ШОЛУ: Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін мемлекеттік емес сектордың да жұмысын үдете түсу керек

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел аумағында «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын орындаудың алғашқы қадамдары іске асырылып жатыр.

Бұ л бағытта мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді.

Қазақстандық арманға бастайтын - Ұлт жоспары ел іші сыртында үлкен талқыға түсіп, әлемдік саясаткерлердің оң бағасын алды. Бүгінге дейін Ұлт жоспары аясында қыруар іс-шаралар атқарылуда.

Ел экономикасын жаңа белеске көтеруге бағытталған Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысындағы атқарылған жұмыстар «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігінің назарынан тыс қалған емес. Енді еліміздегі  Ұлт жоспарын орындау бағытында алдымен атқарылар шаралар жөніндегі  іргелі экономистердің, қоғам қайраткерлерінің түрлі сала мамандарының пікір-ұсыныстары жөніндегі материалдарға шолуды ұсынамыз.

 «Ұлт жоспары - нақты 100 қадам» реформасын жүзеге асыру үшін мемлекеттік емес секторды жергілікті басқару органдарының жұмысына белсенді араластыру керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы жөніндегі брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысы, әлеуметтану ғылымының докторы Айгүл Сəдуақасова кеңінен тарата айтып берді. 

 «2016 жылдың бірінші күндерінен бастап, Елбасы былтыр жариялаған 5 институционалды реформаны жүзеге асыру басталды деп анық айтты. Қазір экономикалық дағдарыс, саяси-əскери қақтығыстар сияқты сыртқы жағымсыз факторлар көбейген кезең. Сондықтан, Елбасы «біздің ең басты құндылығымыз - ел бірлігі» деп, негізгі реформаларының ішінде «бірегейлік пен бірлік» деген бағыттарды ерекше атап өтті. - Осы бағыттарды қалыптастыру үшін екі негізгі тетік қалыптасқан, - деді Елбасы. Оның біріншісі - Қазақстан халқы Ассамблеясының институты. Екінші тетік - жалпыұлттық патриоттық, «Мəңгілік ел» идеясы».

А.Сəдуақасованың айтуынша, Мемлекет басшысы жариялаған Ұлт жоспарын сəтті жүзеге асыру тек мемлекеттік органдардың мойнындағы міндет емес. Бұл ретте, реформаларды ойдағыдай жүзеге асыру үшін азаматтық қоғам да барынша белсенді жұмыс істеуі керек, - дейді ол.
«Қазақстанда мемлекеттік емес сектор дамуда. Соның ішінде, азаматтық қоғамды дамыта түсу - реформаның бір бағыты деуге болады.

Нақтырақ айтсам, азаматтық қоғам туралы Мəдениет жəне спорт министрлігі арнайы жоспар қабылданған. Сол жоспардың ішінде мемлекеттік емес секторды белсенді ете түсудің жаңа формалары көзделген. Жалпы, азаматтық қоғамды қалыптастыру - енді жүзеге асырылатын бағыт емес, жүзеге асырылуы басталып кеткен бағыт. Мысалы, Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан алатын болсақ, Ассамблея да арнайы жоспар қабылдап, этно-мəдени бірлестіктерді қоғамдық жұмыстарға үздіксіз қатыстырады. Жалпы, реформалардың ішінде мемлекеттік емес секторды жергілікті басқару органдарының жұмысына да белсенді араластыру жоспарланған»,-деді ойын қорыта келе ол.

  Қазір əлемдік тәжірибеге сүйене отырып, жаңа реформаларды жүзеге асыру арқылы ел экономикасын жаңа экономикалық шындыққа дайындау керек. Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасы Мақсат Мұқанов осындай пікір білдіреді.

Ал, оның бірінші орынбасары Əсет Ерғалиевтің айтуынша, Ұлт жоспарын жүзеге асыру қарқынына сыртқы факторлар әсер етпейді. 
«Бүгінгі сыртқы экономикалық конъюнктура құрылымдық жəне институционалды реформаларды əр елдің күн тəртібіне шығарып отыр. 
Ал, тағы бір жағынан, экономикалық тиімділік тұрғысынан алсақ, реформалар сапалы өсімді қамтамасыз етпек. Экономикалық тарих көрсетіп отырғандай, жеке секторға басымдық берген елдер дағдарысқа тойтарыс бере алады»,-дейді Ə.Ерғалиев. 

«Қазақстан әлемдік экономикаға өте тығыз интеграцияланған. Өткен жылы біздің ел Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді. Бүгінде жаһандану кезеңінде барлық үдерістер, әрине, әлемнің кез келген еліне ықпал етеді. Қазіргі уақытта, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, жаңа реформалар жүргізіп, экономиканы жаңа экономикалық шындыққа дайындау керек. Ұлт жоспары Қазастанның бүгінгі күрделі экономикалық жағдайдан шығудың сарабдал жолы болып отыр»,-деді Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасы М.Мұқанов.

Әдетте, ынталандырушы қадам болған жағдайда мемлекеттік қызметкерлер өздерін әрдайым жетілдіруге тырысады. Бұл туралы  «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарақұсова мәлім етті.

«Президент мақаласында нәтижелі қызмет үшін мемлекеттік қызметкерлерге бонус беру тақырыбына тоқталды. Менің ойымша, бұл жақсы шешім және осы  қадам міндетті түрде оң нәтиже береді. Себебі, адами және экономикалық тұрғыда дұрыс шешім. Жақсы жұмыс біліктілігімен көзге көрінген адамға бұл қолдау болады. Мемлекет қызметкерді жұмысқа қабылдаған кезде бірінші кезекте қызметіне сай келетін адамды қабылдау керек екені белгілі. Сондықтан да жұмыста жақсы нәтиже көрсеткен адамды ынталандыру керектігіне ешкім де қарсы сөз айта алмайтыны анық»,-деді ол.

Осы орайда депутат ынталандырушы қадам болған жағдайда қызметкерлер өздерін әрдайым жетілдіруге тырысатынын атап өтті.

«Мемлекеттік қызметкер халыққа қызмет етеді. Сондықтан қызметкерлер өздерінің жұмысында жақсы әрі жоғары нәтижелер көрсетуге міндетті»,-деп түйді Гүлжан Қарақұсова.

 «Мемлекеттік қызметке орналасу тек кешенді іріктеу мен жұмысты тек төменгі лауазымдардан бастаудың нәтижелері бойынша мүмкін болады. Жұмыс тәжірибесі мемлекеттік қызметшінің мансаптық ілгерілеуінің басты шарты болады және мұнда да тек конкурстық негізде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, жекелеген мемлекеттік қызметшілер ротацияларының мүмкіндігі көлбеуінен және тігінен оларды қызметтік баспанамен қамтамасыз ете отырып қарастырылған. Екіншіден, мемлекеттік қызметке ашық конкурс арқылы және Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша келісімшарттық негізде мемлекеттік емес сектордағы басқарушылар қатарынан азаматтар және шетелдік менеджерлер тартыла алады. Үшіншіден, мемлекеттік қызметшіге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі оның біліктілігі мен атқаратын жұмысының сипатына, көлемі мен нәтижесіне байланысты заң тұрғысынан бекітіледі. Аса нәтижелі қызмет үшін бонустар төлеу қарастырылған. Мұндай жүйені 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланып отыр. Бұл жерде 2016 жылы бүгінде «Б» корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы жоғарылайтынын айта кету керек», деген Елбасы сөзінің көкеййкестілігіне баса тоқталады Мәжіліс депутаты. 

  Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет құру жоспарының алғашқы бөлімі кәсіби мемлекеттік аппарат құру болып табылатыны бесенеден белгілі жайт. Ал, кәсіби мемлекет - шынайылық пен болашақ кепілі. Бұл пікірді ҚазАқпарат тілшісіне Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова білдірді.  

Университет ректоры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында мемлекетті кәсібилендіруге басымдық беріп, оны жан-жақты түсіндіріп өткендігіне айрықша назар аударды.

«Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Біз барлық посткеңестік елдердің ішінде алғаш болып мемлекеттік қызметшілердің жаңа кадрлық корпусын конкурс және меритократия қағидаттары арқылы қалыптастыруға кірістік. Қазір қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі бастау алды», - деді. Жақында осы тараптағы жаңа заңға бірқатар өзгерістер енгізілгені белгілі. Енді мемлекеттік қызметке орналасу тек кешенді іріктеу мен жұмысты тек төменгі лауазымдардан бастаудың нәтижелері бойынша мүмкін болмақ», - дейді ол.

Д.Қожамжарованың айтуынша, жұмыс тәжірибесі мемлекеттік қызметшінің мансаптық ілгерілеуінің басты шарты болады және мұнда да тек конкурстық негізде жүзеге асырылу көзделінген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету де қарастырылып отыр. Бұл өз кезегінде кәсіби мемлекет аппаратын қалыптастыруға зор ықпал етеді.

«5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам»  - Ұлт жоспары - кәсіби мемлекет кепілі екендігін ескеретін болсақ, ондағы «Мемлекеттік қызметке қабылдау ең төменгі лауазымдардан басталуы тиіс» деген қағиданың өміршеңдігін бүгінде көпшілік айтуда. Осы орайда айта кеткен ләзім, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты педагог кадрлар дайындайтын іргелі оқу орны. Іргетасының қаланғанына жарты ғасырға жуық уақыт өткен оқу ордасынан күні бүгінге дейін мыңдаған маман даярланды. Біздің басты мақсатымыз - жаңа тұрпатты, заманға сай, кәсіби мұғалім дайындау. Ал, кәсіби шеберлігі жоғары ұстаз - білім сапасының кепілі болмақ. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе - білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов: «... Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», - деген болатын. ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Өйткені, білімді, кәсіби білікті ұстаз - бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі», - деді профессор.

Сондай-ақ, ол Елбасы мақаласында білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын реформалауға қатысты да өзекті мәселердің қозғалғанын атап өтті».

Әлбетте, аталған салалар - адам әлеуетінің сапасын арттыруға жағдай жасайтыны рас. «Білім беру саласында мектепке дейін және мектепте білім берудің жаңа үйлестірілген стандарттарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Білім беру үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін болады», - деді Мемлекет басшысы. Үш тілді білім беру - бүгінгі заман талабы, бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Осы арқылы құзыретті һәм заманауи тұлғаны қалыптастыра аламыз. Қазақ тілі - Отанымыздың тілі, мемлекеттік тіліміз, біздің патриоттығымыздың белгісі болса, ал ағылшын және орыс тілдерін үйретудегі мақсат XXI ғасырда өмір сүріп жатқан жастардың ертеңгі күні еңбек нарығындағы қажеттілігін қамдау үшін болмақ», - деді Дария Қожамжарова. 

  Осы арада шетелдік БАҚ-тардың да ҚР Президентінің  аталмыш мақаласына назар аударғандығын айта кеткен жөн.

 «Итар-Тасс» ақпараттық агенттігінің тілшісі өз мақаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың жемқорлықпен күреске бағытталған шаралар туралы пікіріне ерекше тоқталған.

Оқырмандарға Қазақстанда мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң жобасы қабылданғанын айта келе, мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгенін жеткізген. Осылай­ша, қазақ елінде мемлекеттік аппарат­тың тиімділігін арттыруға мән беріліп отыр дейді репортер.

 Ал «Евроньюстің» Ресейдегі бөлім­шесі алға қойған мақсатқа барын­ша айқын қол жеткізу керек, би­лік жүйелі түрде ха­лықтың ал­дында есеп беруі тиіс деген Елба­сының 5 институттық ре­форманы іске асыруға бағыт­талған кеңесте айтқан сөзін мы­салға кел­тірген.

Тілші мақала соңында Қазақстанның ұлт жоспарында 5 түрлі басым бағыт айқындалғанын жеткізген. Беларусь телеграф агенттігі болса, Қазақстан 2020 жылға дейін тауар тасымалын 2 есеге арттырса, 10 жылдан кейін 50 миллион тоннаға дейін ұлғай­туды жоспарлап отыр деп жазды.

«Бұл ретте Қазақстан Көшбас­шысы мультимодальды «Еуразия­лық транс құрлықтық дәлізін» құру жобасы басталға­нын еске салған. Ол жүктердің кедергісіз транзитін қамтамасыз етеді» делінген мақалада.

Еліміз­дің эко­номикалық дамуға бағыт­талған жоспары да шетелдік басы­лым­дарда көрініс тапты. Мәселен, «Праим» ақпараттық агенттігі «Қазақстан өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция құятын кем дегенде 10 түрлі трансұлттық корпора­цияны тартуды жоспар­лап отыр» деп жазды. Тіпті қазірдің өзін­де 26 трансұлттық корпорациямен келіссөз жүргізе келе, олардың бірқатарымен нақты келісімге қол жеткізді деп Елбасының мақала­сына тоқталып өткен.

Сондай-ақ жер-жерлерде ел экономикасының қарышты қадам жасауына негіз қалайтын бағдарламалық мақала жайлы ой-толғамдарын білдіріп жатқан ақниетті жандар туралы айта кеткен ләзім.

 «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында біздің алдымызда тұрған басты міндеттерді тағы бір көрсетіп берді», дейді БҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ директоры Александр Әжіғалиев.  

-Елбасы аталған мақаласында әр ұрпақтың өз арманы бар екенін, әсіресе, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа Қазақ елінің қол жеткізгенін айта келіп, «Біз, қазіргі қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік көпэтносты қоғамымыздың нақты жоғары өмірлік құндылығына айналды» деп атап көрсетті.

Шындығында да биыл 25 жылдығы кеңінен аталып өтілетін Тәуелсіздікті елдегі барлық ұлт өкілдері қастерлей білуі тиіс. Осы орайда кейінгі кезде құрылған қоғамдық келісім кеңестері де азаттықтан асқан қасиетті ұғым жоқтығын, келісім мен бірлік Қазақстан дамуының кепілі екендігін кеңінен түсіндіруі керек. Мақалада айтылған барлық міндеттерді жүзеге асыруға Қазақстан халқы Ассамблеясы белсене қатысатыны анық. Ең алдымен, бұл - халық арасында ақпараттық жұмыс жүргізу және Елбасымыз қойған тапсырмалар бойынша бірігіп әрекет ету.

Өткен жылы да БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесі ұлттық-мәдени бірлестіктермен ынтымақтаса отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында ұлтаралық келісім мен татулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған көптеген іс-шара өткізді. Ол - ұлттық-мәдени бірлестіктердің өз мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрін, ұлттық киімі мен тағамдарын таныстыруға бағытталған мәдени күндері. Сонымен қатар  ғылыми-сараптама кеңесінің көптеген басқосулары, соның ішінде ресейлік сарапшылар мен ғалымдардың қатысуымен өткен кеңейтілген отырыстарды атап айтуға болады. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың негізінде Қазақстан халқы Ассаблеясы кафедрасы ашылды. 

Сонымен қатар  Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылу рәсімінде бастама алған 10 республикалық байқауды да айта кеткен жөн. Өз жобаларын ұсынған батысқазақстандықтар республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Мысалы, өзге ұлт өкілдері - мектеп оқушыларына қазақ тілі мен мәдени ортасына бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеруіне, тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіру мүмкіндігін көздеген «Мың бала» атты республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздары Мария Гладкова, Юлия Рязанова, Юлия Черноярова мерейімізді бір көтеріп тастады. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған жыл сайынғы «Тарихи тағылым - өткенге тағзым» атты халықаралық форумы өткізілді.

«Елбасымыз бұдан жиырма жылдан астам уақыт бұрын  Қазақстан халқын бір шаңырақ астына біріктіріп, айқын бағытпен жол бастаса, бүгінгі таңда да Көшбасшымыз ұсынған мақсат-міндеттерді қолдай отырып, алға нық сеніммен қадам баса беретініміз анық», деп түйіндеді ойын А.Әжіғалиев.

 «Қазақстан халқы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиясы маңында топтасуы шарт. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласына қатысты «ҚазАқпарат» агенттігіне берген сұхбатында «Болашақ» стипендиаты, «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» компаниясының бас инженері Еркебұлан Исабеков мәлім етті.

«Елбасы өзінің мақаласында экономиканың бірқатар перспективалы секторларын дамыту бойынша шаралар қарастырылғандығын атап өтті. Бірінші кезекте ол электр энергиясы секторына және энергиялық тиімділіктің өсуіне қатысты шаралар екенін де нақтылады. Қазіргі уақытта барша әлемнің қозғаушы күші энергетика саласы дер едім. Әлем елдері энергия көздері үшін талас жүргізіп жатыр. Энергетика саласында көп жетістікке жеткен мемлекет едәуір дамуға да қол жеткізе алады. Сондықтан, Н.Назарбаев осы бағытта өзіміздің даңғыл жолымызды салу үшін күш-жігер аямаумыз қажет деп атап өтті. Ол үшін энергия сервистік келісімшарттар тетігі арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тартуды тапсырды. Жеке энергия сервистік компанияларды дамытуды белсенділендірудің, оларды энергия үнемдеу саласына қызметтер кешенін ұсынуға ынталандырудың маңызын да айырықша тоқталды», - дейді Е.Исабеков.

Оның сөзі бойынша, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әрбір реформасы Қазақстанның болашағын жарқын етуге бағытталғандығын көру қиын емес. 

«Президент аузынан айтылған нақты-нақты міндеттерді зейін салып, қарайтын болсаңыз, болашақта Қазақстан қандай болады деген сауалға жауап табасыз. Сот жүйесін дамыту, мемлекеттік аппаратты түбегейлі өзгерту, жалақы жүйесін жетілдіру, құқықтылық пен заңдылық, үкімет ашықтығы мен шағын және орта бизнестің дамуы, инновацияларға жол ашу, инвестицияларды тарту, Қазақстанды аймақтық транзиттік хабқа айналдыру, туризмді қарыштату, қаржылық орталықты құру сынды бастамалар болашақта іске асатын ұшан-теңіз істердің бір парасы ғана. Осылар орындалар болса, Қазақстан Орталық Азияда ғана емес, бүкіл әлемде серпінді дамыған елдердің біріне айналары сөзсіз. Ол үшін тек халқымыздың ұйысқаны керек, бір атаның балаларымыз ғой, қол ұстаса, ел дамуына үлес қосқанымыз қажет», - деп түйіндеді ойын жас инженер.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тойланатын жылда еселі еңбек ететін боламыз», дейді  Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы Тайпақ музыка мектебінің директоры Ғайнижамал Әділова.

 «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында еліміз алдында тұрған басты мақсат-міндеттерді саралай келіп, «білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын реформалау адам әлеуетінің сапасын арттыруға жағдай жасайтынын» атап көрсетті. Бұл әлемдік дағдарысқа қарамастан, Қазақстанда білім беру, денсаулық сақтау секілді әлеуметтік салаларға да айрықша көңіл бөлініп отырғандығын тағы бір нықтай түседі», деген жүрекжарды пікірін білдірді ол.

Оның айтуынша, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тойланатын жылда Қазақстан халқы көтеріңкі рухпен еңбек етіп, Елбасы алға қойып отырған жоба-жоспарларды жүзеге асыруға өз үлестерін қоса білуі тиіс. Ең бастысы, тәуелсіздік жылдарында қол жеткен табыстарды баянды етіп қана қоймай, жаңа міндеттер аясында маңдай терімізді сыпыра отырып, жұмыстануға тура келеді.

«Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Осыны жас ұрпаққа ұғындырудамыз. Мақсатымыз айқын, міндетіміз ауқымды. Біз, музыка мектебі ұжымы, Елбасы сөздерін еліміздің өткен жылдардағы тыныс-тірлігімен бірге таразылап, оқып-үйренудеміз. Күнбе-күн ізденісімізді бәсеңдетпей, білім-білігімізді ұштай отырып, қазіргі заман биіктерін бағындыруға ұмтылуымыз керек. Осы орайда Тайпақ музыка мектебінің табыссыз еместігін айта кетуге болады.

Бұрынғыны айтпағанның өзінде, өткен жылғы қарашада ғана Атырауда өткен халықаралық «Мәңгі ел - Қазақстаным!» фестивалінде шәкірттеріміз бас жүлде, тағы басқа сыйлықтарды иеленді. Байтақ еліміздің берекесі, дәулеті әр еңбек ұжымының жетістіктерінен құралатыны мәлім. Демек, тек алға ұмтыламыз. Бір-екі жыл төңірегінде мектеп  ғимаратының шатыры толық күрделі жөндеуден өткізілді, басқа да жағдайлар жасалды. Осындай қамқорлыққа іспен жауап беруге тиіспіз. Өз халқының тарихын, тілін, мәдениетін, кешегі және бүгінгі өмірінің қыр-сырын ұл-қыздар жақсы білуі керек. Бұл отбасынан және мектептен бастау алуға тиісті. Аздаған жылдарда талай жолдан, талай дағдарыстан өттік. Қиындық та аз болған жоқ. Соның бәрін ел бірлігінің арқасында жеңдік. Елбасы анық бағыт-бағдар беріп отырғанындай, ендігі міндет - әлемдегі озық елдердің қатарына қосылу. Ол үшін жұдырықтай жұмыла еңбек етіп, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетуге тиіспіз», деді Ғ.Әділова.

  Еске сала кетсек,  Ақордада Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді. Онда Елбасы бағытымыз айқындалған Ұлт жоспарын жүзеге асыруда босаңсуға жол берілмейтіндігін қадай айтқан еді. Президент  реформалардың уақтылы және тиімді жүзеге асырылуының маңыздылығына да тоқталды. Елбасы мемлекеттік қызметті жетілдіру жұмысын орталықта да, жергілікті жерлерде де жүргізу керектігін, заң үстемдігін қамтамасыз ету аясында сот жүйесінің өзі де өзгерістерге бастамашы болуы қажеттігіне назар аударды.

«Сонымен қатар, Патриоттық акт қабылдау жоспарланып отыр, онда халық бірлігін, толеранттылық пен сенімді одан әрі нығайту жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары көрсетілетін болады. Сондай-ақ, есеп беруші мемлекет қалыптастыру міндетіне сәйкес, барлық деңгейдегі атқарушы билік тұрақты негізде халыққа есеп беріп отыруы тиіс. Жалпы алғанда, нәтижеге басшылар жеке жауапты болады. Бұл ретте, реформаларды көзбояушылыққа айналдыруға жол беруге болмайды. Өзгерістерді жүзеге асыруға кедергі болатындар лауазымынан босатылады», - деді Мемлекет басшысы.

  Былтырғы жылғы президенттік сайлауда өзінің сайлауалды тұғырнамасы ретінде белгілеген бұл реформаның жүзеге асуын Елбасы айрықша назарда ұстайтынын айтқанбыз. Осыған орай, Елбасы «Ұлт Жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты тақырыппен бағдарламалық мақаласында Президент  мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енгенін, тарихымызда бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамалық өзгерістерді бағамдау маңызды екенін атап өтеді.

«Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды. Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді. Ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтары үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі асыл арман болып келді. Біз олардың азат және тәуелсіз Отанды аңсаған көп ғасырлық қиялдарын іс жүзіне асырдық. Біз, қазіргі қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік көпэтносты қоғамымыздың нақты жоғары өмірлік құндылығына айналды. Біз осыдан бар-жоғы ширек ғасыр бұрын ғана барлық ақыл-ойымыз бен жүрегімізді баурап алған көптеген ой-ниеттерімізге қол жеткіздік», - деп атап өтеді мақаласында Елбасы. Бұдан бөлек, Н. Назарбаев Қазақстан халқы өз жері мен оның байлығының ұқыпты иесі болуға үйреніп жатқанын, жаңа технологияларды меңгеріп, тарихта ешқашан болып көрмеген өндірістік қуаттар мен экономиканың тұтас салалары іске қосылып жатқанына тоқталады.  «Ең бастысы - біз жаңаша армандауды, Тәуелсіз Қазақстанымыз бір бөлшегі болып отырған жаһандық әлемдегі қиындықтарға қарамастан, ел мен қоғамды дамытуда нақты міндеттер қоюды және оларды шешуді үйрендік. Біз Тәуелсіздіктің 25-ші жылдығына жаңа қазақстандық арманмен аяқ бастық, оның басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан «2050» Стратегиясымен бара-бар».

Жалпы бағдарламалық мақала реформалар арқылы тұтастай қазақстандық сапалы секірістің нақты бағыттарын қамтиды. Мәселен, мақаланың «Мемлекетті кәсібилендіру» бөлімінде Елбасы заң арқылы жүзеге асатын жаңа нормалардың, тың новеллалардың ерекшеліктерін түсіндіріп, мемлекеттік қызметті жаңғыртудың негізгі қырларына тоқталады. «Мен бұны Қазақстандағы барлық жаңғырту үдерісі ой-ниеті табысының шешуші тетігі ретінде қарастырамын», - деп атап өтеді Елбасы. Реформаның және бір бағыты тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесіне қатысты болып табылады. Елбасы бұл ретте реформа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталуы тиістігін алға тартады.

Бұдан бөлек, «Бюрократтық шығынсыз экономикаға қадам басу» бөлімінде Президент индустрияландыру мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша жаңғыртулар кешеніне тоқталады. «Біздің ұзақ мерзімді ұстанымымыз экономика қызметіндегі транзакциялық шығындарды ұдайы қысқарту болуы тиіс. Олардың көлемі, ең алдымен, мемлекеттік институттардың қалай жұмыс істейтініне байланысты. Салықтық және кедендік әкімшілік жүргізуді жақсартуға бағытталған шаралар зор маңызға ие болады», деп атап өтеді Елбасы. Президенттің пайымынша, Ұлт жоспарының экономикалық блогына кіретін шаралар Қазақстан экономикасының өңдеуші секторына кем дегенде 10 трансұлттық корпорацияны тартуды қарастырады. Сонымен бірге, «зәкірлі инвесторлармен» бірлескен кәсіпорындар құру жөніндегі жұмыстармен өңдеуші өнеркәсіптің, инфрақұрылымдардың, энергетиканың және басқа отандық компаниялардың 3 тобы қамтылатын болады. Ал осы бағыттың темірқазық мәселесі тәуелсіз сот жүйесі, ағылшын тілін қолдану және инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу құқығымен жеке заң құзыреті қағидаты бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру болып табылады. «Біздің елордамыз Астана Еуразияның іскерлік, мәдени және ғылыми орталығы ретінде дамып, әуежайдың жаңа терминалын қоса алғанда, заманауи халықаралық көліктік-логистикалық жүйеге ие болады», - деп түйіндейді Елбасы.

Бас мақаланың «Инновациялық индустрияландыру көкжиектері» атты бөлімінде Ұлт жоспарындаңы экономиканың бірқатар перспективалы секторларын дамыту бойынша шаралар қарастырылған. Ондай шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2020 жылға қарай ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығын 25 пайызға және ғасырдың ортасына қарай 50 пайызға төмендетуге қол жеткізу міндеті жүктеледі. «Біз ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру бойынша жұмыстарды жалғастыра береміз. Бұл орайда бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы өндірістердің сыни массасын өсіруге қол жеткізу маңызды. Бизнестің инновациялық белсенділігі ІЖӨ-нің 20 пайызына дейін, инновациялық өнімдер үлесі 2,5 пайызға дейін артады», - дейді Президент. Сонымен қатар, Н. Назарбаев «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында қамтылған көлік инфрақұрылымын, әуе қатынастарын дамыту мәселесіне де ерекше тоқталады. Бұл ретте Астананың әлемдік деңгейдегі қаржы орталығы ретінде қалыптасуы үшін 2019 жылға дейін Токио, Сингапур және Гонконг сияқты жетекші қаржы орталықтарымен жаңа халықаралық бағыттар ашылатыны да айтылып отыр.

 Ұлт жоспарының бүтіндей бір парасы «Әлеуметтік жаңғырту ынталандырушылары» тақырыбына негізделіп отыр. Осы ретте Президент өз мақаласында экономиканың қарқынды дамуы еңбек қатынастарының жаңа түрін қалыптастыру үдерісіне айрықша назарды қажет ететінін, осы мақсатта жаңа Еңбек кодексі қабылданғанына тоқталады. «Бізге Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын табанды түрде өмірге енгізу қажет. Қаржыландыру көлемін арттыра отырып, Жұмыспен қамтудың жол картасы өзекті етіле түседі. Оның бағдарламаларына қатысу еңбекке қабілетті халыққа қысқа мерзімді қайта даярлау курстарынан өтуге, өзінің біліктілігін арттыруға, шағын несие алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Жаһандық дағдарыстың ағымдағы ықпалына байланысты объективті қиындықтарды еңсеруге жағдай жасайды».

 Бас мақала соңында Президент Н. Назарбаев Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру кезеңі басталғанын, оның Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның бақылауымен жүретінін айтады. «Біз көптеген сынақтарға абыройлы төтеп бердік, шынықтық, рухымызды күшейттік. Біз жаңа Қазақстанды - Ұлы Дала Елін құрдық. Ұлт жоспарын орындай отырып, біз өзіміздің Ұлттың Өрлеу Дәуірінің көкжиектерін кеңейтеміз, өзіміз Тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген және бізге жаһандық даму берген барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз. Әлемде, сөз жоқ, үшінші әлемнен біріншіге қадам басқан елдердің мысалдары бар. Біз олардың жарқын тәжірибелерін зерттейміз және ескереміз. Қазір біз экономиканың, мемлекет пен қоғам дамуының ең табысты жаһандық модельдерін өлшем ретінде аламыз. Бүгінде әлемде өзінің жалпыұлттық арманын ұмыт қалудың жүзжылдығынан шыға отырып, әлемнің ең ұлы ұлттарымен бір қатарда тұру тұрғысында бейнелейтіндер кем де кем. Біз Қазақстанның осынау тарихи тағдырына сенеміз. Мен қазақстандықтарды Ұлт жоспарын жүзеге асыруға және реформаларды жүргізуге барынша белсенді қатысуға, олар ашатын мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын. Біз өзіміздің қазақстандық арманымыздың орындалуына және Қазақстанның өркендеуіне сенімді түрде қол жеткізетін боламыз!», - делінген.    

