Шоу жасаған ұшақ суға құлап, ұшқыш ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның Сальвадор қаласындағы жағалауда көпшіліктің көз алдында ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, ұшақ жағалау қонақтарының көңілін көтеру үшін әуеде шоу жасаған. Бірақ не болғаны белгісіз, әуеде ұшып жүрген ұшақ жағалаудағы суға барып құлаған. Құтқарушылар дереу көмекке ұмтылып, ұшқышты аман алып шыққанымен, ауыр соққы алған ол ауруханада көз жұмды. Апат себептері анықталып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.