Әлемдік біріншіліктің алғашқы күнінде әйелдер арасында 1500 м қашықтыққа ширек финалдық сайыстар өтті.
Аталған бәсекеде қазақстандық Мадина Жанбосынова 2:35.856 көрсеткішімен өз тобында үшінші болды. Нәтижесінде, жартылай финалға жолдама алды.
Әйелдер арасында 1500 м қашықтық бойынша жартылай финал мен финалдық бәсекелер 6 қазан күні өтеді.