Сондай-ақ 49 пайыз тұрғын Эденбург Лондонмен бірге болса экономикалық табысқа кенеледі деп сенген. Сауалнама Ю-Гов әлеуметтік қызметі және мыңдаған тұрғынның қатысуымен жүргізілген.
Бұған дейін Шотландияның бірінші министрі Никола Стержен елді корольдіктен бөліп алу үшін халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеген. Олардың мұндай бастаманы көтеруіне 23 маусымда Ұлыбританияның Еуроодақтан бөліну туралы шешімі себеп болған.