Түрік дәрігері Хамди Тахердің 22 жылғы көз майын тауысып жасаған Құран кітабы Юнани медицина жүйесіне сәйкес «жоғары концентратты» шөп қоспаларынан тұрады. Шамамен 200 компоненттен тұратын бұл тамаша туындының емдік терапевтік те қасиеттері бар. Оны оқыған оқырманның Құран кітабын парақтап ашқанда адам денсаулығына тигізер пайдасы да анықталды.
Мұның мәні, саусақ арқылы шөп қоспалары өз пайдасын тигізетіндігінде болып отыр. 7,5 кг салмақ тартатын қасиетті кітаптың құрамында мынадай элементтер бар: Юнани медицинасында қолданылатын жеміс, өсімдік тұқымы, жапырақ, сабақ және тамыр, қабықтары. Юнани араб тілінде «ионийлік», яғни «гректік» деген мағына береді. Бұл медицина тарих бетінде 6 ғасырдан астам өмір сүріп келеді.