Шын мәнінде Елбасының жаңа жылдың алғашқы күндерінде жарияланған мақаласы елді жаңа жетістікке, жаңа биіктерге жетелейтінін аңғартып отыр. Мақала жарық көрісімен қазақстандықтар бас мақаламен танысып қана қоймай, өздерінің лебіздерін де білдіріп, қоғам арасында қызу талқылау жүруде. Бұған дәлел Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтерде сарапшылар ұлтты ұйыстыратын жоспарға қатысты Елбасы мақаласының ерекшеліктеріне мән беріп, талқылап, пікірлерін білдіруде. Бұл үдеріс алдағы уақытта да жалғасатын сыңайлы. 

 «Қазақстанның Елбасы мақаласында айтылған қазақстандық арманға нық қадам басуы үшін барлық алғышарты дайын», деген пікір білдіреді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Михаил Бортник.

Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы өткен жылдың қорытындысы іспеттес. Онда Президент Ұлт жоспарының 5 институттық реформасын жүргізу елдің дамуы үшін айтарлықтай серпін беретіндігін тағы бір мәрте атап өткен. Біз оларды экономикалық өсімнің сенімді қарқынын қалпына келтіруге және барлық халықтың мығым әлеуметтік кепілін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің дағдарысқа қарсы ауқымды шараларының басты құрамы ретінде қарастырамыз», - дейді Елбасының мақаласына орай ҚазАқпарат тілшісіне өз ойын білдірген сенатор М.Бортник.

Оның пайымынша, елімізде ол үшін қажетті барлық жағдай бар. Мемлекеттің, экономиканың және қоғамның дамуы үшін түбегейлі жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. 5 институттық реформаның басталуын заңдық және ұйымдастырушылық тұрғыда қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың кезеңі басталды.

«Яғни, мақалада айтылған қазақстандық арманға, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге нық қадам басуы үшін барлық алғышарты дайын. Бүгінде Қазақстан халқы Ұлт жоспарының барлық 5 реформасын толықтай қолдайтындығын көрсетіп отыр. Өйткені, бұл реформалар заманауи әрі барынша өзекті», - дейді сенатор.

Бағдарламалық мақала ел өңірлерінде жан-жақты талқыланғаны, Ұлт жоспарын жүзеге асыру жолдары бойынша шаралар қолға алынғаны белгілі.

   Сыр өңірінде де «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша жоспарланған ауқымды шаралар іске асырылып жатыр.

 Атап айтқанда, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев пен жергілікті және аумақтық органдардың қатысуымен өткен семинар-кеңесте Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша жоспарланған шаралар барысы қаралды.

Кеңесте сөз алған әкім Ұлт жоспарының стратегиялық маңызын айрықша атап өтті.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары орталықта ғана жүзеге асып, Үкіметтік деңгейде жауаптылық жүктелетін реформа емес. Бұл - бүкіл қазақстандықтардың ісі. Бұл іске бір адамдай жұмылуымыз қажет. Барлық мемлекеттік органдардан, қоғамдық институттар мен азаматтардан іс-қимылдың үйлесімділігі, табандылық, креативтілік және қажырлылық талап етіледі, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Семинар-кеңеске қатысушы салалық ұйымдардың басшылары заңнамаға енгізілетін өзгерістер туралы баяндады. 5 институционалдық реформадан туындайтын Ұлт жоспары мемлекет және қоғам өміріндегі ең маңызды салаларды қамтиды.

Мәселен, мемлекеттік қызметте бірқатар өзгерістер орын алады. Бұрынғы «Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс» кодексінің орнына «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» жасалды. Бұл құжатта мемлекеттік қызметшінің сыртқы келбеті мен моральдік-рухани қасиеттері және жүріп-тұруы мен қоғаммен байланыс нормалары қарастырылған. Мемлекеттік қызметке орналасу, мансаптық өсуі, олардың еңбекақысында да біршама өзгерістер бар. Енгізілген өзгерістердің қатарында әдеп бойынша кеңестер және әдеп жөніндегі уәкіл лауызымы пайда болды. Бұл лауызымға ұжым ішінде беделді, білімді қызметкер тағайындалады.

Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және ресурстарын басқару комитетінің Жерге орналастыру, геодезия және жер қатынастарын дамыту басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді жекешелендіру туралы әңгімеледі. Пайдаланылмай тұрған жер учаскелерін нарықтық айналымға енгізу жауапты жалға алушылардың мүдделерін қорғап, бос тұрған жер телімдерін тиімді пайда көзіне айналдыруға мүмкіндік береді, - дейді ол.

Сонымен қатар, басқарма басшысы мемлекетаралық, республикалық және өңіраралық деңгейде Байқоңыр қаласының жер телімдерін пайдалану туралы мәселе шешімін тапқанын айтты. Облыстың аумағын ұлғайтып, Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру, ондағы жер телімдерін бөлу  жұмыстары да шешілген.

Семинарда басқа да өзгерістер туралы сөз болды. Мәселен, заңбұзушылықтар картасын жасақтау, кедендік және салықтық заңнаманы жеңілдету, өндіріске инвестиция тарту сияқты тақырыптар да назардан тыс қалған жоқ.

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымдарының кандидаты Жексенбай Дүйсебаев та Елбасының  «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы туралы пікір білдіріп, өз ойын ортаға салды.

- Жаңа басталып отырған 2016 жыл жаһандық деңгейде алғанда да, өз еліміз үшінде маңызды кезеңнің басталуы болып отыр.

Бұл мақалада осы кезеңге дейінгі қабылданған бағдарламаларды, осыдан екі жыл бұрын Елбасы жария еткен «Қазақстан - 2050» стратегиялық жоспарын, «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын, 2015 жылғы 30 қарашада Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауын іске асырудың жолдары мен бағыттары кең ұғымда ашып көрсетілген. Атап өтілген осы бағдарламалар мен жоспарлар 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылуы керек. Оған ең бірінші заңнамалық негіз қажет болатыны сөзсіз. Осы орайда, бесінші сессияның алғашқы күнінен бастап Парламент өз үлесін қосты. «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының орындалуы үшін қажетті заңдар қабылданды. Депутаттар жаңа 59 Заңды қабылдау үшін қысқа мерзім ішінде іркіліссіз еңбек етіп, 1 қаңтардан бастап қолданысқа енуіне жағдай жасады.

Алда тұрған мақсат - бес институттық реформаны жүзеге асыру. Бүгінгі таңда кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудың маңыздылығы зор. Бұл басқару жүйесіне де, мамандарды даярлау ісіне де қатысты болып отыр. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға тың әрі өміршең толықтырулар енгізілді. Мемлекеттік қызметкерлер өзінің біліктілігімен, кәсіби және іскерлік шеберлігімен бағалануы тиіс. Өз міндетіне жүктелген жұмысты уақытында әрі тиімді орындап, нәтижесін көрсете білген маман ғана жаңа заманның талаптарына жауап бере алады. Мемлекеттік органдарда енді бәсекеге қабілетті мамандар жұмыс істейтін болады. Сондықтан жаңа Заң арқылы қазір кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға жол ашылып отыр. Бұл еліміз үшін үлкен серпілістің бірі болмақ.

Егерде мемлекеттік қызмет кедергісіз, дұрыс жұмыс жасаса, біздің экономикамыз да, әлеуметтік жағдайымыз да, қоғамның басқа салалары да жақсаратыны сөзсіз. Осы мәселе халықтың ортасында жиі талқыланатын еді, енді оның жаңа жолмен дамитыны анықталып отыр. Президент бұл жөнінде өзінің көзқарасын тағы бір рет нақты баяндап өткенін көреміз.

Келесі мәселе - біздің қоғамдағы заңдылықтың қорғалуы. Біздің мүддеміз тәуелсіз еліміз заңдылықты сақтай отырып, дамуы қажет. Заңдылықты сақтауда сот жүйелері қалай жұмыс істейді? Осы орайда, Елбасы судьяларды іріктеу мен тағайындау үдерістері қоғам үшін мөлдір және ашық болатынын және қандай істер атқарылатынын атап өткенін көруге болады.

Бұрын, мысалы, сот жүйесі бес сатымен іске асырылып келген болса, енді үш буынды жүйесіне өтетін боламыз. Атап айтқанда, оның бірінші - соттың шешімі, екінші - апелляциялық және үшінші - кассациялық инстанциялары қалады. Бұл сот жұмысының ашықтығын көрсетеді, сондай-ақ уақыттың көп кетуіне жол бермейді және халықтың сенімін арттыра түседі.

Сонымен қатар аталған мақалада экономикамызды индустрияландыру, жекешелендіру мәселелері қамтылды. Айталық, қазір индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын бастап кеттік, енді оның нәтижелері бойынша бірқатар шешуші көрсеткіштерге қол жеткізуіміз қажет. Елбасымыз көзделіп отырған жоспарларымыз іске асқан кезде, бизнестің инновациялық белсенділігі еліміздің ІЖӨ-інің 20 пайызына дейін, инновациялық өнімдер үлесі 2,5 пайызға дейін артатынын тілге тиек етті.

Осындай пікірімен бөлісе келе, депутат Ж. Дүйсебаев: «Ал жекешелендіру туралы ой қозғағанда, қазақстандық және шетелдік инвесторларға жекешелендіруге барынша қатысуға жағдай жасау үшін шектеулерді алып тастауға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер қабылданғаны белгілі. Экономиканың өсуін, оның реформалары мен дамуын жүйелі іске асыру жолдарын Елбасы нақты-нақты атап көрсеткен. Мемлекет басшысы өзі ұсынған жоспарлары қалай жүзеге асырылатынын халыққа тағы да бір жан-жақты баяндап берді», - деп ойын түйіндеді.

  Ұлт жоспарын жүзеге асыруға ауыл кәсіпкерлері де ауқымды үлестерін  қосып жатқаны белгілі.

Солардың бірі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында тұратын кәсіпкер, «Символ» ЖШС директоры, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Есқайыр Елемесов.

Оның айтуынша, Елбасымыз Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуына қол жеткізу жаңа қазақстандық арман екенін атап көрсетті. Осы мақсатқа орай 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қолға алынғаны, оны қазіргі ғаламдық дағдарыс кезінде қалай жүзеге асыру керектігі тайға таңба басқандай айтылған. Елімізде Ұлт жоспарын орындау үшін жаңа заңдар қабылданғаны және қабылданатыны белгілі. Мақалада құрылыс саласына да қатысты болатын жаңа нормативтік құжаттар, заңдылықтардағы жаңа өзгерістер жайы сөз болған. Әсіресе, құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісіне көшу, яғни құрылыс материалдарының, жұмыс күшінің, басқа да қызметтердің ағымдағы нарықтық құнын ескеруге жағдай жасалатыны бізді, құрылысшылар қауымын қуантып тастады.

«Құрылғанына биыл 15 жыл толатын «Символ» серіктестігінің құрыш қолды құрылысшылары еліміздің өсіп-өркендеуіне, ауыл-аймақтың гүлденуіне өз үлестерін қосып келеді. Серіктестік елді мекендерге газ құбырларын тарту, әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізу, ауданның инфрақұрылымын дамыту бағытындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын атқарады. Қастерлі Тәуелсіздік күні мерекесіне орай тәуелсіздік жылдары ішінде ұжымымызбен атқарылған еңбегіміз еленіп, компания басшысы ретінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталуым қарапайым еңбек адамына, құрылысшыларымыздың еңбегіне берілген лайықты баға деп білемін. Әріге бармай-ақ, тек өткен жылдың өзінде компания күшімен аудан орталығынан 157 нысанға арналған инфрақұрылым тарту жұмыстары сапалы атқарылды.  Енді бұл жерлерде тұрғын үй, әлеуметтік нысан құрылыстарын алаңсыз жүргізуге болады. Одан басқа Борсы, Ақоба ауылдарында спорттық алаңдар салынып, қараша айында тапсырылды. Жәнібек колледжінің ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 10 тұрғын үй бой көтеріп, мерзімінде пайдалануға берілді.  Қазір «Символ» ЖШС-да 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал құрылыс жұмыстары қызған кезде еңбек биржасы арқылы тағы да 70 шақты адам жұмысқа тартылады. Алдағы уақытта да компаниямыз ауыл-аймақты жасампаз еңбектерімен көркейту жолында еңбек ете беретін болады. Ендігі мақсат - Қазақстанды  жаңғыртудың басты жобасы Ұлт жоспарын іске асыруға өз үлесімізді қосу», - деді Е.Елемесов.

 «Ұлт жоспары - құқықтық мемлекет құрудың негізі, деген пайымдауын білдіреді ҚР Ішкі істер министрі.

  «Елбасы «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласында биылғы жылдан бастап Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамды орындаудың практикалық кезеңі басталғанын жария еткен еді. 2015 жылы бұл бағытта ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асырылып, аталған реформаны заңнамалық қамтамасыз ету шаралары қолға алынған болатын. Осының айғағы ретінде мемлекеттік, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын көптеген заң күшіне енді, деген пікір білдірген «ҚазАқпарат» тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұхамбет Қасымов.

«Біз осы арқылы XXI ғасырдың ортасына қарай көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға тәуекел ете отырып, қазақстандық арманымызға қол жеткізуге нақты әрі сенімді қадамдар жасайтын кезеңнің жетегінде тұрмыз», - дейді полиция генерал-полковнигі.

Министрдің пайымынша, Ұлт жоспары - Қазақстанды кең ауқымды жаңғырту жобасында тұтас мемлекеттің дамуын жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес белгілеу, оның ішінде мемлекеттік кәсібилендіру, шығынсыз экономикаға қадам басу, инновациялық индустрияландыру негізінде елімізді тереңдете жаңғыртудың негізгі бағыттары жүйеленді. Осы қатарда құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге маңызды міндеттер жүктеліп, олардың шешімді жолдары белгіленді.

«Президент тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталуы - екінші реформаның мәні деп көрсеткен болатын. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының, әсіресе полицияның адам мүддесі мен құқықтық тәртіпті нығайту қызметінде тұруына қол жеткізу қажет екендігіне маңыз берілді»,-  деді ол.

Осы ретте Қ.Қасымов жергілікті билік органдары мен жергілікті қоғамдастықтарға есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру жұмыстары қолға алынғанын еске салып өтті. Қазіргі таңда жергілікті полицияға қоғамдық тәртіпті күзету, тұрмыстық қылмыспен күрес, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тағы да басқа міндеттер жүктелуде. Бұл халық пен полиция арасындағы қарым-қатынасты жаңа сатыға көтеріп қана қоймай, өзара сенімді байланысты нығайтуға ерекше ықпалын тигізбек.

«Осы қатарда этикалық нормаларды бұзған полиция қызметкерлеріне қатысты түскен арыз-шағымдарды қарайтын қоғамдық кеңестер мен өзге де консультативтік-кеңестік органдар жүйесін қалыптастыру талабы заңның үстемдігін қамтамасыз етуге кепіл болатын бастаманың бірегейі деп білеміз. Бұл арқылы ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін арттыру тетігі іске қосылмақ», - деді еліміздің бас полицейі.

Сондай-ақ министр ел Президенті пенитенциарлық жүйені жақсарту ісін көкейкесті мәселе етіп қойып отырғандығын атап өтті. Бұл мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту шеңберінде жүзеге асатын шаралар кешенін құрамақ. Осы мақсатта Ішкі істер министрлігі шет елдердің табысты тәжірибелерін зерделеп, бірқатар нақты шараларға мұрындық болуда. Жазасын өтеген адамдарға көмек көрсету мен ықпал етудің маңызын негізге ала отырып, әлеуметтік оңалту кешенін жүзеге асыру да көзделген.

«Жалпы алғанда, Елбасының тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету жоспары құқықтық мемлекет ұстанымдары мен құндылықтарын берік орнатудан туындайды. Бұл бастамалар өз кезегінде азаматтардың құқық қорғау жүйесіне сенімін арттыруға айрықша ықпал етеріне сенім мол»,-  деп түйіндеді сөзін Қ.Қасымов.

  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Динар Нөкетаеваның да  бұл Ұлт жоспарына байланысты өзіндік айтары бар. 

 «Әрбір саланы елеп-екшеп, артық-ерекшелігін, кем-кетігін назарында ұстап, әрдайым соны ұсыныстар мен тың идеяларды ортаға салып, халықтың жұмыла жұмыс істеуіне негіз болып отырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында күрделі кезеңдегі күре жолды тағы бір мәрте айқындап берді. Қоғамдық-саяси мәні зор мақаладағы «Біз өз жеріміз бен оның байлығының ұқыпты иесі болуға үйренудеміз, жаңа технологияларды меңгеріп, тарихымызда ешқашан болып көрмеген өндірістік қуаттар мен экономиканың тұтас салаларын іске қосудамыз. Және ең бастысы - біз жаңаша армандауды, Тәуелсіз Қазақстанымыз бір бөлшегі болып отырған жаһандық әлемдегі қиындықтарға қарамастан, ел мен қоғамды дамытуда нақты міндеттер қоюды және оларды шешуді үйрендік» деген жолдар еліміздің ғасырға бергісіз өткен тарихынан хабар береді», деді Ұлт көшбасшысының бұл мақаласына орай ҚазАқпарат тілшісімен сұхбаттасқан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Динар Нөкетаева.

Оның пайымынша, толғақты мәселелерді кеңінен қамтыған мақала әлемнің дамыған 50 елінің арасынан ойып тұрып орын алған қалыптасқан Қазақстан үшін атқарылған шаруалар туралы тоқталып, оның жемісті жетістіктерінен сыр шертеді. Ұлт Көшбасшысының бағдарламалық саяси құжатқа бергісіз мақаласын зер салып, зейін қойып оқыған әрбір жан осы күнге дейін ауқымды жұмыстарды атқарылғанына, яғни Ұлт жоспарына сәйкес көптеген заңдар қабылданып, мемлекеттік қызмет, сот, жергілікті басқару істері дамытылғанына, көлеңкелі экономиканы жою үшін жасалған іс-шараларға толығымен көз жеткізеді.

«Сонымен қатар, «ХХІ ғасырдың ортасына қарай біз Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуына қол жеткізуді жоспарлап отырмыз» деген жолдар арқылы қазақстандық арманның орындалу жолындағы айқын бағдарды, мақсатты істерді алға қойып, әр саладағы күрделіліктерді шешу мен атқарылатын нақты қадамдарды көрсетіп береді. Біз бұл қоғамдық-саяси мақаладан шындығында 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңінің басталғанын сезіне аламыз»,-  деді университет басшысы.

Ректордың атап өтуінше, саяси жарияланым Президенттің бұған дейінгі Қазақстан халқына арнаған Бес халықтық реформасымен, «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарымен, «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты  Жолдауымен астасып жатқан үлкен бағдарламалық құжат деуге толық негіз бар. Өйткені, Елбасының локомотив идеясы - Жаңа қазақстандық арман: Ұлы Дала Елінде ұлттың өрлеу дәуірін қалыптастырып, Мәңгілік Елге айналу екенін бәріміз түсінеміз. Ол үшін мақала авторы көрсеткен - азаматтардың құқықтары қорғалған, тәртібі мен заңы мықты кәсіби басқару аппараты құрылған, бекіген мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бар, біртектілікпен бірлігі бекем, мән-маңызы өркендеген кең ауқымды жаңғырған бағыты айқын, әлемнің дамыған 30 елінің ортасында іргесі мығым мемлекет болу үшін көптеген тың бастамаларды жүзеге асыруымыз керек. Ұлт Көшбасшысы оның тетіктерін де көрсетіп беріп отыр. Бұл мақалада шынайы әрі ұғынықты тілмен айқын жазылған.

«Жұрт келгендей жиын болсын, жұмылған қолдай ұйым болсын» деген халық даналығында. Қоғамның дамуы үшін әрі біртұтастығының артуына тікелей әсер ететін Елбасының бас мақаласы мемлекеттік қызметтен бастап мектепке дейінгі білім беру мәселелерін толық қамтыған. Әрбір саланың мамандарын ойлантатын, ілгерілететін, даму көшіне ілестіретін маңызды міндеттерді жүйелі түрде жеткізген. Мемлекет басшысы қалың бұқараға біртұтас азаматтық, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеологиясы қағидатында, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы арқылы үш тұғырлы тіл саясаты негізінде бірлігі берік, ынтымағы жарасқан елді нығайту әрі дамытуды көздейтіндігін жеткізіп, барша жұртты осы көзделген мақсатты орындауда бірлесе жұмыс істеуге шақырады. «Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын реформалау адам әлеуетінің сапасын арттыруға жағдай жасайды. Білім беру саласында мектепке дейін және мектепте білім берудің жаңа үйлестірілген стандарттарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде» деп ерекше атап көрсетілген білім саласы, бала тәрбиесі күн тәртібінен түспейтін мәселе екені белгілі», - деді ол.

Осы ретте Д. Нөкетаева еліміздегі балабақшалар жұмысы, мектепке дейінгі білім беру орталықтары сапалы маманмен қамтамасыз етілуі керектігін баса айтты. Ол үшін педагогикалық бағытта маман даярлайтын жоғары оқу орындары кадр сапасына мән бергені жөн. Үш тұғырлы тіл саясаты негізінде балаларға қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйретуде қабілетті, баланың жанын түсініп, дарынын тани білетін нағыз педагогтар жұмыс істесе кемел келешек үшін үлкен үлес қосқан боламыз. «Себебі, ұрпақ тәрбиесі - бүгін берілгенімен, нәтижесі болашақта ғана көрінетін ауқымды жұмыс. Келешегіміздің кемелдігіне бүгіннен алаңдаушылық жасап отырған Елбасыға қолдау білдіріп, болашақтағы жемісіміз нәрлі болу үшін аянбай еңбек етіп, бірлесе атсалысқанымыз абзал демекпін»,-  деді университет ректоры.

«Қазақстан қоғамын жасыратыны жоқ, ұлттық идеология қатты толғандырып жүрген болатын, - деп жалғады сөзін Д.Нөкетаева. - Қазір мемлекетіміздің ұлттық идеологиясы бар, ұлттық идея үлкен ізденістер мен тәжірибелік нәтижелердің ішінде дүниеге келді. Ол - Ұлы Дала Елінде қалыптасқан Қазақстаннан Мәңгілік Елге айналу. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік Ел идеясында болашаққа деген жалпыхалықтық сенім айнадағыдай көрініс тапқан. Жасампаз қазақстандық патриотизмнің осынау негізін біз өзіміздің ұлы істерімізбен қалыптастырдық. Оны нығайтып және көбейтіп қана қоймай, сонымен бірге, ұрпақтан ұрпаққа, дәуірден дәуірге ұластырып отыру керек», - дегенінде, біз барша қазақстандықтар осы мұратта топтасып, осы мақсатта жұмыла еңбек етуіміз керек. Оған денсаулығы мықты, бірлігі тұтас, білімі сапалы, ғылымы жаңашыл дамыған әрі парасатты ұрпақпен ғана жете аламыз. Әрбір азамат өзі таңдаған саланың шынайы шебері болуы үшін адал қызмет атқарғанда ғана, өз ұрпағын «Бір ғана Отан - Қазақстан, өз еліміздің гүлденуі үшін өмір сүреміз!» деген қағидатпен тәрбиелесе ғана біз көп боламыз және үлкен жетістікке жетеміз, арманымызға құрық саламыз».

Ректордың пайымынша, биылғы 2016 жыл - Қазақстан халқы үшін маңыз беріп, мазмұнын айқындайтын ең мәртебелі де тарихи жыл. Ғұмырлы ел болайық деген асқақ рухта тәуелсіздіктің тұғырын қағып, негізін қалағанымызға, дүниежүзіндегі дербес мемлекеттердің қатарына енгенімізге 25 жыл толады! Әрине, АҚШ, Испания, Швеция секілді әлемнің алпауыт мемлекеттерінің тарихымен салыстырғанда аз ғана уақыт екендігін баршамыз білеміз. Алайда, осы 25 жылдың ішінде жаңа тарих беттері қатталып, онда Қазақстанның жаңа замандық келбеті қалыптасып, маңыз беріп атқарған қыруар жұмыстарының жемісі айқын көрініс тапты.

«Осындайда ой туады, неге Елбасы «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын жылдың басында жариялап отыр? Өйткені, Қазақстан үшін 2016 жыл дағдарысты еңсеріп, егемендіктің ширек ғасырын жаңа дамумен, тың серпінмен түйіндеудің межесі болу керек. Сондай-ақ, біз «Қазақстан - 2050» Стратегиясының ең маңызды бөлігіне қарай өтпекпіз. Ендігі мақсат - осы даму тетігін жоғалтпай, басты нысанаға ілгерілеуді, кемелдікке жетуді ғана алып, сол жолда аянбай еңбек ету әрбір қазақстандықтың парызы. Ұлт Көшбасшысы дәл осы мерейлі жылдың басында ауқымды жұмыстардың легін көзбен көріп, қолмен ұстатқандай етіп түсіндіріп беруінен жаһандық дағдарыста жұмыс істеудің жоспарынан тек нақты іске көшуді көздейтіндігін анық аңғарамыз. Осы уақытқа дейін институционалдық реформаны жүзеге асырудың әр қадамы қадау-қадау айтылған болса, ендігі кезекте әрбір қадамнан нәтиже шығарудың ашық та айқын жолы тізбектеліп, Үкімет мүшелерінен бастап, барлық салаға жеңілдік туып отыр. Тек «Қол жұмылмай жылынбайды» дегендей, бірлесе қимылға көшуіміз қажет. Сонда ғана оң нәтиже шығары сөзсіз», - деп түйіндеді сөзін Д.Нөкетаева.

  Әйгілі ағылшын премьер-министрі Уинстон Черчиль бір сөзінде: «Қоғам қысымға ұшырағанда қарапайым халық біріксе жаңа жетістіктерге қол жеткізудің мүмкіндігі мол» деген екен. Шындығында, қазір қоғамды біріктіретін жағдай туып келеді. Ал ондай бірігудің басты бағытын жақында ғана «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласында Елбасы жариялаған болатын.

Ұлт жоспарының өзегі негізінен былтырғы кезектен тыс президенттік сайлауда тұғыр ретінде қаланғаны белгілі. Одан кейінгі кезеңде Президент Үкімет пен Парламент алдына тапсырмалар жүктеп, «100 нақты қадам» бойынша заңнамалық тетіктер қамтылды. 59 заң қабылданып, оның барлығы жаңа жылдан күшіне еніп отыр. Ал Елбасының бағдарламалы мақаласында ғасыр ортасына қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу арманының нақты тетіктері қамтылды. Бұдан бөлек, бас мақалада  елді жаңа жетістікке, жаңа биіктерге жетелейтін жүйелі шараларға жол сілтенеді. Мақала жарық көрісімен қазақстандық қоғам арасында қызу талқылау да басталды. Сөз ұстаған шешендерден бастап, сарапшылар, саясаткерлер, зиялылар үн қатысуда, ұлтты ұйыстыратын жоспарға қатысты Елбасы мақаласының ерекшеліктеріне мән беріп, талқылап, пікірлерін білдіруде.

Мәселен, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этносаралық қарым-қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі төрағасының орынбасары Айгүл Сәдуақасова бес институттық реформаның бірі - ұлттық бірегейлікті қалыптастыру бағытындағы жоспардың маңызын атап өтеді. «Биыл еліміз тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына аяқ басты. Өткен жылдар ішінде жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекендеген кең-байтақ Қазақстан өзінің ғасырлар бойы жинақтап келе жатқан құндылықтарын басымдық деңгейге шығарды. Өтпелі кезеңді бастан кеше отырып, экономикасы нығайған мемлекетті нық аяқтан тұрғыздық. Қазіргі таңда әлемде көптеген қауіп-қатер, соның ішінде экономикалық дағдарыстар мен әскери қақтығыстар орын алып отыр. Осы тұрғыдан алғанда Елбасы ең басты құндылық ретінде елдің бірлігін биікке көтеру шын мәнінде өзекті. Ұлттың татулығы, бірегейлік пен бірлік реформалардың сәттілігіне кепіл бола алады», - дейді Айгүл Сәдуақасова.

Оның айтуынша, ұлттық бірлікті бекемдеу үшін екі негізгі тетік қалыптасқан. Бұлар - біріншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясы институты болса, екіншісі - Мәңгілік Ел идеясы.

«Елбасы «Мәңгілік Ел» идеясын алғаш рет 2012 жылы көтерген болатын. Ал кешегі мақалада «Мәңгілік Ел» ұрпағын қазірден бастап тәрбиелеу үшін қандай жоспарларды жүзеге асыру керектігі нақты көрсетілді. Әсіресе, үштілдік білім жүйесіне ауысу жайы да назардан тыс қалмаған. Жалпы, елдегі тұтастықты және бірлікті нығайту - басты мақсат. Елбасының тапсырмасына сәйкес, бірегейлік азаматтық негізінде қалыптасуы және нығаюы», - деді Айгүл Садуақасова.

Ал «Қазақстан азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов бас мақала өзін қатты ойға қалдырғанын, Елбасы мақаласы әрбір адамды өз тағдырына жауапкершілікпен қарау керектігіне үндейтінін алға тартады. «Маған Президенттің ел бірлігіне қатысты айтқан тұшымды ойлары, ұсыныстары ұнады. Елбасының, әсіресе, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы рөліне қатысты айтқандарының жөні бөлек. Шындығында, этносаралық қарым-қатынас - аса маңызды әрі өте нәзік дүние. Қазіргі таңда көптеген елдер этносаралық жанжалдардан зардап шегуде. Қазақстанда бұл мәселе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында оңтайлы шешімін тауып, нәтижесінде ынтымағы жарасқан ел болып отырмыз», - деді Нұрлан Ерімбетов.

Ал Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Алуа Жолдыбалина Ұлт Жоспары -нәтижесі жағынан еліміздің дамуына ұзақ мерзімді, кешенді, жүйелі, кең көлемде ықпал ететін стратегиялық құжат екенін алға тартады.

