Қазақстандық спортшылар 5000 метрге эстафетаның шешуші айналымына өтті.
Бірінші жартылай финалда спортшыларымыз екінші нәтиже көрсетті. Бұл көрсеткіш оларға медаль үшін талас жолында қалуға мүмкіндік берді. Себебі ақтық сайысқа ½ финалдың әрбір айналымынан алғашқы екі құрама команда өтті.
Медаль үшін таласта Қазақстанның қарсыласы Италия, Канада және Оңтүстік Корея болады.
28 қазанда Монреальда шорт-тректен Әлем кубогінің алғашқы кезеңі басталатынын бұған дейін жазған болатынбыз. Бұл кезеңде тек Қазақстан ерлер құрамасы сынға түсіп жатыр. Әйелдер құрамасы Солт-Лейк-Сити қаласы қабылдайтын 2-кезеңге қатысады.
Фото: olympic.kz