Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталды
АСТАНА.KAZINFORM – Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының жаңартылған тізімі жарияланды.
Ұлттық құрама баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы жаңа маусымда 11 қазақстандық спортшы әлемдік додаларда ел намысын қорғайды.
Ерлер құрамы:
Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажғали, Абзал Әжіғалиев, Мерсаид Жақсыбаев және Глеб Ивченко.
Әйелдер құрамы:
Малика Ермек, Олга Тихонова, Яна Хан, Алина Әжіғалиева, Құмархан Зейнеп.
Айта кетерлігі, ұлттық құрама алдағы уақытта 4 кезеңнен тұратын әлем кубогына қатысып, Олимпиада ойындарының жолдамасын сарапқа салады.
Еске сала кетсек, Астанада 11-15 қыркүйек аралығында шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтті.
Сонымен қатар, шорт-тректен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков ел чемпионатына баға берді.