Басылым сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, тұрмыстық газ жарылған болуы мүмкін, ал Twitter-де қала тұрғындары жарылыс толқыны жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде сезілгенін айтады.
«Біз 18 қазан, дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойыша сағат 19:10-да Эр қаласының Горс-парк көшесіндегі үйде болған жарылыс туралы хабардан кейін оқиға орнына жеттік. Шұғыл қызметтер де оқиға орнына барды. Әзірге бұл аймақтан аулақ болуды ұсынамыз», - делінген Эршир облысының полициясы таратқан хабарламада.
Қалалық өрт сөндіру қызметі жарылыс болған жерде шыққан өртті сөндіріп жатқанын хабарлады. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялау туралы хабарламалар келіп түсуде.