Шри-Ланкада аспаннан балық жауды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шриланканың батысындағы Чилау округінде аспаннан балық жауды. Оларды қатты жел өзеннен көтеріп әкеткен сыңайлы, деп жазады Росбалт.

Жергілікті тұрғындар жаңбырдан кейін шамамен 50 келідей балық жинап алған.

2012 жылы елдің оңтүстігінде шаян жауған оқиға тіркелген екен.

Айта кетейік, аралдың ауа райына солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бағытында соғатына жел ағымы әсер етеді. Осы муссондар аралға жаңбыр әкеліп, мұхитта дауыл тұрғызады.