Анастасия Крестова, Әлия Ким, Абзал Əжіғалиев, Әділ Ғалиахметов жəне Денис Никиша аралас эстафетада бірінші болды.
Бұған дейін Ғалиахметов жартылай финалда, ал Əжіғалиев финалда бақ сынағанын еді. Сондай-ақ, 1000 метрге жарысуда Абзал Əжіғалиев қола жүлдегер атанды.
Ал, Абзал 500 метрлік сында екінші орын иеленгені бұған дейін хабарланған болатын. 1 500 метрге жүгіруде Анастасия Крестова күміс еншіледі. Ерлер арасындағы осы қашықтықта Еркебұлан Шамухаев қола жүлдегер атанды.
Ресей ашық кубогы 13-16 қыркүйек аралығында өтті.