Нидерландтың Леэварден қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінің екінші кезеңінде Қазақстан қыздар командасы қола жүлде иеленді, деп хабарлайды Kazinform.
Жарыс барысында әйелдер эстафетасында олар 3000 метр қашықтықта бақ сынады. Нәтижесінде мәре сызығын үшінші болып қиды.
Ел құрамасы сапында Алина Әжғалиева, Зейнеп Құмархан, Анастасия Астраханцева, Гүлдана Жалмұқан, Полина Омельчук сайысқа түсті.
Алғашқы екі орынды Оңтүстік Корея және Нидерланд құрамалары көтерілді.
Сондай-ақ, шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем Кубогы кезеңінде қазақстандық Дінмұхаммедалдияр Тәжібай үшінші орын алды. Ол 1000 метр қашықтықта үшінші келді.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық жас конькишілер әлем кубогі кезеңін қос алтынмен аяқтады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.