылыңқы болған соң, келушілердің көпшілігі оның жоғарғы жағына жете бермейді. Сондықтан, кіру екі жақтан да болады. Шығыс және батыс жағынан», - деді «AGS Project Engineering» директоры Роман Шнайдерман. Жобаға сәйкес, паркте үлкен көл және жасыл амфитеатр пайда болады. Қала әкімі Бауыржан Байбектің айтуынша, әр саябақтың өзінің тақырыптық бағыты болуы керек. Тұңғыш Президент саябағы алматылықтар үшін ең ыңғайлы демалыс орны болуы тиіс.
Көрікті де кербез қала - Алматының табиғатын аялап, ажарын арттыра түсуге үлес қосуды жергілікті кәсіпкерлер де жөн көрген. Соның бір дәлелі ретінде Алматыда кәсіпкерлердің бастамасымен шағын саябақтар бой көтермек. Алматыда «Alma-Qala» акциясы қарсаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Парыз» қоғамдық қорының президенті, кәсіпкер Ерлан Стамбеков осылай деді. «Біз қазір қала әкімдігімен бірлесіп, ағаш отырғызатын ашық алаңдарды белгілеу мәселесін шешіп жатырмыз. Яғни, Алматыда алдағы уақытта кәсіпкерлердің бастамасымен шағын саябақтар бой көтеретін болады. Бұл шараға атсалысуға басқа да кәсіпкерлерді шақырамын. Өйткені, ағаш отырғызу - кәсіпкерлер үшін ең тиімді, ең жақсы жарнама. Мысалы көше бойындағы билбордтар қаланың көркін бұзады. Оған ілінген жарнамалар ұзақ та тұрмайды. Ал шағын саябақтар, ол - артыңызда қалатын мол мұра. Ол құдай қаласа, кем дегенде ондаған жылдар бойы жайқалып тұрады. Нағыз баламалы жарнама көзі деген осы», - деді Е. Стамбеков. Айта кетелік, «Alma-Qala» акциясы биыл 12 наурыздан 24 сәуірге дейін жалғасады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазірдің өзінде отырғызуға дайын 10 000 әр түрлі ағаш көшеті бар. Ал акцияға әдеттегідей қала тұрғындары мен кәсіпкерлер белсенді атсалысатын болса, акция соңына қарай қалада 30 000дай ағаш көшеті отырғызылады деп күтілуде.
Еліміздегі белгілі саяси партиялар да бұл қаланың экологиялық жағдайына алаңдаушылық танытуда. Мәселен, «Бірлік» саяси партиясының мүшелері «Партия тапсырмасы» аясында Алматы қаласында сенбілік өткізді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметінен хабарлады. Бұдан бұрын Алматы қаласындағы сайлауалды штабқа Таулы қырат шағын ауданының тұрғындары келіп, Есентай өзеніне іргелес жатқан аумақтың қоқысын жинау мәселесін шешу шешуде жәрдемдесу туралы өтініш білдірді. Олар қараусыз қалған жағалаудың жан ауыртар жағдайына алаңдаулы еді. Партиялықтар оны тез арада назарға алып, аз ғана уақыт ішінде көмек көрсетті. «Бірлік» партиясының мүшесі Болат Түсіповтің пікірінше, өкінішке қарай, адамдар көбінесе мемлекеттің көмегіне сүйеніп кеткен, тіпті қандай да бір мәселені шешуге өзінің жеке үлесін қосуға болатыны туралы ойланбайды да. Партиялықтар өздерінің алдарына мынадай мақсат қойды: сенбілік қалалықтар үшін қоршаған ортаға жауапкершілік пен қамқорлық білдіруге «іс жүзінде» шақыру болуы тиіс. Тек жеке басыңның үлгісі арқылы ғана азаматтардың экологиялық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыруға болады деп санайды белсенділер. Партия мүшелері атқарылған жұмыстың нәтижесіне риза болды. «Жергілікті тұрғындар өзеннің жанындағы қоқысты жинай бастағанымызды көрген жергілікті тұрғындардың көпшілігі көмекке келді. Мен мұны біздің жеңісіміз деп санаймын!» - деп өзінің әсерін бөлісті партия мүшесі Шайзада Марлен. Халық үшін саясаттың ашықтығы мен қолжетімділігі «Бірлік» партиясының сайлаушыларды толғандыратын проблемалар мен сұрақтар туралы білуіне мүмкіндік берді. Партиялықтар оларды шешу бойынша қазірдің өзінде іс-қимыл жоспарын құруда. Күн сайын олар бүкіл еліміз бойынша халыққа құқықтық көмек көрсетеді, елді мекендерді жақсарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырып, оларға қатысады. «Партия тапсырмасы» акциясы аясындағы мұндай жұмыстар Қазақстанның барлық түкпір-түкпірінде жүргізілуде. Табиғатқа қамқорлық жасау партияның негізгі бағыттарының бірінің - қоршаған ортаны қорғау мен оның орнықты дамуының көрінісі болып табылады.
Қоршаған орта халін айтарлықтай жақсартатын ағаш отырғызу тақырыбына қайта оралсақ, Алматыда ағаш көшеттерін биолог ғалымдармен кеңесіп барып отырғызған жөн деген пікір білдірілуде. Бұл пікірді «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында ҚР БҒМ «Ботаника және фотоинтродукция» РМК-нің бас директоры, биология ғылымдарының докторы, Қазақ Ұлттық жаратылыстану академиясының академигі Гүлнар Ситпаева білдірген. «Соңғы жылдары Алматыда отырғызылған ағаш көшеттерінің басым бөлігі Еуропа елдерінен жеткізілген. Бірақ, олар біздің негізгі ботаникалық бақта да немесе жекелеген тәлімбақтарда да сынақтан өтпеген. Бұл қалыпты сұрыпталған өсімдіктерді отырғызу үшін алдымен олардың Алматы қаласының климаты үшін жарамдылығын тексеру қажет», - деді Г. Ситпаева. Ол сонымен қатар, қала аумағының әр түрлі аймақтарға бөлінгендігін және әрбір аймаққа тән өсімдіктер құрамы болатындығын айтты. «Мысалы, қаланың бір аймағына ағаштардың жапырақты тұқымы, ал басқа бөлігіне қылқан жапырақты ағаштар тұқымы сәйкес келеді. Біз бұл туралы талай рет айтқанбыз. 2000-шы жылдың басында Алматы әкімдігінің тапсырысы бойынша біз осындай жұмыстарды жүргізген едік. Сонда ағаш көшеттерінің белгілі бір тұқымдарын ғана ұсынғанбыз. Өкінішке қарай, қазір нысандарды тапсыру барысында ағаш отырғызуға мәжбүр болатын компаниялардың жұмысын қадағалау қиын», - деді биология ғылымдарының докторы. Оның айтуынша бүгінде өкінішке қарай, ағаш көшеттерінің қайдан жеткізіліп жатқандығын ешкім тексермейді. Өйткені, олар ауру немесе өн боында қандай да бір зиянкестер болуы мүмкін. «Сондықтан, талдардың, өсімдіктердің көшеттерін отырғызар алдын олар сынақтан өтткізіліп, тексерілуі тиіс. Өйткені, көшеттермен бірге өсімдіктердің қандай да бір жаңа ауруы тарауы мүмкін. Сондықтан көшет отырғызарда міндетте түрде ғалымдармен ақылдасқан жөн», - деді Г. Ситпаева.
Сонымен қатар, Алматыда пальма ағаштары отырғызылады, қаланың 66 мың шаршы метр жері көгалдандырылып, хош иісті ерекше гүлдермен көмкеріледі. Әсемдеп әрленген гүлзарлар ұлттық ою-өрнекпен нақышталып, қараған адам көз тойғысыз сипатқа енетін болады. Шаһардың жасыл желегін арттыру мақсатында 45 мың тал көшеті және қала тарихында тұңғыш рет пальма ағашы отырғызылады, деп хабарлады «Егемен Қазақстан» газеті. Жыл сайын Алматыны жасыл желекпен көмкеру үшін жылыжай мамандары сан алуан ағаштар мен гүлдердің көшеттерін өсіреді. Аумағы 2 гектар жерді алып жатқан ауқымды жылыжайда экзотикалық өсімдіктер мен ағаштардың неше түрі бар. Солардың ішіндегі біздің экологияға бейімделген түрлері жуырда қаланың орталық көшелеріне отырғызыла бастайды. Қазір бұл жылыжайдың 16 мың шаршы метр жерінде 600 мың түп әртүрлі гүлдің көшеті өсіп тұр. Көктемгі көшет отырғызу ісін қарқынды жүргізу үшін қосымша жұмыс орындары ашылады. Оған 12 мың адам тартылып, оның ішінде «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 1200 студент қызмет ететін болады.
«Бір тал кессең мың тал ек», дейді қазақ. Ағаш отырғызу тәрізді игі істі еліміздегі белгілі «Ақ жол» партиясы да іліп әкетті. Партия Алматыда ағаш отырғызу акциясын өткізді. Алматыда «Ақ жол» партиясы сайлауалды штабы қалалық филиалында ағаш отырғызу акциясы өтті.Акцияның басты мақсаты - сайлауалды науқан аясында Алматы қаласын көгалдандыру жұмыстарын жүргізу болды. Акцияға 30-дан астам адам қатысты. Бөгенбай батыр мен Шагабутдинов көшелерінің қиылысында 50-дан астам ағаш көшеттері отырғызылғанын айта кеткен жөн. «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын!» деген халық даналығы берер айтылмаған. Бір ағаштың өзі көп адамға пайдасын тигіеді. Бір ағаштың өзі экологиялық жағдайды жақсартуда маңызды рөл атқарады. Мұндай шаралар болашақ ұрпақтың бойында тағиғатты аялау сезімін орнықтырады, жастарды ізгілікке тәрбиелейді», - деп атап өтті партия өкілі Ф.Константинов.
Алматы сияқты желегі жайқалған қаланың ағаштарын кесу аяусыздық десек те, қала әкімдігінің хабарлауынша, Алматы іргесіндегі Көктөбе тауының баурайындағы ағаштар осы тауды сақтап қалу мақсатында кесілді. Алматы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Көктебедегі ағаштарды кесу шарасына қатысты осындай түсініктеме берді. «Көктөбенің жоғары жағында өсіп тұрған ағаштарды кесу және онда дренаж, яғни жер қыртысын құрғату жүйесін орнату жұмыстары жер көшкінін болдырмау мақсатында жасалды. «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамы («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) ұсынысымен жер көшкінін болдырмас үшін 2004 жылы Көктөбенің шығыс және солтүстік жағында тереңдігі 9 метрден 24 метрге дейін болатын 395 ұңғыма қазылып, бетондалған еді. Бірақ, кейін бұлардың жеткіліксіз екендігі белгілі болды. Сөйтіп, 2014-2015 жылдары қосымша ұзындығы 22,5 метр болатын тағы 365 бағана қағылды. Сондай-ақ, Көктөбенің беткі қабатын судың әсерінен қорғау мақсатында гидрооқшаулау шарасы жүргізілді», - делінген Басқарманың хабарламасында. Бұдан басқа, кесілген 415 ағаштың орнына, Көктөбе саябағы аумағына қылқан жапырақты және жапырықты ағаштардың 4150 көшеті отырғызылатындығы айтылған. Әзірге, 2016 жылдың басынан бері - 1586 ағаш көшеті отырғызылып қойылды. Бұл жерде тамшылап суару жүйесі қолданылды. Барлық ағаш отырғызу жұмыстары осы көктем айларының ішінде аяқталады.
