Шотландияда 6 мамырда болған сайлау дауыстарын санау сенбі күні кешке аяқталды. Екі сепаратистер партиясы – билеуші Шотландияның ұлттық партиясы (ШҰП) мен жасылдар сауалнама уәде еткеннен аз дауыс жинады. Дегенмен 129 мандаттың 72-сін алды.
«Сайлау нәтижесі Эдинбург пен Вестминстер тәуелсіздік туралы екінші референдум турасында талқыны қайта жандандыратынына кепілдік береді», - деді Scotsman шотландық газетінің шолушысы.