23 жастағы Ә.Ғалиахметов әлемнің кіл мықтыларымен бір қатарда өнер көрсетіп, 8-орынға табан тіреді.
Аталған қашықтықта Олимпиада чемпионы атағын Оңтүстік Корея өкілі Хван дэ Хон жеңіп алды.
Күміс медальді канадалық Стивен Дюбуа, қола медальді ресейлік Семен Елистратов иеленді.
Айта кетейік, бұл нәтиже қазақстандық Әділ Ғалиахметов үшін үлкен жетістік. Әділ ересектер арасындағы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып, бірінші мүмкіндігінде-ақ финалға жолдама алды.
ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК