Кездесу барысында Елші парламенттік дипломатия арқылы жұмыс жүргізу Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтіп, екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Парламентаралық дипломатияны жандандыру қажеттігіне мән берді.
Елші Шри-Ланка тарапына 2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Қазақстан астанасында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Әріптестік» тақырыбындағы 4-ші отырысына қатысуға шақыру хаттын табыс етті.
Өз тарапынан Спикер К.Джаясурия аталған оқиғаға үлкен қызығушылық білдіріп, Шри-Ланка тарапының іс-шараға қатысуға дайындығы туралы ресми жауабын беріп, жақын арада жоспарланған басқа да көпжақты оқиғалар аясында қазақстандық парламентшілерімен кездесуге қызығушылық білдірді.