«Тарихтан белгілі, өткен ғасырдың әйгілі лидерлері өз елінің дамуы үшін белгілі бір стратегиялық міндеттерді шешуге ұмтылды. Шындығында, әлемдік лидерлер өз мемлекетінің күрделі кезеңінде халық мүддесі үшін стратегиялық дамудың жаңғырту жобаларын дүниеге келтірген болатын. Елбасының «Ұлт жоспары - бес институттық реформасы» да тура сол тәрізді. Мәселен, Сунь Ятсен «азаматтық ұлтшылдық, халық билігі, халықтың әл-ауқаты» атты бағытта 3 қағидатты қалыптастырса, Дэн Сяопин «Дамудың 3 қадамдық стратегиясын» ұсынды. Мұстафа Ататүріктің «Республикашылдық, ұлтшылдық, халықтық, секуляризм, этатизм, реформизм» секілді «6 жебесі» жүзеге асты, Сингапур лидері Ли Куан Юдің мынадай 7 қағидаты айқындалды: «Адал және тиімді үкімет», «Заң үстемдігі», «Бизнестің дамуына жағдай», «Макроэкономикалық саясат», «Тәуелсіз білікті сот», «Төмен деңгейдегі сыбайлас-жемқорлық», «Мемлекеттік институттар мен жергілікті билік реформасы». Осындай жобалардың барлығы да белгілі бір елдердің дамуына даңғыл жол салды», - дейді Алуа Жолдыбалина.

Оның сөзіне қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындаған «Ұлт жоспары» шетелдік БАҚ-та да кеңінен талқыға ие болып, халықаралық сарапшылар қауымдастығы да зор қызығушылық таныта бастаған.

Мәселен, ресейлік баспасөз беттеріндегі мақалаларда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына қатысты «Экономикалық ғажайыпқа әкелетін 100 қадам», «Сәттілікке әкелетін 100 қадам», «Еуразияны өзгертетін 100 қадам», «Жаңартудың 100 қадамы», «Жаңартудың кең көлемді жобасы» деген атаулар көбірек айтыла бастаған.

Ендеше, сондай пікірлердің бірқатарына тоқтала кетсек. Ресейдің стратегиялық зерттеулер институтының Орталық Азия бойынша жетекшісі Дмитрий Александров «100 нақты қадам» бағдарламасы Қазақстанды гүлденген мемлекеттер қатарына қосуға бағытталған, ертеректе қабылданған әрі жүзеге асып жатқан құжаттардың үйлесімді жалғасы екенін алға тартады. Ал Орталық Азия жөніндегі неміс сарапшысы Беате Эшмент құжатта көрсетілген транспорттық жобаларға жоғары баға беріп, ұзақ мерзімді кезеңде Қазақстан үшін бұл өте маңызды қадам екенін айтады. Сингапур ұлттық университетінің бұқаралық саясат мектебінің деканы Кишора Махбубани Қазақстан осы бағдарламаны жүзеге асыру арқылы Орталық Азиядағы жаңа логистикалық хабқа айналатынын айтады. Оның айтуынша,  елдегі саяси тұрақтылық - мемлекеттің ең үлкен артықшылығы.

Ал Израильдің Шығыс Еуропа және ТМД елдері институтының директоры Александр Цинкер де Ұлт жоспарының ең негізгі өзегі ретінде  «Біртектілік пен бірлік» бөлімін айтады. «Құжаттың ең маңызды әрі негізгі бөлімі - «Біртектілік пен бірлік». Осы бөлімде көрсетілген қадамдарды жүзеге асыру арқылы Ұлт жоспарындағы қалған 4 реформаға арналған қадамдардың талаптарын орындауға болады. Сондықтан да, осы бөлім бірінші кезекте маңызды. Бұл бағдарлама Қазақстанға тың серпін беріп, дамыған мемлекеттердің қатарына енуге мүмкіндік жасайды», - дейді Цинкер. 

  Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» Қазақстан халқына арнаған мақаласынан білім беру саласын соны жаңалықтар күтіп тұрғандығы байқалады. Мақалада Елбасы өміріміздің барлық салаларын саралап, онда жүзеге асырылатын жаңа бастамалар мен алға қойған мақсаттар жайлы толғады. ҚазАқпарат тілшісіне пікір білдірген Астана қалалық білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиеваның да ойы осымен үндесіп жатыр.

«Мемлекет басшысының айтуынша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Осы кезең аясында түрлі сындарлы шаралар жүзеге аспақ. Өз мақаласында Елбасымыз еліміздегі білім мәселесін де назардан тыс қалдырмады. «Әлеуметтік жаңғырту ынталандырушылары» тақырыпшасында Мемлекет басшысы төмендегідей ой айтты: «Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын реформалау адам әлеуетінің сапасын арттыруға жағдай жасайды. Білім беру саласында мектепке дейін және мектепте білім берудің жаңа үйлестірілген стандарттарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Білім беру үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін болады». Бұл мәселе Елбасының 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында да көрініс тапқан еді», - деді ол.

Осы сөзіне дәлел ретінде Э.Суханбердиева 2017 жылдан бастап «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» жаңа жобасының жүзеге асырыла бастайтындығын баса атап өтті.

«Елбасымыз атап өткендей: «оған қатысу, әсіресе, жас қазақстандықтарға олардың өмірлерінде кәдеге асатын арқаулық еңбек дағдыларын алуға жағдай жасайды». Бұл дегеніміз, бірінші мамандықты игерем деушілерді тегін оқыту. Мемлекет бұл үшін қаржы бөледі. Оның қайтарымы болатыны да сөзсіз. Бұл дегеніміз не? Бұл осыдан бастап, мектеп бітірген және жоғары оқу орындарына түсе алмаған түлектер еліміздегі жұмыссыздар санын арттыра бермей, тегін түрде бір жұмысшы мамандығын алып, өзіне нәпақа тауып, еліміздің экономикасы мен әлеуметтік хал-ахуалын дамытуға өз үлесін қосады деген сөз»,-  деді басқарма басшысы.

Оның пайымынша, қазіргі таңда әлемде етек жайған қаржы дағдарысының басты қатері - жұмыссыздықтың белең алуы. Осы ретте көз алдымызда жүзеге асырылып жатқан барлық бағдарламалар студенттердің өндіріс орындарында толыққанды білімін жетілдіріп, тәжірибе-дағды жинақтауын және оқу орнын бітіріп шыққан түлектерді нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Ал бұл орайда алға қойылған мақсаттар ғана жүйелі жетістіктерге жеткізетіндігі анық.

Білім саласындағы тағы бір жаңашылдық - дуальды оқыту жүйесіне атсалысу. Бұл - дайындықтың теориялық бөлігі білім беру ұйымдарының базасында, ал практикалық бөлігі жұмыс орындарында өтетін оқу түрі. Қазіргі кезде 34 кәсіпорын 10 оқу орнында кадрларды даярлауда дуальді оқыту элементтерін қолдануда. Сондай-ақ, биыл оқытудың бұл әдісі 9 колледжде 9 мамандық бойынша енгізілмек. Негізінен, білім беру, медицина, құрылыс және теміржол салаларын қамтиды.

«Бүгінгі таңда Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі - еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын бәсекелестікке қабілетті кәсіби мамандар даярлау. Осыған орай, Қазақстан Республикасының әлемге танылуына үлес қосатын білімді және жоғары білікті жұмысшыларды тәрбиелеу - әрбір астаналық колледждің алға қойған мақсаты болуы керек», - деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, дуалды оқыту жүйесінің  негізгі мақсаты  техникалық-кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге даяр жұмысшы мамандар даярлау екені белгілі. Қазіргі кезде Астананың еңбек нарығында жоғары білікті жұмысшы мамандарының тапшылығы  пайда болды. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі - білім беру процесін ұйымдастыру ісіндегі кемшіліктер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлар мен теориялық білім беру арасындағы алшақтықтың орын алуы. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі өндірісті білікті жұмысшылармен қамтамасыз ету - бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды.

«Еңбек нарығы шарттарының өзгеруін ескере отырып, білікті мамандар даярлау жүйесін құрудағы әлеуметтік серіктестіктердің құрылымын белсенді пайдалану қажет. Кәсіптік білім беру саласында әлеуметтік серіктестіктің байланысы арқылы білім алушылардың таңдаған мамандық туралы түсініктері қалыптасады, оқу процесінде алған теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдетеді, өндірістік жағдайда шешім қабылдау  іскерлігі қалыптасады. Бұл - әрине, өтпелі нәтиже. Дегенмен ол Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасына, Кәсіпкерлер палатасына, колледждерге және әлеуметтік серіктестер - кәсіпкерлерге үлкен жауапкершілік жүктейді», - деп түйіндеді сөзін Э.Суханбердиева.  

  Енді бір сәт өңірден түскен пайымдауларға назар аудараралық. Солардың бірі - БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайыновтың пікірі.

 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында ең басты құндылық елдің бірлігі мен татулығы екендігін ескертіп, бес реформалардың ішінде бірегейлік және бірлік деген бағытты атап өтті. Осы орайда қоғамның дамуына мәдениет саласының да ықпалы мол екендігін айтқан жөн»,-дейді БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов.

Оның айтуынша, Елбасы тапсырмасына сәйкес, Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталғаны белгілі. Соның ішінде бес институттық реформаның ең негізгісі - ұлт бірлігін нығайтудың маңызы зор.

Қазақстан биыл өз тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына аяқ басты. Осы жылдар ішінде жүзден астам ұлт-ұлыстар мекендеген кең байтақ Қазақстан өтпелі кезеңді басынан кеше отырып, экономикасы нығайған мемлекетке айналды. Бірегейлік пен бірлік бағытын қалыптастыру үшін екі негізгі тетік қалыптасқан. Олар - Қазақстан халқы Ассамблеясы институты мен жалпыұлттық «Мәңгілік ел» идеясы. Елдің құндылықта¬рын дәріптеп, болашақта «Мәңгілік ел» ұрпағын қазірден бастап тәрбиелеу үшін қандай жоспарларды жүзеге асыруымыз керегін де нақты көрсетті.

Мемлекет басшысы атап көрсеткеніндей: «Біз ұлт жоспарын орындай отырып, өзіміздің ұлттың өрлеу дәуірінің көкжиектерін кеңейтеміз, өзіміз Тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген және бізге жаһандық даму берген барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз».
Президент өз мақаласында «Мәңгілік ел» патриоттық актісі туралы айтқанда, алдымен біздің құндылықтарымызды назарға алған болатын. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде айтулы жетістіктерге қол жеткіздік. Осыны баянды ете отырып, біз, мәдениет саласының өкілдері де ел өркендеуі үшін аянбай тер төгуге, заман ағымынан қалыспай, үлкен ізденістермен айналысуға міндеттіміз.

Елбасы мақаласы - халыққа арналған Жолдаудың жалғасы ретінде тағы да еліміздің ертеңін, даму жоспарын анықтап берген маңызды саяси құжат. Болашақта әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуді жоспарлаған еліміз үшін маңызды жолсілтегіш, бағдарламалық бастама - бес институттық реформаны, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру екені белгілі. Ал бұл жоспар еліміздегі барлық жаңғыртуларға, жаңаруларға серпін бермек.

«Мемлекет басшысы қазақстандықтарды оны жүзеге асыруға және реформаларды жүргізуге барынша белсенді қатысуға, мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды. Мәдениеттің барлық саласы, шығармашылық қауымдастық мұны Ұлт көшбасшысы ұсынған отандық мәдениет пен өнердің жаңа шыңына көтерілуге зор мүмкіндік деп есептейді», деп қорытады ойын Д.Құсайынов.

 «Ұлт жоспарында жалқының емес, жалпының арманына қол жеткізудің жолдары нақты көрсетілген», дейді Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді орындауға әр қазақстандық атсалысуы тиіс.

Президент атап көрсеткендей, біз 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруды бастайтын ең күрделі кезеңге келдік. Бүгінге дейін ауқымды дайындық жұмыстары атқарылып, тиісті құжаттар қабылданды. Енді, нақты әрекетке көшіп, реформаларды дер кезінде және тиімді атқару қажет», - дейді ол.

Ұлттық музей директорының атап өтуінше, Мемлекет басшысы ерекше екпін түсірген ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қазақстандықтар үшін тарихи жыл болмақ. Себебі біз биылдан бастап жаңа қазақстандық арманымыз - ХХІ ғасырдағы көшбасшы 30 ұлттың бірі болу жолындағы жасампаз жобаларымызды кезең-кезеңімен жүзеге асыра бастаймыз. Біз үшін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мемлекетті, экономиканы және қоғамды жаңа сапаға көтерудің құтты қадамы болмақ.

«Тәуелсіздігіміздің мүшелін жүз жылдан қайыруды жаратқаннан тілеу аз, еңбек ету арқылы қамтамасыз ету әрбір жаранның абыройлы міндеті», - дейді Д.Мыңбай.

Оның айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бағдарламалық мақаласында Ұлт жоспарын орындау бағытындағы практикалық жұмыстар жаңа мүмкіндіктер мен әлемдік дамудағы ықтимал тәуекелдерді есепке ала отырып, өзгермелі жаһандық жағдайларға сәйкес түзіліп жатқанын атап көрсетті және аталған құжат қазақстандықтардың экономикалық және азаматтық белсенділігін арттырудың қозғаушы күші болатынын баяндады. Президенттің: «Біздің Қазақстанымыз серпіндірек, лайықтырақ, сенімдірек және дәулеттірек болады», - деген сөзі қазақстандықтарға келер күнге сенім  сыйлаумен қатар, жауапкершілік жүктеді. Қазір ел азаматтарының барлығы «100 нақты қадам» ұлт жоспары жалпыұлттық сипатқа ие болғанда ғана болашақтың баянды болатынын біліп отыр.

«Елбасы өзінің мақаласында ұлт бірлігі табысты реформаның кепілі екенін нақтылап, топтасқан халық қана дамудың таңғажайып шыңдарына жете алатынын айтты. «Қазіргі заманғы әлемде барлық дамыған мемлекеттер - біртұтас ұлттар. Олар бірыңғай экономикалық, саяси және мәдени рет-тәртіппен өмір сүреді, оларды дамудың ортақ мақсаттары, жеке адамның табысы мемлекеттің қуатымен және табыстылығымен ажырағысыз байланысты екендігіне деген бірегей түсінік біріктіреді. Бүгінде әлемнің барлық дамыған елдері өздерінің жаңғыртушы жобаларын бұрыннан қалыптасқан біртектілік негізінде жүзеге асырады. Қазақстанға келер болсақ, біз де осы жолға түстік.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, біртектілік пен біртұтастық саласында әмбебап стандарттар мен ұсынымдамалар жоқ. Әлемде бірде-бір ел осы саладағы сын-қатерлерге дайын рецепттерге, модельдер мен жауаптарға ие емес», - деді Президент. Бұл - біртектілік пен біртұтастық береке мен бірлікке бастайды деген сөз», - деді Ұлттық музей басшысы.

Ол өз сөзінде Президент атап көрсеткендей, бізде қазақстандықтардың азаматтық біртектілігі мен біртұтастығына қазірдің өзінде екі негіз бар екендігін, оның бірі -  Қазақстан халқы Ассамблеясы, екіншісі - «Мәңгілік Ел»  жалпыұлттық идеясы екендігін баса айтты. Бұларды дамыту арқылы біз Болашағы Біртұтас Ұлттың іргесін нығайтатындығымызды атап өтті.

«Осы орайда алдағы уақытта қабылданатын «Мәңгілік  Ел» патриоттық актісін атап өткім келеді. Себебі бұл құжат халық бірлігін, толеранттылық пен сенімді одан әрі нығайту жөніндегі қызметтің негізгі бағыттарын бекітеді. Яғни, елдің берекесі мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы бұрынғысынша қадірленіп, бұрынғысынша қастерлене береді. Ұлт жоспарында елдік мақсат пен елдік мұрат барлығынан биік қойылған. Мұнда жалқының емес, жалпының арманына қол жеткізудің жолдары нақты көрсетілген. Бұл да - қазақстандық жол. Жол мұраты - белестерден өту, бақуатты өмірге жету», - деп түйіндеді сөзін Д. Мыңбай.

 Білім саласының өкілдері де «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақалаға орай өз пікірлерін ортаға салуда. Солардың бірі  - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің педагогика және білім менеджменті кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Гүлсан Мамырбекова.

Оның айтуынша, мақалада елдің жаңа деңгейге көтерілу жолдары айқын көрсетілген.

«Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру төртінші реформаның негізі болып отыр. Бізде болашағы біртұтас ұлт қалыптастырудің екі негізі бар. Бірі - Қазақстан халқы Ассамблеясы. Оның басты мақсаты - елімізде ұлтаралық татулық пен келісімді барынша нығайту. Екінші біз ең бастысы «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясына ие болып отырмыз. Бұл идея елді біріктіруші күшке ие. Шынында да туған жер, отанды қорғау, ел ұғымдары қазақстандықтар үшін ұлы құндылықтар», - деді Г. Мамырбекова.

Ол сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанды дамытуда жастардың үлкен рөл атқаратындықтарын жеткізді.  

«Қазақстан тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде қазақстандықтардың мүлдем жаңа ұрпағы өсіп жетілді. Олардың дүниетанымы әрине аға ұрпақтың дүниетанымынан ерекше. Бүгінгі жастар өз пікірлерін батыл айтады және белсенділігі жоғары. Олар «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыра отырып, елді ең дамыған 30 елдің қатарына енгізу ісіне қызу атсалысады деген сенімдемін. Өйткені, Елбасының арманы - бүкіл халықтың арманы», - деді ғалым.

  Шетелдегі  қандастарымыз да ел өміріндегі айтулы оқиғаға байланысты  өз үндерін, талап-тілектерін жолдауда.

«5 млн. қазақ білімі мен тәжірибесін Отанының игілігіне жаратуға дайын», дейді Түркиядағы кәсіпкер қазақ Ертолқын Гайретуллах.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы шетелде жүрген қандастарымыздың да қызығушылығын туғызып жатыр.

Қазақстан үшін маңызды саяси-экономикалық үдерістер туралы ойын шетелде жүрген қандастарымыз да білдіруде.

Түркиядағы кәсіпкер қазақ Ертолқын Гайретуллах жырақта жүрсе де әрдайым Қазақстан жаңалықтарына құлақ түріп, көз салып отыратынын жеткізді.

«Ғасырлар тоғысындағы ширек ғасырға жуық уақыттың ішінде дамудың сара жолына түсіп, озық 50 елдің арасында төбе көрсетіп үлгерген Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны мен беделін жақындағы көршілері ғана емес, алыстағы өзге елдер де түгел мойындап үлгерді. Бұл, әрине, тағдыр талқысымен әлемнің түкпір-түкпірінде тарыдай шашылған шетелдегі 5 миллион қазақ үшін де зор қуаныш. Біз жырақта жүрсек те әрдайым Қазақстан жаңалықтарына құлақ түріп, көз салып отырамыз», - деді ол.

Кәсіпкердің айтуынша, Әлемнің өзге елдері жаһандық қаржы дағдарысынан ес жия алмай, әрі-сәрі күй кешіп отырғанда «Нұрлы жол» Стратегиялық бағдарламасын қабылдап, оны жүзеге асырудың түрлі тетіктерін жасап, жаңа өзгеріске бел буа кіріскен Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты бүгінде барлық жұртты өзіне тәнті етіп отыр.

Ертолқын Қазақстан үкіметінің сыртта жүрген өзге қазақтардың да Ұлт жоспарын орындауға атсалысу мүмкіндіктерін қарастырса деген ойын білдірді.

«Біздің бәріміз жаңғыртудың тек қуатты мемлекет пен Ұлттық топтасқандығы жағдайында ғана табысты болатынын естен шығармауға тиіспіз. ... Мен қазақстандықтарды Ұлт жоспарын жүзеге асыруға және реформаларды жүргізуге барынша белсенді қатысуға, олар ашатын мүмкіндіктерді пайдаланға шақырамын», деген ҚР Президентінің сөзіне мен толық қосыламын. Сонымен бірге Қазақстан үкіметінің сыртта жүрген мен сияқты өзге қазақтардың да Ұлт жоспарын орындауға атсалысу мүмкіндіктерін қарастырса деген ізгі ниетімді білдіре кеткім келеді. Өйткені қызметі, кәсібі мен оқуына байланысты Қазақстанға түпкілікті қоныс аударуды жақын арада жоспарлап отырмаған қандастар шетелде өте көп. Алайда олар өзінің білімі мен тәжірибесін Отанының игілігіне жаратуға дайын», - деді ол.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерсұлтан Бектұрғановтың айтуынша, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуға қыруар еңбектің арқасында қол жеткіздік.

 Ерсұлтан Бектұрғанов Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы туралы өз ойын алға тартты, ол осы елдің даму жолдары көрсетілген құжаттан қандай ой түйгенін, алдағы уақытта қазіргі заманның талабына лайықты жауап беретін қандай істер күтіп тұрғанын айтып берді.

- Жаңа жылдың басында, ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық кезеңіне аяқ басқан тұста, Мемлекет басшысының алда тұрған міндеттерді айқындап берген мақаласы өте дер шағында, орынды, халыққа ой салатын, елді алға қарай жетелейтін құжат деп айтсақ, қателеспейміз.

Өткен жылы Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жария етті, соған орай қысқа мерзім ішінде 59 Заң қабылданды. Бұл жерде Үкімет пен Парламенттің өзара бірлесіп атқарған қызметіне Елбасы өз бағасын берді. Ол да депутаттардың жұмысына серпін берді деп ойлаймын. Ал енді биыл 1 қаңтардан бастап бес институттық реформаға байланысты 100 нақты қадамды орындауға кірісіп кеттік.

Елбасының аталған мақаласы «100 нақты қадамның» қалай іске асырылатынын көрсететін құжат деп ойлаймын.

Басты құндылығы әр кезеңде, әр дәуірде елдің, халықтың алдына қойған арманы мен мақсаты болады. Мысалы, 25 жыл бұрын тәуелсіздік алу біздің арманымыз еді. Сол арманымызға 1991 жылы 16 желтоқсанда қол жеткіздік. Тәуелсіздік дегеніміз айтуға оңай, жеңіл сөз сияқты. Бірақ ол өте маңызды, халықтың, елдің тағдырын шешетін айрықша мәртебе! Ол мемлекет үшін Күн мен Айдай, ауа мен судай қажет құрылым. Өйткені дүние жүзінде, әртүрлі санақтар бойынша, 5 мың, 7 мың тілде сөйлейтін халықтар бар деп айтылады. Алайда, соның бәрі өзінің тәуелсіздігін алып, мемлекет болып отырған жоқ. Жалпы, Біріккен Ұлттар Ұйымының тізімі бойынша 194 ел тәуелсіз мемлекет болып есептеледі. Біз ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсаған арманға жетіп отырмыз. Тәуелсіздікті орнаттық, оның темірқазығын терең етіп қақтық. Ең әуелі көрші елдермен мемлекеттік шекарамызды бекітіп алдық. Біздің шекарамыздың көлемі аз емес. 14 мың километрден астам шекарамыз бар. Оның үстіне біз әлемдегі ондыққа кіретін Ресей, Қытай сияқты алып мемлекеттермен шекараласамыз. Осы елдермен және Орталық Азиядағы тәуелсіз мемлекеттермен келісімшарттар жасасып, шекарамызды бекітіп алдық. Өзіміздің Ата Заңымыз бар, мемлекеттік Әнұранымыз, Туымыз бен Елтаңбамыз бар, Президентіміз бар. Сондықтан біз қазір тәуелсіз мемлекет болып әлемге танылдық, елімізді қалыптастырдық.

Осы 25 жылдың ішінде кейбір мемлекеттер 100 жылдық жасаған қадамдарын біз ширек ғасырлық уақыттың ішінде өттік десек, артық айтқанымыз емес. Өйткені бастапқыда дамуы жағынан кенже қалған елдердің қатарында тұрып, қазір енді дүние жүзіне белгілі мемлекеттердің қатарына кіруіміз осы біздің халықтың ынтымағы мен еңбегінің, Елбасының сындарлы, салиқалы саясатының нәтижесі деп айтуға болады. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуға қыруар еңбектің арқасында қол жеткіздік. Қаншама халықаралық келісімдер жасалды? Елдің ішкі экономикалық-әлеуметтік жағдайын көтеру жолында атқарылған жұмыстар да орасан зор.  

Елбасының аталған мақаласы қарапайым адамдардан бастап қоғам және мемлекет қайраткерлеріне дейін түсінікті, барлық сала терең қамтылған еңбек екенін атап өтер едім. Бір мысал келтірейін, жеңіл атлетикада биіктікке секіретіндер үшін межені белгілейтін планка болады. Елбасы да алдағы елдік мақсатымызды белгілеген кезде, әрқашанда «планканы» өте жоғары қояды. Бұған ел куә. Қарасаңыз, ондай белесті бағындыру мүмкін емес сияқты. Бірақ тәуекел деп бар күшіңді жұмылдырсаңыз, алынбайтын асу болмайды. Сол сәттегі жағдайды және келешектегі мүмкіндіктерді жан-жақты зерттеп, алда тұрған міндеттерді айқындап алып, жүйелі түрде жұмыс жүргізсеңіз, межелі биікті бағындыруға болады екен. Мемлекет басшысы жария еткен стратегиялық жоспарлардың негізінде 130-дан астам ұлт пен ұлыстары бар көп этносты Қазақстан халқының ауызбірлігі мен еңбекқорлығының және Тәуелсіздігіміздің, табиғатымыздағы мол байлығымыздың арқасында алға қойған мақсатымыз жүзеге асып, айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Ендігі қойылып отырған талап - 2050 жылға қарай дамыған 30 мемлекеттің қатарында болу. Осыған Мәңгілік Ел орнату идеясымен қуаттанған барлық халық атсалысады деген сенімдемін.

Елбасы өз мақаласында мемлекетті кәсібилендіруді біздің бірінші реформамыз деп атап өтті. «100 нақты қадамның» ішіндегі 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға, мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған. Осы міндеттерді орындайтын атқарушы билік органдары, заң шығарушы органдар, сондай-ақ әрбір мемлекеттік қызметші өздеріне қойылған талаптардың іске асырылуына атсалысса, бәсекеге қабілетті болса, алға қойған мақсатымыз жүзеге асады деп айтуға толық негіз бар. Өйткені Елбасы осы мақаласында «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның қабылдануының мәні зор екенін атап өткен. Мемлекеттік қызметті реттеуге арналған алғашқы Заңның қабылданғанына 20 жыл уақыт өтті. Ол кезде мемлекетіміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік және басқа да жағдайлары қазіргі деңгейдегідей емес еді. Елімізде реформалардың алғашқы кезеңі жүріп жатқан тұс болатын. Ал енді жуырда қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң жетік дамыған елдердің қатарындағы Қазақстанның тұрақты даму деңгейіне сай келеді деп айта аламыз. Өйткені кадрлардың ол кездегі деңгейі мен қазіргі деңгейін салыстыруға болмайды. Мысалы, бүгінде дүние жүзінің әйгілі білім ордаларынан тәлім алған, бірнеше тілді меңгерген, жаһандық жаңалықтарды елге алып келіп жатқан жастарымыз қаншама?! «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алғандардың саны 10 мыңнан асатын болса, жеке өз қаражаттарымен және халықаралық гранттар арқылы оқып келгендер 20 мыңнан асады. Жалпы, қазір өркениетті мемлекетті құратын кадрлардың құрамы бар деп айтуға болады.  

 «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Наталья Калашникованың пікірінше,  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласы  - бұл елді жаңғыртудың «жол картасы».

 «Мақаланың өзі ауқымды жаңғырту мен 5 институттық реформаның «жол картасы» іспеттес екендігін атап өткен орынды. Бүгінгі күнге дейін шетелдік және отандық сарапшылар атап өткендей, мақала әдістемелік тұрғыда мығым құрылымдалған. Онда Президент қазақстандық арманға басым бағыттарды ғана айқындап қоймай 5 институттық реформа нәтижелерінен қазақстандық күтетін нақты тетіктерді де көрсетіп берді», - деді Н.Калашникова.

Осы ретте ол Жаңа жыл қарсаңында Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудан туындайтын өте маңызды екі Жарлыққа қол қойғанын еске салып өтті. Оның бірі - қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту тұжырымдамасы. Онда жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудың заманауи тетіктері айқындалған. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясын 2025 жылға дейін дамытудың жаңа тұжырымдамасында ұйым қызметінің жаңа институттық бағыттары белгіленген.

«Біздің көзқарасымызша, қазірдің өзінде осындай қоғамдық саясиүстілік институт дамуының негізгі магистралі қалыптастырылып үлгерген. «Реформалар табысы - ұлт бірлігіне бастар жол». Бұл бүкіл бағдарламалық мақаланың басты буыны және онда Елбасы болашағы біртұтас ұлт - қоғамның маңызды өзегі екендігін көрсеткен. Әрине, бұған қоса бұл - барлық бес институттық реформаның басты мақсаты және мәні», - деді мекеме директоры. 

  Қазіргі Парламент өз миссиясын  толық орындады, сондықтан 5 институттық реформа аясында 100 нақты қадамды орындау үшін серпіліс керек,-дейді Мəжілістегі  Қазақстанның коммунистік партиясы фракциясының депутаты Айқын Қоңыров.

"Еліміздің барлық коммунистері Парламент Мəжілісінің мерзімінен бұрын парламенттік жəне мəслихат сайлауын өткізу туралы үндеуін бірауыздан қолдайды. Ендеп келе жатқан экономикалық дағдарыс кезінде, оның үстіне, кейбір елдерде геосаяси жағдай ушығып тұрған кезде Қазақстан биліктің заң шығарушы жəне өкілетті органдарын жаңартып алуы керек. Қазіргі Парламент өз миссиясын толық орындады, сондықтан, 5 институттық реформа аясында 100 нақты қадамды орындау үшін серпіліс керек",-дейді депутат.

Яғни, А.Қоңыров атап өткендей, Қазақстанның дамуын қамтамасыз етуге қандай партиялар күш салу керектігін анықтап алатын мүмкіндік туып отыр.

"Егер үндеу Президент  тарапынан қолдау тапса, сайлау өтіп, жаңа көп партиялы парламент жаңа жұмысын уақытында бастайды деген сенімдеміз. Өздеріңіз білетіндей, көптеген заң жобалары жаңарғаны белгілі, жаңартулар Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық əлеуетін арттыруға бағытталған. Енді сол заң жобаларын іс жүзінде жүзеге асыратын уақыт келді",-деді А.Қоңыров.

 «Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы біздің алдымызға нақты мақсат-межелер белгілеп берді»,-дейді Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округінің әкімі Ерболат Есболсынов.

