Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Канаданың Монреаль қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Kazinform.
Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткеніндей, қазақстандықтар 5 мың метрлік эстафетада үздік үштікке ілікті.
Қазақстан құрамасы сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамуханов және Мерсаид Жақсыбаев өнер көрсетті.
Қытайлық шорттрекшілер жеңімпаз атанса, канадалықтар мәреге екінші болып жетті.
Осылайша, Қазақстан шорт-трек құрамасы жаңа маусымды қола жүлдемен бастады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).