Жалпы алғанда, Алматыда 2016 жылы 2,3 мыңнан астам шіріген және кәрі ағаштарды кесу жоспарланған. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан хабарлады.2016 жылы Алматыда 2,3 мыңнан астам апаттық жағдайдағы және кәрі ағаштарды кесу, 24,7 мың ағашқа санитарлық күзеу және 22,3 мың ағашқа пішіндемелік қырқу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, заңсыз кесілген ағаштар бойынша өтемақылық міндеттеме есебінен 45 мыңға жуық ағаш көшетін отырғызу көзделген. Ал бюджет есебінен биыл ағаш көшеттері отырғызылмайды. Жасыл желектерге күтім жасау жұмыстары, сондай-ақ апаттық жағдайдағы ағаштарды кесу немесе санитарлық күзеу бойынша өтінім жасау шаралары аудандық әкімдіктерге жүктелген. 2015 жылы Алматыда 11,1 мың құлағалы тұрған ағашты кесуге рұқсат етілді. Есесіне өткен жылы қалада 39,7 мың көшет отырғызылды. «Алматыда гүлзарлар 230 мыңнан астам шаршы метрді алып жатыр. Олардың ішінде 76,7 мың шаршы метр жерді алып жатқан гүлзарлар бюджет қаржысы есебінен отырғызылған. Сондай-ақ, гүлмен безендірілген төрт мыңнан астам тік сатылы құрылымдар мен 10 жаңа архитектуралық пішіндер орнатылды», - делінген хабарламада.
Дәл осы қалада жасыл желекті заңсыз отаған мейрамхана басшылығы аллея отырғызуға міндеттелді. Бірнеше талды заңсыз кескені үшін «Пугасов» мейрамханасының әкімшісі жұмыстан қуылды. Енді мейрамхана басшылығы мемлекет қазынасына 63 630 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Аталған заңсыздықты қалалық Табиғатты пайдалануды реттеу және табиғи ресурстар басқармасының қызметкерлері анықтаған. Басқармадан хабарлағандай, ағаштарды кесуге рұқсат берілмеген. ҚР ӘқК 386 бабы бойынша ЖШС-ға 30 АЕК, яғни 63 630 теңге көлемінде айыппұл салынды. Мейрамхана басшылығы 10 наурызға дейін оталған ағаш орнында 60 жас шыбық отырғызуға міндеттелді.
Сонымен қоса, алматылықтар туған қалаларының экологиялық тазалығына көңіл бөлуді қалайды. Бұл мақсаттағы шаралар жиі қолға алынуда. Соның бірі - Алматыда бірінші қалалық «Тауды қоқыстан тазалайық» экомарафонының басталуы болды. Тазалық акциясы қараша айына дейін өткізіледі. Ауқымды іс-шара Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналады. «Көк аспанмен таласқан шыңдары көз шағылыстыратын таулар - Алматының негізгі бейнесі мен көркі. Ендеше, Алматы тауларын тазалыққа келтіруде жүздеген отбасылары мен мыңдаған тұрғындарын жұмылдыруға Бірінші жалпықалалық «Қоқыстарды аулау» марафонының жаңа маусымы қаламызда ашылады. Осы эко-акциясының негізгі мақсаты - таулы аймақтарда демалушылардың назарын Алматы табиғатының ластану мәселелеріне назар аударту және Қазақстанның ең ірі мегаполис тұрғындарының экологиялық мәдениеті мен оған жанашырлығын ояту», - деді «Бауыржан» қайырымдылық қорының өкілі Айнұр Сәлімбаева. Оның айтуынша, биылғы марафонның ашылуына 10 мың адам қатысады. Ал жарты жыл ішінде тазалыққа үлес қосушылардың саны 30 мыңға жетуі мүмкін. Айта кету керек, «Бауыржан» қорының бастамасымен Алма-арасан мен Бутаковкада тазалықтың символы ретінде Жорабек есімді екі робот орналастырылды. Марафонға өтінішті толтырып кез-келген адам қатысады, әрі «Аңшы-марафоншы» атана алады. Тіркеу «Бауыржан» қайырымдылық қорының www.baurzhan.kz ресми сайтында жүргізіледі. Экологиялық белсенділіктің үздік үлгісін көрсеткені үшін ең нәтижелі марафоншы марапатталатын болады. «Өткен жылы 2 айдың демалыс күндерінде 6 мың демалушы аталған марафонға қатысып, 17 тоннадай қоқыс жинадық. Сонда екі сағаттың ішінде 200 келі қоқыс жиналды. Осыны ескерсек, биыл қарашаға дейін 200 тонна қоқыс жинаймыз деген үміттеміз», - деді А.Сәлімбаева. Мамандардың айтуынша, Іле Алатау табиғи қорғау паркіндегі 90 пайызы қоқысты қазақстандық демалушылар қалдыратын көрінеді. Тауға келетіндер көбіне пластик, шыны бөтелке, мүшеқап, түрлі құтылар мен тамақ салатын ыдыстарын қалдырып кетеді екен.
Кезекті тағы бір тазалық шарасы ретінде Алматыда Ақсай өзенінен 96 текше метр қоқыс аралас лай шығарылғанын атап өтсек болар. Алматыда ерте көктемде тау өзендерінде су деңгейінің көтерілу қаупіне байланысты алдын алу шаралары қолға алынды. Наурызбай ауданы арқылы ағатын Ақсай өзенінде су арнасын тереңдету жұмыстары жүргізілді. «Алматы қаласының құтқару қызметі» коммуналдық кәсіпорны өкілінің айтуынша, бұл жұмыс жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұған экскаватор және басқа да техникалар жұмылдырылған. Алдымен өзен арнасы қардан, мұздан және қоқыстардан тазартылып, кейін кеңейтіледі. Соңғы деректер бойынша, өзеннің 200 метрлік арнасы тазартылып, 96 текше метр қоқыс аралас лай мен тас үйіндісі шығарылды. «Одан басқа, бүгін Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының өтініші бойынша жауған қардың салдарынан ағаштың үйге құлап кету қаупі жойылды», - делінген хабарламада. Сондай-ақ, Қарағайлы өзенінде де су арнасын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Әзірге, Алатау ауданындағы «Жылуэнергетик» саяжайлық қоғамы тұсында өзеннің 800 метрлік арнасы қоқыстан тазартылды.
Қалада жалпы, өзеннің тасуының алдын алу үшін 1,3 мың текше метр қар мен мұз массасы шығарылды.Алматыда ТЖД қызметкерлері өзеннің арнасынан асып кетуін болдырмау мақсатында кезекшілік жұмыстарын жалғастырып жатыр. Демалыс күндері қалалық құтқару қызметі Қарғалы өзенінің арнасынан 1,3 мың текше метр қар мен мұз массасын шығарды. «109» қызметінің мәлімдеуінше, жақын маңдағы үйлерді су басу қаупі туындаған. Ауа температурасы төмендеген соң тау өзендеріндегі қар мен мұз құрсауы пайда болып, судың ағынына бөгет болған. Бұл жоғарғы жақта орналасқан үйлерді су басу қаупін туғызды. Осындай жұмыстар Медеу ауданындағы Тіксай өзенінде де жүргізілді. Қалалық құтқару қызметінің қызметкерлері бірнеше тәулік бойы өзен суларының деңгейін бақылап отыр. Бұл жұмысқа «109» құтқару қызметінің 26 қызметкері, 16 бірлік техникасы, «Қазселден қорғау» МКК 5 қызметкері мен 1 техникасы, Әуезов аудандық әкімдігінің 4 техникасы жұмылдырылды.
Алматылық құтқарушылар Наурызбай ауданындағы өзен арналарынан 200 текше метрден астам қоқыс шығарды.Алматыда «109» қызметінің құтқарушылары Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзені арнасынан 252 текше метр батпақ шығарды. Бұл туралы қалалық Құтқару қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.Көктемгі тасқын мезгілі кезіндегі жеке тұрғын үйлерді су басу қаупінің алдын алу үшін «109» Қызметінің құтқарушылары Наурызбай ауданындағы Қарғалы және Тастыбұлақ өзендері арнасын тазалап жатыр. Ауыр инженерлік техника көмегімен өзен арнасының түбі тереңдетіледі де, жағаны бекіту жұмыстары жүргізілуде. Өзен жағалауындағы құлауы ықтимал бұтақтар кесіліп жатыр. Тастыбұлақ өзені арнасынан 6 текше метр қоқыс шығарылды. Осы тектес жұмыстар Тәжиев, Қарыбай ақын көшелері бойымен, Ақжар ықшамауданында Абай, Ақсай көшелерінің қиылысында және «Ветеран» бағбандық қоғамында жүргізілуде. 26 жеке құрам адамы мен 16 техника жұмылдырылды.
Қаладағы экологиялық ахуалдың жақсара түсуіне септігін тигізу мақсатында күлді пайдаға асыру қарастырылуда.Нақты айтсақ,Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан Индустриялық аймақта күлді терең қайта өңдеу комбинатының құрылысы басталмақ. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Осы жобаны жүзеге асыру аясында Алматы әкімдігі жанындағы Инвесторларға қызмет көрсету орталығы мен «Kazzolokom» ЖШС және «Mainfield Corporation Limited» ЖШС арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Бұл комбинат 1600 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, күлді қайта өңдеу - үлкен сұранысқа ие өнімді шығаруға, сондай-ақ қалада экологиялық ахуалдың жақсара түсуіне септігін тигізеді. Шикізат ретінде Алматы жылу-электр орталығынан (ЖЭО-2) шығарылған күл қолданылады деп күтілуде. Комбинат өнімінің 80 пайызы коттеждік кент, жалға берілетін тұрғын үй, өнеркәсіптік нысандар, сондай-ақ автокөлік жолдарын салуға жұмсалады. Комбинат өнімі нанотөсеніші бар тамаша жолдарды салуға мүмкіндік береді. Бұл жолдың негізіне көбіктенген шыны мен геосинтетикалық материал қолданылады. Жаңа құрылыс материалдары, сондай-ақ сұйық шыны мен көбіктелген шыныны қолдану арқасында жолдардың сапасы өте жоғары болады. Комбинат өз өндірісінде экологиялық таза шикізаттар мен құрамдас бөліктерді қолданады.
Аталып өткен экологиялық проблемалардың шешу мақсатында Алматы әкімдігі қала ауасын жақсартуға арналған екі жылдық экологиялық бағдарлама әзірледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қыметінен хабарлады. Алматының әуе алабының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған бұл кешенді жоспар алдағы екі жыл ішінде экологиялық сипаттағы бірқатар көп мақсатты міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. «Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы» Еншілес Мемлекеттік Кәсіпорнының дерегі бойынша, қалада атмосфераның ластану көрсеткіші - ИЗА5 - 2015 жылы 2014 жылға қарағанда 10-нан 9,7-ге төмендеген. Соған қарамастан, Алматының әуе алабының ластану деңгейі жоғары дәрежеде деп айтуға болады. Бұл жерде қала ауасын ластап жатқандар - негізінен автокөліктер екені белгілі. Жылына қаладағы автокөліктерден ауаға 231 тонна зиянды қалдықтар таралады. Сондықтан, арнайы қызметтер жағдайды жақсарту мақсатында төрт негізгі бағыт бойынша әрекет жасамақ. Олар: автокөліктерді экологияландыру, ауаның ластануын стационарлық құрылғылар арқылы тазарту, жеке секторды газдандыру және қаланың жасыл желегін сақтау және дамыту бағыттары. Сонымен қатар, табиғатты қорғау шараларының орындалуына және зиянды қалдықтардың ауаға таралуын азайтуға бағытталған кешенді шаралардың жүзеге асуын бақылау жұмыстары күшейтілетін болады. Автокөлік саласы бойынша улылық және түтінділік нормаларының сақталуы қатаң бақылауға алынады. Автотұрақ желілері жасалып, орталықтандырылған түрде басқарылады. Сондай-ақ, өзге қалалық көлік құралдарының қала аумағына енуіне шектеу қою жүйесі іске қосылады. Бұдан басқа, алдағы екі жыл ішінде бірқатар өндіріс нысандары мен жеке тұрғын үйлерді газдандыру көзделуде. Бұл жерде несиелендіру механизмі қолданылады. 51 шарадан тұратын экологиялық жоспарды жүзеге асыруға бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және жеке инвесторлар қатысатын болады. Сондай-ақ, экологиялық мәселелерді шешуге қала тұрғындары да тартылады және Үйлестіруші экологиялық кеңес құрылады.