Оның айтуынша, ұлы мәртебелі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы тойланатын 2016 жыл Қазақстан үшін мерекелі де берекелі жыл болары анық. Елбасы тапсырмасына сәйкес бес институттық реформаны жүзеге асыру барысында нақты қадамдарға көшудің басталғаны алдағы жарқын жақсылықтардың жолашары іспеттес. Осы орайда Ақжайық ауданының тұрғындары да Ұлт көшбасшысының ел экономикасын дамытып, қоғамды түбегейлі жаңғырту жөніндегі бастамаларына ұдайы қолдау танытып келеді. Мұның бәрі адамдардың әл-аухатын арттырып, тұрмыс-мәдениетін бұрынғыдан да зор белестерге көтеру бағытында жасалып жатқаны белгілі. Ендеше, бұдан ауыл тұрғындары да тысқары қалмай, өз үлестерін қосуы керек. Оның үстіне дағдарысқа қарсы барлық күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын лайықты қарсы алу жолында екпінді еңбек ете білуге тиістіміз. Осы орайда аудандағы ең үлкен округтердің бірі - Алғабаста Елбасы тапсырмаларына сәйкес алға басудың шынайы көріністері баршылық. Мысалы, Президентіміз мал басын асылдандыру мәселесін айтудай-ақ айтып келеді. Ауылдық жерде қазақтың ақбас сиырын, көшім жылқысын және етті-жүнді Ақжайық қойын өсірудің тиімділігін шаруалар жақсы түсінеді. «Сәбит» секілді табысы көл-көсір танымал асыл тұқымды шаруашылықтар қатары көбеюде. Бұған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы игі ықпалын тигізуде. Айталық, мал басын асылдандыру бағдарламасына қатысушылар 2015 жылы 41 млн. теңге демеуқаржыға қол жеткізіп, түлік санын көбейтіп, түрлендіруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес 4 адам 14 млн. теңге несие алып, мал шаруашылығына бет бұрды. Соңғы екі жылда 11 шаруа қожалығы ашылып, олардың саны 72-ге жетті. Бұл ауыл адамдарының өз дәулетін арттыруда барлық мүмкіндіктің бар екендігін көрсетеді. Тек ерінбей мал өсір, оның қайтарымы көл-көсір дейтін шақ келіп тұр.

«Елбасы өз мақаласында жерге дұрыс иелік етудің қажеттілігіне ерекше тоқталды. Елімізде жер жетеді, бірақ оны ұқыптылықпен, тиімді пайдаланудың маңызы күн сайын арта түспесе, кемімек емес. Кезінде жер алғандар оны пайдалана алмаса, мемлекетке кері қайтаруы керек. Басқаларға мүмкіндік берілсін. Соңғы екі жылда осыны түсінген 9 шаруа қожалығы өздеріне тиесілі жерді мемлекетке қайтарды. Жер кодексіне сәйкес мұндай жұмыстар алдағы уақытта да атқарылатын болады. Сол секілді ел бірлігін арттыру, жастар тәрбиесі, олардың діни жат ағымдарға ілесіп кетпеуі үшін алдын алу жұмыстарын жүргізу, елді мекендерді абаттандыру мен жасыл желекке бөлеу бағытындағы істердің толас таппайтыны анық. Қазіргі кезде Елбасы Жарлығына сәйкес өңірдегі барлық әкімдер тұрғындармен есептік кездесулерін өткізуде. Міне, осы жиындарда Елбасы сөздерін басшылыққа ала отырып, өз іс-жоспарымызды нақтылай түсетін боламыз», деп түйіндеді ойын Е.Есболсынов.

 Айта кеткен жөн,  әлемде көптеген  елдер тығырыққа тіреліп, экономикасы шатқаяқтаған тұста Қазақстан экономикасының өсімі  1,2 пайызды құрады.

Бұл туралы  ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім еткен болатын.

«Жақындап келе жатқан дағдарыс құбылыстарына қарсы шара ретінде Елбасы 2014 жылдың өзінде-ақ инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жария етті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет экономика өсімін қамтамасыз ету жөніндегі жедел шаралар жоспарын және ерекше кезең жоспарын қабылдады. Осы шаралардың арқасында, алдын ала деректерге сәйкес, Қазақстан экономикасының өсімі 2015 жылы 1,2 пайызды құрады», - деді ол.

Б.Сағынтаевтың атап өтуінше, негізгі капиталға инвестициялар бірінші кезекте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен 3,7 пайызға өскен.

«Сыртқы сын-қатерлерге қарамастан әлеуметтік саладағы ахуал тұрақты болып қалуда. Өткен жылы жұмыссыздық бес пайыз деңгейінде болды», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

  Қазақстан халқы ұлттық жаңғырту реформалары арқылы дағдарысты табысты еңсеруге мейлінше мүдделілік танытады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров мәлім етті.

«Жаһандық дағдарыс қалай болғанда да біздің өміріміздің барлық салаларына дендеп, әсер етіп отыр. Сондықтан да, жұртшылық үшін ең бірінші кезекте бұл қауіп пен қатерді, тәуекелдерді еңсеріп, қуатты мемлекет ретінде тез дамуға көшу мәселелері қызықтыратыны анық. Ал бұл елдегі жаңғырту реформалары арқылы жүзеге асады», - деді депутат.

Оның айтуынша, ұлттық жаңғыру бағытында Елбасы айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының әрбір қадамы маңызды рөл атқарады. Ал бесінші шақырылымдағы Мәжіліс өзінің тарихи миссиясын орындап, Ұлт жоспарын заңнамалық қамтуды толық жүзеге асырды. 

«Сайлаулар өткізіп уақытты шығындағанша, бізге Ұлт жоспарын тікелей жүзеге асыруға көшу керек. Ал біз қабылдаған заңдар бойынша 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап жаңа құқықтық тәртіптер іс жүзіне асып келеді», деді депутат Н. Әбдіров.

 Еске сала кетсек, Мәскеуде де Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - Қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын талқылау бойынша «Жаңғыртудан - Болашақ біртұтас ұлтына дейін» тақырыппен дөңгелек үстел өткен болатын.

ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәскеудегі «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдігі «дөңгелек үстелді» Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің жәрдемімен ұйымдастырды.

Іс-шараға мәскеулік жоғары оқу орындарының профессорлары мен сабақ берушілері, ресейлік ғалымдар мен сарапшылар, қазақстандық студенттер, аспиранттар, докторанттар және «Болашақ» бағдарламасының стипендия иегерлері қатысты.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысын бастап ашқан Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің кеңесші-уәкілі Виктор Темірбаев Мемлекет басшысының аталмыш мақаласын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» жолдауының негізгі ережелерін одан әрі дамыту бойынша ел жаңғыртуының және бес институционалдық реформаларының «жол картасы», тіпті оларды іске асырудың нұсқаулығы ретінде алып пайдалануға болады деп айтты.

«Президент өз мақаласында Болашақ біртұтас ұлт - елдің басты мақсаты, бес институционалды реформаларының дәл мәнісі дегенді жеткізуде. Қазақстан халқы ассамблеясы және «Мәңгілік ел» атты жалпыұлттық идеясы болашақ біртұтас ұлтының екі іргелі негіздері ретінде белгіленді», - деді В. Темірбаев.

Дипломаттың айтуынша, «мақала әдіснамалық тұрғысынан жүйеге келтірілген және онда Елбасы қазақстандық арманына жетуінің нақты бағыттарын белгілеумен шектелмей қоймай, айтылған реформаларға сенім білдірген халықтың үмітін ақтау бойынша нақты тетіктерді көрсетіп өтті. Мемлекет басшысы Ұлт жобасын іске асыру жолында жасалған жұмыс туралы толық айтып берді». Ол, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап елде 59 жаңа заңдар күшіне еніп, бес институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша Ұлт жобасының нақты орындалуы басталғанын еске салып өтті.

Жоғары экономика мектебінің Мемлекеттік және муниципалды басқармасы институты директорының орынбасары, Тәртіпаралық  зерттеулер орталығының директоры Владимир Королев атап өткендей, Қазақстан кейінен бүкіл ТМД кеңістігі мемлекеттері арасында үлгі ретінде тарайтын маңызды бастамаларды жиі ұсынуда. Оның айтуы бойынша, мақалада қазіргі заманның қыр-көрсетулеріне және қауіп-қатерлеріне жол бермеудің кешенді шаралар көрсетілген, елді жаңғырту жолындағы мемлекеттік органдарының іскерлік және азаматтық қоғамдарымен бірлескен жұмысының тәртібі белгіленген.

Заң ғылымының докторы, О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң академиясының бірінші проректоры Елена Грачева өз баяндамасында Президенттің мақаласында жартысынан көбісі тәуелсіз сот әділдігінің мәселелеріне және заң ұлықтылығының іске асуына арналғанын назарға салды. «Құқықты дамыту мәселелері негізінде болуда, - деді ол. - Жоғары деңгейдегі құқықтық реттеусіз елдің жоғары экономикалық пен саяси табыстарға жетуі мүмкін емес». Сонымен де, оның пікірі бойынша, тиісті заңдарды қабылдаумен шектелуге болмайды, мақалада айтылғандай олардың нақты іске асырылуы қажет. Тәуелсіз сот әділдігі мен қазақстандық құқық қорғау жүйесі тек азаматтардың құқықтары мен бас еркіндіктерін іске асуына, заңдардың нақты орындалуына және құқық тәртібінің нығаюына бағытталуы тиіс.

РФ Президентінің жанындағы Ресейлік халық шаруашылығы мен мемлекеттік қызмет академиясының профессоры, философия ғылымның докторы Семед Семедовтың мәлімдеуі бойынша, әр мемлекет өзін сәйкестендіру үдерісінен өтеді. Осы мәнінде, Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған реформалар жоспары - мемлекеттің одан әрі даму үрдісін белгіледі. «Елдің даму стратегиясын белгілеу  қажет, - ерекше айтып өтті С. Семедов. - Және біз Қазақстан өз болашақ даму жолын анық білетініне куә болып отырмыз». Ресейлік сарапшы мақалада айтылғандай болашақта әлемнің 30 дамыған елдері қатарына кіру Қазақстан үшін қол келерлік іс деп айтты. «Назарбаев белгілеген стратегиясының негізінде - адами капитал. Және осылай қойылған мақсат ен дұрыс болады», - деп тәмамдады профессор. 

Жалпы айтқанда, іс-шара барысында қатысушылар Президенттің мақаласының негізгі ережелерін талқылады. Олар қазақстандық жастарының елді жаңғырту үдерісіне және институционалды реформаларын өткізуіне белсенді қатысу мүмкіндіктері бойынша өз пікірлермен бөлісті.

Айта кеткен жөн,ҚР Үкіметі мүшелерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында 2015 жылда атқарылған жұмыстар қорытындыланды.  «Жақындап келе жатқан дағдарыс құбылыстарына қарсы шара ретінде Елбасы 2014 жылдың өзінде-ақ инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жария етті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет экономика өсімін қамтамасыз ету жөніндегі жедел шаралар жоспарын және ерекше кезең жоспарын қабылдады. Осы шаралардың арқасында, алдын ала деректерге сәйкес, Қазақстан экономикасының өсімі 2015 жылы 1,2 пайызды құрады», - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Оның атап өтуінше, негізгі капиталға инвестициялар бірінші кезекте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен 3,7 пайызға өскен. «Сыртқы сын-қатерлерге қарамастан әлеуметтік саладағы ахуал тұрақты болып қалуда. Өткен жылы жұмыссыздық бес пайыз деңгейінде болды», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Сонымен қатар Үкімет мүшелері «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен әлеуметтік сала шығыстары еш қысқартылмайтындығын баса атап өтті.

Ағымдағы жылдан бастап қосымша шараларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландыруға арналған арнайы қор бөлінеді.  2016 жылы арнайы қорға 225,5 млрд. теңге сомасында қаржы бөлу жоспарланған..

Б.Сағынтаевтың атап өтуінше, аталған қаржы жұмыспен қамту шараларын қолдауға, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын қосымша қаржыландыруға және басқа да шараларға жұмсалатын болады.

Атап айтқанда, ҚР Үкіметі мұнайдың барреліне 20 доллар бағамы кезінде экономиканы дамытудың сценарийін әзірледі.

«Үкімет барлық мәселені назарда ұстап отыр. Мұнай бағамы барреліне 30 доллар, 20 доллар және одан төмен болған жағдайда сценарийлерді жүзеге асыруды қарастыру кезеңіндеміз. Сондықтан бізде қаржыландыру бойынша ешқандай қауіп жоқ»,-деді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Бүгінде бюджеттің шығыс бөлігі айтарлықтай оңтайландырылды және бұл өз кезегінде экономиканың дамуына мүмкіндік береді.

«Шығыстардың негізгі бөлігі -  әлеуметтік төлемдер. 2015 жылға қарағанда 2016 жылы оның үлесі 39 пайыздан 40 пайызға дейін өсті. Әрине, мемлекеттік аппаратқа қатысты бөлікті оңтайландыру бойынша белгілі бір резервтер бар, алайда ешқандай да әлеуметтік міндеттемелер қысқартуға жатпайды»,-деді ведомство басшысы.

Мұнымен қоса ол бүгінде әлемдік үдерістердің еліміздің экономикасына ықпалын тыңғылықты зерделеу керектігін сөз етті.

«Біз алдағы аптада экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында талқылаулар өткіземіз. Бұл тұрғыда сценарийді қашан, қай мерзімді жүзеге асырудың нақты шешімі әзірленеді»,-деді Б. Сұлтанов.

Министр Үкіметтің шығыстарын қаржыландыру бағытында бүгінде ешқандай да проблемалар жоқ екенін қадап айтты.

«1 млрд. доллар көлеміндегі қаржы 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында игеріледі. Бізде қарызға алу аясында зейнетақы қорының ресурстары бар, кепілдендірілген трансферттер мен ағымдағы түсімдер қамтылған. Сондықтан да қаңтарға 700 млрд. теңгеге тарта жоспар тұрғысында осы шығыстардың жартысын еш проблемасыз қаржыландырдық»,-деп түйді министр.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаттары қайда жұмсалатыны ақпан айында анықталатынын мәлімдеді.

«2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Ұлттық Қорды басқару мен БЖЗҚ басқару кеңестері біріктірілді. Зейнетақы қорындағы қаражаттарды қайда инвестициялау қажеттігі туралы шешім көп ұзамай қабылданады. Меніңше, бұндай шешім ақпанда орын алуы мүмкін. Сол кезде кеңес отырысы өтеді. Онда Ұлттық банк пен Үкімет 2016 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаттарын қайда бағыттау керектігін анықтайтын болады», -деді ол.

Атап айтқанда, бұл сауал жаңа жылға дейін де бірнеше мәрте қаралған болатын.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен екінші деңгейлі банктердің теңге ликвидтілігін қолдау бойынша ұсыныстары мен қайда инвестициялау қажеттігі туралы мәселелер талқыланды. Себебі ол - Үкіметтің, Ұлттық банктің қаражаты емес, біздің зейнеткерлеріміздің, xалқымыздың ақшасы. Сондықтан, инвестициялардың міндетті табысы жеткілікті деңгейде болуы тиіс. Екінші мәселе, оның қауіпсіздігі. Сол себепті бұл мәселеде өте салмақты шешім шығаруға тырысамыз. Экономиканың нақты секторларын қаржыландыру мүмкіндіктері едәуір үлкен. Ұлттық банкпен жұмыс жалғасуда. Біз барлық аймақтардан барлық ұсыныстарды жинадық. Қазіргі уақытта жобаларға зейнетақы қорынан бөлінетін қаражат көлемі анықталып жатыр», - деп атап өтті министр.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысы Саян Ахметжанов  мемлекеттік органның қажетті міндеттерін атқаруға байланысты қосымша уақытын бөлген мемлекеттік қызметкерге бонус немесе басқа төлемдер көзделгенін мәлімдеді.  

Баспасөз мәслихаты барысында жауапты хатшыға «мемлекеттік қызметкерлер көбінесе жұмыс орнында қызметін түнге шейін атқаратындығына байланысты оларға бонустар қарастырыла ма?» деген сауал қойылды.

«Жаңа реформаның, заңнаманың қағидаттарына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлердің ең біріншіден әлеуметтік жеке құқықтары сақталуда. Ол еңбек нормаларына сай қосымша мемлекеттік органның қажетті міндеттерін атқаруға байланысты уақытын бөлгеніне қосымша бонус ретінде немесе басқа төлемдер көзделген», -деді С. Ахметжанов. Оның сөзіне қарағанда, осы мәселе бойынша жаңа еңбек төлем жүйесі әзірленуде. «Ол 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді»,-деді.

Сонымен қатар жауапты  хатшы «Б» корпусының басқару деңгейі үшін ротация институты енгізіліп жатқандығына тоқталды.  Егер де бұрындары ротация «А» басқарушы корпусына ғана қатысты болса, енді бұл элементтер «Б» басқарушы корпусы үшін жаңа модельге енгізілді.

Белгілі болғандай, мемлекеттік қызметкерлер үшін ротация үш жылда бір рет өткізіліп тұрады. Егер де басшы немесе мемлекеттік қызметкер лауазымында жұмысын жалғастырғысы келсе, онда бұл мерзім тағы үш жылға ұзартылады. Екінші мерзім аяқталғаннан кейін, ол міндетті ротацияға жатқызылады немесе басқа қызметке қызметке ауыстырылады, сондай-ақ олай болмаған жағдайда жұмысынан босатылады.

Сонымен қатар С. Ахметжанов әлеуметтік қорғау шаралары да ескерілетінін атап өтті. «Дәлелді себептер бойынша мемлекеттік қызметкерлердің (жалғыз басты ана, қарауында мүгедек балалары бар ата-аналар) өтініші ескеріледі және олар ротациямен қамтылмайды»,-деді ол. 

  Павлодар облысында да «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың тәжірибелік кезеңін түсіндіру жұмыстары тиянақты жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, өңірдің бес мыңнан астам мемлекеттік қызметшілеріне Ұлт жоспарын орындаудың тәжірибелік кезеңін түсіндіру жұмыстары басталды.

 Бұл туралы «Қоғамдық келісім» мекемесінде облыс әкімі аппаратының басшысы Расул Оразбаевтың төрағалығымен өткен дөңгелек үстел шарасы барысында айтылды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департамент жетекшісі Мақсұт Өтешевтің сөзіне қарағанда, алдағы уақытта «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарында айтылған мақсат-міндеттерді орындау бағытында түсіндіру жұмыстары жалғасын табады. - Жыл басынан бері «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың тәжірибелік кезеңінің басталуына орай облыста түсіндіру жұмыстары басталады. Ұлт жоспарында «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған мақсат-міндеттер туралы айтылды. Қазір қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі бастау алды. Біріншіден, әкімшілік мемлекеттік қызметшінің мансабы оның біліктілігі және жинақтаған тәжірибесі есепке алына отырып құралады. Мансаптық сатының әр баспалдағында ол өзінің кәсіби жарамдылығын дәлелдеп отыруға тиіс болады. Жаңа заңға бірқатар қағидатты нормалар енгізілген. Яғни, мемлекеттік қызметке орналасу тек кешенді іріктеу мен жұмысты тек төменгі лауазымдардан бастаудың нәтижелері бойынша мүмкін болады, - дейді Д. Өтешев.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда облыстың мемлекеттік мекемелерінде 5300 қызметші еңбек етеді. Олардың 20 пайыздан астамын жас буын өкілдері құрайды. Алдағы уақытта олардың білімі мен біліктілігі жаңа заң негізінде тексеріліп, «тиімділігі» немесе «тиімсіздігі» бойынша бағаланбақ. - Жаңа заң жүзінде мемлекеттік қызметшілердің жалақылары олардың атқарған жұмысына тікелей қатысты болмақ. Жұмыс тәжірибесі мемлекеттік қызметшінің мансаптық ілгерілеуінің басты шарты болады және мұнда да тек конкурстық негізде жүзеге асырылады. «Тиімді» қызметшілер ғана бонустар алатын болады, ал «тиімсіздеріне» қосымша білім алуға мүмкіндік берілмек. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі таңда мемлекеттік қызмет мансаптық модельге ауысады. Мемлекеттік қызметшіге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі оның біліктілігі мен атқаратын жұмысының сипатына, көлемі мен нәтижесіне байланысты заң тұрғысынан бекітіледі. Аса нәтижелі қызмет үшін бонустар төлеу қарастырылған. Мұндай жүйені 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланып отыр, - дейді департамент басшысы. 

  «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақала Қытай ғалымдарының үлкен қызығушылығын тудырды. Қазақстандық тілшілермен болған сұхбатында Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты директорының орынбасары Сунь Ли (Sun Li) аталған мақала жайындағы өз пікірімен бөлісті.  

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласы маған қатты әсер етті. Н.Назарбаев онда қазақстандық арманды нақты атап, осы ғасырдың ортасында дамыған 30 елдің қатарына ену туралы негізгі мақсатына жетудің жоспарын белгілеп берді. Қазақстан ол мақсатқа қол жеткізе алады деп үміттенемін», - дейді ол.

Ғалым қазақстандық арман «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегияларының негізінде, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, «100 нақты қадам» Жоспары және өзге де бағдарламалар негізінде қалыптасып келе жатқанын айтты.

«Президент Н.Назарбаев, реформаларды жүзеге асыру үшін ең бастысы елде ұлтаралық келісімнің болуы шарт екенін атап өткен болатын. Шын мәнінде, 25 жыл ішінде Қазақстанда бейбітшілік пен тыныштық дәурен құрды, осы аралықта мемлекет ішкі саясатта және әлеуметтік-экономикалық дамуда үлкен серпіліс жасады. Шешуші рөлді Қазақстан халқы Ассамблеясы атқарып келді. Бұл - жеке зерттеуді талап ететін жеке тақырып», - деп атап өтті Сунь Ли.

Қытай сарапшысы Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттің, экономиканың және қоғамның дамуы үшін мүлдем жаңа құқықтық орта құрып беретін 59 заңның күшіне енгенін айтып, өз таңданысын білдірді.

«Республика қазақстандық арманға бастайтын заңнамалық негізді жасап берді. Бұл арман қиялдағы дерексіз ұғым емес, кезең-кезең міндеттер белгіленген нақты мақсат екендігін көріп отырмын. Оны жүзеге асыру қазірдің өзінде анық және қатаң жоспарлау негізінде басталып кетті», - дейді ол.

Сунь Лидің пікірінше, қазақ арманы мен қытай арманының арасында жалпы көп ұқсастықтар бар.

«Біріншіден, оларды жоспарлау мерзімдері бірдей, Қытай 2049 жылға дейін деп межелесе, Қазақстан 2050 жылға дейін жоспар жасап қойған. Екіншіден, олар адамның өмір сапасын арттыруға, мемлекеттік аппаратты жақсартуға, жемқорлықпен күрес, бизнесті ынталандыру, дамыған елдердің қатарына ену міндеттерін іске асыруды жоспарлауда», - деп нақтылады ол.

 Еске сала кетейік, Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты 1965 жылы Кеңес Одағы және Шығыс Еуропа институты ретінде Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясының бір құрылымы ретінде құрылған болатын. Кейін Қытай компартиясы Орталық комитетінің халықаралық байланыстар бөлімінің қарамағында болды. 1981 жылдан бері Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясының құрылымына енеді. Өзінің қазіргі атауын 1992 жылы алды. Зерттеу саласы: Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің сыртқы және ішкі саясаты, экономикасы, әлеуметтік өмірі мен мәдениеті. Осы саладағы ҚХР-дің жетекші ғылыми мекемесі Қытайда ең ірі кітапханалардың біріне иелік етеді, «Russian, East European and Central Asian Studies» журналын шығарады. 

 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауы және «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы туралы ҚРПарламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Андрей Бегенеев өз ойларымен бөлісті және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес қабылданған жаңа Еңбек кодексі туралы айтып берді. 

 «Елімізді дамыту жолында және қоғамда оң үрдістерді қалыптастыру үшін қандай мәселеге баса назар аудауымыз қажет деп есептейсіз?»,-деген сауалға жауабында депутат: «Қазақстан Президенті әрқашанда келешекті болжай біліп, соған орай қарышты қадам жасайды. Айталық, Елбасымыз әрбір Жолдауын әлемдегі болып жатқан және алдағы уақытта болуы ықтимал оқиғаларды ескере отырып және еліміздің ішкі және сыртқы саясаттағы мүмкіндіктерін зерделей келе, жасайтынына куә болып келеміз. Өйткені, қалай десек те, біз сыртқы экономикалық жағдайлармен тығыз байланыстамыз. Оның ықпалынан қашып құтыла алмаймыз. Сонымен қатар, бүгінгі таңда мұхитқа ашық шыға алатын порттары бар елдердің де рөлі бар. Егер біз халықаралық деңгейдегі саудаға шығатын болсақ, бірқатар елдер арқылы өтуімізге тура келеді. Транзит қашанда экономикаға әсер етеді. Әсіресе, қазіргідей жаһандық дағдарыс кезінде әрбір қадамның тиімді не тиімде емес екенін есепке алатын кез келді. Оның үстіне Дүниежүзілік Сауда ұйымына мүше болдық. Мемлекет басшысы «100 нақты қадамда» да, 30 қараша күні жария еткен Жолдауында да осы мәселелерді ескергенін көріп отырмыз. Ал Жаңа жылда шыққан «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында Елбасы мемлекетіміздің алға басу жолдарын, жүргізілетін реформаларды рет-ретімен көрсетті.

Біздің Президентіміз тәуелсіздігімізді алған кезден бастап біздің өз жолымыз бар екенін айтты. Міне, ширек ғасырға жуық уақыт ішінде біз өзіміз таңдаған жолмен жүріп қана қоймай, елдік табыстарға жетіп келеміз.

Әлемдік экономикада айрықша рөл ойнап отырған мемлекеттер бар, әрине олармен бәсекеге түсу қиын, алайда, бәсекелесуге болады және алдағы уақытта бәсекеге түсуіміз қажет. Сондықтан да біз қазір экономиканың жаңа рельсіне түсуіміз керек. Мемлекет басшысы әлемдік экономиканың жаңа рельсінде қалай жұмыс істеуіміз қажет екенін айқындап берді.

Өз Жолдауында Президент еңбек адамының мәртебесін көтеру міндетін алға қойды. Еңбек адамы - қоғамдағы ең басты тұлға, ол - мемлекеттің, ұлттың, экономиканың мақтанышы. Барлық қадамымыз еңбек адамынан басталады. Осы орайда, елімізде кәсіптік-техникалық саланың мамандарын даярлауға ерекше мән берілуде. Ол экономиканы дамытуға және халықты қолдауға ықпал етеді. Білікті мамандар экономиканың негізі екенін Президент те үнемі айтып келеді.

Адамдардың масылдық пиғылдан арылуы қажеттігі туралы қай кезде де айтылды, бүгін де ол мәселе көтеріліп жүр. Тіпті қазір әлемде экономикасы қуатты мемлекеттерден тек қана көмек сұрауға, дотация алуға дағыдалып кеткен елдер мен халықтар да бар.

Өмірде әр адам масылдықтың кері кетуге алып баратын жол екенін ұғынуы тиіс. Сол сияқты қазір біздің нарықта «сатып алу мен сату» тәсілі әлі жалғасып келеді. Көршілес жатқан Ресей, Қытай, сондай-ақ Беларусь, Үндістан, Түркия сияқты елдерден тауарлар алып келіп, үстінен пайда тауып жүргендер аз емес. Біреу үлкен партиямен әкеледі, енді бірі аз-аздан тасып жүр. Бұл да дұрыс үрдіс емес.

Жібек жолы қашанда болған, сауда-саттық та жүре беретіні анық. Қазақстан Еуропа мен Азияны қосып тұрған транзит болғандықтан, көлік қатынасын дамытудың маңызы арта түседі. Дегенмен шетелден алып келген дайын тауарды сатумен шектелмеуіміз керек. Қазір қай қалаға барсаңыз да, супермаркеттер мен базарлар көп. Қалаларымызды үлкен базарға айналдыруға болмайды. Арзан базарларды сала бергеннен, кейбір қалаларда тиімді кәсіпорындар ашқанымыз дұрыс шығар?

Қазір жаһандық дағдарыс әлемді толғандырып отыр. Сондықтан әрбір адам өзінің еңбек етуге, табыс табуға деген көзқарасын өзгертуі қажет. «Менің қолымнан не келеді?» деген сұраққа жауап іздеп көргеніміз абзал. Нақты бір іс жасай білсең, соны дамытуға көңіл бөлуің керек. Айталық, Қазақстанда ауыл және мал шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік мол. Ата кәсіпті дамытып, бау-бақша салып, дәнді-дақылдар егіп немесе мал өсіріп, ел игілігін арттыруға болады. Әрине қиындықтар да бар. Агроөнеркәсіп саласын дамыту үшін «анау жетіспейді, несие бермейді», «бюрократизм жолды бөгейді» дейтіндер де бар. Бірақ үнемі «бәрі де жаман» деп айтуға болмайды. Әр адам «Елім үшін не істедім? Бюрократизмді жою үшін қандай қадам жасадым?» деп өзіне өзі сұрақ қоюы қажет.

Кез келген адам тезірек көп ақша тауып, байып кетсем екен деп қиялдайды. Жалпы, өмірде бірден көп ақша таба алмайсыз. Ал таба қалсаң, ол сыбайлас жемқорлықпен не қылмыстық жолмен келген ақша болуы ықтимал. Ақша жинау үшін белгілі бір кезеңнен, өмірдің қиындықтарынан өтуің қажет. Мысалы, кәсіпкерлер әуелі өз өндірісін аяғынан тік тұрғызу, қалыптасу, өнім өндіру процесін жетілдіру, өнімді сату жүйесін жолға қою кезеңдерінен өтеді. Мысалы, бір малды сату үшін оны бірнеше жыл өсіруіңе тура келеді.

Қазір уақыттан ұтылмауың керек. «Азық-түлік қымбаттай бастады. Біреу маған көмек береді» деп отыратын заман емес. Әр адам өзі еңбек етуі керек. Қашанда адамның басына қиындық туғанда, оның «Тірі қалу үшін күресу керек!» деген түйсігі оянады»,-еп жауап берді.   

Сондай-ақ - Андрей Бегенеев   Мәжілістің соңғы сессиясында қабылданған заңнамалық актілердің ішіндегі Еңбек кодексінің рөліне  айрықша тоқталды.

