Шоумен бейнебаянда қазақстандықтарды туған тілін меңгеруге, қазақша сөйлеуге шақырған.
«Бұл туралы идея канадалық әнші Kiesza «Hideaway» әнін тыңдаған соң келді. Мәтінді бар-жоғы 10 минутта жаздым. Достарым әнді жақсы бағалады», - деді шоумен.
Дәуіт аталған әнге бейнебаянды түсіруге 5 сағат уақыты кеткенін айтады.
Оған «Большая восьмерка» продакшн-студиясы мен Funky Town би тобы көмектескен.