Шри-Ланканың Батыс провинциясындағы қарттар үйінде болған өрттен 12 адам қаза тапты.
Жергілікті полицияның мәліметінше, өрт 3 маусым күні кешке Хорана қаласының Ангуруватота ауданындағы қарттар үйінде шыққан.
Құтқарушылар 44 адамды эвакуациялап үлгерді. Зардап шеккен 7 адам қажетті медициналық көмек көрсету үшін жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, тағы үш адам із-түзсіз жоғалғандар қатарына енді.
Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
Айта кетейік, Өскемен қаласының орталық көшелерінің бірінде ауқымды өрт шықты.