Бүгін 1000 метрге жүгіруден ерлер мен әйелдер арасындағы жарыс аяқталды.
Әйелдер арасында Яна Хан (Нұр-Сұлтан) жеңіске жетсе, Алена Волковицкая (Қостанай облысы) екінші, Мадина Жанбосынова (Нұр-Сұлтан) үшінші орын иеленді.
Ерлер арасында оралдық Нұртілек Қажығали топ жарды. Күміс медальді Санжар Жеңісов (Нұр-Сұлтан), қоланы Еркебұлан Шамұханов (Павлодар) жеңіп алды.