Кеше, 7 желтоқсан күні Әжіғалиев 500 метрге жарысуда іріктеу сынынан сүрінбей өтіп. өз тобында бірінші орын иеленген болатын.
1000 метрде сынға түскен спортшымыз іріктеуден сәтті өтіп, келесі айналымға жолдама алды. Жартылай финалда ол алғашқы екі орынға іліге алмады. Десе де, видеоқайталау арқылы кеңескен бапкерлер Абзалды «А» финалына өткізді.
1000 метрде бақ сынаған тағы бір спортшымыз Денис Никиша үздіктер қатарынан көрінген жоқ.
Жартылай финалдық және финалдық бәсекелер бүгін өтеді.