Жел электростансалары елдің қажеттілігін толық қамтамасыз ететін электр қуатын төрт күн қатарынан 23-26 желтоқсан аралығында өндірді. Шотландия бұған дейін де өзін 100 пайыз желден өндіріген қуатпен қамтамасыз ете алатын, алайда бұл бір тәуліктен аспайтын. Осы уақытта тағы да бір рекорд жаңартылды. Мереке қарсаңында жел стансалары 74 мың мегаватт-сағат қуат өндірді, бұл елге қажетті электр қуатының 132 пайызы, деп хабарлайды energylivenews.com .
Дүниежүзілік жабайы табиғат қоғамының шотландиялық бөлімшесінің директоры осы жетістіктер «Шотландияның экологиялық энергия көздерін пайдалану саласындағы қарышты прогресін айшықтайды» деп атап өтті.