Шомылу маусымы басталғаннан бері Павлодарда жеті адам суға кетіп, 58 адам құтқарылған

None
ПАВЛОДАР. Маусымның 16-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Шомылу маусымы енді ғана басталғанымен, Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің судан құтқару қызметі Ертіс өзені мен аймақтағы су қоймаларында жеті адамның суға кеткенін тіркеген.

«Кеше Қашыр ауданы Песчаное ауылында ішімдік ішіп, демалған топтың бір адамы Ертіс өзеніне сүңгіп, қайта шыға алмай қалған. Баянауыл ауданында екі адам суға батып кеткен. Осындай қайғылы оқиғалардың көбі ішімдік ішіп суға түскеннен және қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан болады», - дейді облыстағы судан құтқару қызметінің басшысы Владимир Власов.

Егер құтқарушылар болмаса, суға кетіп, көз жұмғандардың саны бұдан көп болар еді. Олар қазіргі таңға дейін 58 адамның өмірін аман алып қалған.