«Медеу» спорт кешені - жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Сондықтан мақтанышымызға айналған аты әлемге әйгілі «Медеу» мұзайдын маңындағы табиғатты қорғау өзекті. Алматыда «Медеу» аймағында салынған заңсыз құрылыс иелеріне қатаң жаза қолданылады. Бұл туралы қалалық әкімдікте ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мәселелеріне арналған жиында қала әкімінің орынбасары Болат Сауранбаев мәлім етті. Оның айтуынша, паркте жүргізілген мониторинг барысында белгілі болғандай 15 нысан бар. Олардың 7-уінің құрылысы тоқтап қалған, 3-уі салынып жатыр. 5 нысан қаңырап бос тұр. 5 нысанның иесінде арнайы рұқсат қағазы жоқ. Сондықтан, аталған нысандар сот арқылы сүрілетін болады. «Іле Алатауы табиғи паркінде 11 нысан бар. Олардың 2-уінің құрылысы тоқтап қалған. 5-уі салынып жатыр. 4у-і қаңырап бос тұр. Қазір құрылыс жұмыстарының заңдылығы тексеріліп жатыр. әл-Фарабиден жоғары аумаққа келсек, 37 нысан бар. Олардың 14-і тоқтап қалған. 19 салынып жатыр, 4-уі бос. 11 нысанның иесінде рұқсат құжаты жоқ. Шымбұлақта ондай нысан жоқ», - деді Б.Сауранбаев. Сондай-ақ, «Горное солнце» тұрғын үй кешенін салып жатқан компания үстіңгі 2 қабатты сүруге кірісті. Жақында тау бөктерінде заңсыз салынған мейрамхана сүрілді. Белгілі болғандай, 2014-2016 жылдары Алматы қалалық сәулет және құрылысты бақылау басқармасы сотқа жіберген істер бойынша сүру туралы 44 шешім шыққан. Олардың 7-уі ғана жүзеге асқаны белгілі болды. Қалған 37 нысан бойынша істер Сот актісін орындау департаментінің құзырында жатыр.
Сондай-ақ «Медеу» аумағы қоқыстан тазартылды.Алматы іргесіндегі «Медеу» биік таулы спорт кешенінің аумағында сенбілік жүргізілді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Іс-шара «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркін дамыту кешенді жоспары аясында жүзеге асырылды. Сенбілікке «Медеу» саябағының қызметкерлері, Халықаралық бизнес университеті, Қазақ қатынас жолдары университеті және Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеттің студенттері - барлығы 225 адам қатысты. «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері 100 үйеңкі ағашының көшетін отырғызды. Айта кетелік, ағаш отырғызу жұмыстары бүкіл көктемгі және жазғы кезеңде жалғасатын болады. Сенбілікке қатысушылар сонымен қатар, «Медеу» саябағының аумағын және Кіші Алматы өзенінің арнасын, («Медеу» мұз айдынынан бастап, «Медеу» саябағының ең төменгі шекарасына дейін) барлығы 120 гектар жерді қоқыстардан және қураған ағаш-талдан тазартты. Сондай-ақ, 5 туристік демалыс орындары да тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сенбілікке қатысушылардың барлығы қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етілді. Аталған шараны ұйымдастырушылар қала тұрғындарын табиғатты аялай білуге шақырады.
Ал «Медеу» табиғи саябағының инфрақұрылымы бюджеттен тыс қаражат арқылы жаңартылады. «Медеу» табиғи саябағының инфрақұрылымы бюджеттен тыс қаражат арқылы жаңартылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.«Медеу» табиғи саябағының инфрақұрылымын дамыту және жақсарту жөнінде таяуда қабылданған кешенді жоспарға сәйкес, оның 36 тармағының тоғызына қаржыландыру қажет емес. Ал төрт тармағы инвесторлар арқылы жүзеге асырылады», - делінген хабарламада. Сонымен, жоспар бойынша саябақ аумағындағы мүсіндер, тарихи нысандар қайта қалпына келтіріледі және қосымша туристік бағдарлар енгізіледі. Сонымен қатар, экологиялық ортаға зиянды әсерін азайту үшін, саябақ аумағына автокөліктердің кіруіне шектеу қойылады. Ал «Медеу» спорт кешені мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасы арасында арнайы бағдар ашылады. Мұнда екі базаның арасына табиғи отынмен жүретін «ShuttleBus» автокөлігі қатынайтын болады. Сондай-ақ, саябақта экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көшет отырғызу жұмыстары жандандырылады және олар кенеге қарсы химиялық және биологиялық өңдеуден өткізіліп тұрады. Алматы қаласының әкімдігі «Медеу» табиғи саябағының инфрақұрылымын дамыту және жақсарту жұмыстарын инвесторлардың, қоғамдық ұйымдардың және қала тұрғындарының көмегіне сүйеніп, жүзеге асыруға ниетті. Бұл үшін арнайы Үйлестіру кеңесі құрылады, сондай-ақ, саябақ аумағында сенбіліктер, ашық байқаулар, мәдени-көпшілік және қызықты спорт шаралары өткізілетін болады.
Алматы маңындағы Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау мақсатында құрылған Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағында құстарға 100-ден астам үйшік жасалды.Ол Халықаралық құстар күні аясында өткен «Біз құстардың, ал құстар біздің досымыз» атты мерекелік акция барысында ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. «Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Жас табиғат зерттеушілері стансасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі және Іле-Алатау ұлттық саябағы басшылығымен бірлесе отырып, 1 сәуір күні саябақ аумағындағы Ақсай шатқалында Халықаралық құстар күніне орай «Қанатты достарды қарсы алу» мерекесін атап өтеді», - делінген хабарламада. Шара аясында құстар жайында қызықты байқаулар өткізіледі. Онда жеңіске жету үшін құстарды сипаттамасы бойынша тану, криптограмманы оқу, құстарды бейнелеу секілді тапсырмаларды орындау қажет. Бірақ, ең бастысы жас табиғат зерттеушілер, яғни табиғатқа етене жақын мектеп оқушылары бұл күні ағаштарға құстарға арналған жасанды үйшіктер орналастыратын болады. Бұған саябақтың қызметкерлері жан-жақты көмек көрсетеді. Жас табиғат зерттеушілері бұл ұяшықтарды алдын ала дайындап қойған. Шара соңында байқау жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталады. Айта кетелік, 1906 жылғы 1 сәуірде құстарды қорғау бойынша Халықаралық конвенцияға қол қойылған. Содан бері бүкіл әлемде жыл сайын 1 сәуірде Халықаралық құстар күні атап өтіледі.
Әсем қаладағы қоршаған ортаға залалын тигізіп жатқандарды жазасыз қалдырмау жағы қадағалаусыз қалып жатқан жоқ. Алматыда 145 заңды және жеке тұлға экологиялық нормаларды бұзғаны үшін жауапқа тартылған.Алматы қаласының Бостандық ауданында жыл басынан бері 18 заңды және 127 жеке тұлға экологиялық және санитарлық нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы қ. ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Ал өткен жылы осындай құқық бұзушылық әрекеттерге барған 3 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 12 миллион теңгедей айыппұл салынған болатын. Кеше Бостандық аудандық ІІБ табиғатты қорғау бөлімінің полиция қызметкерлері кезекті экологиялық рейд жүргізді. Олар қоғамдық тамақтандыру мекемелері мен сауда нүктелерін аралап, қаланы абаттандыру ережелерінің қалай сақталып жатқандығын тексерді. «Қазақфильм» ықшамауданында сыртқы қабырғасы жарнамадан көрінбейтін сауда үй көзге түсті. Бұл, қаланың эстетикалық келбетіне нұқсан келтіреді. Осы дерек бойынша, сауда үйінің иесіне әкімшілік ықпал ету шарасы қолданылды. Сондай-ақ, жолдар, тротуарлар және аулаларды қар мен мұздан тазалау жұмыстарына да назар аударылды. Өкінішке қарай, жол маңында орналасқан кейбір мекемелердің жұмыскерлері тротуарларда қауіпті жағдай туғызады. Мысалы, дәріхананың еден жуушысы лас суды тротуарға төккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, санитарлық нормалар сақталмаған лас дәмхана анықталды. Онда қоймалық бөлмелер бірнеше айдан бері тазаланбаған. Қоғамдық тамақтандыру орындарында мұндай бассыздыққа жол беруге болмайды. Ал мұндай рейдтер тұрақты түрде жүргізіледі және қоршаған ортаны қорғауға, адамдардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді» - деді Бостандық аудандық ІІБ табиғатты қорғау полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Қуаныш Жайсаңбаев.
Еліміздің оңтүстік астанасының экологиясы үшін жергілікті тұрғындардың жауапкершілігін жеткізе білудің маңызы зор. Нақты айтқанда, Алматыда жыл басынан бері 5 мыңнан астам қоршаған ортаны ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Жол-патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің басты міндеті - қоғамдық тәртіпті қорғау, қылмыспен күрес және оның алдын алу. «Дегенмен, жол-патрульдік полиция қызметкерлері қызмет барысында қоршаған ортаны ластау және қаланы абаттандыру ережелерінің бұзылуына да жол бермейді. Алматыда жыл басынан бері қоқысты белгіленбеген жерге тастағандары үшін 2 839 адам және көлік жүретін жолды ластаған 2 484 автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілкке тартылды. Сондықтан, қоғамның әрбір мүшесі жауапкершілікті сезініп, экологиялық және санитарлық нормаларды сақтауы тиіс», - деді Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов.
Қоршаған ортаға қамқорлық
Айналамыздағы тамылжыған тылсым табиғатқа жанашырлықпен қарау, ортақ үйіміз - Жерді аялау баршамызға парыз. Осы қағиданы айқын түйсініп, қоршаған ортаның игілігін ойлайтын азаматтар да арамызда баршылық. Мәселен, қордайлық кәсіпкер «Бал ауылын» құрмақ. Сөйтіп, Жамбыл облысындағы Қордай ауданында да бүкіл әлемге белгілі экоомарта пайда болмақ. Жамбылдық бал арасын өсіруші кәсіпкер, «Ара-тау» ара шаруашылығы кешені» ЖШС басшысы Валерий Ромащенко бұл кәсіппен отыз жылға таяу уақыт айналысып келеді. Оның айтуынша, «Ара-тау» бал арасы кешені бірегей қазақстандық өнім - қордай балын шығарады. «Біздің өндіріс Қордай ауданындағы «Қарақұндыз шатқалы заказнигінде орналасқан, - дейді ол. - Соның арқасында бал құрамының әлемде теңдесі жоқ. Қордай балы тәтті шырын ғана емес, таудың дәрілік шөптері шырынынан жасалған нағыз фармацевтік өнім». Мемлекеттік табиғи ботаникалық «Қарақұндыз шатқалы» заказнигі 1971 жылдан бері жұмыс істейді, ол 3,07 мың гектар алқапты алып жатыр, аудан орталығы - Қордай ауылынан 65 шақырым жерде орналасқан. Іле Алатауының батыс беткейіндегі бұл аумақта Қарақұндыз тау өзені ағып жатыр. Заказникте бес жүзден астам түрлі шөптер, бұталар мен ағаштар өседі, олардың арасында реликтік түрлері де бар. Қарақас, жабайы алма, алша, жүзім, шие, үйеңкі, грек жаңғағы, ақ акация және басқа да пайдалы өсімдіктер түрі мол. Таяу болашақта кәсіпкер экологиялық таза емдік бал өндіретін экоомарта салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ ара шаруашылығының өнімдері пайдасын насихаттайтын апитуризм ауқымында «Бал ауылы» сауықтыру кешенін салмақ. «Мұндай туристер мен барлық тілек білдірушілер үшін экоомарта ауылдарын бүгінде Еуропаның көптеген елдерінен, Ресейден көруге болады. Қордай тауларында био-, эко- және білім беру және сауықтыру туризмін дамытуға болады. Біз адам организмін ара шаруашылығы өнімдерімен қалпына келтіруге болатын апиемхана ұйымдастыруды көздеп отырмыз», - дейді кәсіпкер. «Бал ауылында» туристер ара ұяларынан бал алу технологиясын үйреніп қана қоймай экологиялық таза өнімнің дәмін татады. Сонымен бірге Іле Алатауының шатқалдарында атпен серуендеп, қымызбен емдеу курсын алатын болады. Жамбыл облысында ара шауашылығы әрқашан да белсенді дамып отырған. Кеңестік кезеңде аймақ бал өндірудің көлемі мен сапасы жөнінен республикада үнемі үшінші орыннан көрінді. Жамбыл облысының стратегиялық жоспарында өңірде ара шаруашылығын дамыту көзделген. Бүгінде ара шаруашылығымен әдемнің барлық құрлықтарында айналысады. ЮНЕСКО мәліметтері бойынша, 1972 жылы әлемде 40 млн.-ға жуық ара отбасы болды. 90-шы жылдары Қазақстанда 500 мыңға тарта ара отбасы болған. Қазақстан 1991 жылға дейін Ресей, Украина және Беларусьтен кейін төртінші орында болатын және басқа елдерге 50 мың тонна бал экспорттап отырды. Қазірде елімізде небәрі 3-4 мың тонна бал өндіріледі. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан өзінің ресурстарымен жылына 5 млн. тоннаға дейін бал өндіре алады.
