АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан конькишілер одағы 2026/2027 маусымындағы Әлем кубогының бірінші және екінші кезеңіне қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады.
Бұл тізімге Глеб Ивченко, Богдан Вехов, Айбек Нассен, Айбек Темірхан, Тамирлан Жолдас, Мақсат Уалиулла, Малика Ермек, Алина Әжіғалиева, Анастасия Галечина, Зейнеп Құмарқан, Гүлдана Жалмұқан, Полина Омельчук кірді.
Айта кетейік, Әлем кубогының бірінші кезеңі 23–25 қазан аралығында Ванкуверде, ал екінші кезеңі 30 қазан — 1 қараша аралығында Монреальда (Канада) өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Астанада шорт-тректен әлем кубогының кезеңі мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтетінін хабарлаған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.