08:07, 06 Сәуір 2009
Шри-Ланкада үш күннің ішінде 420 содырдың көзі жойылды
КОЛОМБО. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - Шри-Ланкада үш күнге созылған ауыр ұрыстың барысында «Тамил Иламаны азат етуші жолбарыстар» қозғалысының 420 шақты жасағының көзі жойылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press агенттігіне сілтеме жасап. Ел қарулы күштері қолбасшылығының ақпараты бойынша, тамилдік содырлардың негізгі тіректерінің бірі болған Питуккудиюрупу аймағы толық азат етіліп, ал содырлардың қалғаны аралық аумаққа ысырылды. Шри-Ланкада үкіметтік әскер мен тамилдік «жолбарыстардың» арасындағы азаматтық соғыс бірнеше ондаған жылдар бойы жалғасып келеді. 1976 жылы құрылған «тамилдік жолбарыстар» қозғалысы республика аумағында тамилдардың тәуелсіз мемлекетін құру үшін күресіп келеді.