АСТАНА. KAZINFORM — Бейжің қаласында шорт-тректен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Денис Никиша финалға шықты.
Қазақстандық спортшы 500 метр қашықтықта сәтті өнер көрсетті.
Денис ширек финалда өз тобында мәре сызығын бірінші болып қиды. Ал жартылай финалда канадалық Стивен Дюбуаны ғана алға жіберді.
Осылайша, Д. Никиша А финалында жүлделі орындар үшін таласуға мүмкіндік алды.
Тағы бір қазақстандық Абзал Әжіғалиев осы қашықтықта ширек финалдан аса алмады.
Денис Никиша өткен жылы Роттердамда өткен әлем біріншілігінде 500 метрден қазақстандықтар арасында алғаш рет тарихи күміс жүлдеге қол жеткізген еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Никишаның шорт-тректен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).