капитан М.К. Қадыралиновтің өз-өзіне қол салу фактісі бойынша қылмыстық істі қозғады.
Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Бұған дейін хабарланғандай, М.Қадыралинов 2013 жылдың 4 ақпанында сағат 18:00 шамасында шекара жасағынан қайтып келе жатқан кезде өз-өзіне қол салды. Қайғылы оқиға отбасылық келіспеушілік салдарынан орын алды.
Тексеру амалдарын жүргізу үшін ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары бастаған Орталық аппараттың офицерлер тобы шықты.
Оқиға орнында Әскери прокуратураның жедел-тексеру тобы жұмыс істеуде.