Агенттіктің мәлімдеуінше, өткен жұмада басталған ауа райының қолайсыздығынан 77 мыңға жуық адам өз үйлерінен тастап кетуге мәжбүр болған. 1,5 мыңға жуық ғимарат қираған.
Шри-Ланка қарулы күштері Үндістанның әскери-теңіз күштерінің көмегімен іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Елге БҰҰ, Австралия, Жапония және Пәкістан елдері гуманитарлық көмек көрсетті, Қытай, Ресей және АҚШ көмек қолын созуға әзір екенін білдірді.