Шорт-тректтен әлемдік турдың екінші кезеңі: Қазақстан құрамасының тізімі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ұлттық құрамасы шорт-тректен Канаданың Монреаль қаласында өтетін әлемдік турдың екінші кезеңінде бақ сынайды.

Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, халықаралық жарыста еліміздің намысын 12 спортшы қорғайды.

Әйелдер: Алина Әжіғалиева, Анастасия Галечина, Зейнеп Құмарқан, Полина Омельчук, Малика Ермек, Гүлдана Жалмұхан.

Ерлер: Глеб Ивченко, Айбек Насен, Айбек Темірхан, Мақсат Уалилла, Богдан Вехов, Тамирлан Жолдас.

Жарыс 30 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.

Айта кетейік, әлемдік турдың алғашқы кезеңінде Богдан Вехов 1500 метр қашықтықта жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Ол төртінші орынға тұрақтаған еді.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеулерді біріктіру жекпе-жегін 2027 жылғы мамырда өткізгісі келетінін мәлімдеді.