Экологияны, сондай-ақ ел денсаулығын жақсарту шараларының бірі ретінде Жаңаөзенде 2016 жылы екінші су тазарту зауыты қолданысқа беріледі.Жаңаөзен қаласында 2 жыл бұрын су тазарту зауыты салына бастады. Республикалық бюджеттен бұл бағытқа 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Салынып жатқан зауыт қуаттылығы тәулігіне 30 мың текше метр. Қала тұрғындарының саны артып келеді, қазір онда 140 мыңнан астам адам тұрады. Ауыз су тапшылығы салдарынан жазда оны кестеге сәйкес жеткізеді. Зауытты қолданысқа беру бұл түйткілді шешетін болады. «Сапалы ауыз судың тапшылығы мен тұрғындар санының артуына байланысты жобаның әлеуметтік маңызы зор. Қазіргі уақытта құрылыс жүріп жатыр, біз еңбек, материалдық ресурстардың үнемді пайдалануын, жұмыс сапасын бақылаймыз. Бұл бюджет қаражаты мақсатты жұмсалуы үшін керек», - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясының Жаңаөзен қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ілияс Кеңесов. Қазір зауыт құрылысында 50 жергілікті тұрғын еңбек етуде. Зауыт іске қосылғанда 30-дан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жұмыс кестесіне сәйкес, зауытты 2016 жылы қолданысқа беру көзделіп отыр.
Сонымен қатар экологиялық шара ретінде Қарағанды облысында Самарқанд су қоймасынан су ағызылды.Қарағанды облысы ТЖД бұл туралы тұрғындарға ескерту жасаған. «Қазсушар» РМК қарағандылық филиалының ақпаратына сәйкес, 2016 жылғы 3 наурызда таңертеңгі сағат 9-дан бастап секундына 10 м3 ағынмен Самарқанд су қоймасынан төменгі салаға су ағызылады. Кейіннен бір ай ішінде бұл көрсеткіш секундына 40 текше метрге дейін ұлғаймақ. Бұл су қоймасындағы су деңгейін төмендету және Нұра өзенінің арнасын шаю үшін жүзеге асырылады», - делінген ведомство хабарламасында. Азаматтар қауіпсіздік шараларын сақтауы керек. Атап айтқанда, өзен маңында, су қоймасы бөгетіне жақын орналасқан саяжай учаскелеріне бармаған жөн. Балықшылар су деңгейінің төмендеуін күткені дұрыс. «Өзеннен өтетін құбырлар, басқа да конструкциялар, арналар, терең және кең жыралардан өтпеген жөн. Жазатайым оқиғадан сақ болу үшін өзен қолтықтына (мүйіс) бармау, өзен мұзы үстімен жүрмеу, белгісіз, белгі орнатылмаған орындардағы арналар мен су қоймалары арқылы өтпеуге кеңес беріледі. Балаларға өзен, қазандық, қазаншұңқыр, терең жыралар маңында ойнауға тыйым салынады», - деп сақтық шараларын белгіледі өңірлік ТЖД.
Су мәселесіне қатысты тағы бір мәселе, биылғы көктем кезінде Ақмола облысындағы барлық қауіпті учаскелерді мұқият назарға алу қажеттігі туралы айтылды. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары талқыланған кеңесте белгілі болды. Кеңесте айтылғандай, облыс аумағындағы көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары облыс әкімі бекіткен жоспарға сәйкес жүргізілуде. Су тасқынының алдын алып, тиісті шаралар қолдану үшін облыстық жедел штаб құрылған. Өткен жылдардағы су тасқыны орын алған жерлерді ескере отырып, сараптама жүргізе келе, 16 қауіпті учаскені бақылау ұйғарылды. Олардың қатарында облыстағы ірі су көздері мен өзендер бар (Коко, Жабай, Сарықамыс, Талғара, Жыланды, Есіл, Қылшақты, Колутон, Шағалалы, Нұра, Қайрақты, Қызылсу, Жолболды және Бақсұқ). Қалалар мен аудан әкімдіктерінде су тасқынының алдын алу шараларына қажетті қор ұйымдастырылып, 139,3 миллион теңге жинақталған. Оған қоса, облыстық әкімдік қорында 320 миллион теңге бар. Төтенше жағдайлар департаменті су тасқынына қарсы іс-шараларға сараптама жүргізуде. Облыстың елді мекендерінен 400 мың текше метр қар шығарылып, 35 мың тонна инертті материалдар, 400 тонна жанар-жағармай дайындалып, 11 мың дана қап сатылып алынды. Жекелеген аудандарда қазір қар шығару, арықтың бойын, су өтетін жүйелер мен құбырларды тазалау жұмыстары жүргізілуде. «Аймақтағы барлық қауіпті учаскелерді мұқият назарға алу қажет. Барлық ведомство басшылары қазірдің өзінде қауіпті аймақтарға барып, алдын алу шараларының қандай деңгейде атқарылып жатқандығын өз көздерімен көріп бақылағандары дұрыс», - деп тапсырма берді аймақ басшысы. Мұнан соң Сергей Кулагин 2016-2017 жылдардың жылу беру маусымына дайындық барысына тоқталды. Үстіміздегі жылдың сәуір айының 25-і күнінен бастап келесі жылу беру маусымына дайындықты бастауымыз керек. Оған дейін барлық мүдделі қызмет түрлері өздерінің жобаларына пысықтаулар енгізіп, жылу беру нысандарындағы жөндеу жұмыстарын белгілегендері абзал. Бұл жұмыс барлық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің бақылауында болсын. Біз барлық әлеуметтік нысандардағы жаңа жылу беру маусымына дайындықты үстіміздегі жылдың 25 тамызына дейін аяқтап шығуымыз қажет. Кеңес барысында өңір басшысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік іс-қимыл шеңберіндегі сала жұмысының барысын талқылады. Кеңес соңында облыс әкімі апта барысындағы жұмыс кестесін пысықтады.
Батыс Қазақстан облысында да көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары қолға алынуда. Бұл бағыттағы бірінші кезектегі шараларға 70 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Облыстық ТЖ департаментінің басшысы Марат Күлдіковтің айтуынша, сонымен қатар төтенше жағдайлар резервіне 497 млн. теңге қаралды. Жиында айтылғанындай, Деркөл, Шежін және Шаған сияқты өзендерде күзгі ылғал қалыптағыдан (41 мм) жоғары (70 мм) болып отыр. Өңірде қардың да аз түспегені белгілі. Орал мен Ақсай қалаларынан 220 мың текше метр қар шығарылды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев көктемгі су тасқынын зардапсыз өткізу жөнінде сала, қала мен аудандар басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Мысалы, оңтүстік аудандарда су тапшылығы қатты сезілуде. Мал өсіргенмен, оның ішетін суы болмаса, одан пайда жоқтығы белгілі. Осы орайда Ресейден су алу жөнінде тиісті мекемелермен сөйлесіп, нақты нәтижеге қол жеткізу қажет. Отырыста 2015 жыл қорытындылары баян етіліп, автокөлік жолдарының жай-күйі, азаматтық қорғаныс мәселесі де талқыға салынды. Айта кетейік, өткен жылы өңірде табиғи және техногендік сипаттағы 108 төтенше жағдай тіркелді. Соның салдарынан 195 адам зардап шегіп, 51-і қаза тапты. Жыл ішінде құтқарушылар 3271 рет «атқа қонып», 451 адамды құтқарды. 1090 адам көшіріліп, 101 адамға медициналық көмек көрсетілді.
Ел аумағындағы экологияға қатысты мәселелерде онда тазалықты сақтау, таза сумен қамтамасыз ету мәселелері де аса маңызды. Мұндай шаралардың қолға алынып, жүзеге асырылуы қадағалануы тиіс. Қостанай облысындағы Қаратомар су қоймасынан су ағызу секундына 50 текше метрге дейін ұлғайтылды.Бүгін қостанайлық мамандар Қаратомар су қомасынан су ағызуды ұлғайтты, бұл су тасқынына қарсы шаралардың күшейгенін аңғартады. «Қостанайсушаруашылығы» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары Жамбылбек Райымқұловтың айтуынша, екі апта бұрын Қаратомардан су ағызу мөлшері 10 текше метрді құраған, бүгін таңертеңнен бастап - 30 текше метрге, ал түстен кейін - секундына 50 текше метрге ұлғайтылды. Мамандар бұл тәсіл Тобыл өзеніндегі мұзды шайып кетуге ықпал етеді деп санайды. Осылайша, олар күтпеген жерден қар суы мен жаңбыр суының көп болуы салдарынан су деңгейінің күрт көтерілуін болдырмаудың амалдарын жасап жатыр. Шара өзен маңында, саяжайда тұратын халыққа еш қауіп әкелмейді, деп атап өтті Д.Райымқұлов.
Ал Алматы облысы экологиясына қатысты 2016-2020 жылдарға арналған жоспардың орындалуы қатаң бақылауға алынады. Бұл туралы Талдықорған қаласындағы Тіл Сарайында облыстың экологиялық жағдайын талқылаған жиында белгілі болды. Жиынға Алматы облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінен, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасынан, облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен аудан, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары қатысты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен. Алматы облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділов өз баяндамасында өткен жылдың қазан айында берілген облыстың басшысының хаттамалық шешімі тапсырмаларының орындалу барысына тоқталды. Атқарылған жұмыстармен қатар кемшіліктер де тілге тиек етілді. Жиын қорытындысында облыс экологиясының проблемаларын шешудің 2016-2020 жылдарға арналған іс-шара жоспарының орындалуын қатаң бақылауға алу, салынған полигондарды бір қалыпқа келтіру, тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптайтын, қайта өңдейтін зауыттар мен желілер салуға жер телімдерін бөліп беру мүмкіндігін қарастыру және басқа да бірқатар міндеттер айқындалды.
Сондай-ақ Алматы облысындағы экологиялық ахуал Талдықорғандағы Тіл Сарайында өткен жиында талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Жиынға Алматы облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінен, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасынан, облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен аудан, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары қатысты. Алматы облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділов өз баяндамасында өткен жылдың қазан айында берілген облыстың басшысының хаттамалық шешімі тапсырмаларының орындалу барысына тоқталды. Атқарылған жұмыстармен қатар кемшіліктер де тілге тиек етілді. Жиын қорытындысында облыс экологиясының проблемаларын шешудің 2016-2020 жылдарға арналған іс-шара жоспарының орындалуын қатаң бақылауға алу, салынған полигондарды бір қалыпқа келтіру, тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптайтын, қайта өңдейтін зауыттар мен желілер салуға жер телімдерін бөліп беру мүмкіндігін қарастыру және басқа да бірқатар міндеттер айқындалды.
