АСТАНА. KAZINFORM — 27-29 қараша аралығында Қытайдың Шанхай қаласында шорт-тректен әлем кубогының төртінші кезеңі өтеді.
Халықаралық додада Қазақстан намысын 11 спортшы қорғайды.
Ерлер: Глеб Ивченко, Богдан Вехов, Айбек Насен, Айбек Темірхан, Тамирлан Жолдас, Әділ Ғалиахметов.
Әйелдер: Алина Әжіғалиева, Анастасия Галечина, Зейнеп Құмарқан, Гүлдана Жалмұқан, Полина Омельчук.
Шанхайдағы жарыстан кейін қазақстандық шорт-трекшілер Бейжіңге жол тартады. Онда 4-6 желтоқсан аралығында әлем кубогының бесінші кезеңі өтеді.
Еске салайық, бұған дейін шорт-трекші Абзал Әжіғалиев спортшы ретінде мансабын аяқтағанын хабарлаған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.