« Еңбек кодексіне байланысты әртүрлі пікірлер айтылды»,-дейді ол. «Соның ішінде жұмыс берушінің мүддесі де ескерілді. Біз қазір нарық экономикасы заманында өмір сүріп жатырмыз. Соған орай, көзқарас та өзгеруде. Жазушы Джон Маккензи «Бай болу үшін қажеттілікті тап та, оны қанағаттандыра біл» деген екен. Басқа ештеңенің керегі жоқ. Біз бүгінде қандай қажеттіліктің бар екенін ойланғанмыз жөн. Асығыстықпен көптеген кәсіпорындар ашуымыз мүмкін, бірақ олардың өнімі сұранысқа ие болмаса, қайтеміз? Ал енді жеті рет өлшеп, бір рет кесіп, өнімділігі жоғары бір кәсіпорынды ашсақ, ол оң нәтиже беруі мүмкін. Қазір «Қалай өмір сүрсең, өзің біл» деп ешкімді де тағдыр тәлкегіне лақтырып тастамайды. Мемлекет ешқашанда мұндай қадамға бармайды. Дегенмен ол Сізге ойлануға мүмкіндік беріп отыр.

Жаңа Еңбек кодексінде жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы жеке қарым-қатынас заң жолымен ретке қойылған. Сіз жұмыс беруші болсаңыз, мен жұмыскермін, алдыңызға келгенімде, мен өзімнің қандай қабілетім бар екенін көрсетемін. Сіз менің біліктілігім қаншалықты екенін бағалайсыз. Келісімшарт әрбір жұмыскермен жеке жасалады. Өйткені  әр адамның талабы мен қабілеті әрқалай, соған орай табыс табуы керек. Мен бір саланы білсем, басқа салаға басымды сұқпаймын, өйткені оны білмеймін.

Егер бір адам жұмысқа тамыр-таныстықпен не басқа бір жолмен алынған болса, жұмыс орнына келіп, таңнан кешке дейін отырып, еңбек уақытына қарай есептелген жалақысын алып жүрумен шектелсе, ол бір рахат өмір сияқты. Жұмысқа келді, кешіккен жоқ және ерте кетіп қалмайды, еңбек тәртібін де, техникалық қауіпсіздікті де бұзған жоқ, сол үшін ай сайын еңбекақы алады. Ал ол адамнан қоғамға, мекемеге келетін пайда бар ма? Еңбекақы төлегенде оған қайтарымы қандай? Сондықтан жұмыс беруші әрбір жұмыскерді нәтижелі еңбегіне орай бағалауы тиіс. Міне, содан келіп, кез келген экономикада, кел келген салада оң көрсеткіш болады. Өкінішке орай масылдық пиғылдан арыла алмай жүргендер бар. Баяғыда әскерде «Бір күн өтті, үйге оралатын уақыт жақындай түсті» деген ұғым болатын.

Мамандар сұранысқа ие болуы тиіс. Әйтпесе, өндіріс орнына келіп, «Менің дипломым бар, мен әдемімін, жақсы адаммын, мені алуға тиістісіз» дегендей тәсілдер енді жүрмейді.

Бүгінгі таңда көрсетілетін қызметтер саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл жөнінде Президент те ұдайы айтып жүр. Өйткені табиғат байлықтарына иек артып отыра берсек не сауда-саттықпен күн көреміз десек, алысқа бара алмаймыз. Бүгінде әлемдік жүйе өнім өндіруде бір-бірімен жарысқа түскендей қарқын алып кеткен. Сол себепті біз бәсекеге қабілетті өнімнің бір түрін шығарайық. Қазақстанда азық-түлік өнімдері ең негізгі тауар екені сөзсіз. Ол мейлі бау-бақша өнімі бола ма, астық не мал өнімдері ме, Қазақстанның бренді болуға тиіс. Бізде автокөліктер құрастырылып жатыр. Алайда, америкалық, жапониялық, немістердің автоиндустриясымен жарысамыз деп автомобилдің жаңа түрін ойлап шығарамын деу ақылға сыймайтын іс әрине.

Елбасы Жолдауында және аталған мақаласында жекешелендірудің келесі толқыны жүргізілетіні айтылды. Соған орай шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жол ашылады. Осы тұста, әрбір адам әлеуметтік не мәртебесіне қарамастан, көп мәселенің өзіне қатысты болатынын ойлануы керек».

Мәжіліс депутатының пікірінше, Елбасы жүз, яғни, маңызды әрбір сала бойынша алға қадам жасауымыз керек екенін ұғындырып отыр. Ұлт жоспарында нақты жүз қадамның бәрі айқындалды. Жаһандық дағдарыстың ықпалына қарсы тұрып, ел болып алға қадам жасасақ, өзгелерден бір төбе биік тұрамыз.

Парламенттің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес заңдарды жетілдіргені өмірдің заманауи талаптарына тың серпін беретін қозғалтқыш күш деп есептеймін. Өйткені әлемдік экономика өз шарттарын алға қойып тұрған шақта, алаңсыз отыра беру не таптауырын болған жолмен жүре беру құлдыруға алып келуі мүмкін. Қалай десек те, елдің орнықты дамуы сыртқы факторлардың ықпалына байланысты. Уақыт, заман талабы өзгеріп жатыр, сондықтан заңдарға түзетулер енгізіп отыру қажет. Заңдарымыз барлық сала бойынша жетілдірілуі тиіс.

Әлемде не болып жатқанына назар аударыңызшы? Айталық, Украина, Сирия және басқа бірқатар елдердің жағдайы қиын болып тұр. Жер жаһаннан тыныштық кетіп тұрған заман екені әрбір азаматты ойландыруға тиіс. Қазір әлем оқ дәрі толтырылған бөшкенің үстінде отырғандай. Терроризм мен діни экстремизм ылаңы әлемді дүрліктіріп отыр. Қауіп-қатердің қай жақтан келетінін білмейсің. Осындай жағдайда тұрақтылықты сақтаудың маңызы одан сайын арта түседі.

«100 нақты қадамның» маңызы неде десек, ең бастысы, біз не істеуіміз керек екенін анықтап алдық. Алдағы уақытта қаржы дағдарысына байланысты қиындықтар болуы мүмкін екенін де жоққа шығара алмаймыз. Президент енді жайбарақат өмір сүруге болмайтынын ескертіп отыр. Бұған дейін мұнайдан, газдан, басқа да табиғи байлықтардың арқасында табысымыз артып жатыр деп келсек, енді ондай даңғазалыққа салынудың реті жоқ сияқты. Яғни, бәрімізге де диванда жантайып жатып өмір сүретін уақыт келмеске кетті. Еңбек еткен адам ғана нақты табыс табады. Еңбек адамы құрметке бөленетін кез келді. 

 «Алда тұрған мақсаттар мен міндеттерді одан әрі нақтыландыра түсетін кез келді», деген ойын білдіреді экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мырзагелді Кемел.

- Президентіміз тарапынан «Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» 2005 жылдың 30 мамырында ұсынылған болатын. 30 қарашадағы Президенттің Қазақстан халқына кезекті Жолдауында да бұл жоспар нақтыланған болатын. Ендігі мәселе жаңа жылдың басы - жоспарды орындаудың практикалық кезеңі болғандықтан, алда тұрған мақсаттар мен міндеттерді одан әрі нақтыландыра түсетін кез келді.

  Айта кетер жайт, алдымен осы реформаларды жүзеге асыруға бағытталған 59 Заңның қабылданып, қолданысқа енгізілгені, бұдан былай реформаларды жүргізуге құқықтық кедергі жоқтығы аталып өтілді.

Бірінші - мемлекетті кәсібилендіруге қатысты реформадағы міндеттер.

Бұл бойынша мемлекеттік аппаратты жетілдіруге, тиімділігін арттыруға бағытталған «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның жаңа нұсқасы қабылданды.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің қызмет сатысында өрлеуі оның біліктілігі мен тәжірибесінің деңгейіне қарай анықталуы белгіленді.

Мемлекеттік қызметшіге еңбекақы мен сыйақы төлеуде бұрынғы теңгермешіліктен арылып, оның атқарған нақты жұмысының көлемі мен сапасына орай анықталмақ. Аса нәтижелі қызмет үшін бонустар төлу жүзеге асырылатын болды;.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның негізгі нормалары құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты да қолданылмақ.

Екінші - реформаның мәні құқық тәртібін және заңдылықты орнықтыруғабағытталған

Ондағы нақты жаңа өзгерістерге тоқталсақ, Жоғарғы сот кеңесі түбегейлі өзгереді, оның өз аппараты, құрамы, өкілеттілігі нақтыланады. Сот төрелігі бес сатылы жүйеден үш сатылы жүйеге - бірінші, апелляциялық және кассациялық жүйеге көшеді. Ірі инвесторлар қатысатын дауларды шешуге арналған мамандандырылған алқа құрылады. Сот жюриі түбегейлі қайта құрылып, ол судьялардың іс-әрекетінде Этикалық кодекстің бұзылу мәселелерін қарайтын болады. Соттардың төрағаларында басқа судьялар қабылдайтын шешімге ықпал ету мүмкіндігі жойылады. Мемлекеттік сот орындаушылары біртіндеп қысқартылып, жеке сот орындаушылары дамытылады. Сондай-ақ жергілікті полиция қызметі құрылады.

Үшінші реформаторлық бағыт - индустрияландыру мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету.

Бұл сала бойынша экономика қызметіндегі транзакциялық (мәліметтер қорының бүтіндігін қамтамасыз ететін операция) шығындар ұдайы қысқартылады. Салықтық және кедендік жүйелер кіріктіріледі, тексерулер оңтайландырылады, электрондық бақылау енгізіледі. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағаны реттеу алынып тасталады, оның орнына монополияға қарсы реттеу мен бақылау құралдары ғана пайдаланылады. 2017 жылы 1,7 миллион мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, ұлттық компаниялардың қызметкерлері декларациялануға жататын болады, 2020 жылы барлық жеке тұлғалар декларациялаумен қамтылады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау ЭЫДҰ (Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы) тәжірибесіне сай жүргізіледі. 224 мың агроөнеркәсіптік кешен субъектілері бар, солардағы жалға берілген 97,4 миллион гектар жерді өздері сатып алуына, оның үстіне кадастрлық құнының 50 пайызын 10 жыл ішінде бөліп төлеуге мүмкіндік беріледі.

102 млн гектар запастағы жердің ауыл шаруашылығы өндірістін жүргізуге болатын 85,3 млн гектары аукцион арқылы сатылатын болады. «Самұрық-Қазына ҰӘҚ», «Бәйтерек АҚ» және «ҚазАгро АҚ»-тардың мемлекет меншігіндегі аса ірі 65 компаниясы, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ», «Бәйтерек АҚ» және «ҚазАгро АҚ»-тардың құрамындағы 173 еншілес және тәуелді ұйымдар бәсекелестік ортаға берілетін болады.

Сонымен қатар тәуелсіз сот жүйесі, ағылшын тілін қолдану және инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу құқығымен жаңадан құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысы жандандырылады. 7 мың шақырым автомобиль жолдары қайта жаңғыртылады, олар ақы алу жүйесі бойынша жұмыс істейтін болады. Соған байланысты 2022 жылға қарай жол жүруден түскен алымдар 41 млрд теңгені құрайтыны көзделуде.

Транзиттік тасымал 2020 жылы 33 миллион тоннаға (қазір 18 млн), 2030 жылы 50 млн тоннаға дейін ұлғайтылады.

Алматы қаласының маңында халықаралық авиациялық хаб құрылады. Құрылыстың сметалық құнын анықтау ресурстық әдіске көшіріледі, сараптау ісі жеке секторға беріледі.

Төртінші бағыт - ұлт бірлігі.

Бірлік жолы және азаматтық біртектілік негізінде ұлттық дәйектілікпен қалыптастыру үрдісі жалғаса бермек. Болашағы Біртұтас Ұлтты дәйекті түрде нығайту жүзеге асырылады. Қзақстан халқы Ассамблеясының қызметі қазақстандық біртектіліктің негізі ретінде жетілдіріле түседі. Мәңгілік Ел жалпыұлттық құндылық ретінде нығая түседі. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы жүзеге асырылады.

Бесінші реформа - Қоғамға есеп беретін ашық мемлекет.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Зейнетақылар төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» біріктіріліп, солардың негізінде «Үкімет - азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясы құрылады.

Барлық мемлекеттік қызметшілер өздерінің басшылығы бекіткен жеке жоспарлар бойынша жұмыс атқарады. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарына ревизия және оңтайландыру жүргізіледі.

Алдағы кезде бағдарламаларды жоспарлау, әзірлеу және жүзеге асыру ЭЫДҰ ұсынымдарына негізделген 5 шешуші қағидат - негізділік, сабақтастық, транспаренттілік, мониторинг және бақылауды сақтау арқылы жасалады.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың сауалдары бойынша, мемлекеттік құпиялар мен өзге де заңдармен қорғалатын құпиялардан басқа, мемлекеттік органдардың барлық ақпараттарына қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

2016 жылдан бастап орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда автономды, дербестік, жариялылық, мерзімді ротация қағидаттарына негізделген жаңа Қоғамдық кеңестер құрылады.

4500-ге жуық мемлекеттік функциялар бәсекелестік ортаға және жергілікті өзін-өзі басқаруға беріледі.

Мемлекет басшының ұсынып отырған бес реформасына жан-жақты тоқталған Мырзагелді Кемел: «Жақын онжылдықта жергілікті өзін-өзі басқару органдарына үш деңгейлі (2016-2017, 2018-2020, 2020 жылдан әрі қарай) қосымша өкілеттіктер беріледі. Оның ішінде жергілікті өзін өзі басқарудың өкілді органын құру, халқының саны 2 мың адамнан кем емес елді мекендерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу мәселелері шешімін табатын болады,- деп сөзін түйіндеді.

   Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі елімізде бұқаралық спорт пен дене шынықтыру-спорттық қозғалысты дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде, сондай-ақ 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың тұжырымдамасын әзірледі. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне пікірін білдірген Мәдениет және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов айтып берді.

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты  Президенттің еліміздің халқына жолдаған Жолдауы біздің мемлекетіміздің даму тарихында елеулі кезең болды. Себебі, әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарысқа қарамастан Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің одан әрі дамуын айтып қана қоймай, аса маңызды ел халқын әлеуметтік қолдауға бағытталған бірқатар нақты шараларды атап өтті.  Қазіргі сыни қатерлер жағдайларында бірде бір ел қоғамды әлеуметтік жаңғырту бойынша теңдесі жоқ шаралар қабылдамады»,-дейді өз ойын жеткізген Комитет төрағасы.  

Бұл ретте, Е.Қанағатов 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға дейін, білім беру қызметкерлерінің жалақысы 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің жалақысы  40 пайызға дейін өсетінін, ал, осы санаттағы қызметкерлердің арасында дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлері де бар екенін атап өтті.  

«Қазір жазғы және қысқы олимпиадалық ойындар бойынша Қазақстан әлемдік спорт державаларының отыздығына кіретінін мақтанышпен айта аламыз, ол туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің бейресми рейтинг деректері куәландырады. Бұл біздің Президентіміздің сіңірген еңбегі, өйткені оның тікелей қолдауымен және ілтипатымен елімізде спорт және дене шынықтыру саласы қарқынды дамуда. Қазақстан халқына жыл сайынғы өз Жолдауларында Мемлекет басшысы ел халқы арасында бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше назар аударады  Мәдениет және спорт министрлігі алдына 2020 жылға қазақстандықтардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын 30% қамтуды қамтамасыз ету бойынша міндет қойылды. Қазір еліміздің дене шынықтыру-спорттық қозғалысына белсенді қатысатын барлық халық пен этностардың саланы қолдауының арқасында 2014 жылғы қорытындылар бойынша дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылданатын азаматтардың саны 25%-ға өсті.

Сонымен қатар, спортпен шұғылданатын халықтың үлесін 30%-ға дейін ұлғайту жөніндегі маңызды жалпыұлттық міндеттерді шешудің табыстылығы еліміздегі дене шынықтыру мен спортты дамыту жағдайы мен деңгейіне, патриотизмді, достықты және халық бірлігін дамытуда дене шынықтыру мен спорт мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға байланысты болады»,-деп мәлім етті Е.Қанағатов. 

Комитет төрағасының хабарлауынша, қазір Қазақстанда 20-дан аса ұлттық спорт түрі дамуда. Чемпионаттар, кубоктар, республикалық және халықаралық турнирлер өткізіліп тұрады. Оның ішінде қазақ күресі мен тоғызқұмалақтан Әлем және Азия чемпионаттары, Қазақстан Республикасының жасөспірімдер ауылдық спорт ойындары, көкпар және аударыспақ бойынша Азия чемпионаттары, Қазақстан Республикасы  Президентінің сыйлығына халықтық спорт ойындары, «Ақ Бидай»    республикалық ауылдық спорт ойындары, Қазақстан Республикасының ұлттық спорт түрлері фестивалі, Қысқы ауылдық спартакиада мен  Қысқы ауылдық жасөспірімдер ойындары ұйымдастырылды.

«Бұқаралық спортты дамытуда спорт инфрақұрылымының, әсіресе ауылдық жерде болуына көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда елімізде 34 931 спорт ғимараты, соның ішінде спорт мектептерін қоса алғанда, 25 673-і білім беру мекемелерінің нысандарына, тек 9 258 нысан дене шынықтыру-спорттық мақсаттағы объектіге жатады. Осыған байланысты ел халқы үшін спорттық және спорттық-сауықтыру қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында дене шынықтыру-спорттық кешендердің құрылыстарын салу жұмысы жалғасуда. 2014 жылы еліміздің 8 өңірінде: Алматы, Қарағанды,  Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында 18 ДСК құрылысы басталды.  Олардың ішінде бүгінгі күні 15-і пайдаланылуға берілді, үшеуі жыл аяғына дейін пайдалануға берілетін болады. Ел Президентінің спортты жан-жақты қолдауының арқасында әлем, Азия чемпионаттарында және басқа халықаралық дәрежедегі жарыстарда үлкен спорт нәтижелерін көрсететін халықаралық деңгейдегі отандық спортшылар даярланды. Спорт кадрларын даярлау, олардың біліктілігін арттыру, оларды оқытуды және шетелде, оның ішінде  Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде тағылымдамадан өту мәселелеріне ерекше назар аударылады»,-дей келе Комитет төрағасы Мәдениет және спорт министрлігі 2016 жылы екі міндетті, атап айтсақ, лицензиялық турнирлерде ұлттық құрама командалардың қатысуын қамтамасыз етіп, 2016 жылы Рио Олимпиадасына барынша көп лицензия ұтып алуды, сондай-ақ, 2017 жылы Алматыда өтетін Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға тыңғылықты дайындалуды көздеп отыр деп, сөзін түйіндеді. 

  Көкшетау қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған облыс активінің отырысы өткен болатын.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтің жетекшілігімен өткен жиынға облыстық басқарма және ведомство басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақмола облыстық кеңесінің мүшелері, дәстүрлі дін басшылары, мәдениет мекемелері мен  жоғары оқу орындарының басшылары, саяси партиялар өкілдері, үкіметік емес ұйымдар мүшелері де қатысты.

Отырысты аша келе Н. Нұркенов Елбасының бағдарламалық мақаласында экономика өсімін және әлеуметтік кепілдерді қамтамасыз етуге бағытталған дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасының өзекті тұстары қамтылғанын атап өтті.

«Елбасының бағдарламалық мақаласы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бағдарын айқындайтын, тұтастай алғанда елді жаңғыртудың өзіндік бір «Жол картасы» болып табылады. Мемлекет басшысы Ұлт жоспарын жүзеге асыруға қатысты ауқымды дайындық  жұмыстарын дәлме дәл, тыңғылықты әрі ашық түрде түсінікті етіп баяндайды», - деп атап өтті Н. Нұркенов.

Жиын барысында актив қатысушылары Мемлекет басшысының мақаласын жан-жақты талқылап, бес институттық реформаны жүзеге асыру жолдарын тағы бір мәрте сөз етті. Бұдан бөлек, мақала аясында заманауи жағдайда өңір жастарын елді жаңғырту ісіне жұмылдыру мүмкіндіктері жайлы әңгіме өрбіді. 

Ертеңін ойлаған азамат Ұлт жоспары аясында берілетін мүмкіндіктерді пайдаланып, келешегін кемел етудің құралдарын табуы керек.

Бұл туралы Қазақстанның мұнайсервистік компаниялары одағының төралқа төрағасы  Рашид Жақсылықов мәлім етті.

 «Дағдарыс құрсаудай қыспаққа алғанда, ел қазынасын төкпей-шашпай сақтап, экономиканы аз шығынмен алып шығу үшін нақты жоспар, айқын міндет ауадай қажет. Ал бұл жоспарды халық бірлігінің, татулығы мен төзімділігінің арқасында ғана   сәтті жүзеге асыруға болады.  Елбасының «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы осы елдігіміздің жолын айқындайтын, болашағымызды бағдарлайтын нақты іс-шаралар тізбегі десек болады. Мақаланың «әлқиссасына» көңіл аударсақ, әр ұрпақтың көкейіндегі асыл арманын автор жүрегінен өткізіп, оны жүзеге асырудың  тетіктерін тәптіштеп тұрып түсіндіріп берген. Ұлт жоспарын әрбір Қазақстандық тек оқып біліп, көкейге түйіп қана қоймай, оны іске асыруға атсалысса құба-құп. Себебі ертеңін ойлаған азамат осы жоба аясында берілетін мүмкіндіктерді пайдаланып, келешегін кемел етудің құралдарын тапса деймін»,-деп тоқталды Рашид Жақсылықов.

Осы орайда ол айтылған 5 реформа экономикалық тығырықтан шығу жолы және тұрақты әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ететін шара екенін атап өтті.  Әсіресе, білім, денсаулық сақтау, еңбек қатынасы секілді аса нәзік әрі қажетті салаларды күткен өзгерістер көңілге қонымды.

«Одан бөлек экономикамыздың өңдеуші саласына кемінде 10 трансұлттық корпорацияларды тарту міндеті Ұлт жоспарының маңызды бөлігі дер едім. Зәкірлік инвесторлармен бірлескен кәсіпорындар құру жұмысы өңдеуші, кәсіпорын, инфрақұрылым, және энергетика саласын алға жетелейді деп сенемін. Сонымен қатар Елбасы ғылымды инновацияны көп қажет ететін экономиканы қалыптастыру бағытындағы жұмыстың ширай түсетінін айтты. Ұлт жоспарында көрсетілген нақты қадамдардан қалт кетпей жүзеге асырар болсақ, дағдарыстан мүмкіндік тудырып, даму жолына түсеріміз сөзсіз»,-деп түйді Р. Жақсылықов. 

  ҚР Жоғарғы сотында сот органдары судьяларының өткен жылы сот төрелігін атқарудың қорытындысы бойынша «Заң үстемдігін қамтамасыз ету - соттардың басты міндеті» атты кеңейтілген мәжілісі өткен еді. Осынау алқалы жиынды ашқан еліміздің Жоғарғы сотының Төрағасы Қайрат Мәми өз сөзінде 2016 жылдың 1 қаңтарынан «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың тәжірибелік кезеңін іске асыру басталғанын баса атап өтті.

«59 заң күшіне енді. Олар мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық ортаны құрайды. Мемлекеттік құрылыстың осы кезеңіне көшу 5 институттық реформамен айқындалған. Барлық 5 институттық реформаның табысты орындалуы заң үстемдігін қамтамасыз етуге тікелей тәуелді. Сондықтан осы міндет бүгінгі кеңейтілген қорытынды мәжілістің басты тақырыбы болады», - деді Қ.Мәми.

 Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Марат Бекетаев, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Анатолий Смолин, облыстық соттардың төрағалары, Судьялар одағы мен Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы қатысты.

Мәжілісті ашқан кезде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңін іске асыру басталғанын атап өтті. 59 заң күшіне енді, олар мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық ортаны құрайды. Мемлекеттік құрылыстың осы кезеңіне көшу бес институционалдық реформамен айқындалады. Барлық бес институционалдық реформаның табысты орындалуы заң үстемдігін қамтамасыз етуге тікелей тәуелді, сондықтан осы міндет бүгінгі кеңейтілген қорытынды мәжілістің басты тақырыбы болды.

Іс-шара шеңберінде азаматтық және әкімшілік істер бойынша құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері туралы Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Елис Әбдіқадыров сөз сөйледі. Ол бірыңғай сот практикасын қалыптастыру - қорытуларды жүргізу, нормативтік қаулыларды қабылдау, сот істерінің электрондық жіктегішін жасау және енгізу бойынша жұмыстың маңыздылығын ерекше атап өтті. 2015 жылы соттардың оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолдануы, азаматтардың тұрғын үйді жекешелендіруі, авторлық құқық және сабақтас құқықтар, моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдану практикасы, сот төрелігіне қол жеткізу құқығы және Жоғарғы Соттың сот актілерін қайта қару жөніндегі өкілеттілігі туралы нормативтік қаулылар қабылданды.

Жоғарыда аталған нормативтік қаулылар бұрын соттар үшін дауларды шешу кезінде қиындық туғызатын құқық қолдану практикасындағы көптеген коллизияларды жояды.

Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін сапалы іске асыру туралы айта келе, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин 2015 жылы республика соттарына 2014 жылмен салыстырғанда іс жүзінде бес мыңға артық қылмыстық істер түскендігін атап өтті. Оның пікірі бойынша, тергеу судьялары институты жұмыс істеген кезеңінде қалыптасып кетті де өзін-өзі ақтады. Солай, 2015 жылы тергеу судьяларының қарауына жалпы алғанда 25 мыңнан астам өтінішхат, шағым және ұсыным түсті. Оның ішінде 2 732 өтініш ҚПК-нің 106-бабының тәртібінде қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және прокурор шешіміне, олардың ішінен үш бөлігіне жуығы толық көлемде немесе ішінара қанағаттандырылған.

Жоғарғы Сотта құрылған жаңа мамандандырылған сот алқасының жұмысы туралы ақпаратпен оның төрағасы Айгүл Қыдырбаева сөз сөйледі. Инвестициялық даулар бойынша жеке сот ісін жүргізуді қалыптастыру «100 нақты қадам - баршаға қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт Жоспарының 23 қадамында көрсетілген. А.Қыдырбаева инвестициялық алқаның соттылығы мен Ұлт Жоспарының 25 қадамын орындау мақсатында Жоғарғы Соттың жанында құрылған Халықаралық Кеңестің жұмысы туралы айтып берді.

Сондай-ақ мәжілісте Жоғарғы Сот судьясы, Сот жюриінің төрағасы Моряк Шегенов (тақырыбы: «Сот жюриін қалыптастыру, оның судьяларға қойылатын жаңа талаптар аясындағы функциялары мен міндеттері») және Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Анатолий Смолин (тақырыбы: «Судьялық лауазымдарға кандидаттарды іріктеудің жаңа қағидалары және Жоғары Сот Кеңесін реформалау мәселелері туралы») сөз сөйледі.

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ильяс Испанов жиналғандарды электрондық сот төрелігін енгізу бойынша атқарылған жұмыс туралы хабардар етті. 

2015 жылдан бастап соттарда іске асырылған елеулі іс-шаралар ішінде сот органдарының «Төрелік» атты автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін енгізу, істерді автоматты түрде бөлудің тетігін жетілдіру, сот жүйесін мүдделі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру, «Сот кабинеті» сервисін дамыту және т.б.

Бұдан басқа, мәжіліс шеңберінде бірқатар облыстық соттардың төрағалары сөз сөйледі.

Іс-шара соңында Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми  2015 жылдың негізгі қорытындыларын шығарып, ағымдағы перспективаға бірқатар міндет қойды.

Жоғарғы Сот Төрағасының айтуынша, көрсеткіштер соттардың өткен жылғы сот төрелігін іске асыру бойынша сапалы жұмысын куәландырады:  2015 жылы соттар істерді 2,5 %-ға артық аяқтаған, сот актілерінің абсолюттік көпшілігі заңды әрі негізді деп танылған.

Жаңа қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың жағдайларында соттарға түскен барлық қылмыстық істердің үш бөлігінен астамы қылмыстық теріс қылықтарды құраған.  Әрбір оныншы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жеделдетілген тәртіпте аяқталды. 1 423 іс бойынша жеңілдетілген сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Кінәні мойындау туралы мәмілелер бойынша да белгілі практика қалыптасуда. Келісімдік іс жүргізуде қарау үшін 2,5 мыңнан астам қылмыстық іс түскен.

Өзгертілген «жазалау» практикасының шеңберінде бас бостандығынан нақты айыруға сотталғандардың меншік үлесі 13,1 %-ға төмендеген. Жазалаудың баламалы түрлеріне кесілген сотталғандардың меншік үлесі төрттен бір бөлігіне артты. Айыппұл иен қоғамдық жұмыстарға сотталғандар саны бірнеше мәрте өсті. 55 %-ға немесе 1,5 есеге ақтау үкімдерінің саны артты.

Дауларды шешудің баламалы тәсілдерін қолданып шешілген азаматтық істер саны  23,8 %-ға өсті. Олардың жартысынан астамы бітімгершілік келісім жасасумен аяқталды,  ал 41,6 %-ы медиатордың қатысуымен қаралды.

Ұлт Жоспарының сот жүйесін реформалау жөніндегі барлық 11 қадамын іске асыру бойынша қажетті заңнамалық жұмыс атқарылды.

2016 жылға арналған міндеттерді айқындай келе, Жоғарғы Сот Төрағасы сапалы судьялық корпусты қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды.  «Сот төрелігін жоғары моральдық қағидаттары бар ең лайықты кәсіби мамандар іске асыруға тиіс әрі асырады да. Осыған байланысты Жоғары Сот Кеңесі түбегейлі реформаланды, Сот төрелігі институтын Жоғарғы Соттың қарамағына беру мәселелері заңнамалық деңейде шешілді», - деп атап өтті Қ.Мәми.

