Арнасынан асқан өзендер мен көлдер елдің оңтүстік-шығысындағы Ампарай және шығысындағы Баттикалоа қалаларын басып қалған. Кейбір жерлерде жолдар мен теміржол рельстері су астында қалғандықтан, елді мекендермен байланысқа шығу қиындап кетті, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.
«Қазіргі таңда жағдай өте қиын (сейсенбі күнгі жағдай бойынша елдің шығыс және орталық аумақтарында 160 миллиметрден астам жауын-шашын жауған). 1 мың 128 үй толығымен қирап қалса, 1 мың 48 үйге зақым келген», - дейді телерадиокомпанияға берген сұхбатында табиғат апаттары салдарларының алдын алу жөніндегі комитет өкілі Прадип Коддипли. Қаза тапқандардың көбі жауын-шашын салдарынан болған сел кезінде көз жұмған.