2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы 1500 метрге жарысудан финалға жолдама алды.
Бірнеше айналым бойына бірінші орында келе жатқан Крестова мәреге жақындар тұста сәл босаңсып, қарсыласын алға жіберіп алды. Дегенмен, біздің спортшымыз мәре сызығын екінші болып кесті. Бұл финалға өтуге толық мүмкіндік береді.
Финалдық бәсеке бүгін, 8 желтоқсан күні 16:04-те өтеді.