Көшеде қараусыз қалған ит, мысық тәрізді үй жануарлары адамдарға ғана қатер төндіріп қоймай, қоршаған ортаны ластау арқылы да залалын тигізуі мүмкін. Сондықтан оларды аулау жұмыстарының жер-жерлерде жүргізіліп отыруының маңызы зор. Мәселен, Қызылорда қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстары жолға қойылып, 7 мыңнан астам иттің көзі жойылды. Бір жыл ішінде 7283 ит, 4048 мысық ауланып, жойылған.Осы жұмыстарға былтырғы жылы 18,7 млн теңге бөлініп, толық игерілді. Бұл туралы облыстық коммуникация орталығында қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімінің басшысы Нұрлан Ахметов айтты. - Ауланған ит-мысықтар 2014 жылы алынған сыйымдылығы 1 тонналық инсинератор пешінде өртелуде, - деді Н.Ахметов. Сондай-ақ, бөлімнің міндеттерінің бірі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қалада ішкі саудаға келіп түскен ет өнімдерінің барлығы мал сою алаңдарында сойылған және ветеринариялық анықтамалармен тасымалданады. Ішкі сауда нысандарындағы сатылатын мал тегі өнімдері міндетті түрде ветеринариялық анықтамамен қабылданады және ветеринариялық сараптама актісі негізінде сатылуда. Осы орайда ветеринариялық санитарлық сараптама жүргізетін зертханалардың барлығы үй-жаймен қамтамасыз етілген. Сондықтан сапалы жұмыс атқаруына бөлім мамандары тарапынан күнделікті бақылау жүргізіліп отырады.
Өсімдіктер әлемін зерттеп-зерделеу мақсатында отырғызылатын саябақ түрі бар. Қазақстандағы екі дендросаябақтың бірі - Шымкент дендрологиялық саябағы жер шарының түпкір-түпкірінен жинақталған ағаштарға бай. Міне, осы саябақтағы ағаштарды ғалымдар толық санап шықты.Шымкенттегі дендросаябақта соңғы 30 жылда алғаш рет барлық тал-дараққа санақ жүргізілді. Сонау 1986 жылы, дендросаябақ ресми түрде ашылған сәтте бақта ағаш пен бұтаның 1360-ден астам түрі бар болатын, деп хабарлайды otyrar.kz. Еске сала кетейік, дендросаябақтың алғашқы жұмыстары 1979 жылы басталып, 1986 жылға дейін жалғасты. Осы ерекше істің басы-қасында партияның Шымкент обкомитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаров жүрді. Бүгінгі таңда дейін бақта өсіп тұрған ағаш пен бұтаның нақты саны қанша екені туралы дәл ақпарат болмаған. Енді толық санау жұмыстары облыстың әкімдіктің бастамасымен жүргізілді. Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары үш ай бойы ағаштар мен бұталардың түрін ғана емес, әрқайсысы қай жерде өсіп тұрғанына дейін анықтап шықты. Сонымен, ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының мәліметі бойынша, қазір Шымкенттегі дендросаябақта талдың 213 түрі ғана қалған. Оның 142-сі - тал, 71-і- бұта. Енді дендросаябақтың қызметкерлері жетпей тұрған ағашты бақтың қорынан алып, орнын толтырмақ. Қазір осындағы тәлімбақта ағаш пен бұтаның бірнеше түрі өсіп келеді.
Бүгінгі таңда аса өзекті болып отырған табиғатты қорғау шараларының бірі - ауаға шығарылатын ластағыш заттар көлемін барынша азайту. Соның бір амал-тәсілі ретінде ел арасында биогазды пайдалану кеңінен тарап келеді. Мәселен, СҚО-да құны 1,1 млрд теңгелік биогаз қондырғысы салынып жатыр.Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ерік Сұлтанов Қызылжар ауданы Якорь ауылына жұмыс сапарымен барып, биогаз қондырғысын салудағы «Алекри» ЖШС мен «БиоТЕС» ЖШС-нің бірлескен жобасының іске асырылу барысын көрді, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.Жоба басшысы Самат Қабдуллин облыс әкіміне құрылыс барысы мен пайдалануға берілетін уақыты жайлы айтты.СҚО әкімдігі тарапынан жер учаскесі былтыр берілген. Қазір алаңда күмбез салу үшін монтаж жұмыстары жүргізіліп, жабдықтар да әкелініп жатыр. Толық технологиялық жабдық циклін қамтитын модуль түріндегі биогаз қондырғысын ресейліктер дайындады. Өндіріс тәулігіне 9500 м3 биогаз ала отырып, тәулігіне 40 тоннаға дейін шикізатты қайта өңдейді. Пайдалануға енгізілгеннен кейін алынған электр энергиясы тіркелген тарифтер бойынша есептеу-қаржы орталығында іске асырылады.Қуаты 1МВт құс шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу бойынша биогаз қондырғысын салу жобасы жаңартылған энергия көздерін пайдаланудың қолданыстағы мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асқалы отыр. Жоба құны - 1,1 млрд теңге. Биогаз қондырғысын пайдалануға енгізу биылға жоспарланған.
Ал елордадағы ауа тазалығын сақтау мақсатында енді Астананың жеке сектордағы 22 мыңнан астам тұрғын үй газбен жылытылады. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков осылай мәлім етті.Әкім шаһардың экологиялық ахуалы өзін алаңдататынын айта келе, әсіресе ауаның тазалығына айрықша назар аудару керектігін атап өтті. Есептеулерге қарағанда, күн сайын қала атмосферасына 100 тоннаға тарта зиянды заттар шығарылады екен. «Осы жағдайға байланысты шаралардың кешенді жоспары қабылданды. Екі жылдың барасында біз автономды қазандықтар мен жеке секторды, яғни 22 мыңнан астам үйді газбен жылытуға толықтай көшіреміз. Қаланың коммуналдық қызметтерінің көліктері газомоторлық отынды пайдаланатын болады»,-деді Ә.Жақсыбеков.
Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды, тұрғындардың бойына туған табиғатқа деген сүйіспеншілікті телуде, оны кеңінен насихаттауда жер-жерлерде өткізілетін сенбілік шараларының маңызы орасан. Осы мақсатта, Қызылордада тазалық айлығы мамырға дейін жалғасқан. Бұл туралыҚызылорда облысында жарияланған екі айлық санитарлық тазалық шаралары жөнінде брифингте айтылды. Оған облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ерзат Тұяқбаев, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов, жергілікті полиция бөлімінің бастығы Амангелді Бақытжанов қатысты. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәстүрлі тазалық айлығы 10 наурыздан 10 мамырға дейін жалғасқан. Қызылорда қаласы мен аудандарды көркейту-көгалдандыру шараларын үйлестіруге байланысты облыс әкімдігі жанынан жұмыс тобы, сондай-ақ облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жанынан жедел топ құрылып, жұмыс істеді. Жұмыс барысында елді мекендер, теміржол және Батыс Қытай - Батыс Еуропа автомагистралінің аумақтары қамтылды. Барлық қалалық және аудандық әкімдіктерде облыстық мәслихат бекіткен облыс көлемінде санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру шараларын жүргізуге арналған жадынамалар таратылды. Мамандар сондай-ақ санитарлық талаптарды бұзған жағдайда жеке және заңды тұлғалар үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте қарастырылған жауапкершілік және айыппұл түрлері туралы айтты.
Талдықорған қаласында да жалпықалалық сенбілік өтті. Өткінші жауын-шашын болғанына қарамастан, қала тұрғындары шараға белсенді қатысты және ортақ күш-жігермен қаланы қоқыстан тазартып қана қоймай, 2 мың түпке жуық көшеттер отырғызды.Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалым Жөкелдің нақтылауынша, көшеттерді тарату үшін қаланың халық көп тұратын жерлерінде екі пункт ұйымдастырылған. «Шараға туған қаласының тазалығына бей-жай қарамайтын адамдар қатысты. Бұл іске үн қосқан азаматтар көп. Сонымен қатар оған қала жастары да өз үлестерін қосты. Зейнеткерлер де ортақ істен шет қалған жоқ, өз аулаларында ағаш отырғызды. Талдықорғанда 74 пәтер иелері кооперативтері бар, олардың бәріне де көшеттер таратылып берілді. Наурыз мерекесі күніне арналған бұл шара Ұлыстың ұлы күні қарсаңында көшелерді тазалап, тәртіпке келтіруге мүмкіндік берді», - деді Ғ.Жүкел. Қаланың коммуналдық қызметтері қоқыстарды шығарып қана қоймай, жұмыстың ойдағыдай ұйымдастырылуы үшін сенбілікке қатысушыларды жұмыс құралдарымен қамтамасыз етті. Қала тұрғындары мен коммуналдық қызметтердің ортақ күш-жігерімен қаладан 100 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Деректерге сүйенсек, кезінде Наурыз мерекесін қарсы алуға қазақ халқы бір апта бұрын дайындалған. Әрі, таза үйге ғана бақыт келеді деген сеніммен табиғатты аялау, оған қамқорлық таныту тәрізді игі істерді дәл осы көктем мерекесіне межелеген. Дәл осы ізгі дәстүрді жалғастыру ниетімен, Қызылордада Наурыз мерекесі қарсаңында ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта жалпықалалық сенбілік өткізіліп, ағаштар отырғызылды. Сонымен қатар, белсенді жастар асық ойнап, «Бауырсақ пати» шарасын ұйымдастырды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.Саябақта 30 түп арша мен, 1000 дана сыр талы отырғызылды. Жалпықалалық сенбілікке облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. Аймақ басшысы көпшілікпен ағаш отырғызып, жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Саябақта ұйымдастырылған спорт түрлерінен жарыстар мен мерекелік шаралар келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл сенбіліктің ерекшелігі «Бауырсақ патидың» өткізілуінде болды. Сенбілікке қатысушыларға ыстық бауырсақтар үлестірілді. Бұл сенбілік көркейту мен көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін жарияланған екі айлықтың басы ғана. Сенбілікте бүгінгідей шаралардың ұйымдастырылуы тұрғындардың қызығушылығын арттырары сөзссіз. Айта кетейік, Наурыз мерекесін тойлау шаралары 15 наурыздан басталды. Облыс көлемінде мерекелік шаралар мен көрмелер, жәрмеңкелер мен әртүрлі бағытта сайыстар жүріп жатыр. Осылайша Наурыз мейрамы ұлттық құндылықтарды ұлықтап, салт-дәстүрлерімізді жаңғыртуға жол ашып отыр.
«Ағашты жердің ырысы мол», демекші, қоршаған ортаны қорғаудағы игі іс - ағаш егу. Жасыл желегі көп қаланың экологиялық ахуалы да жоғары болмақ. Осылай деп санаған ақтаулықтар Амал мерекесі қарсаңында 120 түп көшет отырғызған. Ақтау қаласындағы 32 шағын ауданда 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне байланысты 120 түп көшет отырығызылды. Ағаш егуді биыл өлкеде Амал мерекесін өткізуді қолға алып отырғандар ұйымдастырды. «Ақтау қаласында жаңа шағын аудандарда жасыл-желек өте аз. Сондықтан, биылғы Амал мерекесіне жауапты Қосай Ата ұрпақтары облыс орталығының гүлденуіне өз үлесін осылай қоспақ. Жауынға қарамастан, біз 32 шағын ауданда 120 түп көшет отырғыздық», - деді ұйымдастырушы топ өкілі Қарыгүл Балниязова. Еске сала кетейік, Қазақстанның батыс аймақтарында 14 наурызда Амал мерекесі тойланады. Мұны кейде, «көрісу» деп те атайды. Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, амандасып, кішілер үлкендерге сәлем бере барады. Сыйлық жасап, қуантуға тырысады.
