«Еурокомиссия қоршаған ортаны қорғау, климаттық өзгерістер, экономикалық өсім, жалпы елдің болашағына жауапты сындарлы диалогты Шотландия билігімен жалғастыра беретін болады», - деген Ж.Баррозу өз сөзінде.
Ал, А.Расмуссен шотланд халқының референдумда жасаған таңдауын НАТО бағалайтынын атап өтті. «Ұлыбритания - НАТО негізін қалаушылардың бірі және мен оның біздің альянстың күштілігін сақтауда маңызды орында болатынына сенімдімін», - деді А.Расмуссен.