Аралас командалар арасындағы эстафетада спортшыларымыз үздік шықты. Ал Оңтүстік Корея шорт-трекшілері жүлделі екінші орынды иеленді. Үздік үштікті Қытай командасы түйіндеді.
Айта кетейік, 13-15 қараша аралығында Астанадағы «Алау» мұз сарайында жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр.
Бұған дейін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсететінін жазған едік.