Қазіргі таңда бұқара арасында қолдауға ие болған қоршаған ортаға қамқорлықтың тағы бір нышаны - тұрмыстық заттардың қалдықтарын кәдеге асыру. Атап өтсек, осындай мақсатта Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде қажет емес заттардан жасалған бұйымдарға арналған ерекше көрме өтті. Мектепке дейінгі және бастауыш кафедрасы тұрмыстық заттардың қалдықтарынан жаңа зат жасау арқылы студенттердің шығармашылығын дамыту, педагогикалық мамандықтар студенттерінің экологиялық мәдениеті мен көркем шығармашылық саласындағы кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырды, деп хабарлады оқу ордасының баспасөз қызметінен.Мектепке дейінгі және бастауыш кафедрасының меңгерушісі Тұрсынай Байназарова: «Көрме өткізу идеясы студенттерді шабыттандырды. Бүгін тамаша жұмыстарға куә боласыздар. Қазылар алқасы осы жұмыстардың арасынан ең үздігін анықтайды және әр аталым бойынша марапаттайтын боламыз. Біз еңбекке баулитын пәндерде ғана жаңа зарттарды жасауды үйрететін болсақ, ендігі кезекте кез келген қызығушы жан арнайы үйірмеге қатыса алады. Жаңа «Шебер қолдар» үйірмесін ашатындығымызды хабарлаймыз», деп, жастардың қолөнермен айналысуына шабыттандыратын үйірме туралы сүйінші хабарын жеткізді. Қиял жүйріктігі мен жаңаша ойлау қабілеттерін танытуды міндет деп тапқан педагогика және психология факультеті мен «ҚазНұр» гуманитарлық коллджінің студенттері көрмеге ерекше атсалысты. Өз мамандықтары бойынша кәсіби өсуге сеп болатын шараға пластик бөтелкелерден, қақпақтардан, лампалардан, гүлшоғы оралған қағаз, лента, картон, диск сынды пайдаланылған заттарды қолдана отырып жаңа дүниелер жасаған. Әр жұмыстың атауы, авторы көрсетіліп, қазылар алқасына ұсынылды. «Бастауыш білім беретін мамандары өте жан-жақты әрі ізденімпаз болу керек. Бұл саланы таңдаған педагогтар өте әмбебап маман деп айтуға болады. Мұғалім оқушыларға тек қана әріп танытып, есеп шығарту ғана емес, ән де айтқызып, сурет те салдырып үйретеді. Сондықтан да осындай шаралар арқылы кәсіби дамытуға үлес қосамыз. Біздің алдымыздан тәлім алып жатқан бүгінгі студентер ерте балаларды қызықтыруға, қолөнермен айналысуға, ұшқыр ойлауға үйрететін шеберге айналу керек», дейді қырық жылдан астам педагогикалық тәжірибесі бар ұлағатты ұстаз Татьяна Левченко. «Көңілді ферма», «Кира торай», «Алтын балық» деген атауларды алған сан алуан заттар көздің жауын алады. Баланың ойлау қабілетін дамытуға әсер ететін, оңай әрі тез жасалатын заттар көрнекілік құрал ретінде пайдалануға да әбден болады. Көрмеге қойылған заттарды әр топтың белсенділері таныстырып, қандай заттарды қолданғандықтарына тоқталып өтті. Тіпті, туындыларын өлең жолдарымен таныстырған белсенді студенттер өз мамандықтарын шын ықыласпен таңдағандықтарын көрсетті. Көрмеге қойылған заттар өзіндік ерекшелігі, эстетикалығы, экологиялық құныдылығы, пайданылған материалдардың әртүрлілігі бойынша сарапқа салынып, ең үздіктері анықталды. Қорытындысы бойынша «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-курс студенттері: Карина Шабдан, Әсел Әбілқайырова, Рушана Садықованың жұмыстары Бас жүлдеге ие болды. Ал «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 4-курс студенті Нұрбүбі Имарджанова, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3-курс студенті Нұрсұлу Жақыбай І орын иеленсе, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2 және 3-курс студенттерінен 202, 302 тобы жасаған жұмыстар ІІ орынға лайық деп танылды. «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс студенттері, яғни 205 топ пен 2-курс студенттері Аяулым Сағатжан, Анель Сұлтанбекова, Ольга Шегай ІІІ орын алды. «Біз сабақта өз мамандығымызға қатысты пәндердің барлығын өтеміз. Еңбекке баулу пәні бойынша шығармашылық жұмыстармен айналысып келеміз. Осындай байқауға қатысқанымызға қуаныштымыз. Бәсекелесе отырып жақсы нәтиже шығара аламыз», дейді педагогика және психология факультетінің 2-курс студенті Еркежан Қаймоллаева. Ұйымдастырушылардың айтуынша үздік жұмыстар Абай атындағы ҚазҰПУ-да өтетін көрмеге апарылады. Бұл тәжірибе алмасуға, кәсіби шыңдалуға мүмкіндік берері сөзсіз.
Еліміздегі қазіргі таңдағы экологиялық мәселелер оған әр адамнан бастап, азаматтық және түрлі қоғамдық, саяси ұйымдардың үн қосуын талап етеді. «Бірлік» партиясы азаматтық сектор күш-жігерін экологиялық мәселелерді өзектендіруге жұмылдырмақ. Бұл туралы елордада өткен «Бірлік» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің «Таза орта үшін!» атты пікірсайыс клубының отырысында айтылды. Отырыс барысында қоғамдық ұйым өкілдері экология мәселелерін жан-жақты талқылады. Отырысты ашқан «Бірлік» партиясы төрағасының орынбасары Б.Байқадамов саяси ұйымның маңызды міндеттерінің бірі азаматтық сектордың күш-жігерін экологиялық мәселелерді өзектендіруге, ұсыныстар мен ұсынымдар қарастыруға бағытталатын атап өткен. Сонымен қатар отырыс барысында Мемлекет басшысы бастамашы болған «Нұрлы жол» стратегиялық бағдарламасын және 5 институттық реформаны жүзеге асыру шараларына қолдау көрсету мүмкіншіліктері талқыға түсті. Отырысқа қатысушылар аталған құжаттардың мазмұнын жоғары бағалап, онда экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен білімді дамытуға баса назар аударылғанын атап өтті. Аталған құжаттарда Үкіметтің, өңірлік мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың қоршаған ортаны тиімді қорғаудағы, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістерін ғылыми-техникалық экологияландырудағы іс-қимылдары да көрсетілген. Пікірсайыс клубына қатысушылар бұл жұмыстарды тұрақты негізде жалғастыру және бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Соңғы жылдары энергия және табиғи ресурстарды үнемдеуге үндейтін әлем бойынша кеңінен қанат жайған акция - «Жер сағаты» деген атауға ие. Акцияны өткізудегі мақсат - әлем жұртшылығының назарын климаттың жаһандық өзгеру проблемасына аудару. Қазақстан да осы халықаралық шарадан тыс қалмай, «Жер сағаты» акциясына қосылады. Қазақстан ғаламшарды құтқару үшін 60 минут қараңғылыққа оранады - елдің жүзге тарта қаласы биылғы жылы «Жер сағаты» халықаралық акциясын қолдайды. Бүгін бүкіл әлем сағат 20:30-да жарықты, электр приборларын және ғимараттарды жарықтандыруды өшіреді. Бір сағат бойы елордалық Бәйтерек, «Астана опера» театры және Көктөбедегі телемұнара сияқты сәулеттік ғимараттарда жарық өшіріледі. Бүкіл елде бұл кезде бұқаралық шаралар өтеді. Алдын ала есептерге қарағанда, акцияға миллионға тарта қазақстандықтар қатысады. Экологиялық флешмобты біздің ел сегіз жыл бойы қатарынан қолдап келеді. Бұл шара алғаш рет 2007 жылы өткізілген болатын, бұған Бүкіләлемдік тұмса табиғат қоры бастамашы болды. Сөйтіп, бұл ұйым жұртшылық назарын климаттың өзгеруі проблемаларына аударуды көздейді.
«Жер сағаты» дүниежүзілік экологиялық акциясына елдің бас қаласы - Астана қатысты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады. Барша әлемде миллиардтаған адам планетамыздың болашағына немқұрайлы қарамаудың белгісі ретінде өз үйлері мен пәтерлерінде жарық пен электр құралдарын бір сағатқа өшірді. Сонымен қатар, басты объектілер мен туристік көрікті жерлерде де жарық сөндірілді.Астанада сағат 20.30 - 21.30 аралығында 300 астам ғимараттың сыртқы жарықтандырылуы тоқтатылды, соның ішінде «Бәйтерек» монументінде, «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында, Бейбітшілік және келісім сарайында, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында.Шараға «Қазақстан» спорт кешені, «Астана Арена» стадионы, «Алау» мұз айдын сарайы, «Барыс Арена» сияқты спорттық нысандар да қосылды. М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Елордалық цирк, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры, «Жастар» сарайы, Қуыршақ театры мен «Наз» би театры да акцияға қолдау көрсетті.«Жер сағаты» - Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) барша әлемде жүздеген мемлекетті қамтыған және табиғатты сақтаудың, планетамыздың шектеулі ресурстарына қамқор болудың белгісі болып табылатын ауқымды акциясы. Өткен жылы акцияға 172 мемлекет пен 2 миллиардтан астам адам қатысқан.Биыл елімізде «Жер сағаты» 16 сәуір - 16 мамыр аралығында өтетін «Ұлттық орман отырғызу күні» республикалық акциясының қамқорлығымен ұйымдастырылды. Акцияға Қазақстаннан 80 қала қатысты. Елорда аталған халықаралық шараны бірнеше жылдан бері қолдап келеді.Акция қоғам назары баламалы энергия көздерін пайдалануға бағытталған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында аса маңызды болып табылады. Мемлекет энергия үнемдегіш технологияларды пайдаланып, «жасыл экономиканы» дамытуда, осы мақсатта жасалған алғашқы қадам - ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру.
Ел жастары да Қазақстандағы экологиялық ахуалды жақсарту мақсатына өз үлестерін қосуға тырысып бағуда. Осы тұрғыда, Қазақстанда жастар арасында «Water in aul» атты экологиялық жоба қолға алынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде "Женский луч" қоғамдық бірлестігінің директоры Оксана Волкова-Михальская мәлім етті.«Гранттық бағдарламаның аясында «Женский луч» бірлестігі жастар арасында үлкен экологиялық жобаны бастады: жастар үшін үлкен «Water in aul» атты республикалық байқау өткізіледі. Ол жастардың ойлап тапқан су үнемдеу технологияларын ауылдық жерлерге енгізуге бағытталып отыр. Бұл жоба қарапайым халықты су үнемдеуге қатысты жасалып жатқан істермен таныстыру үшін де таптырмайтын жоба», - деп атап өтті О. Волкова-Михальская. Оның сөзі бойынша, байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. «Біз жас буынға басымдық береміз. Олардың жаңа технологияларға деген бейімін ескеру қажет», - деді ол. Байқау төрт аталым бойынша өтпек. Біріншісі - «жасыл» бизнес жоба. Онда жас буын 1,3 млн. теңге көлемінде грант ұтып, ауылдық жерлерде су үнемдегіш технологияларды орнату бойынша өзінің бизнесін аша алады. Байқаудың екінші бағыты білім беру мекемелерде және әлеуметтік нысандарға «жасыл» технологияларды енгізуге бағытталған. Грант көлемі - 300 мың теңгені құрайды. «Үшіншісі - білім беру жобасы. Оның қаржылық көлемі - 150 мың теңге. Ол грант аясында жастар су үнемдегіш нысандардың макеттерін жасай алады. Төртіншісі - «ҚР балалар үйіндегі жасыл технологиялар» жобасы. Яғни ол жетімдер үйінің балаларына арналған «жасыл» технологиялар бойынша», - деп атап өтті О. Волкова-Михальская. «Water in aul» байқауының ақтық сыны Астанада мамыр айында өтпек. Байқаудың басты әлеуметтік демеушісі - Қазақстанның еріктілер альянсы.
