Шошқа тістеген қолтырауын видеоға түсіп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елді мекендерге жақын маңда тіршілік ететін қолтырауындар жемтік іздеп әуре болмайды: көлге жақындаған үй жануарын аулап алса болғаны.

Сондай аңшылардың бірі видеоға түсіп қалды.

Бейнежазба Папуа - Жаңа Гвинеяда түсірілген. Milan MG есімді YouTube қолданушысы қолтырауынның Байя (Baia) ауылы маңын мекендейтінін жазды. Ол ауыл тұрғындарына жиі «қонаққа келеді» және ит немесе шошқаны тартып әкетеді. Квадрокоптер көмегімен Milan MG олжасын тасып бара жатқан қолтырауынды камераға түсіріп алды.