Шомылу маусымы басталғалы 75 бала көз жұмды – ТЖК

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел аумағында суға түсуге жабдықталған 607 ресми жағажай бар. Бұл туралы елордада өткен брифингте ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шілде айы шомылу маусымының нағыз қызған кезі. Өкінішкеқарай, суда қайғылы жағдайлар тіркелуде. Елімізде суға шомылып, балық аулайтын 50мыңнан астам аумақ бар. Солардың негізінде 607 ресми жағажай жасақталған», -деді В. Беккер.

Оның сөзіне қарағанда, шомылу маусымы басталғалы бері 214 адамсуға батты. соның75-і – балалар. Бұл тұрғыда 198 адамшомылуғаарналмаған жерде ажал құшқан.

ТЖК баспасөзқызметінің мәліметтеріне сәйкес, 173 жағдайда адамның (оның 54-і бала) көзжұмуына шомылу кезінде әлін дұрыс бағаламауы себеп болған.

Аталмыш қайғылы оқиғалардың көбісі Түркістан (25адам), Алматы (24), Ақмола (21), Шығыс Қазақстан (20) және Павлодар (18)облыстарында тіркеді.

ҚР ІІМ Төтеншежағдайлар комитеті азаматтарды су айдындарында қауіпсіздікережелерін сақтауға шақырады.

Демалыс орындарда суға мас немесе есірткі қабылдағанкүйде түсуге; суға қайықтан, кемелерден, бұл мақсатқа арналмаған заттардансекіруге; белгіден ары асып жүзіп кетуге; жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;кемелерге жақындауға; су айдындарын ластауға; жағада және киім ауыстыратынжерде демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқысты тастауға; жалған көмек сұрап,дабыл қақпауға; техникалық және ескерту белгілеріне өрмелеуге; үлкен адамныңқарауынсыз баланы суға жіберуге; шомылып жатқан балаларды қараусыз қалдыруғатыйым салады.