Шорт-трек: 3 қазақстандық ерлер арасында жартылай финалда өнер көрсетеді
ХАРБИН.KAZINFORM – Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының шорт-тректен алғашқы жарыс күні жалғасып жатыр.
Ерлер арасындағы 1500 метрге сырғанау жарысында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко алаңға шықты.
Қорытындысында, үш қазақстандық спортшы жақсы нәтиже көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды.
Қазақстандық шорт-трекшілердің нәтижесі (Ерлер. 1500 метр) :
Глеб Ивченко 2 минут 30.602 секуд;
Әділ Ғалиахметов 2 минту 29.920 секунд;
Денис Никиша 2 минут 16.863 секунд.
Сондай-ақ, Қазақстандық шорт-трекшілер бүгін ерлер мен әйелдер арасындағы 500 метр, 1000 метр және 2000 метр аралас командалық эстафетада өнер көрсетеді.
Еске салайық, Айта кетейік, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді. Спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады.