Шри-Ланкада көшкін астында қалған 10-дан астам адам іздестірілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шри-Ланкада Бадулла өлкесіндегі шай плантациясында нөсер жауыннан кейінгі көшкіннен тірі қалғандарды іздеу жалғасуда.

Әзірге қаза тапқандардың саны белгісіз, билік шамамен осы уақытта плантацияда 10-150 адам болған деп болжауда.

Жергілікті БАҚ апат болған жерде шамамен 205 адам болғанын айтады. Билік ықтимал төтенше жағдай жайында халықты хабардар еткенін, ал олардың құлақ аспағанын мәлімдеп отыр.