Коломбоның Коччикаде ауданына дүйсенбі кешкісін иесіз көліктен табылған жарылғыш затты залалсыздандыру кезінде тағы бір жарылыс болды. Ешкім зардап шекпеді.
Полиция өкілі Руан Гунасекара (Ruwan Gunasekara) бүгін 26 адамның ұсталғанын мәлімдеді. Күдіктілерді қолға түсіру операциясы жалғасып жатыр.
Шри-Ланка үкіметінің ресми өкілі дүйсенбі күні журналистерге полицияның терактінің болатыны туралы алдын ала хабар алғанын, бірақ сәйкес шаралар қолданбағанын хабарлады. Үкімет бұл істі өз қолына алып, халықтан кешірім сұрайды.
Ел президенті Майтрипала Сирисена сейсенбі күнге қараған түні адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шартты төтенше жағдай режімін енгізді.