Құтқарушылардың деректеріне сүйенсек, Астана қаласы су қоймаларында жыл сайын 12-ден 25-ке дейін адам көз жұмады. Қаза тапқандардың 99 пайызы тыйым салынған, жабдықтар орнатылмаған орындарда шомылғандықтан орын алады.
«Астананың судан құтқару қызметтері де жыл сайын осыншама адамды құтқарады, олар су жұтып қояды не демі тоқтап қалады болмаса жүрегі соғуын тоқтатады. Егер бұл адамдар жағажайдан алыс жерде болса, ажалға ара түсе алмас еді, өйткені ол жерде жәрдемдесетін білікті мамандардың болуы неғайбіл», делінген хабарламада.
Құтқарушылар суда өзін өзі ұстау ережесін сақтауды ескертеді.