2016 жылдан бастап енгізілген сот ісін жүргізудің үш сатылы моделі халықаралық стандарттарға сай келетіндігі, сот шешімдеріне тезірек күшіне енуге мүмкіндік беретіндігі және процесті жасанды түрде созу мүмкіндігін төмендететіндігі атап өтілді.  Соттардың залдары сот талқылауын аудио,- бейнетіркеу аппаратурасымен жабдықталуда және жазуды тоқтата тұру немесе редакциялау мүмкінді жоқ.

Соттарды реформалау бойынша бірқатар институционалды шешімдер ерекше белгіленді. Олардың ішінде құрметті отставкаға шыққан судьяларды зейнетақымен қамсыздандырудың жаңа жүйесі: осы жылдан бастап отставкаға шыққан зейнеткер судьяларға ай сайынғы өмір бойғы қамтылым төленетін болады. Бұл ретте, отставкадағы судьялардың қызметіне кез келген шектеулер қойылмайды.  

Қ.Мәми ү.ж. 20 наурызда болатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына, сондай-ақ республика мәслихаттары депутаттарының сайлауына баса назар аударды. Ол сайлау заңнамасының бұзушылықтарына байланысты барлық шағымдар мен өтініштерді соттар қысқа мерзімдерде немесе кідіріссіз қарауды қамтамасыз етуге міндетті екендігін ерекше атап өтті. Жоғарғы Сот судьялары мен облыстық соттардың төрағалары алдында алдағы электоралдық кезеңде соттардың жұмысын жоғары деңгейде қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Сөзінің соңында Қ.Мәми Мемлекет басшысы бірнеше рет айтқан реформалардың іске асырылуына жергілікті жерлердегі бірінші басшылардың дербес жауаптылығы туралы ескертті.

Қорытынды мәжілістің шеңберінде қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізу, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен оның аумақтық бөлімшелерінің 2015 жылғы жұмысының қорытындыларын шығару мәселелері бойынша Жоғарғы Сот алқаларының кеңейтілген отырыстары өткізілді. Бұдан басқа, «Арбитраж мәселелері бойынша заңнамалық новеллалар туралы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

  "100 нақты қадам" Ұлт жоспары бүгінгі күні біздің саламыздағы стратегиялық дамудың магистралдық жолдарын анықтады.  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Арыстанбек Мұxамедиұлы осылай мәлімдеді.

"Институционалдық реформаларды іске асыру шеңберінде "Біртектілік және бірлік" xалықаралық тәжірибе мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мемлекеттерінің стандарттарын негізге ала отырып, 19 нормативтік-құқықтық акт әзірлеу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілді. Соның 18-і қазіргі таңда бекітілді. Мәдени саясаттың тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді", - деді министр.

Оның сөзі бойынша, қазіргі уақытта әлемде жаһандық өзгерістер орнап келеді және осы ретте "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы үлкен рөл атқарады. 

"Біздің алдымызда енді бұдан да үлкен міндеттер қойылған. Олар бізден креативті ойлауды ғана емес, жұмыс әдістерінің инновациялық шешімдерін енгізуді талап етеді. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, қазіргі уақытта әлем жылдам өзгеруде. Басқа дәуір келе жатыр. Жаһандық қауіп-қатерге толы уақыт орнауда. Осы тұрғыда кластердің даму катализаторы креативті индустрия болып табылады", - деп атап өтті А. Мұxамедиұлы.

Айта кетейік, министрліктің алқа мәжілісі мемлекеттік органның 2015 жылғы жұмысының нәтижелері және 2016 жылға қойылған міндеттер сараланды. Оның жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, министрлік басшылығы, комитеттер төрағалары мен департамент директорлары, БАҚ қатысты. 

  «Ұлт жоспары халық игілігіне қызмет етуі керек», -деп мәлімдеді Астанада «Нұр Отан» саяси партиясының кезектен тыс XVII съезінде партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Мен жақында өзімнің мақаламда Ұлт жоспарын жүзеге асыруды жан-жақты айтып өткен болатынмын. Бүгін де қайталаған артықтық етпейді. Ең бастысы барлық мемлекеттік қызметкер осыған жұмылуы керек. Сондықтан да, мен біздің атқарып жатқандарымыздың маңыздылығын халыққа барлық деңгейде түсіндіру керек деп санаймын. Барлығы халық игілігі үшін атқарылуда. Бұл атқарылып жатқанның барлығы Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына енуі үшін маңызды», - деді Н. Назарбаев. 

Елбасының айтуынша, әлемнің оза дамыған 30 елі дегеннің өзі осы Ұйыммен байланысты. «Біз де ол елдердің қатарында болуға тиіспіз. Бес институттық реформада межеленген  міндеттерді тиімді жүзеге асыру - бұл ХХІ ғасырдағы біздің дамуымыздың өзегі», - деді Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, Ұлт жоспары тиімді жұмыс істеуі үшін арнайы құрылған жаңғырту жөніндегі комиссиядан бөлек, барлық мемлекеттік қызметтің осыған кірісуі керек. «Үкіметтен бастап ауылға дейін осыған жұмылғаны дұрыс», - деді Елбасы. 

 Сондай-ақ Мемлекет басшысы дағдарыстың да жаңа деңгейге көтерілуге септігін тигізетіндігін айтты. ҚР Президенті сөз арасында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру тетіктеріне тоқтала келе, барлық деңгейдегі әкімдерге, партиялық ұйымдарға осыған жұмылуды жүктеді. 

«Бұл біздің басты міндетіміз. Біз аса күрделі экономикалық даму кезеңінде реформаларды қолға алып отырмыз. Бұл солай болуы да керек. Дағдарыстың өзі жаңа деңгейге көтерілуге септігін тигізеді. Сондықтан да, «Нұр Отан» партиясының, оның әрбір мүшесінің міндеті - осы. Ұлт жоспары - біздің алдағы бес жылдығымызды қамтитын сайлауалды бағдарламамыздың өзегі», - деді Елбасы. 

«Қазақстанда жұмыссыздық деген болмауы керек. Бұл үшін барлық мүмкіндіктер бар», - деп тоқталды Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент елімізде тиісті бағдарламалар мен қаржылық қолдау тетіктері қамтылғанын, сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасын» өзектендіру арқылы еңбек адамдарына қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Елбасы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру арқылы алдағы бірнеше жылдың ішінде 400 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берілетінін еске салып өтті.

«Бұл тақырып әр ел үшін маңызды мәселе. Тек ағымдағы 2016 жылы республикалық бюджеттен осы мақсаттарға 225 млрд. теңге сомасында арнайы резерв қарастырылған», - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы әлемде 250 миллион адам жұмыссыздық шырмауында екенін, 1 млрд. 700 миллион адам еңбекке қабілетті екенін айта келе, тек 1,2 млрд. адам барша әлемде тұрақты жұмыспен қамтылғанан атап өтті.

Осы арада тоқтала кететін жайт, Қазақстанда құрылыс саласында баға белгілеудің жаңа әдісі жүзеге асырылып жатыр.

Бұл, яғни құрылыс саласында баға белгілеудің жаңа ресурстық әдісі нысандарды салудағы сметалық-нормавтиктік базаларды жаңа технологиялармен жедел жаңартуды қамтамасыз етеді. 

Мұнда құрылыс нысандарының ағымдағы бағасы, материалдар мен жабдықтардың шынайы нарықтағы бағасы, жұмысшылардың еңбекақысын сметаға есептеудің мүмкіндігі қамтылады. Бұл туралы «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты» АҚ Құрылыстағы баға қалыптастыру орталығының директоры Бауыржан Жанұзақов журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.

Орталық басшысының сөзіне қарағанда, құрылыс өнімдерінің бағаларын айқындайтын бұл әдістің бірқатар ерекшеліктері баршылық. Жаңа әдіс құрылыс сметасын жобаны жүзеге асыру үшін қажетті ағымдағы бағалар мен ресурстарға қатысты тарифтік шығындар элементін калькуляциялау жолымен жүргізіледі. Бұның өзі қарқынды дамып жатқан нарықтық жағдайға шынайы бейімделген әдіс екенін көрсетеді», - деді Б. Жанұзақов.

Оның айтуынша, Қазақстанда алғаш рет құрылыстағы баға белгілеудің ресрустық әдісіне 2015 жылдың 1 шілдесінен көше бастады. Ал бұған дейін құрылыстағы баға белгілеу базалық-индекс әдісімен 2001 жылғы бағалар деңгейінде есептеліп келген болатын.

Айта кетерлігі, аталған шара Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында қамтылып отыр. Құрылыс саласындағы реформаның екінші кезеңінде 2015 жылдан бастап жаңа техникалық реттеу жүйесіне көшуді және 2020 жылға дейін жаңа және ескі техникалық реттеу жүйесін «қатар алып жүру кезеңін» көздейді. Ал одан кейінгі үшінші кезең 2021-2025 жылдарға межеленіп отыр. Бұл кезеңде реформаның нәтижелері көрініс беріп, қорытындыланады деп күтілуде.

  «100 қадам»  Ұлт жоспарында Қазақстанда жемқорлықты түбегейлі құртуға мүмкіндік беретін реформалар енгізілгендігі белгілі.

Мемлекеттік қайраткер, жемқорлыққа қарсы «Жаңару» атты жалпыұлттық қозғалысының басшысы Оралбай Әбдікәрімовтің пікірінше, «оның негізгісі - жақында іске асатын «Ашық Үкімет» порталының ашылуы. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының съезінде Елбасы Н. Назарбаев айтқан болатын. Сонымен қатар жемқорлық аxуалға қалалық, аудандық және облыстық мәслиxаттардың жанынан қоғамдық кеңестер құру өзінің оң әсерін бермек. Бүгінде қоғамдық кеңестердің құзыры заң бойынша бекітілген және 1 қаңтардан бастап күшіне енді», - деді ол.

Оның пайымдауынша, мәслихаттарда құрылатын қоғамдық кеңестер xалықтық бақылау органы ретінде қызмет атқарады. Мәслиxат аталмыш кеңес алдында істелген жұмыстар жайында, болашақ жоспарлар бойынша есеп беріп отырады. Ондай кеңестер тіпті орталық атқарушы органдарда, әкімдіктерде құрылмақ.

«Олар мемлекеттік органдардың жұмысына әсер ете алады. Ол істердің барлығы ашық талқыланады. Министрлік пен әкімдіктер шешетін барлық жұмыстарды: бюджет шығындары, кадр таңдау және тағы басқа істерді шешетін болады», - деп атап өтті О. Әбдікәрімов. 

  Ұлт жоспарын жүзеге асыру бағытындағы аршынды қадамдарға жастар да белсене араласуда. Солардың жарқын көріністерінің бірі - «Жастар - Отанға!» жобасы.

Осы жоба аясында «Жас Отан» ЖҚ жастар ұйымдарымен 2016 жылға арналған бірлескен жоспарға қол қойылды. 

Бұл белсенді жастарды қоғамдық өмірге белсене араласуына ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бұл туралы  «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында «Жастар - Отанға!» жобасының басталуына арналған брифингте «Жас Отан» ЖҚ хатшылығының басшысы Аян Сакошев мәлім етті.

«Жастар - Отанға!» жобасының негізгі мақсаты - жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, сонымен қатар рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және біріктіруге күш салу. Жоба шеңберінде облыс орталықтарында және Алматы мен Астана қалаларында базар маңдарынан «Кеңес орталықтары» ашылған. Олар жастарды, әсіресе жұмыссыз жүрген жастарды мемлекеттік тарапынан жасалып жатқан мемлекеттік бағдарламалар, сонымен қатар басқа да жағдайлар туралы ақпараттандырып отырады. 2015 жылы «Кеңес орталығы» консалтинг орталықтарында 27 мыңнан астам адамға жұмыс, баспана және елімізде жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларға қатысты кеңестер берілді. 2016 жылы бұл жұмыс өзінің жалғасын табатын болады. Осы орталықтардың негізгі мақсаты - ауылдық жастарды ақпараттандыруға, заң мәселелері бойынша жеке консультативті көмек және психологиялық көмек көрсету», - деп атап өтті А. Сакошев.

Оның сөзі бойынша, өткен жылы «Жастар - Отанға!» аймақтық жастар саяси лагеріне 560 адам қатысты. Биыл лагерь облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылады. Оған қоса республикалық деңгейдегі 300-ге жуық адам тартылмақ.

Өткен жылы «Еріктілер мектебі» шеңберінде елімізде 600-ден астам Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлеріне және көмекке мұқтаж егде адамдарға көмек көрсетілді.

Еске сала кетейік, «Жастар - Отанға!» жобасы 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жобаның мақсаты  жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және ұлықтау болып табылады.

Жоба «Қазақстан - 2050» Стратегиясы, сонымен қатар, «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Елбасы Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде әзірленген болатын. Жоба аясында «Кеңес орталығы» консалтинг орталықтары, «Жастар - Отанға!» жастар саяси лагері, «Еріктілер мектебі», «Қазақстаным таза мекенім» және «Әскердегі бір күн» т.б. акциялар ұйымдастырылады.

«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты еліміздің ең ірі жастар ұйымы болып табылады, оған 165 мыңнан астам жас мүше.

 Еске сала кетсек, «100 қадам» Ұлт жоспарында айтылған тапсырма бойынша, прокурорлардың азаматтық істер бойынша сот процесіне қатысу міндеті алынып тасталған болатын.  Осы мәселе жөнінде  ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Бағлан Мақұлбековтың өзіндік пайымы бар.

«ҚР Президенті жариялаған «100 қадам» Ұлт жоспарының 26-қадамында Сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқарту туралы айтылды. Жалпы азаматтық істерге прокурорлардың қатысуы Кеңес заманынан қалған үрдіс болатын. Қазір елімізде экономиканың шарықтап, дамуына байланысты, нарықтың қатынастардың тереңдеп енуіне байланысты, жаңа қоғамдық қатынастар пайда болды. Осы қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа заңдар пайда болды. Осы өзгерістердің негізінде прокурорлардың азаматтық істер бойынша сот процесіне қатысу қажеттілігі болмай отыр», - деп атап өтті судья тілшімізге берген жауабында.

Оның келтірген деректері бойынша, 2014 жылы республика бойынша барлық қаралған істердің ішінде шамамен 73 мың істер бойынша, прокурорлар қатысқан. Бұл барлық қаралған істердің шамамен 11,3 пайызын құрайды.

«Ал апелляциялық тәртіптерде прокурорлар небәрі 1030 наразылық келтірген, кассациялық тәртіпте небәрі 520 ғана наразылық келтірген. Ал бақылау тәртібінде небәрі 94 наразылық келтірген. Осы келтірілген деректер, прокурорлардың азаматтық істер бойынша қатысуының қажеттілігі шамалы екендігін дәлелдейді. Дегенмен биыл 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңартылған Азаматтық істерді жүргізу талаптары бойынша прокурорлар егер сот процесінде мемлекеттің мүддесіне қарсы даулар қолданатын болса, өзінің құқықтары мен бостандықтарын өз беттерінше қорғай алмайтын халықтың мүдделерін қорғап және сот немесе прокуратура сол процеске қатысу керек деп тапқан жағдайда қатыса алады», - деді Б. Мақұлбеков. 

 Тағы бір айта кетер жайт, Ұлт Жоспарында көтерілген мәселелердің бірі - ол ҚР сот жүйесінің инновациялық жаңа технологиялармен қамтамасыз ету. Яғни, биыл республикадағы барлық соттар бейнетіркеу жүйесімен жабдықталатын болады. 

«Осы арада ҚР Жоғарғы Сотымен көптеген игі істер атқарылды. Сот кабинеті бағдарламасы бойынша, 2015 жылдың 12 айында электронды түрде 382 мың 238 құжат түскен. Оның ішінде 309 500 талап арыздары болса, 883 - қадағалау тәртібімен берілген арыздар, 6977 - шағым, 1708 - апелляциялық шағым, 5269 - кассациялық шағым болып табылады», - дейді ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Бағлан Мақұлбеков.

Оның сөзі бойынша, бүгінде жаңа аудио-бейнетіркеу (АБТ) жүйесімен сот отырыстарының республика бойынша 922 залы жабдықталған.

«Тұтастай алғанда, 2016 жылдың жай-күй бойынша, АБТ жүйесімен ел бойынша сот отырыстарының жабдықталуы 73,6 пайызды құрайды. Ал үстіміздегі жылдың аяғына дейін республикадағы барлық соттар осы жүйемен жабдықталатын болады», - дейді Жоғарғы Сот судьясы.

«АБТ жүйесінің негізгі басымдығы, сот процестерін аудио-, бейнетіркеу - барлық қатынасушыларды, судьяны, мемлекеттік айыптаушыны, адвокаттарды, сондай-ақ барлық тараптарды тәртіпке шақырады, процесс барысында шешілмеген және қанағаттанбаушылықты туғызған даулы сәттер болған жағдайда, тараптардың екеуі де дұрыстығына не бұрыстығына көз жеткізу үшін электрондық жазбаға жүгіне алады, АБТ жүйесі процесте өз қызметтік өкілеттіліктерін жүзеге асыратын судьялар мен басқа да адамдар үшін қасақана жала жапқан немесе осындай жағдайлар болып жатса, белгілі бір кепіл бере алады», - деді Б. Мақұлбеков.

Сонымен қатар осы инновациялық технологиялар туралы айтқан кезде, судья Жоғарғы Сотта қолданылып жатқан талдау бағдарламасын да тілге тиек етті. Талдау бағдарламасының негізінде республикадағы соттардың қараған істері бойынша сот тәжірибесін жинақтап, белгілі бір жүйеге келтіруде үлкен мәселелер атқарылуда.

«Жоғарғы Соттың интернет ресурсына бір тәулікте шамамен 50 мыңға жуық адам кіре алады. Ал өткен жылы СМС хабарламасы арқылы соттардың  3 миллион істері бойынша 7 миллион хабарлама жіберілді. Міне, осындай істер Жоғарғы Сотта атқарылып жатыр», - деп түйді сөзін Б. Мақұлбеков. 

Айта кетер жайт, Судьялардың Этикалық кодексі 2015 жылдың маусым айында қабылданады.

Б. Мақұлбековтің  айтуынша, ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 19-қадамы аясында судьялардың жаңа этикалық кодексін әзірлеу тапсырылған. Мұндай Кодекстің қабылдануы арқылы азаматтар судьялардың іс-әрекеттеріне байланысты Жоғарғы Сот жанындағы сот жюриіне шағым тастай алады.

«Судьялардың Этикалық кодексінде судьяларға Президент, халық тарапынан қойылған талаптардың барлығы ескерілген. Кодекс Бангалор принципі мен ең үздік халықаралық тәжірибенің негізінде жасалады. Судьялардың жаңа кодексі судьялардың кезектен тыс жетінші съезінде қабылдау жоспарлануда. Ол биыл маусым айында өткізіледі. Бұл кодекстің жобасы дайын».

Сонымен қатар, оның мәлім еткеніндей, Жоғарғы Сот жанындағы Сот жюриі азаматтардың судьялар мен судьялық корпустың іс-әрекетіне қатысты арыздарын қарайды.

«Ұлт Жоспарының 19-шы қадамында азаматтар судьялардың әрекеттері бойынша еліміздің Жоғарғы Сотының жанынан құрылған арнайы сот алқасына шағымдануы туралы айтылған. Осы шараны жүзеге асыру үшін 2015 жылдың 4 желтоқсанында «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңына, сонымен қатар «ҚР Жоғары сот кеңесі» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді», - дейді ол.

Судьяның хабарлауынша, Жоғарғы Сот жанындағы сот жюриі екі комиссиядан тұратын болады. Бұл - біліктілік комиссиясы және тәртіп комиссиясы.

«Біліктілік комиссиясы 7 судьядан тұрады, олардың құрамына облыстық соттардың екі судьясы, Жоғарғы Соттың екі судьясы және отставкадағы үш судья кіретін болады. Ал тәртіп комиссиясы 9 судьядан тұратын болады. Олардың құрамына аудандық және оған теңестірілген соттардың үш судьясы, облыстық және оған теңестірілген соттардың 3 судьясы және Жоғарғы Соттың 3 судьясы кіретін болады», - деді ол.

Судьяның айтуынша, біліктілік алқасы жоғарыда айтылған заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты судьялыққа үміткерлер бір жыл тағылымдамадан өткеннен кейін, сол судьяға үміткерлерден біліктілік емтиханын қабылдайтын болады. Олар судьялық қызметке тағайындалғаннан кейін, бес жылдан кейін тағы да осы біліктілік алқасында емтихан тапсыратын болады. Сонымен қатар аудандық, облыстық және Жоғарғы Сот судьялары жоғарғы тұрған лауазымға байқауға қатысқан кезде өздерінің біліктілігін арттыру үшін осы комиссияда емтихан тапсыратын болады.

«Сонымен бірге аудандық соттардың төрағаларына, облыстық соттардың алқалық төрағаларына және облыстық соттардың төрағалары лауазымдарына байқауға қатысқан кезде осы біліктілік алқасында емтихан тапсырады. Тәртіптік комиссияда судьялардың әрекеттеріне келіп түскен істер бойынша, тәртіптік мәселесі бойынша қаралатын болады. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың және облыстық соттардың төралқа мәжілісіне келіп тұрған ұсыныстарды қарайтын болады. Міне, Ұлт Жоспарының 19-қадамында көрсетілген сот жүйесіне қатысты мәселелер осындай. Бұл мәселелер сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стамбұл жоспарын орындау барысында енгізілген», - деп түйді сөзін Б.Мақұлбеков. 

Сондай-ақ  Ұлт Жоспарында сот жүйесі бойынша бекітілген барлық жаңашылдықтар 2016 жылдан бастап іске асуда. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Абай Раxметуллин мәлім етті.

«100 қадам» Ұлт Жоспары реформасында сот жүйесіне баса назар аударылған. Бұл мемлекеттің одан әрі дамуындағы соттардың ерекше рөлін көрсетеді. Қазіргі уақытта сот төрелігін тиімділік деңгейі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және өзге де салаларын табысты жаңғыруын айқындаушы фактор болып табылады. Бұл бәсекеге қабілетті ұлтты дамыту үшін қажетті шарт», - деді ол тілшімізге берген сұхбатында.  

Оның сөзі бойынша, бүгінде Жоғарғы Сотта жүктелген екінші институционалды реформаның барлық 11 қадамы заңнамалық тұрғыдан іске асырылды деп айтуға толық негіз бар.

«Аталған бағыттағы жұмыс тиісті мерзімде және лайықты деңгейде жүргізілді. Ұлт Жоспарында сот жүйесі бойынша бекітілген барлық жаңашылдықтар 2016 жылдан бастап іске асуда. Бұл жаңашылдықтардың барлығы отандық сот жүйесін неғұрлым жаңғырта түсті», - дейді А. Рахметуллин.  

Алқа төрағасының еске салып өткеніндей, Қазақстанда жаңа Азаматтық процессуалдық кодекс пен «Жоғары сот кеңесі туралы» жаңа заң қабылданды. «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңға, қылмыстық-процессуалдық кодекс пен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Бұл заңдардың әлеуеті зор екендігін атап өткен жөн. Мемлекет Басшысының жаңа редакциядағы «Азаматтық-процессуалдық кодекске» жариялы түрде қол қоюы - оның ел өміріндегі маңыздылығын айқын көрсетті. Президент жаңа кодекс республиканың құқықтық кеңістігі түбегейлі жаңаша өзгерістер әкелетіндігін айырықша атап өткен болатын. Азаматтық-процессуалдық кодекс сот төрелігін тиімділігін арттыру және сот даулары бойынша бітімгершілік институтын қалыптастыруға бірқатар мәселелерін шеше алады. Жалпы алғанда, жаңартылған заңнама қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал ететін болады», - дейді А. Рахметуллин.

 Сондай-ақ Қазақстанда судья қызметіне іріктеу тетіктері мен талаптары күшейтілді.

Қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы ның  атап көрсеткеніндей, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында сапалы судьялар корпусын қалыптастыруға ерекше мән берілген. Судьялар корпусы абыройлы, кәсіпқой, руxани бай, тәжірибелі, өз кәсібіне жауапты азаматтар алынуы тиіс. «Сол себепті Жоғары сот кеңесі түбегейлі реформаланды. Құқықтық сот институты Жоғары Сотқа берілді».

«Ұлт жоспарының 17-қадамы - бұл судья лауазымына іріктеудің тетіктері мен талаптарын күшейту. Енді аудандық сот судьясы қызметіне 25 жастан асқан, жоғары заңгерлік білімі бар, жоғары руxани-моральдық қасиеттерге ие және репутациясы мінсіз азаматтар ғана алынады. Кандидат осы салада, нақ осы сот ісінде кемінде 5 жыл жұмыс істеуі тиіс және кемінде 10 жыл заңгерлік салада істеген болуы қажет. Оған сот жүйесінде қызмет атқарған кеңесшілер, xатшылар, көмекшілер, судьялар жатқызылады. Сонымен қатар осы іспен етене жақын прокурорлар мен заңгерлер де кіреді», - дейді А. Раxметуллин.

 Сот саласындағы түбегейлі өзгерістер жайлы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлт Жоспары шеңберіндегі сот жүйесінің жұмысы және сот төрелігін жүзеге асыру. 2015 жылғы қорытындылар» атты тақырыпта өткен брифингте  де кеңінен айтылды. Онда Жоғарғы Сотқа бекітілген 11 қадамның барлығы заңнамалық тұрғыда іске асырылатындығы атап өтілді.

Брифинге спикерлер ретінде Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева және Жоғарғы Сот судьясы Бағлан Мақұлбеков қатысты.

Алдымен сөз алған А.Рахметуллин Ұлт Жоспарының екінші реформасы бойынша Жоғарғы Сотқа бекітілген 11 қадамның барлығы заңнамалық тұрғыдан іске асырылғанын атап өтті. Аталған жұмыс тиісті мерзімде және лайықты деңгейде жүргізілді. Ұлт Жоспарында көзделген жаңашылдықтардың барлығы 2016 жылдың басынан бастап іске аса бастады. Қолданысқа енгізілген жаңашылдықтар отандық сот жүйесін айтарлықтай жаңғыртты.

Жаңа Азаматтық процестік кодекс пен «Жоғары Сот Кеңесі туралы» жаңа Заң қабылданды. «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық-процестік кодекске және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізілді. Жалпы алғанда, жаңартылған заңнама қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал ететін болады.    

 А.Рахметулин Ұлт Жоспарының 16-қадамында көзделген сот жүйесін оңтайландыру мәселелеріне ерекше тоқталып өтті. Атап айтқанда, 2016 жылдан бастап халықаралық стандарттарға сәйкес сот ісін жүргізудің үш сатылы жүйесі енгізілді. Бірінші саты - аудандық соттар, апелляциялық саты - облыстық соттар және кассациялық саты - Жоғарғы Сот. Бұл сот шешімдерінің тезірек күшіне енуіне ықпал етеді және процесті әдейі созу мүмкіндігін азайтады.

Ұлт Жоспарының шеңберінде сапалы сот корпусын қалыптастыру мәселесіне айрықша назар аударылуда. Сот корпусы жоғары моральдық қасиетке ие ең лайықты кәсіби мамандардан құралуы тиіс. Осыған орай Жоғары Сот Кеңесі түбегейлі реформаланды, Сот төрелігі институтын Жоғарғы Соттың басқаруына беру мәселесі заңнамалық тұрғыдан шешімін тапты.

Бұдан әрі Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева сөз сөйледі. Ол Ұлт Жоспарының 23-қадамына сәйкес Жоғарғы Сотта құрылған мамандандырылған сот алқасы туралы айтып өтті. БАҚ өкілдері үшін инвестициялық алқаның соттылық мәселелері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Аталған алқа ірі инвесторлардың қатысуымен инвестициялық даулар жөніндегі азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттың тәртібімен қарайды, сондай-ақ Астана қалалық сотының соттылығына жататын инвестициялық даулар бойынша сот актілерін апелляциялық тәртіпте қайта қарайды.

Кәсіпкерлік кодекске және «Инвестициялар туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға ірі инвестор деп танылады (бүгінде бұл 4 242 000 000 теңге).

А.Қыдырбаева Жоғарғы Соттың жанынан құрылған Халықаралық Кеңестің жұмысын айрықша атап өтті. Аталған Кеңес сот төрелігінің отандық жүйесін жетілдіру мәселелеріне қатысты сарапшылық консультациялар беретін болады. Оның құрамына қазақстандық ғалымдармен қатар, шетелдік беделді судьялар мен заңгерлер кіреді. Кеңесті Жоғарғы Сот Төрағасы басқарады. Оның мүшелері бір жылдық мерзімге сайланады. Кеңес отырысы жылына кем дегенде екі рет өтеді. Кеңесті құру кезінде Республика Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің, сондай-ақ ел Үкіметі жанындағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің оң тәжірибесі ескерілді.

 Брифингте келесі кезекте сөз алған Жоғарғы Сот судьясы Б.Мақұлбеков Сот жюриінің қайта құрылуы, Судьялардың жаңа Әдеп кодексінің әзірленуі туралы айтып өтті.

2016 жылдан бастап Сот жюриі біліктілік және тәртіптік бағыттағы екі комиссиядан тұрады. Әрбір комиссияның құрамына аудандық, облыстық және Жоғарғы Соттың судьялары кіреді. Мұндай жүйе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Стамбұл жоспарын орындау мақсатында іске асырылды. Аталған тәсіл комиссиялардың жұмысын неғұрлым айқын ете түседі әрі оның шешімдеріне деген судьялардың сенімін арттырады. 

Біліктілік комиссиясы жұмыс істеп жүрген судьялардың кәсіби қызметіне баға беретін болады. Бұл, ең алдымен, судьялардың кәсіби білім деңгейі мен оны сот төрелігін жүзеге асыруда қолдана білу қабілеті. Сонымен қатар, сот қызметінің нәтижелерін, судьяның іскерлік және адамгершілік қасиеттері мен оның заңнама және Судьялардың әдеп кодексінің талаптарына сәйкестігін зерделеу.

Судьялардың кәсіби қызметіне баға алғаш рет судья лауазымында атқарған бірінші жылғы жұмысының нәтижелері бойынша беріледі. Кейіннен баға әрбір бес жыл сайын, сондай-ақ судья жоғары тұрған соттың судьясы лауазымына, сот төрағасы, сот алқасының төрағасы лауазымдарына жарияланған конкурстарға қатысқан жағдайда берілетін болады. Жиырма және одан да көп судьялық өтілі бар судьялар судьяның кәсіби қызметін мерзімдік бағалаудан босатылады.

