Шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында ел намысын кімдер қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы 6-8 қараша аралығында Италияның Бормио қаласында өтетін шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының алғашқы кезеңінде бақ сынайды.

Фото: ҚР ҰОК

Алдағы жарысқа қатысатын ұлттық құрама сапына он спортшы кірді.

Қыздар:

  • Даяна Айтыбек;
  • Нұрия Алпысбай;
  • Алина Лишенко;
  • Раяна Манарбекова;
  • Меруерт Сансызбаева.

Ұлдар:

  • Әліби Әлімгереев;
  • Жанарыс Мағжан;
  • Максим Саенко;
  • Жандос Серекпаев;
  • Мейіржан Төлеген.

Еске салайық, бұған дейін шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиев спортшы ретінде мансабын аяқтағанын жазғанбыз.