Соңғы жылдары Қазақстанның экологиялық салада халықаралық ынтымақтастық орнатуы, әлемге танылуы байқалады. Н.Назарбаев мәлім еткендей, «National Geographic Қазақстан» - ана тіліміздің халықаралық деңгейдегі тағы бір жетістігі.Әлемге әйгілі «National Geographic Қазақстан» журналының қазақ тіліндегі алғашқы саны жарыққа шықты. Елімізде мемлекеттік тілде таралатын тұңғыш шетелдік басылымның алғашқы санында Елбасы Н. Назарбаевтың құттықтауы жарияланған. Беделді баспа бренді Орта Азияға алғаш рет қадам басып, соның ішінде Қазақстанда қазақ тілінде жарияланып отыр. Алғашқы санның бірінші бетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хаты жарияланған. Онда Елбасы: «Мен әлемге әйгілі басылымның Қазақ жерінде, қазақ тілінде жарық көруін ана тіліміздің халықаралық деңгейдегі тағы бір жетістігі деп бағалаймын», - деп атап өтеді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Ұлы даладағы айшықты табиғат пен шежірелі тарихты, кең байтақ Қазақстанның туристік әлеуетін дәйекті деректермен баяндап, әлем жұртына жан-жақты насихаттау - еңселі елдіктің белгісі екенін айтады. Бүгінгі күні осынау ғылыми-танымдық географиялық журналын республикамыздың барлық өңірлеріндегі газет-журнал сататын дүңгіршіктерінен табуға болады. Беделді баспаны шығарушылардың айтуынша, журналдың басты мақсаты - Қазақ елінің баға жатпес әрі қайталанбас бай табиғатын, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемін насихаттау, сондай-ақ отандық ғалымдар мен зерттеушілерді жан-жақты қолдау. Бұдан бөлек, журнал ағымдағы жылы бірқатар экспедициялар ұйымдастырып, фотокөрмелер өткізуді де жоспарлайды. «Қазақстанның ғажайып, сұлу табиғатын атағы жер жарған фотографтардың көзімен әлемге көрсету, елдің тарихын, археологиялық қазба жаңалықтарын мемлекеттік тілде тарату - бұл ауқымды жоспарымыздың азғана бөлігі. Журнал өзінің алғашқы санынан-ақ, еліміздегі экологиялық проблемаларға, соның ішінде Арал теңізінің тартылуына қатысты мәселелерге жұртшылықтың назарын аударады. «Арал тағдыры - адам тағдыры» деп аталатын мақалада ғаламшарымыздың ең үлкен су қоймасы, Орталық Азияның маңызды стратегиялық нысаны - Арал теңізінің бүгінгі жай-күйі баяндалған», - делінген баспасөз баянында. Айта кетейік, «National Geographic» географиялық қауымдастығы 1888 жылдың қаңтарында құрылып, әлемдегі ең ірі коммерциялық ұйымға айналған болатын. Географиялық білім мен ғылымды насихаттап, тарату мақсатында құрылған ұйымға алты ай өткенде, 1888 жылдың қазанында әлемдік журнал алғаш рет жарық көрді. Оның жаһандық миссиясы - ғылыми, білім және қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларына қолдау білдіру болды. Қауымдастық осы бағытта 9000-нан астам жобаны қаржыландырған. National Geographic әлемнің 38 тілінде шығатын журналдан бөлек кітаптар басып, телебағдарламалар мен фильмдер түсіріп таратады. Осылайша, 128 жылдан бері өз дәстүрін қалыптастырған беделді басылым, саясаттан басқаның барлығын қаузайды. Бүгінгі таңда журнал әлемнің 80 мемлекетіне таралады. «National Geographic» қауымдастығының қамтитын аудиториясы 600 миллион адамнан асады. Журналдың әрбір саны миллиондаған оқырмандарға әлемдік деңгейдегі қайталанбас әрі ерекше сапалы фотосуреттер ұсынып, адамзатты қоршаған ортаны аялауға, ізгілікке шақырады.
Дәл осы айтулы оқиғаға - журналдың жарық көруіне орай ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан және АҚШ ғалымдарының қатысуымен кездесу өтетіні туралы ақпарат «ҚазАқпарат» ХАА сайтының бетінде алдын ала жарық көрген. ҚР Ұлттық музейінде наурыздың 30-ы күні сағат 12.00-де «National Geographic Қазақстан» журналының жарық көруіне орай Қазақстан және АҚШ ғалымдарының қатысуымен кездесу өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі. Кездесуге екі дүркін Пулицер сыйлығының иегері Пол Салопек пен танымал АҚШ ғалымы Александр Моен қатысады. П.Салопек - бүкіл әлемді жеті жыл ішінде жаяу шарлап өтуді мақсат етіп келе жатқан зерттеуші, жиһангез-жазушы. Сол сапары аясында ол қазір Қазақстанға келіп жетті. Ал, А.Моен «Out of Eden Walk», яғни «Эденнен басталған саяхат» немесе «Әлемдік серуен» және «Genography» жобаларына жетекшілік етіп келе жатқан ғалым. Сондай-ақ, шараға антропология, археология саласындағы белгілі қазақстандық ғалымдар, жазушылар мен фотографтар қатысады. Күн тәртібіндегі басты мәселе - «National Geographic Қазақстан» журналының тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көруі және беделді басылым қозғайтын тақырыптар. Сонымен қатар, география, археология, антропология салаларындағы соңғы жаңалықтар сөз етілмек. Айта кетейік, «National Geographic» - әлемдегі ең беделді қоғамдық ұйымдардың бірі. Негізі ХІХ ғасырда қаланған ұйымның меншігіне бірқатар телеарна, журнал, баспа үйлері кіреді. «National Geographic-тің» бүгінде 700 миллион аудиториясы бар. 128 жылда қоғамдық ұйым 11 000 грант бөліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Басылым бетіндегі мақалалар шынайы әрі түбегейлі ғылыми зерттеулерге негізделген. Бүгінде дүниежүзі бойынша журнал әлемнің 38 тілінде шығарылып, 80-нен астам елге тарайды. «National Geographic» Орталық Азияда бірінші болып Қазақстанда жарық көріп отыр.
Қазақстан - өзінің экологиялық мәселелеріне әлемнің назарын аударып, сол арқылы қоршаған ортаны қорғаудың қаншалықты маңызды екенін жеткізуге тырысып жүрген ел. Соның бірі ретінде
«Барсакелмес» ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық қорықтарының қатарына енгенін айта кеткен жөн. ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының халықаралық үйлестіру кеңесі (ХҮК) биосфералық қорықтардың дүниежүзілік желісін 20 жаңа қорықпен толықтырды. Олардың арасында Арал теңізі бассейнінде орналасқан «Барсакелмес» қорығы бар.ЮНЕСКО-ның сайтынан хабарлағандай, 1970-шы жылдардың басында құрылған «Адам және биосфера» бағдарламасы адам мен табиғаттың өзара ықпалдастығын жаһандық оңтайландыруға бағытталған ғылыми үкіметаралық жоба болып табылады. «Биосфералық қорықтардың дүниежүзілік желісі жыл сайын құрамына ЮНЕСКО-ға мүше 34 мемлекеттің өкілі бар бағдарламаның Халықаралық үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша толықтырылады», - делінген хабарламада. Ұйымның атап өтуінше, Барсакелмес биосфералық қорығы (Қазақстан) Сахарадан Гобиге дейін жалғасатын шөлейтті белдеудің қақ ортасында, Арал теңізінің бассейнінде орналасқан. «Арал теңізінің аймағы шөлді батпақ жүйелері мен жыл құстарының миграциялық бағыттарын сақтап қалу үшін маңызды аймақ болып табылады. Қорық Арал теңізінің биоалуантүрлілігін сақтау ісінде басты рөл атқарады. Атап өткенде, мұнда 2 мыңға жуық омыртқасыздар, сүтқоректілердің 30 түрі, құстардың 178 түрі және рептилиялардың 20 түрі бар. Қорықтың аумағында сондай-ақ қазақ көшпенділерінің көне Жібек жолында орналасқан төрт ортағасырлық орталығы орналасқан», - делінген хабарламада.
«ҚазАқпарат» ХАА сайтында жарық көрген материалдарда экологиялық мәселелерді шешу жолында шетелдерде жүзеге асырылып жатқан дүниелер де көрініс тапқан. Мәселен,
Норвегия таяу 15 жылда автокөліктен толығымен бас тартып, велосипедке көшпекші.Ел үкіметі жаңа веложолақтар желісін салуға 1 млрд доллар жұмсамақ, деп жазады Fast Company. Норвегия үкіметі 2030 жылға қарай ел тұрғындарының меншігіндегі көліктер санының өсуін шектемек. 2019 жылы Осло орталығында автокөліктердің жүруіне тыйым салынады. Көліктерді азайту стратегиясының бір бөлігі - құны 1 млрд доллар тұратын вело жолдар салу. Екі жолақты вело жол елдегі ірі тоғыз қаланың орталықтарын қала шеті мен оған жақын кенттер арасын жалғайды. Жол «қала маңындағы кенттер тұрғындарын көптеп тартуы тиіс, өйткені біз олар машинадан велосипедке көшеді деп көздеп отырмыз», дейді Норвег қоғамдық жолдар бсқармасы жанындағы велосипедтендіруге көшудің ұлттық үйлестірушісі Марит Эспеланд. Норвег халқы көрші Дания мен Швеция тұрғындарына қарағанда велосипедті аз пайдаланады. Әсіресе қала орталығынан қашық тұратындар осыған үйренген, өйткені аралық шалғай әрі көпшілік екі дөңгелекті көлікпен жүруге күле қарайды. Вело жолдар норвегтік биліктің ауаға көміртектің таралуын жою және іштен жану қозғалтқыштары бар көліктерді азайту жөніндегі үлкен жобасының бір бөлшегі ғана. 2030 жылдарға қарай Норвегия ауаға зиянды бөлшектерді таратуды азайтуды 40%, 2050 жылдарға қарай - 100%-ға жеткізбек. Таяу бес жылда елдегі барлық қоғамдық көлік электрмен жүруі тиіс, алты жыл ішінде барлық такси тоқпен қуат алатын түрлеріне көшіріледі. Сондықтан елде электромобиль жасаушыларға әсіресе тоқпен жүретін автобус жасаушыларға жеңілдік берілген.
Қоршаған ортаны өндірістік залалдардан қорғау
Өкінішке орай, елімізде қоршаған ортаны қорғау мәселесін назарынан тыс қалдырып, оған зардабын тигізіп отырған өнідіріс ошақтары да аз болмай отыр. Демек, олар экологиялық мәселеге немқұрайлы қарағаны үшін жазасыз қалдырылмауы тиіс. Бұл мәселеге «ҚазАқпарат» ХАА сайтында барынша көтерілді. Мәселен, Қарағанды облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 4 кәсіпорыннан 12 млн теңге өндіріп алынды. Бұл туралы өңір прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. «Табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын талдау кезінде қадағалау органы «SatKomir» тау-кен компаниясы» АҚ, «Ақнар құс фабрикасы» ЖШС, «Сарыарқа әуежайы» АҚ және «К.Маркс атындағы құс фабрикасы» ЖШС қоршаған ортаға белгіленген лимиттен жоғары көлемде ластаушы заттар тастағанын анықтады. Бұқар жырау ауданы прокуратурасының шығынын өндіріп алу мақсатында Қарағанды облысы экология департаментінің атына заңдылықты бұзуды жою туралы ұсыным енгізілді», - делінген хабарламада.Прокурорлық ден қою актісін қарау нәтижесі бойынша 2016 жылғы қаңтардың ортасында мемлекеттік бюджетке 12 млн теңге өндіріп алынды.
Сондай-ақ БҚО-да қоршаған ортаны ластағаны үшін үш мекеме айыппұл төлейтін болды.Шыңғырлау ауданы прокуратурасы табиғат қорғау заңнамасының орындалуын тексеру барысында коммуналдық сарқынды суларды шығарумен айналысатын үш мекеменің кір суды жерге төгіп, қоршаған ортаны ластағандығын анықтады. БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кәсіпорындар тиісті экологиялық рұқсатсыз қызмет көрсеткен. Заңбұзушылықтарды жою жөніндегі ұсыныстардың нәтижесі бойынша мемлекетке 470 381 теңге көлемінде шығын қайтарылды, кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қоса жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды қабылдайтын қарапайым ағызу пунктін қолданысқа берген. Прокурорлық ықпал ету шаралары нәтижесінде ауданның үш жыл бойы шешілмеген экологиялық мәселесі ретке келтірілді.
