Шотландияда алып динозаврлардың жүздеген іздері табылды
21:13, 02 Желтоқсан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландиялық палеонтологтар динозаврлар мекендеген жерді анықтады. Шотландиядағы Скай аралының жағалауындағы шағын мүйісінде жүздеген іздерін табылды, деп жазды epochtimes.ru.
Динозаврлардың іздерін белгілі палеонтолог Стивен Брюсатт тапты. Олар су қайтқанда ғана пайда болатын әктас пен құмдақта сақталған. Ғалымның пікірінше, іздерді 170 миллион жыл бұрын ірі динозаврлар қалдырған.
Ірі динозаврлар Шотландияның оңтүстігінде мекендегені белгілі.
Ең ірі зауропод динозаврының қаңқасы 2004 жылы Австралияда табылған еді.