Шредер Еуропа Құрама Штаттарын құруды ұсынады

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредер Еуроодаққа бірыңғай фискальды, экономикалық және әлеуметтік бірігу керектігін, оған қоса Еуропалық штаттар құрылуын ұсынады.

Бұл туралы саясаткер Der Spiegel журналына берген сұхбатында баян етті, деп хабарлайды BFM.ru.

«Қазіргі дағдарыс бізді аяусыз тығырыққа тіреуде. Біз фиксальды, экономикалық және әлеуметтік саясатсыз еуроның жалпы аймағын қалыптастыра алмаймыз. Бізге ұлттық егемендіктен бас тартуға тура келеді», - дейді Герхард Шредер.

Бұрынғы канцлердің идеясынша, үкімет Еуропарламентке бағынышты Еурокомиссияға айналуы керек сияқты. «Бұл дегеніңіз, Еуропа Құрама Штаттарын құру деген сөз», - деп санайды ФРГ- ның бұрынғы канцлері.