«Россия 24» телеарнасының хабарлауынша, аталған партияның көшбасшылары ресми Лондоннан Біріккен Корольдіктен бөлінуге қатысты референдум өткізуге рұқсат алған. Дауыс беру шарасы ағымдағы жылдың қыркүйек айына белгіленіп отыр.
Кездесуге қатысушылар алдында сөз сөйлеген Шотландияның бірінші министрі Алекс Салмонд жақтастары мен қарапайым адамдарды «дұрыс дауыс беруге» шақырды.
«Референдум тек маған не болмаса біздің партияға ғана қажет емес. Ол Шотландияның өз болашағын қолына алуы үшін қажет. Демек, қыркүйектегі дауыс беру - бұл Шотландия халқы таңдаған елдегі билікке қолдау білдіру. Бұл біздердің салық, экономика, әлеуметтік қауіпсіздік, жұмыспен қамту, көші-қон, мұнай мен газ, Еуропадағы саясат және басқа да мәселелерді өз еркімізден шешу үшін керек», - деді Алекс Салмонд.