Сонымен қатар 2016 жылы осы өңірдегі Березовка, Бестау ауылының тұрғындары көшіріліп, оларды көшіру мәселесі толығымен аяқталады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті. «Березовка және Бестау елді мекендері туралы қысқаша ақпарат берер болсам, жалпы, 454 үйді көшіру қажет. Соның ішінде 423-і - Березовка ауылында, қалғаны Бестау елді мекенінде тұрады. Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі қабылдаған жоспарға сәйкес бірінші кезең аяқталды. Соған сәйкес 82 отбасы Ақсай қаласында көпқабатты 128 пәтерлі екі үйге көшірілді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде өз жалғасын табуда. 2016 жылы Березовка, Бестау ауылдарының тұрғындарын көшіру мәселесі толығымен аяқталады», - деді Н.Ноғаев. Еске салайық, бұл ауылдарда экологиялық нормалардың сақталмауы салдарынан адамдардың улануы орын алған еді.
Батыс өңірде экология заңдылығын бұзушылық мұнымен де тыйылмай отыр. Осындай жауапсыздығы, яғни экология заңдылығын бұзғаны үшін жалпы 9,6 млрд. астам теңге өндірілген.БҚО прокурорының орынбасары Халидолла Дәуешевтің айтуынша, өткен жылы қоршаған ортаны қорғау және табиғат көздерін тиімді пайдалану бағытында 65 тексеру жүргізіліп, соның нәтижесінде 1027 заңбұзушылық анықталып, оны жою үшін 125 прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Сотқа дейінгі бірыңғай тізілімде 6 қылмыстық іс тіркелді. Қадағалау актісі негізінде, мысалы, шикі газды қалыптан тыс жағып, экология заңдылығын бұзғаны үшін «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясы филиалынан сот тәртібімен 7,2 млрд. теңге өндірілді. Өндіріс, соның ішінде мұнай қалдықтарымен қоршаған ортаны ластау әрекеттеріне тосқауыл қоюға ерекше көңіл бөлінуде. Айталық, өткен жылы мұнай қалдықтарын Зеленов ауданы аумағында заңсыз орналастырған «Мұнайавтотранс» ЖШС сот шешімімен сол жер телімін өңдеуге мәжбүр болды. Сол секілді «Урал Ойл энд Газ» ЖШС да Зеленов ауданы аумағында өздері ластаған жерді тазалау жұмыстарын жүргізді. Ауыл шаруашылығы жерлеріне мұнай қалдықтарын төгіп, қоршаған ортаға 150 млн. астам теңге залал келтіргені үшін «Грин Ақсай» ЖШС басшыларына айыптау үкімі шығарылды. «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясы филиалының 6 мердігерлік ұйымы қызметін тексерген кезде қауіпті химиялық заттарды заңсыз пайдалану, химиялық өнеркәсіп қалдықтарын жоюға заңсыз беру секілді деректер белгілі болды. Қадағалау актілері нәтижесінде аталған кәсіпорындарға 3 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынды.
БҚО прокуратурасының хабарлауынша, Орал мен Ақсай қалалары төңірегінде мұнай қалдықтары төгілгені анықталып отыр.Облыс аумағы мен Орал қаласы төңірегінде улы мұнай қалдықтарын заңсыз орналастыру деректері тағы да анықталып отыр. БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2015 жылғы қарашада Бөрлі ауданы аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлеріне мұнай қалдықтарын төгу деректері бойынша «Грин Ақсай» ЖШС басшыларына (Д.Сахым мен Е.Бақтияр) сот үкімі шығарылған болатын. Соған қарамастан, аталған серіктестік қоршаған ортаға зиянын тигізетін мұнай қалдықтарын тағы да төккен. Биылғы 25 қаңтарда прокуратура «Грин Ақсай» ЖШС-ның «Сан Дриллинг» компаниясынан шығарған мұнай қалдықтарын Ақсай қаласындағы «Isolation and Construction Services» ЖШС өндірістік базасы аумағына апарып, заңсыз орналастырғандығын анықтады. Қазіргі кезде бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұдан басқа 11 ақпан күні тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны аумағында мұнай қалдықтарын заңсыз орналастыру дерегі бойынша ҚР ҚК 325-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу өндірісі басталды. «Эко плюс» ЖШС-ның сенімді басқаруындағы бұл полигонда мұнай қалдықтарына ұқсас заттар үлгілері анықталып, алынды. Сонымен қатар Орал қаласы маңындағы «Батыс Эко орталығы» ЖШС-ның сенімді басқаруындағы зиянды қалдықтар полигонына тағы да «Грин Ақсай» ЖШС көлік құралдарының «Ростоша» кенішінен мұнай қалдықтарын тасығаны белгілі болды. Күні бүгін алынған үлгілер бойынша кешенді сот-экологиялық сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде.
Аталған өңірде экология заңын бұзған мұнай компаниясынан мемлекетке 526,3 млн теңге өндірілді. БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты облыстық экология департаментінің талап-арызы бойынша «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясынан 526,3 млн астам теңге залалды өндіру туралы істі қарап, шешім шығарды.БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш департамент өткен жылы 1 қаңтардан 31 шілдеге дейін жоспардан тыс тексеру жүргізген кезде «ҚПО б.в.» компаниясының газ жағу кезінде ауаға лас қалдықтарды шығарғанын анықтаған. Оның көлемі 43,8 тонна. Осыған байланысты компания нормадан тыс және өздігінен жасаған эмиссия үшін 10 есе көлемдегі төлемақыны өз еркімен төлеген. Алайда бұл қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу жауапкершілігінен босатпайды. Осыны ескерген сот департамент талап-арызын қанағаттандырды. Сот шешімі күшіне еніп, аталған компаниядан мемлекет пайдасына 526 352 686 теңге толық өндірілді.
Ал Павлодар облысында атмосфераға таралатын зиянды заттардың жалпы көлемі төмендеді. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев айтты. «Павлодар облысы индустриясы дамыған өндірістік аймақ. Сондықтан біз үшін экологиялық проблемаларды шешу мәселесі басты орында. 2015 жылдың қорытындысы бойынша атмосфераға таралатын зиянды заттардың жалпы көлемі 8 пайызға төмендеді. Қоршаған ортаның жағдайына мониторинг жүргізу бойынша арнайы бағдарлама жүзеге асырылып келеді»,-деп тоқталды облыс әкімі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның сөзіне қарағанда, ауаға зиянды заттары таралатын 9 өндірістік кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймақтарында тексеріс жүргізілді. «Нәтижесінде, ластану көрсеткіші мөлшерлі бақылау деңгейінен асқан үш кәсіпорынға тиісті шаралар қолданылды. Облыстың 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының аясында экологиялық технологиялар жөніндегі құзыреттеліктер орталығы құрылды. Табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру жұмысы үнемі бақылауда. Өткен жылы өндірістік кәсіпорындар осы мақсаттарға 15млрд. теңгеге жуық қаражат бөлді. Бюджеттік қаражаттың есебінен 1,2 млрд. теңге жұмсалған 16 іс-шара атқарылды»,-деді Қ. Бозымбаев.
Шығыс өңіріміз - Өскеменде ауаға бериллий шоғырының таралуы тіркелмеді.«Казгидромет» РМК-ның ШҚО-дағы филиалының хабарлауынша, 2016 жылы 22 наурызда Өскемендегі Делегатская 28 мекенжайы бойынша тәулігіне екі мәрте - сағат 12:55-те және сағат 14:20-да жылжымалы шағын әмбебап газанализаторды пайдалана отырып қосымша ауа сынамасы алынған.Сынама қорытындысында, «қол» әдісімен анықталатын қоспалардың жоғары-бір реттік ұйғарынды шегінен асып кетуі тіркелмеген. Күшәланың (мышьяк) және оның органикалық емес қосындылары және формальдегидтің мөлшері анықталу деңгейінен төмен. Ауада бериллий шоғыры тіркелмеді, деп хабарлайды өңірлік ақпараттық орталық. Еске сала кетсек, 22 наурызға қараған түні Үлбі металлургия зауытының қоймалық ғимараттарының бірінің шатыры өртенген. Өрт сөндірушілер 12 сағат бойы өртті сөндірді. Берилий өндірісі қоймасының 300 шаршы метр шатыры өрттен зардап шекті.
Өндірістер зияны демекші, елімізде жыл сайын ауаның ластануынан 5,5 млн адам көз жұмады екен. Бұл туралы Американың Ғылымды ілгерілету жөніндегі қауымдастығының жиынында жарияланған есепте айтылды.Зауыт, көлік, электрстансалары және көмір жағудан бөлінген улы шаң-тозаң жүрек ауруына және өкпе обырына шалдықтырады. Ауаның ластануы салдарынан құрбан болғандар тамақтану, есірткі қолдану тағы да басқа да қатерлерден көз жұмғандардан көп. Бұл зерттеу барысында анықталған. Ауаның ластануының құрбандарының тең жартысына жуығы Қытай мен Үндістанда тіркелген. Вашингтонда өз зерттеулерін жария еткен ғалымдар Қытай мен Үндістанға ауаға улы заттарды таратпау үшін жаңа технологияларды пайдалануға шақырды.
Ел азаматтарының экологиялық ахуалға алаңдаушылық білдіруіне орай ішкі істер министрінің орынбасары В.Божко «Антигептил» белсенділеріне экологиялық ахуалды сәйкесінше қызметтерден анықтауға кеңес берді. «Протон» зымыранының құлауына байланысты экологиялық ахуалды сәйкесінше қызметтерден анықтап білу қажет деді ол Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. «Мән-мағынасыз болжам жасап, түрлі ұсыныстар жасаудың еш қажеті жоқ дегім келеді. Одан да біздің экологиялық қызметтерге жүгініңіздер. Олар оған байланысты толық жайтты айтып береді», - деді ол. Бұған дейін «Антигептил» қозғалысының белсенділері Владимир Божкоға «Протон» құлаған жерде өмір сүруге кеңес берген еді. Олардың пайымынша, Ішкі істер министрінің орынбасары сол арқылы аталған аймақтағы экология өмір сүруге қауіпсіз екендігін дәлелдеуі тиіс. «Мен «дивандық» деп атайтын жекелеген адамдардың, сарапшылардың дөрекелігі әрі әдепсіздігі менің көңіліме қаяу түсіреді», - деді ол.
Түйін
«ҚазАқпарат» ХАА сайтында жарық көрген материалдарға жасаған шолуымыз көрсеткендей, Қазақстан экологиясында назар аударарлық мәселелер жетерлік. Мемлекетаралық дау туғызып жүрген Каспийдің ластануы мен Қазақстанның інжу-маржаны саналған Аралдың тартылуы, Алматы қаласының экологиялық ахуалының жылдан-жылға нашарлап бара жатқаны әрине, әр азаматтың көңілін алаңдатады. Сол себепті, бұл мәселелерге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әрдайым жете көңіл бөлуі заңды. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан тиісті шаралар мен әрекеттер қолға алынуда.
Халықтың саулығы экологиялық мәселемен тікелей байланысты болғандықтан, оны ескеру аса маңызды. Десек те, жоғарыда айтылған материалдардан байқағанымыздай, халықты сенбіліктерге жұмылдырудан өзге, әсіресе, жас ұрпақтың бойында туған табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін оятатын шараларға тарта түсу қажет. Сонымен қоса, ауаны зиянды шығарындыларымен ластайтын өндіріс ошақтарының жауапкершілігін арттыруда да жұмыстар атқарылуы тиіс. Ал табиғаты - кемел, өзен-көлдері - көркем, паң таулары - кербез еліміздің өсімдіктері мен жан-жануарлар дүниесін қорғау ісі бұдан әрі де жетілдіріліп, жалғасын таба беруі тиіс.