Тәртіптік комиссия судьяның орнынан түсу құқығын растау, судьяға қатысты тәртіптік іс қозғау мәселелерін қарастыратын болады.

Судьяға қатысты материалдарды тәртіптік комиссияда қарауға облыстық сот пен Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының шешімдері  негіз болып табылады. Сонымен қатар, Сот жюриінің судьяға қатысты материалдарды қарауына жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негіз болып табылады.

Судьялар есептілігінің күшеюі, жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін мерзімдік бағалау, азаматтарға судьялардың әрекетіне қатысты Сот жюриіне шағымдану мүмкіндігінің берілуі судьялардың кәсіби тәртібін нығайтуға, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартуға және осылардың нәтижесінде тұрғындардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал ететін болады.

Судьялардың Әдеп кодексінің жобасында судьяларға ел Президенті, заман және қоғам тарапынан қойылатын барлық талаптар ескерілетін болады. Кодекс судьялардың мінез-құлқының Банголор қағидаттарына және үздік халықаралық тәжірибеге негізделетін болады. Судьялардың жаңа Әдеп кодексі Судьялардың жетінші съезінде қабылданады деп күтілуде. Съезд ағымдағы жылғы маусымда өтеді деп жоспарланып отыр.

БАҚ өкілдері үшін сот төрелігін жүзеге асырудың 2015 жылғы негізгі қорытындылары таныстырылды. Өткен жылы соттардың сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарған сапалы жұмысын 2015 жылы істердің 2,5%-ға артық аяқталып, сот актілерінің абсолютті басым бөлігінің заңды әрі негізді деп танылу фактісі айғақтайды.

Жаңа қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамана қолданысқа енгелі бері соттарға келіп түскен барлық қылмыстық істердің үштен астамын қылмыстық теріс қылықтар туралы істер құрады. Әрбір оныншы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жеделдетілген тәртіпте аяқталды. 1423 іс бойынша жеңілдетілген сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Кінәні мойындау туралы келісім бойынша белгілі-бір тәжірибе қалыптасуда. Келісімдік іс жүргізу тәртібінде қарастыру үшін 2,5 мыңнан астам қылмыстық іс келіп түсті.

«Жазалау» тәжірибесінің өзгеруі жағдайында шын мәнінде бас бостандығынан айырылуға сотталғандардың үлес салмағы 13,1 пайызға азайды. Жазаның баламалы түріне сотталғандардың үлес салмағы төрт есе артты. Айыппұлға және қоғамдық жұмысқа сотталғандардың саны бірнеше есе артты. Ақталған адамдардың саны 55 пайызға немесе 1,5 есе артты.

Дауды реттеудің баламалы тәсілдерін қолдана отырып шешілген азаматтық істердің саны 23,8 пайызға көбейді. Олардың жартысынан астамы бітімгершілік келісім жасау арқылы аяқталса, 41,6 пайызы медиатордың қатысуымен қаралды.

  ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Амангелді Сәрсенбаевтың айтуынша, Ұлт жоспарына сәйкес судьялыққа кандидаттар бәрінен бұрын сот жүйесі қызметкерлерінен іріктелінеді.

«Ұлт жоспарына сәйкес, сот жүйесі туралы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізілгенін білеміз. Бұл өз кезегінде саладағы қадамдарды түбегейлі өзгертіп отыр. Бәрінен бұрын, кадрлық саясатта 17 қадамда қарастырылған өзгерістер маңызды екенін атап өткім келеді. Судьялық кадрларға талаптар әрқашан да жоғары болған еді. Қоғам судьялар кәсібилігінің артуын талап етуде. Енді судьялыққа кандидаттарды сот тәжірибесіне жақындатудамыз. 1 қаңтардан бастап судьялар сот жүйесі қызметкерлерінен, сот отырыстары хатшыларынан, көмекшілер арасынан, сондай-ақ  процесске қатысушы болып табылатын прокурорлар мен қорғаушылар ішінен іріктеудеміз. Аталған қызметкерлер шын мәнінде судьялардың жұмысын күнделікті көріп жүр, яғни қызметтің моральды-психологиялық ауыртпалығын, жұмыс көлемін байқауда және олар судьялық жұмыстың мәнін нақты түсінеді. Бұрындары әрқайсысы емтихан тапсырып, судьялыққа үміткер болатын еді. Осы орайда тиісті себептер бойынша осы кандидаттардың кейбіріне бұл қызмет ауыр болғандықтан, олар жұмыстарынан кетіп қалып жүрді. Ал қазіргі талаптар кадрларды іріктеуде қадамдарды нақтылауға мүмкіндік беруде», - деді А. Сәрсенбаев.

Оның сөзіне қарағанда,  2016 жылдың басынан күшіне енген заңнамаға сәйкес, сот жүйесінде жұмыс істемей, судьялық лауазымға ниет білдірген заңгерлерге кәсіби мамандығында міндетті 10 жылдық еңбек өтілі туралы талап қойылады.

Сонымен қатар бейінді магистратурада оқығаннан кейін, үміткер сот жүйесінде 4 жыл жұмыс істеуге міндетті. Әйтпесе, ол жалпы негіздемелер бойынша конкурстарға қатысатын болады.

Қосымша жаңашылдықтарға тоқталатын болсақ, екі кезеңмен өтетін емтиханнан өзге,  судьялыққа кандидаттар «шындық детекторынан» сыннан өтетін болады.

 Елімізде құрылыстың сметалық құнын айқындаудың жаңа ресурстық тәсілі бойынша 414 жоба жасалды. Бұл туралы Құрылыстағы баға қалыптастыру орталығының директоры Бауыржан Жанұзақов журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.

Бауыржан Жанұзақовтың айтуынша, аталған жобалардың ішінде  287-і оң эксперттік қорытындыға ие болған. Ал қалған 127 жоба қаралу үстінде.  Айта кетерлігі, еліміздегі мемлекеттік кәсіпорындардың барлығы құрылыстағы сметалық құнды айқындаудың жаңа тәсілі бойынша жұмыс істеуі шарт.

«Ресурстық тәсілмен айқындалатын кез келген құжат тек қана мемлекеттік инвестициялар есебінен салынатын нысандар және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысты болып табылады. Яғни, барлық ұлттық компанияларғ соның ішінде жарғылық капиталында мемлекеттік үлесі бар мұнайгаз секторының компаниялары  да құрылыстар барысын жаңа тәсілді пайдалана отырып есептеулері керек», - деді Орталық директоры.

Оның айтуынша, қазіргі күні құрылыс саласын ресурстық тәлісге көшіру үшін арнайы курстар ұйымдастырылған. Ол курстарда жобалау ұйымдарының 1190 маманы оқып, аттестациядан өтті. Сонымен бірге, 5 113 пайдаланушы электрондық қолтаңбалар арқылы ресурс тық тәсілдің сметалық бағдарламаларының есептік нұсқасын көшіріп алған.

Айта кетейік, құрылыстағы сметалық құнды айқындаудың ресурстық тәсәліне Қазақстан 2015 жылдың шілдесінен бастап көшіп келеді. Бұған дейін құрылыстағы баға базалық-индекстік тәсілмен 2001 жылғы бағалар деңгейінде айқфндалып келген еді. Еске сала кетейік, құрылыстағы ресурстық тәсілмен сметалық құнды айқындау экономикалық дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 48-і қадамын жүзеге асыру барысында енгізіліп отыр. 

   ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-теxникалық мектебі 2017 жылдан бастап тегін теxникалық және кәсіби білім беру аясында 16 әскери мамандық бойынша оқытуды бастамақ. Бұл туралы  орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында «ҚР ҚМ Әскери-теxникалық мектебі» РМКК директоры генерал-майор Владимир Шацков мәлім етті.

 «Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігі тегін теxникалық және кәсіби білім беру аясында 16 әскери мамандық бойынша оқыту тапсырмасы берілді. Айта кету керек, маман даярлау қызметі бізде екі мақсатта дамиды. Егер біз бұның алдында барлық категориялар бойынша теxникалық мамандар даярлап келсек, бүгінде ҚР Президентінің тапсырмасын орындау үшін материалдық-оқыту базамызды түзедік. Енді аспазшы, наубайшы, слесарь, дәнекерлеуші сынды мамандықтар бойынша оқыта береміз», - деді ол. 

  Елдегі реформалар әрбір ҚР азаматы өзінің болашағына сенімді болуы үшін жасалуда, -деген пікір білдірді  «Нұр Отан» партиясында өткен «Нұр Отан» партиясының  XVII съезінде Президент Н.Назарбаев алға қойған Қазақстанды дамыту мәселелері» атты дөңгелек үстелде белгілі сарапшы, Саясаттанушылар конгресі басқарушы директорының орынбасары Владимир Тельнов.

 «Әлемдік жағдайдың ушығып бара жатқан ахуалына қарсы қадам ретінде Қазақстан Президентінің іс-қимылы ұтымды деп айтуға болады. Оның «Нұр Отан» партиясының  XVII съезінде сөйлеген сөзі осыған дәлел бола алады. Жаһандық дағдарысқа қарамастан, онымен байланысты барлық қиындықтарды елеместен, Назарбаев Қазақстанның барлық салаларында қол жеткізілуі тиіс ғаламат реформаларды жариялады. Біз әлемдік экономиканың, саясаттың және қауіпсіздіктің мүлдем жаңа моделінің құрылуы алдында тұрмыз. Аталмыш міндет - барша адамзат алдында тұрған міндет. Соның ішінде, мемлекеттік деңгейге келетін болсақ, Қазақстан халқының алдында да қойылып отырған міндет. Осыған Елбасы да меңзеп отыр», - деп атап өтті сарапшы.

Оның сөзі бойынша, «100 қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген жаңғыру реформалары тарихи міндеттерді шешудің жолдарын көрсетіп берді.

«Біз Елбасы айтып отырған, жаңару мен жаңғырудың мақсаттары мен логикасын айқын түйсінуіміз қажет: адами капиталды сақтап қалу және оны ұлғайту, Қазақстан экономикасын жаңғырту, мемлекетті заман талабына сай етіп қайта құрылымдау, біздің қоғамның азаматтық белсенділігін жоғарылату. Қазақстанда «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамалық бағдарламасының негізі - адам. Барлық реформалар ең алдымен адами капиталды арттыруға, адамның өмір стандарттары сапасын арттыруға, құқықтарын сақтауға, әлеуметтік қолдауға және жұмыспен қамтуға бағытталып отыр. Әрбір ҚР азаматы өзінің болашағына сенімді болуы тиіс», - деді В. Тельнов.  

  Елбасы ұсынған бес институционалдық реформаны жүзеге асыру - әрбір қазақстандық үшін үлкен жауапкершілік. Философия ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің деканы Әлия Масалимованың пікірі осындай.

Оның айтуынша, бұл реформалардың табысты болуы билік пен халықтың ерік-жігеріне тікелей байланысты.

«Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» - еліміздегі қоғамдық қатынастар жүйесін түбегейлі өзгертеді. Біздің алдағы жылдардағы ортақ міндетіміз - осы бес институционалдық реформаны кезең-кезеңмен жүзеге асыру. Бұл жерде оларды кімнің, қалай жүзеге асыратыны өте маңызды. Мемлекетіміздің саяси жағынан да, экономикалық жағынан да тұрақтылығын арттыруға бағытталған бұл келелі міндеттерді орындау қолымыздан келеді. Ал мемлекет пен қоғам біртұтастығын және тұрақтылығын сақтаса және реформалар ғылыми негізде жүзеге асырылатын болса, олар тиімділігі арта түседі», - деді Ә. Масалимова.

Сонымен қатар, ғалым әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену стратегиясын тек бөгде елдердің тәжірибелеріне сүйініп қана жүзеге асыру мүмкін еместігін жеткізді.

«Бұл үшін отандық ғалымдар бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу жобалары арқылы жаңа тәсілдемелер, жаңа білімдер, жаңа әдістемелер ойлап табулары тиіс. Сондықтан, біз бірінші кезекте қоғамдағы өзекті мәселелерді анықтауға, болашақ дамудың моделін дайындап, даму сценариін әзірлеуге, мониторинг, сараптама және баға беру жүйесін қалыптастыруға күш салуымыз қажет. Өйткені, даму барысында күтпеген тәуекелдер, өзгерістер орын алуы мүмкін. Біз бұған дайын болуымыз керек», - деді Ә. Масалимова.

 «Нұр Отан» пар­тиясының кезектен тыс XVII съезінде Елбасы Н.Назарбаев көптеген келелі мәсе­лелерді талқыға салды. Соның ішінде маған ұнағаны, елімізде жұ­мыссыз жандар болмауы керектігін баса айтқаны болды, деді Қармақшы аудандық емханасының бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев.

Оның айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекет тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктер мен мүмкіндіктер жайы көңілден шыққан. «Мұндай істерді тоқтатпай, қайта жандандыру елімізде жұмыссыз жандар болмауын қамтамасыз етеді»,- деді бас дәрігер.

Соңымыздан білімді де білікті жас буын өсіп келе жатқандығына тоқталған аудандық емхананың басшысы, бірлескен іс-қимыл арқылы мақсаттарға қол жеткізетіндігін атап өтті.

«Осы ретте Елбасының бастамасымен қолға алынған сан салалы мемлекеттік бағдарламалар негізінде елімізде көптеген кәсіпорындар ашылды. Жаңадан ашылған жұмыс орындарының арқасында қаншама адам тұрақты еңбекпен қамтылды. Мұндай бағдарламаның қатарында «Жұмыспен қамту -2020» ерекше маңызға ие болды. Аталған бағдарламаның аймақта жүзеге асуына «Нұр Отан» партиясы да ықпал етуде. Тағы бір айтарлығы, халық санының артуы да назардан тыс қалмады. 17 жыл ішінде ел халқы 3 млн адамға көбейген. Біздің соңымыздан білімді де білікті жас буын өсіп келеді.Тұтастай алғанда, партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған мақсаттарға қол жеткізу жолы бүкіл қазақстандықтардың бірлескен іс-қимылында жатыр»,-деп қорытты сөзін Б. Нысанбаев.

 «Қазақстанда жұмыссыздық деген болмауы керек. Өйткені, біздің елімізде жұмыссыздықты өршітпеуге барлық ресурстар да, мүмкіндіктер де баршылық». «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтқан еді. Мемлекет басшысы келтірген мәліметтерге қарағанда, әлемде 1 млрд. 700 миллион адам еңбекке қабілетті болса, 250 миллион адам жұмыссыздық шырмауында, дүниедегі 7 млрд адамның ішінде тек 1,2 млрд. адам ғана тұрақты жұмыспен қамтылған.

Шындығында, дағдарыста әлеуметтік қысымның күші негізінен жұмыссыздыққа түсетіні анық. Әлемдегі құбылыстар да осы мәселенің әлемнің қайсыбір Үкіметі үшін де өзекті екенін аңғартып отыр. Жұмыссыздық, әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздық өршісе қоғамдағы толқыныс ықтималы да артады, тіпті жұмыссыздық әлеуметтік қылмыс көрсеткіштерінің өршуіне де себеп болады. Ендеше, бүгінгідей жаһандық дағдарыс жағдайында жаппай қысқартулардың белең алуына жол бермей, бос жұмыс орындарының ашылуын қолдау, ынталандыруға жағдайлар жасалуы маңызды.

Айта кетерлігі,  бұған дейінгі дағдарыстармен күресте жұмыссыздықты ауыздықтау бағытында елімізде біршама тәжірибелер жинақталғаны анық. Бұның тиімділігіне орай, ҚР Президенті бұған дейінгі «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жалғастыруды қолдаған болатын. Бұл ғана емес, еліміздегі кәсіпкерлікті қолдау, өңірлерді дамыту, ауыл шаруашылығын дамыту секілді сан-салалы бағдарламалар да жұмыссыздыққа қарсы шараларды қамтиды. Тұтастай алғанда, Қазақстанда тиісті бағдарламалар мен қаржылық қолдау тетіктері қамтылып, «Жұмыспен қамтудың жол картасын» өзектендіру арқылы еңбек адамдарына қолдау көрсетіліп жатыр. Соның арқасында Еуропа елдеріндегі секілді жағдай ушыққан емес, керісінше «бос жүрмеймін, еңбек етемін» деген ынталыға қазір жұмыс табудың жағдайлары жасалып жатыр. Әйтсе де, алдағы күндердің қалай болатыны болжанбай тұрған заманда, жұмыссыздықпен күресті жандандыра берудің маңызы артып жатқаны белгілі. Бұл ретте Елбасы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру арқылы алдағы бірнеше жылдың ішінде 400 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берілетінін айтқан болатын. «Біз еңбек адамдарына «Жұмыспен қамту-2020» Жол картасының маңыздылығын арттыру арқылы қолдау көрсетеміз. 2015 жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасына 770 миллиард теңге қарастырылды, ол 93 пайызға игерілді. 500 шақырымға жуық автомобиль жолы салынды, қайта жөнделді. 7000 пәтер салынды, оған қосымша Тұрғын үй құрылыс-жинақ банкі арқылы 3700 пәтер берілді, сондай-ақ, 51 білім беру нысаны іске қосылды. Кәсіпкерлікті қолдауға 100 миллиард теңге бөлінді. Агроөнеркәсіп кешеніне, автоөндірушілерге және басқа да салаларға көмек көрсетілді. Бұл - бір жылғы жұмыстың нәтижесі. Алдағы уақытта жеке бизнесті, жұмысшыларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ісін қаржыландыру көлемі ұлғайтылады. Жалпы, «Нұрлы Жол» жобаларын жүзеге асыру барысы таяу жылдарда 400 мың жұмыс орнының ашылуын қамтамасыз етеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Түйіндей айтқанда, әлемдік экономиканың еліміздің дамуына ықпал етуі жағдайында халықты жұмыспен қамту мәселесі айрықша өзекті болып отыр. Сондықтан да, Елбасы тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Жұмыспен қамту туралы» жаңа заң жобасын әзірлеген болатын. Бұл құжат Сенатта таныстырылды.

  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, жаңа редакциядағы заң жобасы Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Бұл ретте өзгерістер негізінен экономиканың тиімділігін арттыру мен құрылымын өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз ететін сапалы еңбек нарығын құруға бағытталады. Ал құжатты әзірлеу барысында Халықаралық еңбек ұйымының негізгі қағидалары есепке алынып, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тәжірибелеріне назар аударылған. «Заң жобасы бойынша жауапкершілігін күшейте отырып, жұмыссыз статусын беру рәсімін өзгерту қарастырылады. Бұл үшін жұмысқа орналасу мақсатымен жұмыспен қамту орталығына хабарласқан жеке тұлғаға ең алдымен «жұмыс іздеуші тұлға» деген статус беріледі. Сосын жұмыс іздеп келген адамға он күнде нарықтағы бос орындар ішінен тиісті жұмыс орнын іздеуге көмек көрсетіледі. Егер осы уақыт аралығында көзделген жұмыс табылмаса, сонда ғана бұл адамға «жұмыссыз» статусы беріліп, жұмыс іздеуші жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға жіберіледі», - деді Т. Дүйсенова.

Айта кетерлігі, министрлік алдағы уақытта жұмыспен қамтуға жеңіл-желпі қарамайтындығын аңғартып отыр. Бұл ретте ең алдымен заң жобасы арқылы жұмыссыздық статусын берудің үдерісі арқылы жұмыссыздарды формальды тіркеуді жою көзделеді. Сосын жұмыс іздеу, жұмысқа орналастыру үдерісі қарқынды дамитын болады. Бұның себебі де жоқ емес. Өйткені, осының алдында ғана ведомство басшысы Қазақстанда жыл сайын 17 мыңға тарта бос жұмыс орны игерілмей қалып жатқанын мәлімдеген болатын. Ендеше, елдегі жұмыс мәселесін тиімді ұйымдастырсақ Қазақстанда шын мәнінде жұмыссыздардың болмайтыны анық еді. Сондықтан да, заңдағы басты жаңалықтың бірі жұмыссыздық статусын берудегі өзгерістер болса, ондай статус тек ол адамға лайықты жұмыс табылмаған жағдайға ғана берілетіні қамтылып отыр.

Министр Тамара Дүйсенованың айтуынша, Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздар үшін әртүрлі кәсіптер бойынша жұмыс берушілер ұсынатын мәліметтер базасынан бос жұмыс орнын табумен белсенді түрде айналысатын болады. Сосын табылған жұмыс орындарына жұмыссыз адам жолданады. «Заң жобасына сәйкес, егер жұмыс іздеушіге лайықты келетін жұмыстар үшін оқыту қажет болса, онда жұмыс іздеушілер арнайы курстарға жолданады. Сонымен қатар, жұмыс іздеуші тұлға әрбір үш күн сайын өзі Халықты жұмыспен қамту орталығына барып тұруы тиіс. Осы арқылы оның белсенді жұмыс іздеп жүргені нақтыланады және ол нақтыланбаса онда он күн ішінде тұлға жұмыссыз статусын ала алмайды», -деді Т. Дүйсенова. Бір сөзбен айтсақ, алдағы уақытта заң арқылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысатын тұлғалар санаты кеңейе түседі.

Бұл ретте кәсіби оқыту шараларына жұмыс іздеп жүрген азаматтар, жұмыссыздармен қатар, еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істеп жүрген тұлғалар бағытталады. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыз азаматтарға беріледі. Жастар практикасына 29 жасқа дейінгі білім беру ұйымдары түлектерінің арасындағы жұмыссыздар жіберілетін болады. Қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздармен бірге, студенттер мен жазғы демалыс мерзіміндегі жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушылары, кәсіпорынның жұмысы тоқтатылып қалған уақытында жұмыспен қамтылмаған азаматтарды орналастыру да ұсынылып отыр. Сонымен қатар, заң жобасы мүгедектерді, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларды, бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтар мен интернаттық ұйымдардың кәмелет жасына толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін квота бөлуді қарастырмақ.

Жұмыспен қамту бағытындағы тағы бір маңызды шара - Қазақстан еңбек нарығының көрсеткіштерін халықаралық стандарттарға көшіретін болады. «Біздің алдымызға әлемнің отыз дамыған елінің қатарына ену туралы тапсырма жүктеліп отыр. Сондықтан да, біз осы елдердің халықаралық стандарттарын сатылап енгізуге тиіспіз. Халықаралық еңбек ұйымының қағидаттарына сәйкес, аталған елдерде еңбек нарығын көрсеткіштерін өлшеу біраз өзгеше. Мәселен, «экономикалық белсенді халық» дегеннің орнына «жұмыс күші» деп көрсетіледі, сосын жұмыс күшіне кірмейтін тұлғалар жеке айқындалады. Қазіргі күні ЭЫДҰ елдерінде экономикалық белсенді халықтың құрамына жалдамалы жұмысшылар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар да кіреді», - дейді Тамара Дүйсенова. Оның айтуынша, ЭЫДҰ елдерінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына сатуға шығарылатын өнімдер шығарып, табыс табатындар жатады. Ал өзі пайдалану үшін өнім шығаратын халық  «жұмыс күші» құрылымына жатқызылмайды. «Біз де осы тәсілді қолданатын боламыз. Осылайша, өзі пайдалану үшін өнім шығаратын азаматтар және жұмыс істей алатын, тек жұмысы жоқтығынан жұмысқа орналаспаған немесе жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты жұмыссыздар ретінде саналуы тиіс. Мәселен, бұл тұлғаларға бала күтіміне байланысты демалысқа шыққандар, мүгедек баланы қарайтын аналар, үй шаруашылығымен айналысатын адамдар, өзінің жеке қосалқы шаруашылығымен айналысатын тұлғалар жатады. Ал біз бүгінгі күні бұл тұлғалардың бәрін өзін өзі жұмыспен қамтығандар деп атап жүрміз. Енді жаңа халықаралық стандарттар енгізілсе, олар экономикалық белсенді емес топқа жатады және статустары бойынша әлеуметтік немесе мемлекеттік қолдауды талап ете алады», - дейді Тамара Дүйсенова.

Жұрт біле жүретін тағы бір заңнамалық новелла әлеуметтік көмек жұмысқа жарамды азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда ғана беріледі. Бұл норма 2018 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Бұл үшін жұмыссыз азаматтар мен жұмыспен қамту орталықтары арасында әлеуметтік келісімшарт жасалатын болады.  Яғни, жұмыссыздарға тек ақшалай көмек ұсынылмайды, оған жұмысқа орналасуға көмек беріледі. Сосын қажет болған жағдайда қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру үшін әртүрлі курстарға жіберіледі.

Еңбек нарығындағы өңірлік сәйкессіздіктерді жою шаралары да қамтылып отыр. Осы мақсатта әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді-мекендердегі азаматтарды жұмыс берушінің талаптарына сай әлеуеті жоғары елді-мекендерге көшіру көзделеді. Бұл ретте аймақтық қоныс аударушыларға берілетін квоталар аясында Үкімет белгілеген аймақтарға тұлғаларды жұмыспен қамту мақсатында ерікті қоныс аудару ісін жандандыруға негізделген жаңа шара қарастырылады.

Түйіндей айтсақ, жұмыс істеймін, жұмыс іздеймін деген адамға енді бар жағдай жасалмақ. Ең бастысы бұған құлық болуы керек. Құлықсыздық жоғалса, жұмыссыздық та құритын болады.  

    Батыс Қазақстан облысында Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында құрылған жергілікті полиция қызметі әкімдіктермен, тұрғындармен бірлесе отырып, өзгенің мүлкін ұрлау сынды қылмыстардың алдын алу бағытында кешенді шараларды қолға алмақшы. Бұл туралы БҚО Ішкі істер департаменті жанындағы консультативті-кеңесші органның отырысында мәлім етілді.

Жиында департамент бастығы, полиция полковнигі Махамбет Әбисатовтың атап өткеніндей, аталмыш кеңесші орган да Ұлт жоспарына сәйкес ҚР Ішкі істер министрінің арнайы бұйрығы негізінде құрылып отыр. Құрамына 9 адам енгізілген бұл ұйым ішкі істер органының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп, тұрғындардың полицияға деген сенімінің беки түсіп, құқықтық тәртіптің нығаюына септесетін болады.

Жиында мәлім етілгеніндей, өзгенің мүлкін ұрлаудың жолын кесу бағытында 2015-2017 жылдарға арналған ведомстволық бағдарлама қабылданып, тиісті шаралар алынып жатқанына қарамастан, бұл мәселе көкейкесті күйінде қалып отыр. 2015 жылы 7249 өзгенің мүлкін ұрлау тіркелсе, бұл жалпы қылмыстың 56,3 пайызын, яғни тең жартысынан астамын құрайды. Соның ішінде 688 мал ұрлығы тіркеліп, 2014 жылғыдан (707) 2,7 пайызға азайған. Тұрғындардың барлығы 1748 бас малы ұрланып, оларға 154,604 млн теңге залал келтірілді.

Бұл өңірде бақташы мәселесінің өткір тұрғанын көрсетеді. Яғни далада бағусыз жүрген малдың қолды болуы оп-оңай. Екіншіден, малдың жоғалғаны жөнінде тұрғындардың уақтылы хабар бермеуі де қылмыстың ашылуына кедергі келтіреді.

«Қазіргі таңда жергілікті полиция әкімдіктермен, қоғамдық ұйымдармен және тұрғындармен бірлесе отырып, мал ұрлығын болдырмау бағытында жұмыс жасауда. Бұл ретте жұмыспен қамту органдары арқылы бақташы табу, еркін жайылыста жүретін малға GPS-треккерлерді орнату жұмыстарын жалғастыру бағытында шаралар алынуда. Күні бүгін үш ауданда ғана бақташы жұмысқа орналасса, 1 217 бас жылқыға 38 GPS-треккер қондырылды. Қоғамдық тәртіпті нығайтуға азаматтарды тарту да назардан тыс қалмайды. Бұл бағытта өңірде 241 қоғамдық құрылым (2204 адам) жұмыс жасауда. 2015 жылы қоғамдық көмекшілердің жәрдемімен 93 қылмыс ашылып, 170 азамат 2,972 млн теңгеге ынталандырылды. Биыл бұл мақсатқа 3 млн астам теңге бөлініп отыр», деді облыстық жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары, полиция майоры Кенжебек Қоспаев. 

  Алматыда «Ұлт жоспары - «100 нақты қадамды» орындау,  сондай-ақ бірінші реформадағы - қазіргі кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мен мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау бойынша нақты әрекеттерді іске асыру мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді.

Кеңесті ұйымдастырған  ҚР Мемлекеттік қызмет істері  министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы. Олар «Мемлекеттік қызметтің жастар үшін әлеуметтік баспалдақ ретіндегі рөлі»  тақырыбындағы семинар-кеңесті Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінде профессорлық-оқытушылар құрамы мен студент жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырды.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 5 институционалды реформасын жүзеге асыру аясында е тоқталды.

«Барлық мемлекеттік, оның ішінде құқық қорғау қызметкерлеріне жаңа серпін беретін,  69 баптан тұратын  «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң қабылданды. Заңда қазіргі мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу және олардың талаптарын жетілдіру мен жаңа еңбекақы енгізу мәселелері қарастырылған», - деді өз сөзінде М. Анапин. 

Сонымен қатар, іс-шара барысында студенттерге әсіресе мемлекеттік қызметке тұрудың жаңа   шарттары - меритократия принциптерінен тұратын мансаптың өсу үлгісі, дәлірек айтқанда алғашқы рет жұмысқа қабылданғандар өз қызметтерін ең төменгі лауазымнан бастау мәселелері түсіндірілді.

Өз кезегінде ҚазҰЗТУ проректоры Найман Қалабаев  университетте 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқтала келе, өткізіліп жатқан  шараның Ұлттық жоспарды жүзеге асыру және студенттер үшін өте маңызды екеніне баса тоқталды.

  Сондай-ақ елорда да ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту: «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру міндеттері мен технологиялары» тақырыбындағы 3 күндік республикалық семинар-тренинг өтті.

