Шотландия тәуелсіздік алу туралы жаңа референдум өткізуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландияның бірінші министрі Никола Стерджен тәуелсіздік алу туралы екінші референдум 2017 жылдың басында өтуі мүмкін екендігін мәлім етті.

Бұл туралы Би-би-си жазады.

Оның айтуынша, Британ үкіметі Шотландияның мүддесімен санаспай, Еуропалық Одақ құрамынан шығуды ресми түрде қолға алса, референдус қайта өткізіледі.

Айта кетейік, ЕО-ның бірнеше мемлекеті Брюссель мен Эдинбург арасында Шотландияның ЕО-ға мүше болуы туралы келіссөздерге қарсы екендіктерін мәлімдеген.

15 шілде күні Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Тереза Мэй Эдинбургқа барып, Шотландияның бірінші министрі Никола Стердженмн "брексит" мәселесін талқылаған болатын.