Жиын барысында төраға бюджет қаражатына қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелеріне тоқтала келе, бұл бағытта «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Алик Шпекбаев электрондық ұлттық валюта құруды жеделдетуді ұсынды.
«Тағы бір перспективалық бағыт– электрондық ұлттық валюта құру. Біріншіден, бұл парақорлар үшін ыңғайлы қолма-қол ақшаны қысқартуды жеделдетеді. Екіншіден, мемлекеттік сатып алу кезінде бюджет қаражаты қозғалысының толық ашықтығын қамтамасыз етеді», - деді А. Шпекбаев.