Оның айтуынша, бұрын президенттік сайлауға қатысу үшін жарна төлеген 40 үміткердің біреуі ресми тіркеуден өтпеген. Осылайша, Шри-Ланка азаматтары бюллетеньдегі 39 адамнан тұратын тізім арасынан өз таңдауын жасайды. Олардың 23-і саяси партиялардан, 17-сі тәуелсіз кандидаттар.
Шри-Ланка басшысы лауазымына үміткерлер тізімінде елдің қазіргі президенті Ранил Викрамасингхе, оппозициялық «Біріккен ұлттық күш» партиясының жетекшілері Саджит Премадаса және Ұлттық халықтық билік альянсы Анура Кумар Диссанаяка, сондай-ақ елдің экс-президенті Готабая Раджапаксаның 38 жастағы жиені – Намал Раджапакса да бар.
Шри-Ланка сайлау комиссиясы Викрамасингхенің өкілеттілігі 17 қарашада аяқталуына байланысты президенттік сайлауға дауыс беруді 21 қыркүйекке белгіледі.
Шри-Ланка президенті бес жылға сайланады және екі мерзіммен шектеледі. Елдегі соңғы президент сайлауы 2019 жылы өтті. Сайлауда Шри-Ланка Готабая Раджапакса жеңіп шықты. Алайда ол 2022 жылдың шілдесінде наразылықтар салдарынан отставкаға кетті. Қазіргі мемлекет басшысы оның мұрагері ретінде ел тізгінін қолға алған.