«Бұл - өте күрделі тақырып. Дегенмен, Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, 5 институттық реформасының 4-ші бағытын жүзеге асыру барысында өткен жылы біраз жұмыс атқардық. Нормативтік-құқықтық база құрылды, бірқатар негіз қалаушы құжаттар әзірленді. Біздің реформалардың төртінші бағыты аясында өткізіп отырған  жұмыстарымыздың негізгі мақсаты, идеясы  - бұл болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру», - деді алқалы жиынды ашқан ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсілов.

Айта кетейік, семинар барысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында айқындалған жалпыұлттық бірлік пен  бірегейлікті қалыптастыру міндеттері түсіндіріліп,  жалпыұлттық бірлік пен  бірегейлікті қамтамасыз ету ауқымында мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасындағы өзара қатынастың әдістері мен ұстанымдары қарастырылады.  Этноәлеуметтік, этносаяси және этноконфессиялық үдерістерді тиімді басқарудың теориялық және тәжірибелік құрамдас бөліктері сөз болады. Сонымен қатар «Мәңгілік ел» идеясының мәдени-философиялық негіздері мен мемлекеттік-азаматтық сәйкестілікті қалыптастыру процесін жетілдіру жолдары талқыланады.

Семинар барысында қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша пікір алмасу жән жұмыс тәжірибесімен бөлісу үшін пікірталас алаңдары ұйымдастырылады.  

 «Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» - Қазақстанның экономикалық өсімі мен индустриалды-инновациялық дамуын қамтамасыз етудің нақты шешімдері. Бұл туралы  «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағының президенті Сәуле Шәуенова мәлім етті.

«Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» - бұл ішкі және сыртқы сын-тегеуріндерге берілген ұтымды жауап, әрі әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену бойынша нақты жоспар болып табылады. Ол экономиканың басым бағыттарын мемлекеттік реттеулерге қатысты артық шектеулерден босатады. Бір сөзбен айтқанда, Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» - Қазақстанның экономикалық өсімі мен индустриалды-инновациялық дамуын қамтамасыз етудің нақты шешімдері», - деді С. Шәуенова.

Сонымен қатар, ол жеңіл өнеркәсіп саласында отандық тауарларды әлемдік нарыққа шығару үшін бірлескен кәсіпорындар құруға мүмкіндік беретін жаңа реформалардың үлкен маңызға ие екендігін айтты.  

«Бұл реформалар елімізде жеңіл өнеркәсіптің дамуына үлкен серпін береді. «Қазбренд» белгісіндегі отандық тауарлардың көбеюіне септігін тигізеді. Тоқыма саласында ілеспе бұйымдар мен өнім шығарушылар біріге түседі. Сондай-ақ, 5 институционалдық реформа жаңа өнімдер өндіріп, оларды ішкі және сыртқы нарыққа шығаруға, сәйкесінше жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді», - деді сарапшы.

Бүгінгі таңда Елбасы Н. Назарбаевтың қазақстандық өнімдерді дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында еліміз бойынша тұңғыш рет Астанада отандық тауарларға арналған «УниверMAG.kz» әмбебап дүкені ашылды. Сондай-ақ, ҚР Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағы құрылды. 

«Қазақстанда индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының алғашқы бесжылдығы барысында экономикада тұрақтылық орнады, отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көлемі өсті. Ұлты жоспары - «100 нақты қадамды» орындау - отандық бизнеске өндіріске инновациялық техникаларды ендіріп, әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Елбасы өңдеуші өнеркәсіп салаларын жетілдіруге және дамытуға көп көңіл бөліп келеді. Ал бұл, Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптің қарыштап дамуына жол ашады», - деді С. Шәуенова. 

  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру үшін 22 заң жобасы даярланды», дейді Берік Имашев. Ол бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің алқа мәжілісінде мәлім етті.

«Үкімет жыл сайын заң жобалау жоспарын бекітеді. Соңғы жылдары олардың 100 пайызға орындалғаны байқалады. 2015 жылы 30 жоспарлы заң жобасы әзірленіп, олардың барлығы Парламент қарауына дер кезінде енгізілді. Бұдан басқа 2015 жылы Үкімет пен Президент Әкімшілігі басшылығының тапсырмалары бойынша жоспардан тыс 11 заң жобасы әзірленді. Сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру үшін 22 заң жобасы даярланды. Сонымен,  барлығы 58 Заң қабылданды. Үкімет тұтастай алғанда 63 заң жобасын әзірледі»,-деді министр.

Өткен жылы министрлік 2016 жылға Үкіметтің заң жобалары жоспарын әзірлеп, онда 26 заң жобасын әзірлеу, сондай-ақ биылға құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша жоспарды даярлады. Бұл жоспарға 19 шара енгізілген көрінеді.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, Әділет министрлігі мемлекеттік қызмет көрсетудің 53 түрін іске асырады. Осы орайда 2015 жылы 11 миллионнан астам қызмет көрсетілсе, оның 83 пайызы электронды нұсқада іске асырылды. 

  «Нұр Отан» партиясы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесі Елбасының мақаласында жүктелген тапсырмаларын орындау үшін идеологиялық жұмыстарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлейтін болады. Бұл туралы  «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысында Сенат депутаты Ақан Бижанов мәлім етті.

Қоғамдық кеңес отырысы Елбасының «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған болатын.

«Елбасы мақаласында ерекше аталып өтілген мәселе, жаһандық экономикалық дағдарыс әсеріне, туындап отырған қиындықтарға қарамастан Үкімет пен басқа да билік органдары әлеуметтік бағдарламаларды, халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді толықтай орындауға күш салуы керек. Сондықтан да, бүгінгі отырыстың қорытындысына орай Елбасы мақаласында жүктелген тапсырмаларды орындау бойынша, сондай-ақ идеологиялық жұмыстарға қатысты ұсынымдар қабылданатын болады», - деді Ақан Бижанов.

Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» Қоғамдық кеңесі 2010 жылы құрылған. «Мирастың» қызметі азаматтар мен қоғамдық ұйымдарды мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ісіне жұмылдыруға бағытталады. 

 ОҚО-да 5,2 млн. текше метрден астам пайдалы қазбалар өндірілген. Нақтырақ айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мамандарының мәліметінше, өткен 2015 жылы облыста 3853,3 мың текше метр құм-шағал қоспасы, 1024,3 мың текше метр сазды топырақ, 329,4 мың текше метр құм өндірілді, деп хабарлады облыс әкімінің  баспасөз қызметінен.

Аталған жер асты қазбалары өңіріміздегі облыстық және республикалық деңгейдегі жолдарды салуға жұмсалып, жалпы қажеттілікті толықтай өтейді.

Облыс аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды игеру бойынша 180-ге жуық келісім-шарт жасалса, кәсіпкерлер жер қойнауындағы құм-шағал қоспасын, сазды топырақ, құм, әктас, бентонитті саздақ, гипс және ангидрит, тұз, құрылыс тасы, минералды пигменттер, базальт, мраморлық брекчиялар, вермикулит сынды пайдалы қазбаларды өндірумен айналысады. 

Айта өткен жөн, басқарманың жер қойнауын реттеу саласындағы негізгі міндеттері - келісім-шарт талаптарының орындалуын өз құзыреті шегінде қадағалау. Келісім-шарт талаптарының орындалуына мониторинг жүргізіп, ақпараттық талдау, сараптау арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға баытталған жұмыстарының нәтижесінде, аймақ қазынасына өткен жылы 104 млн. теңге қаржы құйылған.
 Енді бірауық,   іскесырылатын өндіріс орындаарылыіске асырылатын,лллҰҰлт жоспары - «100 нақты қадамды» орындау,  сондай-ақ бірінші реформадағы - қазіргі кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мен мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау бойынша нақты әрекеттерді іске асыру мәселелерін  р ісіс аясында Ұлт Жоспары Құрық портының паром кешенінің бірінші кезеңі 2016 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілетін болды.

Бұл жайлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болып, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы көліктік-инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы барысымен танысқан кезінде айтылды, деп хабарлады «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінен. 

Асқар Мамин барлығы 15 шақырымдық уақытша пайдалануға берілген Боржақты-Ерсай жаңа темір жол желісінің қызмет барысын қарап көрді. 

Өткен жылғы маусымның 15-інде пайдалануға берілген желіде Құрық портына дейін қозғалыс басталып, Каспий теңізі жағалауында паром кешені құрылысына дейін жеткізілген. 

Ерсай станциясынан Құрық портына дейін темір жол тартылады. Қазіргі кезде онда темір жолдың үстіңгі қабатына қажетті құрылыс материалдары дайындалып жатыр. Ерсай станциясы темір жолының кіре берісіне 120 мың текше метр топырақ қабаты төселді. 
Жылына 4 миллион тонна жүк өткізу әлеуеті бар паром кешені арқылы астық, мұнай өнімдері, тыңайтқыш, химикаттар тасымалданады. Сонымен қатар, Каспий аймағындағы көршілес мемлекеттерден келетін жүктер де тасылады.

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті одан әрі дамытудың маңызы зор. Бұл туралы «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ сарапшысы Азат Құтпанбетов мәлім етті.

Оның айтуынша, Ұлт жоспарының 34-қадамына сәйкес мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті (МЖӘ) дамыту щеңберінде пенитенциарлық инфрақұрылымды жаңғырту, пенитенциарлық мекемелерді салуға, ұстауға және басқаруға жеке меншік секторды тарту жөнінде ұсыныстарды екшеу және осы салада халықаралық тәжірибені зерттеу, жобаларды құрылымдау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Бұл ретте 2015 жылдың 31 қазанында Елбасы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңына қол қойғандығын айта кетейік. Аталмыш Заңнын қабылдануына байланысты экономиканың барлық салаларында МЖӘ-ні қолдану ауқымы, қатысушылар мен шарттар түрлері кеңейтілді.

Пенитенциарлық салада МЖӘ тетігінің көмегімен жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты атқарылған істерге келер болсақ, 2015 жылдың маусым айынан бастап жыл бойы МЖӘ орталығының алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС өкілдерінің, сонымен қатар әлеуетті инвесторлардың қатысуымен пенитенциарлық жүйе мәселелерін талқылауға қатысты кездесулер өткізіліп, оларда қаржыландыру шарттары және пенитенциарлық жүйедегі нақты тәжірибе жөніндегі мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар МЖӘ орталығымен АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Францияның аталған саладағы қалыптасқан тәжірибесі зерттелді. Зерттеу барысында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі бойынша жұмыс істеп жатқан нысандардың мысалында жобаны іске асырудың негізгі заңды, қаржылық және техникалық мәселелері пысықталды. Сонымен қатар түрлі елдердің құқықтық жүйелері де зерттеу барысында назардан тыс қалған жоқ. Одан бөлек, Франция заңнамасы бойынша концессиялық қатынастарды реттеу, соның ішінде бәсекелестік диалог тетігін қолдану мәселелері талқыланды.

Сарапшының пікірінше, бұл ретте ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті ұсынған «Шымкент қаласында 1500 орындық түзеу мекемесін салу және басқару» жобасы секілді ірі жобаларды жүзеге асыру шеңберінде инвесторлардың пікірлерін есепке ала отырып, мемлекеттің ашық және дұрыс ұстанымын әзірлеу негізі қалануы тиіс.

 Сондай-ақМемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға қатысты Елбасының халыққа арнаған Жолдауында айтылған және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген бюджет шығыстарын азайту құралы ретінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін қолдану және соны енгізу бойынша кең ауқымды әдіснамалық жұмыстар жүргізу туралы тапсырмасына сәйкес «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ көлемді істер атқаруда. Мәселен, өткен жылдың желтоқсан айынан бастап кестеге сәйкес мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде және квазимемлекеттік секторлар бойынша кеңестер, оқыту семинарлары және нүктелі семинарлар, тармақты жиналыстар өткізілуде. Аймақтық жиындар ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында өткізілді. МЖӘ тетігінің мүмкіндіктері мен тиімділігін, сонымен қатар «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңын қоғамға кеңінен түсіндіруді көздейтін аталмыш жиналыстарға орталық және өңірлік жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор, сондай-ақ бизнес құрылымдарының өкілдері қатысты. МЖӘ тетігі жеке меншік тараптың қатысуынсыз жүзеге аспайтындығы анық, бұл тұрғыда Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге, сонымен қатар МЖӘ орталығының алаңында шетелдік және отандық инвесторлармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар тұрақты түрде өткізіліп жатыр. Тағы да бір айта кететін жайт, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының қабылдануы МЖӘ жобаларын экономиканың барлық саласында жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Осы орайда МЖӘ орталығы еліміздің барлық өңірлерінде жоспарланып және жүзеге асырылып жатқан жобаларға күнделікті қолдау көрсетуде.

«Қорыта айтқанда, Заңның қабылдануымен туындаған жаңа мүмкіндіктер, жобалардың барлық салаларды жүзеге асырылуы, сонымен қатар МЖӘ орталығымен осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің дамуына тың серпін береді деген ойдамыз», - деп түйіндеді ойын А.Құтпанбетов.

Қазақстанда инвестициялық саясат кең ауқымда жүргізіле бастайды. Бүгін Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде өткен кездесуде Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев осылай мәлімдеді.

«Біз инвестициялық саясаттың ауқымын кеңейте түсеміз. Бұл ретте Елбасы жаңа экономикалық саясат аясында бюджеттік инвестициялардан мейлінше бас тарта отырып, жеке инвестицияларды барынша тартуды жүктеген болатын. Бұнда негізгі мәселе мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен шетелдік инвесторлар туралы болып отыр. Сондықтан да, былтырғы жыл бойы қабылданған «100 қадам» Ұлт жоспарының басым бөлігі осы бағытқа негізделеді. Осыған байланысты концессиялар туралы, мемлекеттік-жекешелік туралы, ауыл шаруашылығы туралы жаңа заңнамалардың қабылданғаны атауға болады», - деді кездесуде Әсет Исекешев.

Оның айтуынша, ендігі күні инвестициялар тартуда тек өңдеуші салаға ғана емес, басқа салаларға да басымдықтар қарастырылады. Олардың арасында ауыл шаруашылығы, туризм, денсаулық сақтау, білім беру, муниципалды инфрақұрылым секілді бағыттар бар.

«Осыған байланысты бүгінгі күні жекешелендіру бағдарламасының өзі ірі компанияларды ғана емес, жергілікті нысандарды да қамтып отыр. Бұдан бөлек, жер қатынастары, білім беру және ауыл шаруашылығы секілді салалардағы заңнамалық өзгерістер инвесторлар үшін тартымдылықты арттыра түспек», - деді министр.

  Ұлт жоспарының 100 нақты қадамын жүзеге асыру барысы Қазақстанның әр облыстарында қызу талқыланып, нақты істер атқарылды.

 Алматы медициналық колледжінде Ұлт жоспарының 100 нақты қадамын жүзеге асыру барысы талқыланды. Оқытушылар мен студенттер, «Нұр Отан» партиясының өкілдері оқу орнында атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде ой бөлісті.

Колледж директорының орынбасары Айжан Тәтібекованың айтуынша, мұндай жиындар колледжде бірінше рет өткізіліп отырған жоқ.

«5 институционалды реформаны жүзеге асыру жолындағы 100 нақты қадам туралы Мемлекет басшысының бастамасы жарияланған соң біздің ұжым жиналып жиын өткізді. Оқытушылық-профессорлық құрам мен студенттер тарапынан үлкен талқылау жасалды. Бүгін тағы да осы бағытта жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтып өтпекпіз», - деді Айжан Тәтібекова.

«Колледж қабырғасында Елбасының 5 инстиуционалдық реформасы жүзеге асырудың 100 нақты қадамы туралы талқылауға келдік. Өздеріңіз білесіздер, әлем қазір дүрбелеңге толы. Экономикалық кризис. Мен ойлаймын, Мемлекет басшысы аталған жоспарды дер кезінде ұсынды. Онда көрсетілген қадамдар сөз жоқ, елімідің алға жылжуына септігін тигізбек. Біріншіден, кәсіби мемлекеттік аппарат құру - өте өзекті мәселе. Оны біз бен сіз құраймыз. Ертеңгі күні мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтын біз. Мемлекеттік есеп беру елдегі сыбайлас жемқорлықты жояды. Үшіншіден, заңның үстемдігі ол өркениетті елдің дамуын көрсетеді.  Соңғы жылдары шағымдардың 80 пайызы сот жүйесінің олқылықтарын аша түсті. Ең басты мәселе, үлкен жұмыс жасалып жатыр. Сот жүйесі дегеніміз - бір адамның тағдыры. Экономикалық ахуалды қалыптастыруға 49 қадам  арналды. Ең алдымен, халықтың жағдайын көтеру керек», - деді «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының орынбасары Баубеков Арман.

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында халық алдында есеп берген кезінде Ұлт Жоспарында көрсетілген тапсырмаларға,  өткен 2015 жылы өңірдің экономикалық және әлеуметтік салаларында атқарылған жұмыстарға тоқталып,  алдағы бес жылда іске асырылатын міндеттерге орай жұмыс жоспарлары туралы баяндады. Есепті кездесуге жергілікті тұрғындармен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ж.Естенов қатысты. Жылдық есептің ерекшелігі сол, өңіріміздегі барлық аудан, қалалардағы тұрғындар әкім есебін онлайн режимінде тыңдап, сұрақ қоя алды. 
  Өткен 2015 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталған өңір басшысы өнеркәсіп саласында 668,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2014-ші жылмен салыстырғанда 64,5 млрд. теңгеге артқанын айтты. Бұл көрсеткіш бойынша біздің облыс республикада 5-ші орынды иеленіп отыр. Ал 2015 жылы жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1 адамға шаққанда 48 мың АҚШ долл. құрады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 18% артқан. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 344,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,5% өскен. 
 Мәселен, облысымызға тек өткен жылы 143 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, 58 жаңа жоба іске асырыла бастады. Ал, жалпы алғанда өңірде 11 индустриялды аймақ бар. Осы аймақтарға инвестиция көлемі 145 млрд. теңгені құрайтын 142 жоба мақұлданып, олардың 50-і толық іске қосылған. Алғашқы ашылған «Оңтүстік» индустриалдық аймағында орналасқан кәсіпорындар есебінен бүгінгі күнде бюджетке салық ретінде 4,4 млрд. теңге түсіп, мемлекеттің инфрақұрылымға жұмсаған 6,8 млрд. теңгенің 65% бюджетке қайтқан.

 Оңтүстік Қазақстан облысындағы әрбір аудан өзіндік әлеуетіне қарай дамитын болады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов тұрғындарға берген жылдық есебінде мәлімдеді, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

«Бұдан былай өңіріміздегі әрбір аудан өзіндік басым бағыттары бойынша дамитын болады. Облыста ауыл шаруашылығы саласының потенциалы өте үлкен. Сондықтан, бұл салаға жаңа технологияларды енгізіп, келесі бесжылдықта бұл саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады»,-деді аймақ басшысы.

 Яғни, ауылшаруашылық саласын реформалаудың негізгі бес бағыты жүзеге асырылатын болады. 
Бірінші бағыт - суармалы жерлердің жағдайын жақсартып, жаңадан суармалы жерлерді айналымға қосу. 
Екінші бағыт - фермерлерге төмен пайызбен берілетін несиелердің көлемін арттыру. 
Үшінші бағыт -әрбір ауылдық округте кооператив құрып, онда Машино-тракторлық станциялар (МТС) ашу. 
Төртінші бағыт - ауыл шаруашылық саласына ғылымның жетістіктерін көптеп енгізу. Яғни, әрбір ауданда сол ауданның ерекшеліктерін ескере отырып Кәсіпкерлік мектептерінің базасында Фермерлерге ғылыми консультациялық қызмет көрсететін орталықтар ашу. 
Бесінші бағыт бойынша - әрбір ауданның потенциалы мен климаттық ерекшеліктері зерттеліп, 2020 жылға дейінгі нақты индикаторлары бекітілді. 
 Мәселен, таулы аудандарда интенсивті бау шаруашылығы қолға алынса, осы жылы Қазығұрт ауданында 1800 гектарға жаңғақ, 300 гектар жерге алма баулары жобасы іске аспақ. Сондай-ақ, Төлеби мен Түлкібас аудандарында 1200 гектарға алма отырғызу қолға алынып, бау және оны қайта өңдеу кластері құрылатын болады. Таулы аудандардың тағы бір басым бағыты - сүт кластерін дамыту. 
Ал, Мақтарал ауданында мақта шаруашылығын қайтадан қолға алу жоспарланып отыр. Ол үшін мақтаның егіс алаңы ұлғайтылып, өнімділігін арттыру бойынша арнайы бағдарлама қабылданатын болады.
«Бүгінде республика бойынша жылыжайлардың 46 пайызы - Сарыағашта. Сондықтан, Сарығаш - көкөнiс өндiретін нағыз «фабрикаға» айналуы тиіс. Ол үшін ең алдымен, дихандарға өнімін сыртқа шығару үшін жағдай жасалу керек. Бұл жұмыстарды жүйелеу аясында Сарыағаш ауданында Транспорттық-логистикалық орталықтар құру жоспарланып отыр»,- деді өңір басшысы. 
 Сондай-ақ, әкім Шымкент пен Түркістанда Транспорттық-логистикалық орталықтары іске қосылатынын. Сырдың бойында 80 мың гектар жаңа суармалы жерлер айналымға қосылып, Шардара, Отырар аудандары және Арыс пен Түркістанда жүгері мен көкөністің жаңа алқаптары игерілетінін жеткізді. 
  Ал Созақ, Бәйдібек аудандарында мал шаруашылығы дамыса, Түркістан индустриалдық аймағында шұбат зауыты салынбақ. Мұнан бөлек, Түркістан, Арыс, Отырар, Созақта түйе сүтін жинау пункттері ашылатын болады. Қой етін экспорттау бойынша жұмыстар қайта қолға алынып, қой етінің алғашқы партиясы Иран Республикасына жолданатын болады.

   2015 жылы Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының жұмысы Президенттің «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» Жолдауында және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша белгіленген мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына бағытталған.

Бұл жайлы Таразда Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың тұрғындармен аймақтың өткен 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша есептік кездесуінде айтылды.      

Жамбыл облысы ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті химия және азық-түлік өнеркәсібін дамытудың дамыған әлеуеті бар өнеркәсіптік-аграрлық аймақ болып табылады.

Өткен жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 274,5 млрд. теңгеге өнім шығарды, физикалық көлемінің индексі 91,3 пайызды құраған.

Жамбыл облысында инфляцияның деңгейі Қазақстан бойынша қарағанда төмен - 2015 жылдың желтоқсанында бұл көрсеткіш аймақта 112,9 пайызды (елде - 113,6 пайыз) құраған.

«Азық-түліктің тұтынушылық бағалары орташа алғанда 9,9 пайызға, басқа тауарларға - 20,7 пайызға, ақылы қызметтерге - 9,1 пайызға өскен. Инфляциялық процестерді тежеу мақсатында облыс орталығы мен аудандарда негізгі азық-түлік тауарлары, азық-түлікке жатпайтын тауарлар және ақылы қызметтердің бағаларын тұрақтандыру штабтары жұмыс істеуде», - деді К.Көкірекбаев.

2015 жылы негізгі капиталға түскен инвестициялар көлемі туралы айта келе, облыс әкімі бұл көрсеткіштің 226,6 млрд. теңгені, немесе 2014 жылға қарағанда 105,9 теңгені құрайтынын атап өтті.

«Бюджеттік салымдардың инвестициялардың жалпы көлеміндегі меншікті салмағы 39,9 пайызды, жеке қаражаттар - 40,8 пайызды, банк несиелері мен басқа қарыз қаражаты - 41,6 пайызды құрап отыр. 2015 жылы жалпы сомасы 30,5 млрд. теңгеге 6 инвестициялық жоба іске асырылып, мұнда 425 жаңа жұмыс орны құрылды. 2015 жылдың қорытындылары бойынша Индустрияландыру картасы бойынша пайдалануға берілген инвестициялық жобалардан шығарылған өнімнің көлемі 3,052 млрд. теңгені құрап отыр», - деді К.Көкірекбаев.

 Ұлт жоспарын тиімді орындау бағытында әр салада оңды қадамдар қолға алынып та жатыр.

Солардың біріҚазақстанда «Геологиялық барлау жұмыстарының, минералдық ресурстар мен минералдық қорлардың нәтижелері туралы жария есептіліктің қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (KAZRC қауымдастығы) құрылды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мәлім етті.

Оның атап өткеніндей, «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» 5 институционалдық реформаны  іске асыру барысында 74-қадамды орындау - пайдалы қазбалар қорлары бойынша есептіліктің халықаралық жүйесіне көшу жөнінде жұмыс жүргізілуде.

«Минералды ресурстар және минералды қазбалар бөлігінде, қазіргі уақытта, Қазақстанда «Committee for Mineral Reserves International Reporting Standarts» CRIRSCO халықаралық комитетінің талаптарына сәйкес құжаттар дайындалуда. Оның ішінде: геологиялық барлау жұмыстарының,  минералдық ресурстар мен минералдық қорлардың нәтижелері туралы жария есептіліктің кодексі (KAZRC кодексі),  Қазақстанның есептілік стандарттарын CRIRSCO жүйесі бойынша халықаралық стандарттарға үйлестіру жөніндегі басшылық, «Сарапшының кәсіби этикасы» кодексі, «Тәуелсіз сарапшылар мен сарапшылар топтарын тарту, жер қойнауына тәуелсіз сараптама жүргізу әрі олардың қызметтеріне ақы төлеу тәртібі», «Геологиялық барлау жұмыстарының, минералдық ресурстар мен минералдық қорлардың нәтижелері туралы жария есептіліктің қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жарғысы (KAZRC жарғысы) бар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Б.Нұрабаевтың айтуына қарағанда, қазақстандық стандарттарды CRIRSCO ұйымының стандарттарымен сәйкес ету мақсатында шетелдік және отандық сарапшыларды тарту және тәуелсіз сараптама қызметін жүргізу көзделуде.

Айта кетейік, 2015 жылғы қаңтарда «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңға өзгерістер күшіне енген болатын. Қабылданған түзетулер жер қойнауын пайдаланушылар жұмысындағы кедергілерді алып тастауға,  салалық құқықтық базаны жетілдіруге, инвестициялық ахуалды жақсартуға және салаға тікелей шетелдік инвестициялар тартуға бағытталған. 

   «100 нақты қадам» Ұлт жоспары ауқымында Еуразиялық мультимодалдық трансқұрлықтық дәліз құру жобасы Азия мен Еуропа арасында тауарлар мен қызметтерді үздіксіз жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Бұл туралы ЕО дипломатиясының басшысы Федерика Могеринидің ресми өкілі Майя Косьянчич 5 институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» Ұлт жоспары ауқымында Қазақстанның халықаралық көліктік-коммуникациялық ағындарға ықпалдасуының практикалық кезеңі басталуына орай түсіндірмесінде  мәлімдеді.

 «Еуропалық мультимодалдық көлік дәлізін дамыту жөніндегі Қазақстанның жоспарлары Азия мен Еуропа арасында тауарлар ағынын, адамдарды және ақпараттарды жеткізу үшін өте маңызды. Бұл орайда өткен жылғы 21 желтоқсанда Астанада қол қойылған  ЕО мен Қазақстан арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім стратегиялық рөл атқарады», - деді Косьянчич.

ЕО аталған құжатта сауданы қолдау және көлік ынтымақтастығының басымдықты бағыттарын дамыту үшін кең қамтылған элементтер бар, мұның сонымен қатар Еуропамен тиімді, қауіпсіз және сенімді жүк тасымалдарын және негізгі көліктік байланыстарды кеңейтуде де маңызы зор деп атап өтеді.

Сонымен бірге, Брюссель Қазақстан аумағында теміржол инфрақұрылымын құруға ықыласпен ден қойып отыр, ол ҚР-ның экспорттық әлеуетін кеңейтумен қатар қосымша жұмыс орындарын ашуға тиіс.

«Еуроодақ Қазақстанда теміржол желілерінің кеңейту жоспарларын қызығушылықпен қадағалауда. Азия мен Еуропа арасындағы бұрынғыдан да тығыз байланыс бизнес үшін көптеген мүмкіндіктер береді және барлық мүдделі тараптардың өсу мен дамуына, жұмыспен қамтуға септігін тигізеді» , - деді еуропалық экономика басшысының ресми өкілі.

  

Түйін

  

Ел аумағында «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын орындаудың алғашқы қадамдары жайлы «ҚазАқпарат» ХАА жарияланған материалдарға жасалған талдау бойынша төмендегідей түйін жасадық.

 

 Қазіргідей әлемді дағдарыс меңдеп жатқан өлара шақта ел экономикасының еңсе көтеруіне, біртіндеп аршынды қадам жасауына бағыт-бағдар сілтейтін, әр қазақстандықтың  өсіп-өркендеуіне, әл-ауқатының артуына  жол ашатын Ұлт жоспарының орындалуы алдымен әркімнің өз ісінде жауапкершілік танытып, қарым-қабілетіне орай еңбек етуіне байланысты болса керек.

 Ел ішінде Ұлт жоспарынан қанаттанып, тың бастамаларды жүзеге асыра бастаған ірі кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарының, жаңа белестерді бағындыруға ұмтылған кәсіпкерлер қатарының күн өткен сайын көбейе бастағандығы көңіл қуантады.

Мемлекет басшысының осынау бағдарламалық мақаласында халықтың еңсесін көтеретін, жігерлендіретін қадау-қадау айшықты ойлар да аз емес.

 ҚР Президенті атап өткендей, «біз көптеген сынақтарға абыройлы төтеп бердік, шынықтық, рухымызды күшейттік. Біз жаңа Қазақстанды - Ұлы Дала Елін құрдық. Ұлт жоспарын орындай отырып, біз өзіміздің Ұлттың Өрлеу Дәуірінің көкжиектерін кеңейтеміз, өзіміз Тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген және бізге жаһандық даму берген барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз».

 Иә, заман көшінен қалмай қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану - елінің ертеңіне елеңдеген әрбір жанның басты міндеті, тіпті  парызы болса керек.

Қорыта айтқанда, озық кәсіпорындар мен өндіріс ошақтарындағы тың бастамалар, ел өміріндегі жаңа өзгерістер, іргелі қадамдар туралы соны жаңалықтарды  «ҚазАқпарат» ХАА   алдағы уақытта да  оқырмандарына ізін суытпай жеткізіп отыратын болады.

­